ҮЛКЕН АДРОН КОЛЛАЙДЕРІНДЕ ПРОТОНДАР 13,6 ТЭВ ЭНЕРГИЯМЕН СОҚТЫҒЫСА БАСТАДЫ
2022 жылы 5 шілдеде Үлкен адрон коллайдерінде протондарды 13,6 тераэлектронвольт энергиямен соқтығыстыру эксперименті басталды. Бұл үшін протондар 6,8 ТэВ-ке дейін үдетілді.
Коллайдердің 2008–2013 жж. бірінші жұмыс сеансы (маусымы) кезінде энергия 4 ТэВ-қа жеткен. Бұл сеанстағы басты жаңалық — Хиггс бозонының ашылуы еді. 4 шілдеде осы бір тарихи оқиғаға 10 жыл толды. Модернизацияланған ҮАК 2015–2018 жылдардағы екінші маусымда бөлшектер шоғын 6,5 тераэлектронвольтқа дейін үдететін.
Биыл басталған үшінші сеанста сондай-ақ коллайдердің жарқырауы, яғни белгілі бір көлденең қима арқылы бір секундта ұшып өтетін бөлшектер ағыны, екі есеге жақын арттырылды. Бұл үшін шоқтардың фокус облысы 10 микрометрге дейін кішірейтілді. Енді детекторлар бақылайтын соқтығысу саны әлдеқайда көбеймек.
Ғалымдар үшінші маусымда Хиггс бозонының параметрлерін дәлірек өлшеп, оның жаңа сирек ыдырау арналарын таппақшы. Олар сондай-ақ Әлемдегі материя—антиматерия асимметриясына жауапты үдерістерді іздеп, Стандарт модельдің сыртына шығып кететін аномалияларды тереңірек зерттемек. Ауыр иондарды теңдессіз дәлдікпен соқтығыстыру бағдарламасы түзілетін кварк-глюон плазмасын зерттеуге мүмкіндік береді. Осы сеанста W-бозонның массасындағы аномалияның себебі анықталар деген үміт те бар.
Физиктер үшінші сеанста жалпы 280 кері фемтобарн статистика жинауды жоспарлап отыр. Бірінші маусымда — 12, ал екіншісінде — 150 кері фемтобарн ақпарат алынған еді.
5 шілдеде ҮАК-тағы LHCb коллаборациясының физиктері үш жаңа бөлшек ашылғанын хабарлады. Олар — ғажап пентакварк және ашық сиқырланған қос зарядталған тетракварк пен оның бейтарап серіктесі.
Credit: CERN

👍2🔥1
WEBB ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ FGS КӨЗЕУІШІНЕН БІР КЕСКІН
Канада ғарыш агенттігі жасаған FGS (Fine Guidance Sensor) дәл көзеу сенсорының міндеті — телескоп бақылайтын нысаналарды іздеп, аспаптарға нұсқау. Дегенмен ол да мынадай ғажап кескін ала білді! Мозаика 32 сағаттық сынақ барысында жасалған 72 экспозициядан құрастырылған.
Жұлдыздардың Уэббқа тән алтыбұрышты дифракциялық сәулесіне назар аударыңыз. Жарық жұлдыздардың ортасы қара болып көрінетін себебі: олардың барлық жарығы негізгі аспаптарға жіберіледі. Қалған нәрсенің бәрі — алыс галактикалар.
Ғылыми аспаптардай емес, FGS түсті фильтрлер қолданбайды, сондықтан кескіннен галактика жасын анықтау мүмкін емес. Ғылыми маңызы болмаса да, бұл фото — Әлемнің бұрын-соңды алынған ең терең инфрақызыл кескіні.
Credit: NASA, CSA, FGS team

CREW DRAGON 🆚 STARLINER
2010 жылы ақпанда НАСА ХҒС-қа ғарышкер жеткізетін жекеменшік кемелер жасауға ынталандыру мақсатында Commercial Crew Development (CCDev) бағдарламасын ашты. Оның аясында Boeing корпорациясы агенттіктен $4,8 млрд алса, SpaceX 3,1 млрд долларды қанағат тұтты. 2014 жылы НАСА екі компаниямен стансаға ғарышкерлер жеткізуге келісімшарт жасасты. Әр компания НАСА үшін алты ұшқышты миссиядан жасауы тиіс еді. 12 жылда бағдарламаға жалпы алғанда $14,6 млрд жұмсалды. Енді оның аралық қорытындысын шығарайық.
🐉 SpaceX Crew Dragon
— ХҒС-қа адам жеткізген алғашқы жекеменшік ғарыш кемесі атанды;
— НАСА мүддесінде 1 ұшқышсыз миссия ұшырды (DM-1 сынақ миссиясы);
— НАСА мүддесінде 5 ұшқышты миссия ұшырды (DM-2 сынақ миссиясы, 2 ғарышкер және Crew-1, 2, 3, 4 ұзақмерзімді, әрқайсында 4 ғарышкерден);
— НАСА тапсырысы бойынша ХҒС-қа 18 астронавт жеткізді;
— олардың 14-і Жерге аман-есен қайтарылды (төртеуі стансада жұмыс істеп жатыр);
— ұшқышты ғарыш миссиясы ұзақтығының ұлттық рекорды жасалды;
— ұшқышты кеме қайта қолданылды;
— ұшқышты кеме 4-ші рет қолданылған үдеткішпен ұшырылды;
+ тарихтағы алғашқы толық жекеменшік ұшқышты миссия орбитаға шығарылды (Inspiration4, 4 ғарышкер);
+ ХҒС-та тарихтағы алғашқы толық жекеменшік ұшқышты миссия болып қайтты (Ax-1, 4 ғарышкер);
= ғарышқа барлығы 26 адам шығарылып, 22 адам қайтарылды.
✈️ Boeing Starliner
— ХҒС-қа бір ұшқышсыз сынақ миссиясы барып қайтты (OFT-2).
P.S. НАСА 2021-дің желтоқсанында SpaceX-пен келісімшартты ұзартып, тағы 3 ұшқышты миссия (Crew-7, 8, 9) өткізуге уағдаласты. Мемлекеттік агенттік бұл үшін қосымша 778 млн доллар төлейді. Ал жақында НАСА Масктің компаниясына тағы 5 миссияға (Crew-10–14) тапсырыс беру ниеті барын мәлімдеді.

🔥3
12 мамырда Құс Жолы орталығындағы Мерген A* аса ауыр қара құрдымының алғашқы кескіні жарияланғаны есіңізде ме? Ал осы галактика ядросы аспанның қай тұсында? Арнамыздағы жаңа роликтен біліңіз: https://youtu.be/_PJfvv4qidM
YouTube
Мергендегі Шәйнек астеризмі көмегімен Құс Жолының орталығын табу
Шілдеде аспан қараңғы болса, жұлдыздар және тозаң мен газ бұлттары тығыз ұйысқан Құс Жолы орталығын оңтүстіктен көруге болады. Ал Құс Жолы көріне қоймайтын қалада тұрсақ, бізге Мергендегі Шәйнек ретінде танымал бір топ жұлдыз көмектеседі.
Шәйнек — көзге…
Шәйнек — көзге…
👍2
Мына ғаламат суреттерді Хаббл ғарыштық телескопы түсірген. Одан 100 есе қуатты Уэбб не көрсетер екен?!
12 ШІЛДЕ 20:30
12 ШІЛДЕ 20:30
👍2
КҮН ЖАРЫҒЫ БІР МЕЗГІЛДЕ ЖЕР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 99%-ІНЕ ТҮСКЕН
Жылына бір рет Жер тұрғындарының 99%-і бір мезгілде не тіке түскен, не атмосферада шашыраған Күн жарығын көретін сәт болады екен. 2022 жылы бұл оқиға 8 шілдеде UTC бойынша 11:15-те (Алматы уақытымен 17:15-те) тіркелген. Жерлестеріміздің 83%-і, яғни 6,440 млрд адам үшін бұл кезде күндіз болса, тағы 16% (1,248 млрд адам) іңірдің үш кезеңінің бірін көрген.
Бірақ ақиқатын айтсақ, олардың 443 миллионы навигациялық, 257 миллионы астрономиялық іңір кезеңінде тұрғандықтан, түннен пәлендей айырмашылықты байқамаған да шығар. Тағы 80 млн Жер тұрғыны бұл сәтті нағыз түн құшағында өткізген екен.
Сондықтан айтылған сәтте Жердің күндізгі жағында тұрған 6440 млн адамға, азаматтық іңірдегі 548 млн-ды және навигациялық іңірдегі 443 млн-ның жартысын қоссақ, шын мәнінде Күн жарығын сезінген 7,2 млрд жанды аламыз. Бұл — планета тұрғындарының 93%-і, яғни өте үлкен сан.
Астрономиялық қызық фактты екі жағдайдың ұштасуы туғызады:
1. Жер құрлықтарының көбі планетаның бір бетінде орналасқандықтан, осы жақта күндіз болатын уақыт;
2. Солтүстік жартышарда жарық күні ұзаратын маусымдағы күн тоқырауынан 17 тәуліктен соң, Күн оңтүстікке жылжып, халықтың көбі тұратын Солтүстік жартышарға қосымша, Индонезия мен Филиппин архипелагтарына да нұрын төккен.
#астродерек #геодерек

УЭББ АЛҒАН БІР КЕСКІН ОСЫ ТҮНДЕ ЖАРИЯЛАНАДЫ!
11 шілдеде жергілікті уақытпен 17:00-де (Алматы уақытымен 12 шілде, 03:00) АҚШ президенті Джо Байден Уэбб ғарыштық телескопы алған алғашқы суреттердің бірімен таныстырады. Тікелей эфир — NASA TV арнасында. Кескін сол сәтте НАСА сайтында жарияланады.
«Уэбб ғарыштық телескопы: миссияға кіріспе» атты бейнероликті еске түсірейік.
https://youtu.be/tYhzjhaMVYw

Уэбб ғарыштық телескопы: миссияға кіріспе
Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы (JWST), оның миссиясы және онда қолданылған керемет технологиялармен танысыңыз.
Тарихтағы ең үлкен, ең қуатты және ең қымбат ғарыштық телескоп астрономияда теңдесі жоқ жаңалықтар ашады деп болжанып отыр. Соңғы отыз жылдағы…

🔥2
УЭББТЫҢ АЛҒАШҚЫ НЫСАНАЛАРЫ
2022 жылы 12 шілдеде Уэбб телескопы алған алғашқы толықтүсті суреттер мен спектрограмма жарияланатыны белгілі. НАСА қандай ғарыш нысандары түсірілгенін айтты.
1. Киль Тұмандығы (NGC 3372) — аспандағы ең үлкен және жарық тұмандықтың бірі, Киль шоқжұлдызының Эта жұлдызы маңында. Жерден 7600 жарық жылы қашықтықта.
Тұмандықтың Хаббл телескопы 2010 жылы алған кескініндегі бір аймақ Жұмбақтау немесе Ғарыштағы салт атты деп аталады. Түзіліп жатқан жұлдыздар шығарған газ ағыстары айналадағы газ бен тозаң бұлттарымен әсерлесіп, ғаламат көрініс туғызған. Ұстынның биіктігі 3 жарық жылындай (28,5 трлн км).
2. Оңтүстік Сақина Тұмандығы (Сегіз жарқыл Тұмандығы, NGC 3132) — ең жақын планетар тұмандықтың бірі. Желкен шоқжұлдызында орналасқан, бізден 2000 жарық жылында. Диаметрі 1 жарық жылындай.
Тұмандықты қосар жұлдыздың әлсіз сыңары — ыстық ақ ергежейлі (Хаббл түсірген суретте — оң жақ жоғарыда) лақтырып тастаған. Тұмандықты жарқыратып тұрған да оның ультракүлгін сәулеленуі.
3. Стефан Квинтеті — Пегас шоқжұлдызындағы бес галактика. Сары түсті төртеуі (NGC 7319, NGC 7318A, NGC 7318B, NGC 7317) — бізден 290 млн жарық жылы қашықтықтағы өзара әсерлесетін галактикалар тобын құрайды. NGC 7318B мен NGC 7318A-ның соқтығысқан жерінде орасан зор мөлшерде молекулалық сутегі түзілуде.
NGC 7320 — оларға қатысы жоқ, беріректегі галактика. 40 млн жарық жылында, Hubble кескінінде көк түсті.
4. SMACS 0723 — бер жақтағы ауыр галактикалар шоғыры әрідегі нысандардың жарығын ұлғайтып, бұрмалайды. Осындай гравитациялық линзаның арқасында төтенше алыс, сондай-ақ жарығы әлсіз галактикаларды көруге мүмкіндік бар.
5. WASP-6b (спектрограмма) — Көнектегі WASP-6 жұлдызын айналатын экзопланета, газды алып. Юпитерден үлкен, бірақ массасы одан екі еседей жеңіл. Жұлдызға жақын болғандықтан (6 млн км), беті өте ыстық, 1600 градустай деп болжанады. Айналу периоды 3,4 тәулік, транзит әдісімен 2014 жылы ашылған. Жерден 1150 жарық жылы қашықтықта.