Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
CREW DRAGON 🆚 STARLINER

2010 жылы ақпанда НАСА ХҒС-қа ғарышкер жеткізетін жекеменшік кемелер жасауға ынталандыру мақсатында Commercial Crew Development (CCDev) бағдарламасын ашты. Оның аясында Boeing корпорациясы агенттіктен $4,8 млрд алса, SpaceX 3,1 млрд долларды қанағат тұтты. 2014 жылы НАСА екі компаниямен стансаға ғарышкерлер жеткізуге келісімшарт жасасты. Әр компания НАСА үшін алты ұшқышты миссиядан жасауы тиіс еді. 12 жылда бағдарламаға жалпы алғанда $14,6 млрд жұмсалды. Енді оның аралық қорытындысын шығарайық.

🐉 SpaceX Crew Dragon
— ХҒС-қа адам жеткізген алғашқы жекеменшік ғарыш кемесі атанды;
— НАСА мүддесінде 1 ұшқышсыз миссия ұшырды (DM-1 сынақ миссиясы);
— НАСА мүддесінде 5 ұшқышты миссия ұшырды (DM-2 сынақ миссиясы, 2 ғарышкер және Crew-1, 2, 3, 4 ұзақмерзімді, әрқайсында 4 ғарышкерден);
— НАСА тапсырысы бойынша ХҒС-қа 18 астронавт жеткізді;
— олардың 14-і Жерге аман-есен қайтарылды (төртеуі стансада жұмыс істеп жатыр);
— ұшқышты ғарыш миссиясы ұзақтығының ұлттық рекорды жасалды;
— ұшқышты кеме қайта қолданылды;
— ұшқышты кеме 4-ші рет қолданылған үдеткішпен ұшырылды;
+ тарихтағы алғашқы толық жекеменшік ұшқышты миссия орбитаға шығарылды (Inspiration4, 4 ғарышкер);
+ ХҒС-та тарихтағы алғашқы толық жекеменшік ұшқышты миссия болып қайтты (Ax-1, 4 ғарышкер);
= ғарышқа барлығы 26 адам шығарылып, 22 адам қайтарылды.

✈️ Boeing Starliner
— ХҒС-қа бір ұшқышсыз сынақ миссиясы барып қайтты (OFT-2).

P.S. НАСА 2021-дің желтоқсанында SpaceX-пен келісімшартты ұзартып, тағы 3 ұшқышты миссия (Crew-7, 8, 9) өткізуге уағдаласты. Мемлекеттік агенттік бұл үшін қосымша 778 млн доллар төлейді. Ал жақында НАСА Масктің компаниясына тағы 5 миссияға (Crew-10–14) тапсырыс беру ниеті барын мәлімдеді.
🔥3
Суретте: Boeing CST-100 Starliner (сол жақта) және SpaceX Crew Dragon ғарыш кемелері
Credit: NASA
👍3
Мына ғаламат суреттерді Хаббл ғарыштық телескопы түсірген. Одан 100 есе қуатты Уэбб не көрсетер екен?!

12 ШІЛДЕ 20:30
👍2
КҮН ЖАРЫҒЫ БІР МЕЗГІЛДЕ ЖЕР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 99%-ІНЕ ТҮСКЕН

Жылына бір рет Жер тұрғындарының 99%-і бір мезгілде не тіке түскен, не атмосферада шашыраған Күн жарығын көретін сәт болады екен. 2022 жылы бұл оқиға 8 шілдеде UTC бойынша 11:15-те (Алматы уақытымен 17:15-те) тіркелген. Жерлестеріміздің 83%-і, яғни 6,440 млрд адам үшін бұл кезде күндіз болса, тағы 16% (1,248 млрд адам) іңірдің үш кезеңінің бірін көрген.

Бірақ ақиқатын айтсақ, олардың 443 миллионы навигациялық, 257 миллионы астрономиялық іңір кезеңінде тұрғандықтан, түннен пәлендей айырмашылықты байқамаған да шығар. Тағы 80 млн Жер тұрғыны бұл сәтті нағыз түн құшағында өткізген екен.

Сондықтан айтылған сәтте Жердің күндізгі жағында тұрған 6440 млн адамға, азаматтық іңірдегі 548 млн-ды және навигациялық іңірдегі 443 млн-ның жартысын қоссақ, шын мәнінде Күн жарығын сезінген 7,2 млрд жанды аламыз. Бұл — планета тұрғындарының 93%-і, яғни өте үлкен сан.

Астрономиялық қызық фактты екі жағдайдың ұштасуы туғызады:
1. Жер құрлықтарының көбі планетаның бір бетінде орналасқандықтан, осы жақта күндіз болатын уақыт;
2. Солтүстік жартышарда жарық күні ұзаратын маусымдағы күн тоқырауынан 17 тәуліктен соң, Күн оңтүстікке жылжып, халықтың көбі тұратын Солтүстік жартышарға қосымша, Индонезия мен Филиппин архипелагтарына да нұрын төккен.

#астродерек #геодерек
👍2
УЭББ АЛҒАН БІР КЕСКІН ОСЫ ТҮНДЕ ЖАРИЯЛАНАДЫ!
11 шілдеде жергілікті уақытпен 17:00-де (Алматы уақытымен 12 шілде, 03:00) АҚШ президенті Джо Байден Уэбб ғарыштық телескопы алған алғашқы суреттердің бірімен таныстырады. Тікелей эфир — NASA TV арнасында. Кескін сол сәтте НАСА сайтында жарияланады.

«Уэбб ғарыштық телескопы: миссияға кіріспе» атты бейнероликті еске түсірейік.
https://youtu.be/tYhzjhaMVYw
🔥2
УЭББТЫҢ АЛҒАШҚЫ НЫСАНАЛАРЫ

2022 жылы 12 шілдеде Уэбб телескопы алған алғашқы толықтүсті суреттер мен спектрограмма жарияланатыны белгілі. НАСА қандай ғарыш нысандары түсірілгенін айтты.

1. Киль Тұмандығы (NGC 3372) — аспандағы ең үлкен және жарық тұмандықтың бірі, Киль шоқжұлдызының Эта жұлдызы маңында. Жерден 7600 жарық жылы қашықтықта.

Тұмандықтың Хаббл телескопы 2010 жылы алған кескініндегі бір аймақ Жұмбақтау немесе Ғарыштағы салт атты деп аталады. Түзіліп жатқан жұлдыздар шығарған газ ағыстары айналадағы газ бен тозаң бұлттарымен әсерлесіп, ғаламат көрініс туғызған. Ұстынның биіктігі 3 жарық жылындай (28,5 трлн км).

2. Оңтүстік Сақина Тұмандығы (Сегіз жарқыл Тұмандығы, NGC 3132) — ең жақын планетар тұмандықтың бірі. Желкен шоқжұлдызында орналасқан, бізден 2000 жарық жылында. Диаметрі 1 жарық жылындай.

Тұмандықты қосар жұлдыздың әлсіз сыңары — ыстық ақ ергежейлі (Хаббл түсірген суретте — оң жақ жоғарыда) лақтырып тастаған. Тұмандықты жарқыратып тұрған да оның ультракүлгін сәулеленуі.

3. Стефан Квинтеті — Пегас шоқжұлдызындағы бес галактика. Сары түсті төртеуі (NGC 7319, NGC 7318A, NGC 7318B, NGC 7317) — бізден 290 млн жарық жылы қашықтықтағы өзара әсерлесетін галактикалар тобын құрайды. NGC 7318B мен NGC 7318A-ның соқтығысқан жерінде орасан зор мөлшерде молекулалық сутегі түзілуде.
NGC 7320 — оларға қатысы жоқ, беріректегі галактика. 40 млн жарық жылында, Hubble кескінінде көк түсті.

4. SMACS 0723 — бер жақтағы ауыр галактикалар шоғыры әрідегі нысандардың жарығын ұлғайтып, бұрмалайды. Осындай гравитациялық линзаның арқасында төтенше алыс, сондай-ақ жарығы әлсіз галактикаларды көруге мүмкіндік бар.

5. WASP-6b (спектрограмма) — Көнектегі WASP-6 жұлдызын айналатын экзопланета, газды алып. Юпитерден үлкен, бірақ массасы одан екі еседей жеңіл. Жұлдызға жақын болғандықтан (6 млн км), беті өте ыстық, 1600 градустай деп болжанады. Айналу периоды 3,4 тәулік, транзит әдісімен 2014 жылы ашылған. Жерден 1150 жарық жылы қашықтықта.
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 29-шы ұшырылым
11 шілде 07:39. Ванденберг, SLC-4E. Starlink-3.1 миссиясы — 46 Starlink v1.5 жерсерігін 560 км гелиосинхрон поляр орбитаға шығару
50-ші Starlink миссиясы!
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1063.6 1-сатысы OCISLY платформасына қонды.
Жүзбе платформаға қонған жүзінші саты!
АЛҒАШҚЫ КЕСКІН!

Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы алған алғашқы кескін — Әлемнің тарихтағы ең терең әрі айқын инфрақызыл кескіні. SMACS 0723 галактикалар шоғырының суреті Уэббтың Алғашқы терең шолуы деген атқа ие болды. Мыңдаған галактикалар, соның ішінде инфрақызыл диапазонда бұрын-сонды бақыланған ең бұлыңғыр нысандар, алғаш рет Уэббтың көзқарас аясына ілікті. Алып Әлемнің осы кішкене аймағы аспанның созған қолдағы құм түйіршігіндей бөлігін қамтиды.

Credits: NASA, ESA, CSA, and STScI
🤯2