Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Шынымен Гугл-аударма екен. Бірақ қазақшасы 2 минут ерте жарияланған ғой!
👍2
ЖАЗДЫҢ СОҢЫ — «ЖҰЛДЫЗ АҒАТЫН» МЕЗГІЛ
ШІЛДЕ–ТАМЫЗДАҒЫ МЕТЕОР АҒЫНДАРЫНА ШОЛУ

Шілденің үшінші онкүндігінен бастап, тамыздың үшінші онкүндігін қоса алғандағы кезең — "аққан жұлдызды", яғни метеорларды* тамашалауға ең қолайлы мерзім. Жаздың жылы түні, жаңа піскен жеміс-жидек пен төрт метеор ағыны** түнгі аспанда ғана емес, адам жадында да жарқын із қалдыра алады.

🌠 Оңтүстік Дельта-Акваридалар. 12 шілде — 23 тамыз аралығында белсенді. Ағын шыңы шілденің 29-нан 30-на қараған түнге келеді, дегенмен алдыңғы және кейінгі 1–2 түні де метеор саны шыңға жетеқабыл. Сағатына 20–25 метеор бақыланады (ZHR****).

Метеорлардың жылдамдығы орташа — 41 км/сек. Олар онша жарық емес, бірақ мол, түсі негізінен ақ. Ағынның радианты*** Көнек (Суқұйғыш) шоқжұлдызында. Көнек таңға таман көтерілетіндіктен, бақылауға ыңғайлы уақыт — түннің екінші жартысы.

🌠 Альфа-Каприкорнидалар. 3 шілде — 15 тамыз аралығында белсенді. Мұның да шыңы — шілденің 29-нан 30-на қараған түні. ZHR — сағатына 5-ақ метеор, бірақ бұл ағын өте жарық метеорларға бай, тіпті болидтер***** байқалуы мүмкін.

Метеорлардың жылдамдығы баяу — 23 км/сек. Олардың өте жарықтығын ескерсек, баяу болидтерді асықпай тамашалауға керемет мүмкіндік бар! Іздің түсі негізінен сары. Ағынның радианты Тауешкі (Ешкімүйіз) шоқжұлдызында. Аққан жұлдыздар түні бойы көрінеді, дегенмен Ай тумай ертерек бақылаған жөн.

🌠 Персеидтер — ең танымал метеор ағыны. 17 шілде — 24 тамыз аралығында белсенді. Шыңы әр жылы әр түні, 11—14 тамыз арасында келеді, метеор саны сағатына 80–150. Персеидтер кейде атмосфераға топталып енеді, мұндай аққан жұлдыздар залпы керемет әсер қалдырады.

Жылдамдық ортадан жоғары — 59 км/сек. Радиант көкжиектен биік көтерілетін Персей шоқжұлдызында, сондықтан метеорлар бүкіл аспаннан бақыланады. Бірақ радиантқа емес, аспанның қарама-қарсы тұсына көз тіккен абзал, ол жақта метеорлар барынша ұзын із тастайды.

🌠 Каппа-Цигнидалар. 3 — 25 тамыз аралығында белсенді, шыңы 17 тамызда. Түн ортасында сағатына 3 метеор көрінуі мүмкін. Метеороидтар бұлтында ірі сынықтар көп, сондықтан жарық метеорлар не болидтер байқалуы ықтимал.

Жасыл түсті метеорлар көбірек. Радиант түннің бірінші жартысында өрлейтін Аққу шоқжұлдызында, ертерек шыққан дұрыс. Ағын баяу болғандықтан (25 км/сек), аспанның бар тұсынан "ағатын жұлдыздарды" байқау оңай.


АНЫҚТАМАЛЫҚ

* МЕТЕОРЛАР — Жер атмосферасында жанған ғарыштағы тас сынықтары. Олар орасан жылдамдықпен (сағатына 130 000 километрдей) қозғалады. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы үйкелістен сынықтар қатты қызып, маңындағы ауаны жарқыратады. Тас тез қирап, жоқ болады, ал оның жарқыраған ізін жерден "аққан жұлдыз" түрінде көреміз.

** Жер бетіндегі кез келген нүктеден бір түнде орта есеппен 6 кездейсоқ метеор көрінеді. Бірақ Жер жылына бірнеше рет өз жолында жатқан комета қалдықтарының үстін басып өтеді. Бұл кездері метеор саны күрт артып, МЕТЕОР АҒЫНДАРЫ бақыланады.

*** РАДИАНТ — метеорлар содан ұшып шығып жатқандай тәрізденетін аспандағы нүкте.

**** ZHR — ағынның радианты дәл төбеде болғанда, тас қараңғыда, көру қабілеті идеал бақылаушы бір сағатта көре алатын метеор саны. Іс жүзінде әлдеқайда аз метеор көрінеді.

***** БОЛИД — Шолпаннан жарық метеор.


МЕТЕОР АҒЫНЫН ҚАЛАЙ БАҚЫЛАҒАН ЖӨН

Жұлдыз жауынын толыққанды тамашалау үшін ауылға не тауға, ең болмаса қаладан алысырақ жерге барған жөн. Қала ішінде парк сияқты салыстырмалы түрде қараңғы, бірақ қауіпсіз орын табыңыз. Кемі жарты сағаттай көзді қараңғыға үйретіп алу керек, сондықтан фара не қолшам жақпаған абзал, телефонға да үңілмеңіз. Радиантқа көз тігу міндет емес, шалқалап аспанға қарап жатса болады. Тамызда түн суық, жылы киім алуды ұмытпаңыз.

#астрокүнтізбе #көбәріп
👍3
FALCON 9 ҚАТАРЫНАН 3 РЕТ СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ — ЖАҢА СЕРИЯ БАСТАЛДЫ

2024 жылғы 11 шілдедегі апаттан кейінгі 16 күндік үзілістен соң, 27–28 шілдеде SpaceX компаниясы үш бірдей Falcon 9 зымыранын ұшырды. Олар 27 сағат 37 минут аралықта үш ғарыш айлағынан үш Starlink миссиясын көтерді. Үш 1-саты үш баржаға аман қонды, үш 2-саты жерсеріктерді тиісті орбитаға ойдағыдай шығарды.

Демек, өткендегі апат жүйелі ақаудың емес, нақты бір 2-сатыны жасау барысында орын алған олқылықтың салдары екені анық. 2-сатылар қайта қолданылмайды, әр жолы жаңасы ұшады. Қазіргі сәттегі статистика бойынша, 357 Falcon 9-дың 355-і сәтті ұшырылды. Екі тасығыш 2-сатының кінәсінен тапсырманы орындай алмады. Келесі миссия — 2 тамызда.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
👍2👏1
Джон Краустан және бір фото болсын
Credit: John Kraus Photos
#зымыранұшыру
👍2👀1
СТАРЛАЙНЕР ЖЕРГЕ ҚАШАН ҚАЙТАДЫ?
АМЕРИКАНЫҢ ҰШҚЫШТЫ МИССИЯЛАРЫ ЖАЙЛЫ

Алдымен Starliner Calypso ғарыш кемесінен (фотода) бастайық. НАСА мен Boeing Нью-Мексикодағы Уайт-Сэндс полигонында кемеде орнатылған RCS жүйесінің қозғағышын сынақтан өткізді. Деректер талдануда, Старлайнердің стансадан ажырайтын және Барри мен Сунитаның Жерге оралатын күндері әлі бекітілген жоқ. ХҒС-қа бір аптаға қонаққа келген екі қарттың онда жатқанына екі айға жуықтады, және жақында кетер түрі жоқ.😂 Дегенмен стансада 4 айға жететін азық-түлік қоры бар, оны 3 тамызда аттанатын Cygnus пен қыркүйектегі Dragon Cargo жүк кемелері қосымша толықтырады.

НАСА бұрынғыша Crew-9 экипажын Boe-CFT миссиясын қайтарып алған соң барып ұшыруды жоспарлап отыр. Crew-9-ды көтеретін Falcon 9-дың 2-сатысы бүгін МакГрегорда қосымша тексерістен өтеді. Флоридадағы 1-саты да тексеріледі. 4-ші рет ұшатын Crew Dragon Freedom кемесі Хоторндағы таза бөлмеде, жақында ол Флоридаға жеткізіледі. Бұл миссия 18 тамыздан ерте ұшпайды.

SpaceX Polaris Dawn жекеменшік миссиясы тамыздың аяғына, Axiom компаниясының Ax-4 миссиясы қарашаға, Crew-10 — 2025-тің ақпанына межеленген. Starliner-1 (Старлайнердің төрт кісілік бірінші толыққанды сапары) 2025-тің тамызына шегерілді. Ал Boeing корпорациясының кемесі бұл мерзімде ұша алмаса, ХҒС-қа оның орнына Crew Dragon кемесімен Crew-11 миссиясы аттанады! Бірінші негізгі миссияның орнына басқа кеменің 11-ші негізгі миссиясы, бұл екі жоба бір мезгілде басталып еді ғой.
#хғс
👍2
Фото: NASA Johnson Space Center
👍2🥰1
БЕСІНШІ СЫНАҚ БІР АЙҒА ШЕГЕРІЛДІ

X Takeover іс-шарасында Илон Маск бірнеше мәлімдеме жасады:
— Starship IFT-5 миссиясы тамыздың аяғы — қыркүйектің басында ұшырылады;
— Мехазилла робоқолдарының Super Heavy B12 үдеткішін сәтті қағып алу ықтималдығы — 50%;
— Starship S30 кемесінің жылу қалқаны мен қанаттарының атмосфераға ену кезеңінен аман қалу ықтималдығы — 60%. S29-ға 20% берілсе де, ол мұхит бетіне жеткені есімізде, демек бұл аз сан емес.

Әр қанаттың тұсына камера орнатылды, сөйтіп бұл кемеден де керемет көріністер күтеміз.
#жұлдызкеме
👍2
STARSHIP, SUPER HEAVY ПРОТОТИПТЕРІ: 2024-07-31

Starship V1:
S26 - Зымырандар бағына қойылды
S30 - Ұшуға дайындалып жатыр 🚀
S31 - Highbay ангарында, қозғағыштар орнатылды
S32 - Есептен шығарылған болуы ықтимал 🚫

Starship V2:
S33 - Ірі тораптардан құрастырылуда
S34 - Бөлшектері жасалып жатыр, жоғарғы қанаттары байқалды
S35-37 - Корпус секциялары есептен шығарылды

Super Heavy:
B12 - Ұшуға дайындық, аралық бөлімді орнату 🚀
B13 - Megabay 1 ангарында
B14 - Megabay 1 ангарында
B15 - Ірі тораптардан құрастырылуда
B16, B17 - Бөлшектері жасалып жатыр
👍3
112. «АЙДЫҢ МАРСПЕН ТОҒЫСЫ»

16 жасқа дейінгі фотографтар арасындағы жоғары баға — Джошуа Харвуд-Уайт.
2022 жылдың 8 желтоқсаны.

Lunar Occultation of Mars by Joshua Harwood-White
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Kingston Upon Thames, Surrey, UK, 8 December 2022
Equipment used: Celestron Astromaster 102AZ Refractor telescope, 102 mm Achromatic lens, Manual Alt Azimuth mount, Apple iPhone SE 2nd Generation, 12 mp wide camera, 660 mm f/1.8, ISO 80, 1/15-second exposure
#астрофото2023
👍2
1. C/2023 A3 КОМЕТАСЫ ЖАҚСЫ ХАЛДЕ

Астрофизик Qicheng Zhang C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасы ыдырап кетті деген қауесетті жоққа шығарды. Аспан денесінің сипаттамалары қалыпты деңгейде. Чжан кометаның жарықтығы ол 2024 ж. 27 қыркүйекте перигелиінен өткенде +4 (+-1) жұлдыздық шамаға, ал 9 қазанда Жерге барынша жақындағанда — шамамен –3-ке (+-1) дейін артады деп болжап отыр. C/2023 A3 қазанның 19-ы жоғалып кетер алдында, оның шаңды құйрығының ұзындығы 20 градустан асуы мүмкін.

Цзыцзиньшань-ATLAS кометасының мына фотосы 26 маусымда Оңтүстік жартышардан түсірілген. Жасылдау реңкті комета Арыстан шоқжұлдызындағы ерекше пішінді алыс галактикалар фонында бейнеленген.

Image credits: Pepe Chambó
#астрокүнтізбе #үлкенкомета2024
👍1
RAPTOR 3 ЗЫМЫРАН ҚОЗҒАҒЫШЫ

Илон Маск Starship зымыранына арналған Raptor 3 қозғағышының SN1 нөмірлі алғашқы данасын таныстырды. Ол мотордың ықшамдалғанын және сыртқы компоненттерді регенерациялық салқындату мен қосалқы каналдар енгізілгенін айты.

Нәтижесінде Raptor 3-те қызудан қорғау экраны жоқ, бұл оның массасы мен күрделілігін азайтуға, сондай-ақ өртсөндіру жүйесін алып тастауға мүмкіндік берді. Ол Raptor 2-ден жеңіл, бірақ тартымы мен ПӘК-і жоғарырақ. Жаңа қозғағышты техноөнер туындысы деп атасақ та артық болмас. Raptor-дың үш нұсқасы келесі поста салыстырылады.

Credit: SpaceX
👍2
RAPTOR 1—3

Raptor қозғағыштарының атмосфералық нұсқаларын салыстыру

Raptor 1:
— Тартым — 185 тк
— Меншікті импульс — 350 с
— Масса — 2080 кг (зымыран жағындағы қосымша жабдықтармен бірге — 3630 кг)

Raptor 2:
— Тартым — 230 тк
— Меншікті импульс — 347 с
— Масса — 1630 кг (2875 кг)

Raptor 3:
— Тартым — 280 тк
— Меншікті импульс — 350 с
— Масса — 1525 кг (1720 кг)

Super Heavy үдеткішіндегі 33 Raptor 2 қозғағышының салмағы шамамен 95 тоннадай (33 х 2,875) болса, 35 Raptor 3-тің массасы — 60 тонна (35 х 1,720). Жалпы тартым 7590 тонна-күштен 9800-ге дейін артады.

Credit: SpaceX
👍2😱1
113. «ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАС ПІЛ!»

16 жасқа дейінгі фотографтар арасында қысқа тізімге енген — Гарри Джонсон.

An Elephant You'll Never Forget! by Harry Johnson
Astronomy Photographer of the Year 2023
Polesworth, Tamworth, Staffordshire, UK, 9 July 2022, 5 and 17 October 2022
Equipment used: William Optics Redcat51 telescope, Optolong L-eXtreme lens, Sky-Watcher Star Adventurer GTi mount, ZWO ASI183MC Pro camera, 250 mm f/4.9, Gain 111, 55 x 300-second exposures, 4-hours and 35-minutes total exposure
#астрофото2023
👍1👀1
STARLINER КЕМЕСІНІҢ ЖЕРГЕ ОРАЛУЫ ЖАЙЛЫ

НАСА 2024 жылғы 7 тамызда Starliner ғарыш кемесінің тағдырына қатысты брифиң өткізді. Айтылған негізгі мәселелер:

— НАСА Boe-CFT экипажын оларды ХҒС-қа жеткізген Starliner кемесімен емес, басқаша қайтару варианты қарастырылып жатқанын бірінші рет ашық мойындады.

— Старлайнерді Жерге экипажбен не бос қайтару жөніндегі шешім тамыздың ортасында қабылданады.

— Экипажды Старлайнермен қайтару қауіпсіз емес деп танылса, Crew-9 миссиясы 24 қыркүйекте екі ғарышкермен аттанады да, Барри Уилмор мен Сунита Уильямспен бірге 2025-тің ақпанында оралады. Бұл екеуіне өлшеніп жасалған, Crew Dragon кемесіне арналған скафандрлар мен орындықтар дайын.

— Немесе екеудің бірі Crew-9 ХҒС-қа келгеннен кейін Crew-8 экипажымен бірге қайтып, екіншісі ақпанда оралуы мүмкін. Бұл жағдайда Crew Dragon кемесіне Жерге қайтарылатын жүкті азайту есебінен алғаш рет бесінші орындық орнатылады.

— ХҒС-та Starliner мен Crew Dragon кемелерін қабылдайтын екі-ақ түйісу торабы бар. Crew-8/9 экипаждарын стансада алмастыру үшін, Старлайнер бір портты босатуы тиіс.

— Starliner кемесі ХҒС-тан ұшқышсыз ажырай алады (OFT-2 миссиясындағыдай), бірақ нақты осы кеменің бағдарламасы экипажбен жұмысқа теңшелген. Демек софтты өзгертіп, тексеру және ұшуды басқарушыларды қосымша дайындау қажет, бұл — уақыт.

— Boeing компаниясы Starliner кемесі экипажды Жерге қайтара алатынына сенімді, бірақ НАСА-ның бақылау кеңесі тәуекелді жоғарырақ бағалап отыр. Дегенмен бұл кеңестің ішінде де консенсус жоқ. Сөйтіп, кеңес түпкілікті шешімді бірауыздан қабылдай алмаса, нүктені НАСА директоры қояды.

НАСА мамандары баспасөз мәслихаты барысында Старлайнерге қатысты "белгісіздік" сөзін 18 рет айтты, ал Boeing өкілдері шараға қатысқан да жоқ.

#хғс
👍1
Коллаж: ХҒС-қа түйісіп тұрған Starliner ғарыш кемесіне НАСА-ның қазіргі дөңгелек эмблемасы, ал Crew Dragon кемесіне — тарихи "құрт" эмблемасы салынған.
👍2
Абай шығармаларының үш томдық академиялық толық жинағын БІР zip-архив түрінде жүктеп алыңыз.
Бонус: «Абай» энциклопедиясы.
#қолкөмек
👍31
КЮРИОСИТИ МАРСТАН КҮКІРТ КРИСТАЛДАРЫН ТАПТЫ: ТАРИХТА АЛҒАШ РЕТ

2024 жылғы 30 мамырда НАСА-кың Curiosity ровері Марс бетінен алғаш рет күкірт кристалдарын тапты. Көрші планетада күкірт бұған дейін тек сульфаттар немесе басқа минералдар құрамынан анықталатын. Жаңалық кездейсоқ ашылды: кристалдар ровер басып кетіп, қиратқан 15 сантиметрлің тастың ішінен шықты. Бұл тастан зат үлгісін алудың реті келмеді, бірақ жақын маңдағы басқа қойтас бұрғыланды.

Күкіртті тас Шарп тауының беткейімен құлдилайтын Гедиз Аңғарының (Gediz Vallis) арнасынан табылды. Арнаны жырған су ағындары үш километрге созылып жатқан қойтастар мен шөгінді жыныс қырқасын да түзген. Бұл өңірде күкірт қалай пайда болғаны әзірше түсініксіз. Анығы, күкіртті тастар бүтін бір алаңқайды алып жатыр. 6 тамызда Curiosity роверінің Марсқа қонғанына бір мүшел толды.

Credit: NASA/JPL-Caltech/MSSS
#ғылымижаңалық
👍2👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Blue Origin компаниясы New Glenn қайта қолданылатын зымыранының жабдықтарын сынауды жалғастырды. Өткенде қону тіреулері тексерілсе, енді қанаттар сыналды. Әр қанаттың өлшемі 2 х 5 метр. Олар көтерілу және оралу кезеңдерінде зымыранды басқару үшін қажет. Конструкция негізінен алюминийден жасалып, жылудан қорғайтын арнайы матамен қапталған. Қанаттарға ұшу барысында әсер ететін аэродинамикалық күш Боинг 737 ұшағының массасымен шамалас.
👍21