This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Blue Origin компаниясы New Glenn қайта қолданылатын зымыранының жабдықтарын сынауды жалғастырды. Өткенде қону тіреулері тексерілсе, енді қанаттар сыналды. Әр қанаттың өлшемі 2 х 5 метр. Олар көтерілу және оралу кезеңдерінде зымыранды басқару үшін қажет. Конструкция негізінен алюминийден жасалып, жылудан қорғайтын арнайы матамен қапталған. Қанаттарға ұшу барысында әсер ететін аэродинамикалық күш Боинг 737 ұшағының массасымен шамалас.
👍2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сондай-ақ салмақсыздықта және платформаға қонар сәтте New Glenn-нің орнын дәлдейтін бағдарлау жүйесінің қозғағыштары сынақтан өтті.
👍2❤1
11/12 ТАМЫЗ — ПЕРСЕИДТЕР МЕТЕОР АҒЫНЫ
Жыл сайын тамыздың 11–14-і шамаларында шыңына жететін Персеидтер метеор ағынының максимумы 2024 жылы 11-нен 12-не қараған түнге болжанып отыр. Аққан жұлдыздар түні бойы көрінеді. Ағынның зениттік сағаттық саны (радиант тастөбеде болғанда, көру қабілеті идеал адам тасқараңғы жерден бір сағатта бақылайтын метеор саны) = 120. Іс жүзінде минутына бір аққан жұлдыз көрінсе тәуір. Дегенмен келесі екі түні де біршама метеор көрінуі ықтимал.
Жылдам (60 км/сек), жарық, ақ метеорларларды Жердің 109/Свифт-Таттл кометасы қалдықтарымен соқтығысуы туғызады. Толығырақ — бейнероликте. Биыл бірінші ширектегі Ай бақылауға елеулі кедергі келтірмейді.
Әрине, қалада аққан жұлдыз көп көрінбейді, сол себепті мүмкіндік болса, далалықтан, не таудан бақылаған жөн. Тамызда түн салқын болуы мүмкін, жылы киім алыңыз. Фара не қолшам жақпауға тырысыңыз, олар көзді қарықтырып, әлсіз метеорларды көруге кедергі келтіреді, қызыл қолшам пайдаланыңыз.
Ағынның радиантына (метеорлар ұшып шыққан тәрізденетін нүкте) — Персей шоқжұлдызына қарау міндетті емес. Көзіңізді қараңғыға үйретіп алған соң, жайланып шалқаңыздан жатыңыз да, аспанның көкжиектен 30°-тан жоғары кез келген тұсына көз тігіңіз.
#астрокүнтізбе

YouTube
12/13 тамыз 2025 — Персеидтер метеор ағынының шыңы
Аспаннан жұлдыз жауған түн! 17 шілде — 24 тамызда бақыланатын Персеидтер метеор ағыны өз шыңына тамыздың 11-і – 14-і арасындағы үш түні жетеді. Шыңда минут сайын бір аққан жұлдызды көруге болады. Бұл астрономиялық құбылыстың себептері видеода түсіндіріледі.…
👍1
11–14 ТАМЫЗ 2024 — ПЕРСЕИДТЕР ЖҰЛДЫЗ «ЖАУЫНЫ»
Персеидтер метеор ағынының биылғы шыңы өткен түнге болжанған, бірақ астрономдар тамыздың 12-нен 13-не қараған түні де "аққан" жұлдыздар мол болады деп отыр. 14-не қараған түні де метеорлар жақсы бақылануы тиіс.
Сол себепті жұлдыз жауынын кеше тамашалай алмасаңыз, жарық жылдам метеорларды көруге әлі мүмкіндік бар. Олар түні бойы бақыланады. Ағынның радиантына — Персей шоқжұлдызына қарау міндетті емес. Көзіңізді қараңғыға үйретіп алған соң, жайланып шалқаңыздан жатыңыз да, аспанның көкжиектен 30°-тан жоғары кез келген тұсына көз тігіңіз.
Фото: поляр шұғыласы мен персеид метеоры, 12 тамыз 2024 ж.
Автор: Петр Митрофанов

👍2
СТОУНХЕНДЖ ҮСТІНДЕГІ ПЕРСЕИДТЕР
2024 жылғы тамыздағы Персеидтер метеор ағыны, Уилтшир, Англия. Құрама кескін.
Image Credit & Copyright: Josh Dury
#nasa_apod #фотокөрме

👍3
14/15 ТАМЫЗ 2024 — МАРС ПЕН ЮПИТЕРДІҢ ҚОСЫЛЫСЫ
2024 жылғы 14 тамызда, 20:00-де Марс (+0,9m) пен Юпитер (-2,2m) 18 бұрыштық минутқа дейін жақындасады. Екі жарық планетаның тығыз қосылысын тамыздың 13-нен 14-не және 14-нен 15-не қараған түндері 00:30 – 4:30 аралығында шығыстан көре аласыздар.
Кескін: Star Walk

15 ТАМЫЗҒА ҚАРАҒАН ТҮНІ ЮПИТЕР МЕН МАРС ЖАҚЫНДАСАДЫ
2024 жылғы тамыздың 14-нен 15-не қараған түні Юпитер (-2,2m) мен Марс (+0,9m) 18 бұрыштық минутқа дейін жақындасады (Толған Ай дискінің диаметрі — 31'). Екі жарық планета түнгі 1-ден таң атқанша солтүстік-шығыс — шығыстан, Торпақ шоқжұлдызынан бақыланады.
Фото: Юпитер мен Марс Аустрия көгінде, 11 тамыз 2024 жыл
Автор: Michael Jaeger
объектив Zeiss-Milvus 135mm/f-2.8, камера Moravian G3-16200 LRGB 10 минут

👏2👍1
Алдыңғы көріністің ауқымдырақ нұсқасы. Ортада Марс—Қызылжұлдыз бен Юпитер—Есекқырғанның 18 бұрыштық минутқа дейін жақындасуы бейнеленген. Сол жақ жоғарыдағы ерекше жарық жұлдыз — Капелла—Айдасон. Оның қатарында, оң жақта — Үркер жұлдыз шоғыры. Фотодан Жетекші шоқжұлдызындағы Доңғалақ пен Лақтар астеризмдері байқалады. Олар жайлы толығырақ — бейнероликте.
Фото авторы: Δημήτριος Πρώτάς
Фото авторы: Δημήτριος Πρώτάς
👍3
ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ МЕН ПЕРСЕИД МЕТЕОРЛАРЫ
Мына құрама кескін Германияның Энсе мекенінде 2024 жылғы тамыздың 12-не қараған түні түсірілген 7 фотодан құрастырылған. Сол түні поляр шұғыласының күшті болғаны сонша, ол Италия мен Техастан да бақыланды. Персеидтер метеор ағынының шыңы да сол түнге келді. Свифт-Таттл кометасының кішкене қалдықтары Жер атмосферасында жанып, аспанда жарық іздер қалдырды.
Image Credit & Copyright: Chantal Anders

БАЙҚОҢЫРДАН КЕЗЕКТІ ЖҮК КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛДЫ
Роскосмос 2024 жылғы 15 тамыз, Алматы уақытымен 8:20-да Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңынан «Союз-2.1а» зымыранымен «Прогресс МС-28» жүк кемесін ұшырды. Ол ХҒС-қа 2621 кг жүк жеткізеді. Түйісу 17 тамыз, 10:56-ға жоспарланған.
Кемеде 1201 кг аппаратура, жабдықтар, киім, азық-түлік пен санитарлық-гигиеналық нәрселер, 950 кг отын, 420 кг ауыз су және ХҒС атмосферасын толықтыратын 50 кг азот бар. Стансаға «Форсированный выдох», «Эндотелий», «Асептик», «Биодеградация», «Виртуал», «Выносливость», «Лазма», «Нейроиммунитет», «Фотобиореактор» ғылыми эксперименттеріне арналған жинақтар жеткізіледі.
Ал РҒА Ғарыштық зерттеулер институты жасаған СПИН-X1-МВН рентген-спектрометрі Звезда модулінің сыртына орнатылады. Ол әр 72 күндік кезеңде аспанның рентген диапазондағы толық дерлік (84%) шолуын жасап тұрады. Сонда 3 жылда 15 шолу жасалуы тиіс.
Ресей 2024 жылы 9 зымыран, соның ішінде Байқоңырдан 5 тасығыш ұшырды. Плесецк пен Восточный космодромдарынан 2 зымыраннан аттанды. 11 қыркүйекте Байқоңырдан Союз МС-26 ғарыш кемесімен ХҒС-қа жаңа экипаж жіберу жоспарланған.
#зымыранұшыру

18 ТАМЫЗҒА ҚАРАҒАН ТҮНІ КҮШТІ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ БАЙҚАЛУЫ МҮМКІН
2024 жылғы 14 тамызда, Алматы уақытымен 11:40-та Күн бетіндегі AR3784 дақтар тобында қуаты X1.1 жарқыл байқалды. Күн үшін бұл, кейбіреулер жазғандай пәлендей теңдессіз оқиға емес, осы күн циклінде одан да қуатты жарқылдар тіркелгенін тұрақты оқырмандарымыз жақсы біледі. Дегенмен оқиға барысында атылған тәж заты тура Жерге бағытталғандықтан, планетамызға 17 тамызда сағат 17 шамасында жетуі мүмкін.
Күннен келген зарядталған бөлшектер Жер магнит өрісімен әрекеттесіп, магнит дауылын тұрғызады. Бұл құбылыстың адам денсаулығына әсері бейғылыми, әуесқой авторлар тарапынан тым асыра бағаланып жүр. Метеотәуелді адамдар бары рас, бірақ оларға ауа температурасы, қысымы мен ылғалдылығының өзгеруі сияқты үйреншікті түсінікті факторлар әлдеқайда күшті әсер етеді. Сондықтан ештеңеден қауіптенбей, әдетте бақыланбайтын аймақтардан көрінежақ поляр шұғыласын тамашалаған дұрыс. Шұғыла Қазақстанның солтүстігінен де көрініп қалар.
Credit: SDO/AIA
#күнциклі

ЕСЕКҚЫРҒАН МЕН МАРС ТОРПАҚТА
2024 жылғы 18 тамызға қараған түні де Юпитер мен Марсты Торпақтың ашасының ішінен көре аламыз. Алып планетадан тез қашықтай беретін Марс 28-не ашадан шығып кетеді.
Торпақ шоқжұлдызы көне түркіше Үді немесе Уд, грекше Ταῦρος, латынша Taurus, арабша ثور (Sawr/Сәуір), орысша Телец, парсыша اردیبهشت (Ordibehesht) деп аталады.
Кескін: Sky & Telescope

👍2👀1
ТЕМІРҒАЛИ КӨКЕТАЙ (25.03.1938 — 17.08.2024)
Оксфорд университетінде лекция оқыған тұңғыш қазақ ғалымы, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Темірғали Әбілдаұлы Көкетай 87 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қарағандылық ғалым қатты дене физикасының иондық кристалдар физикасы, радиациялық физика, спектроскопия, люминесценция табиғаты салаларында жұмыс істеген. Темірғали Әбілдаұлы 2008 жылдан ҚарМУ-дің «Техникалық физика және экология мәселелері» ғылыми-зерттеу институтын басқарды.
#тұлға

🙏1