НАСА VIPER АЙ РОВЕРІНЕН БАС ТАРТТЫ
НАСА-ның VIPER роверін Ай бетіне жеткізуі тиіс Astrobotic Griffin One миссиясы 2025-ке шегерілгенін жазғанбыз. 18 шілдеде НАСА роверді ұшырудан мүлдем бас тартатынын мәлімдеді. Күтпеген шешімнің себептері ретінде Astrobotic Griffin лендерін қосымша тестілеу қажетігі кесірінен ұшырылымның шегеріле беруі мен миссия шығынының белгіленген шамадан арту тәуекелі айтылды.
НАСА шетелдік әріптестер мен жеке компаниялардың VIPER-ді қолдану туралы ұсыныстарын 1 тамызға дейін күтеді, бірақ өзі жобаны құтқаруға қосымша бір цент те жұмсамайды. НАСА осылай $84 млн үнемдемек. Ұсыныс түспесе, көктемде VIPER бөлшектеліп, оның аспаптары мен құрамдастары болашақ жаңа аппараттарда қолдану үшін қоймаға қойылады.
Astrobotic Technology компаниясының қаңтарда ұшырылған Peregrine лендері аймаңы орбитаға шыға алмай, Жерге қайтып келіп, атмосферада жанып кеткені белгілі. Сондықтан НАСА-ның өз роверін бұл компанияның келесі миссиясына сеніп тапсырудан бас тартуы күтілген де еді. Алайда дайын тұрған және тестіленген VIPER бұзылады деп ешкім ойлаған жоқ.
Бір қызығы, Astrobotic Griffin One миссиясын 2025 жылғы көктемде Falcon Heavy зымыранымен ұшыру жоспары өзгерген жоқ. Astrobotic компаниясы бәрібір Ай бетіне өз лендерін қондырып көруге тырысады. НАСА ровердің орнына оның массалық симуляторын бермек. Дегенмен жұмысқа толық қабілетті дайын роверді өз қолына алып, арғы шығындарын көтеретін бір компания (мүмкін, Blue Origin?) табылар деп үміттенеміз.
VIPER (Volatiles Investigating Polar Exploration Rover) Айдан су мұзын іздеуге арналған. Ол 2018 жылы жабылған Resource Prospector ровері жобасы негізінде 2019-дан бастап қолға алынған. VIPER Айдың оңтүстік поляр аймағындағы реголит ішінен мұз іздеуі керек еді. Бұл болашақ ұшқышты миссияларды жоспарлау мен Ай базаларын құру үшін маңызды. Төрт доңғалақты ровер бірнеше камера, үш спектрометр мен 1 метрге дейінгі тереңдіктен үлгі ала алатын бұрғымен жабдықталған.

👍2
21 ШІЛДЕ — ТОЛҒАН АЙ
2024 жылғы 21 шілдеде, 15:17-де Ай толады. Алдағы екі түні жарқыраған толық Айды тамашалайық. Сонымен бірге қазір Жазғы Үшбұрыш астеризмін көруге де қолайлы мезгіл.
Кескін: Star Walk
#астрокүнтізбе

❤2👍2
21 ШІЛДЕ — ТОЛҒАН АЙ. ЕКІНШІ ТҮН
2024 жылғы шілденің 21-нен 22-не қараған түні де Толған Айды тамашалауға болатынын еске саламыз. Ай қазір Жерге біршама жақын (367 мың км), сондықтан оның көрінетін диаметрі 32,2 бұрыштық минутқа жетті.
Мына фото өткен түні Флоридадағы Ғарыш жағалауынан түсірілген. Осы жерден аттанған Apollo 11 ғарыш кемесінің ай модулі тура 55 жыл бұрын, 1969 жылғы 21 шілдеде (біздің уақытпен) Айға қонып, алғаш рет адамдар өзге аспан денесі бетіне түскен еді.
Фото: John Kraus Photos

👍3
110. «ІҢІРДЕГІ АЙ»
16 жасқа дейінгі фотографтар арасындағы жоғары баға — Хаохан Сан.
Moon at Nightfall by Haohan Sun
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Dalian, Liaoning, China, 11 August 2022
Equipment used: Moon: Canon 24-105mm camera, 5 x ISO 1600, 6 x SO3200, 2 x 1/100-second exposure, 3 x 1/50-second exposure, 6 x 1/30-second exposure; Foreground: Canon EOS 6D Mark Ⅱcamera, 150 mm f/4, ISO 1600, 40 x 1/125-second exposure
#астрофото2023

БЕСІНШІ СЫНАҚТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — БОС ҮДЕТКІШТІ ҚАҒЫП АЛУ
Тамыздың басына жоспарланған Starship IFT-5 миссиясының негізгі міндетінің бірі — Super Heavy B12 үдеткішін Мехазилла робоқолымен қармау болмақ. Бұған үдеткіштегі мынадай элементтер көмектеседі.
Бос болат бөшке іспетті үдеткіштің қонардағы массасы 180 тонна, оған 20 тоннадай отын қалдығын қосайық. Бұл массаның біразы үдеткіштің төменгі бөлігінде орналасады: отын мен әрқайсы екі тонналық 33 қозғағыш. Көлеміне шаққанда біршама жеңіл үдеткіштің желкенділігі, яғни жел әсеріне ұшырауы да жоғары екені анық.
Мехазилланың қармауыштары үдеткіштің төмен бағытталған қалдық қозғалысын да, горизонталь жылжуын да тойтаруы тиіс. Супер Хэвидің жақсы басқарылатыны және қонарда қалқып тұра алатыны робоқолдың жұмысына септігін тигізер. Falcon 9-дың 1-сатылары сияқты, Super Heavy де бағдарлама бойынша мұхитқа құлдилайды. Барлық жүйелері жақсы жұмыс істеп тұрған жағдайда ғана, траекторияның төменгі бөлігін өзгертіп, қону алаңына бет түзейді. SpaceX компаниясы Старшип жүйесінде қону тіреулерінен бас тартып, ерекше қармап алу тәсілін таңдады. Алғашқы әрекеттің өзі-ақ сәтті болар деп үміттенеміз.
Мехазилла ұшыру алаңындағы мұнарада тұрғандықтан, ол зымыранды қағып ала алмай, үдеткіште қалған отын жарылса, старт тағаны зақымдалуы мүмкін. Қазір жеке екінші мұнараға да робоқол орнатылып жатыр, бірақ ол бұл сынаққа дейін іске қосылып үлгермейді. Демек SpaceX қармау әрекетінен үлкен қауіп көріп отырмаған шығар.
#жұлдызкеме

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сіздерге таныс Cosmoleap қытайлық ғарыштық стартапы үдеткішті қағып алу технологиясының анимациясын жариялады. 😉
Credit: Cosmoleap
Credit: Cosmoleap
👍1😁1
30 ЖЫЛ БҰРЫН ШУМЕЙКЕРЛЕР-ЛЕВИ КОМЕТАСЫ ЮПИТЕРГЕ СОҒЫЛДЫ
1994 жылғы 16–23 шілдеде Шумейкерлер-Леви 9 кометасының сынықтары Юпитерге соғылды. Ғылым тарихында алғаш рет комета мен планетаның соқтығысуы тікелей тіркелді.
Кометаны 1993 ж. 24 наурызда Маунт-Паломар обсерваториясында ерлі-зайыпты Юджин, Каролина Шумейкерлер мен Дэвид Леви ашты. Сол кезде-ақ комета Юпитер гравитациясы бөлшектеп жіберген 21 фрагменттен тұратын. Ені 2 км-ге дейінгі сынықтар ұзындығы 200 000 км тізбек құрайтын.
1994 жылы шілдеде барлық сынықтар 64 км/сек жылдамдықпен Юпитер атмосферасына соғып, газды алыптың бұлт жамылғысын қатты толқытты. Алдын-ала болжанған катастрофа Жерден де, ғарыштан да бақыланды. Сынықтардың нақты құлау сәтін Юпитерден 1,6 а.б. қашықтықтағы Галилео зонды ғана көрді, өйткені олар Жерге қарама-қарсы жартышарға түсті. Юпитер үйіріле келе, оның атмосферасындағы толқу Жерден де байқалды.
Бірінші фрагмент құлағанда температурасы 24000 K жарқыл болып, 3000 км биіктікке көтерілген газ бұлты Жерден бақыланды. Ең ірі фрагмент 18 шілдеде соғылды. Нәтижесінде бірнеше сағат өте атмосферада диаметрі 12000 км (Жер диаметріне жетеқабыл) күңгірт дақ пайда болды. Шыққан энергия 6 млн мегатонна тротил баламасы деп бағаланды, бұл Жердегі барлық ядролық қарудан 750 есе артық.
#ғарыштарихы

Юпитермен жылына 20–60 дене соқтығысады. Бірақ астрономдар газды алыпты тұрақты бақылап отырмайтындықтан, мұндай оқиға тікелей сирек тіркеледі. Кейде әуесқой астрономдар мен астрофотографтардың да жолы болуы мүмкін. 2019 жылы 7 тамызда Юпитерге соғылған астероидты түсіріп алудың сәті түсті.
https://www.youtube.com/watch?v=JuY26HLVDks

YouTube
Ірі дене Юпитерге соғылды — Жерден көрініс
Астрофотограф Итан Чэппел: 2019 жылы 7 тамызда Юпитерге соғылған үлкен денені, мүмкін, астероидты, түсіріп алудың сәті түсті.
Толығырақ: https://www.space.com/jupiter-impact-flash-photo-august-2019.html
Credit: Space.com / footage courtesy: Ethan Chappel…

👍1
ЧАНДРА ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫНА ШИРЕК ҒАСЫР ТОЛДЫ
Осыдан 25 жыл бұрын, 1999 жылғы 23 шілдеде НАСА-ның Chandra ғарыштық телескопы жоғары апогейлі геоцентр орбитаға шығарылды. Ғарышты рентген диапазонда зертеуге арналған Чандра рентген обсерваториясы үнді текті америкалық физик, астрофизик Субраманьян Чандрасекардың құрметіне аталған. Чандра — НАСА ғасырлар тоғысында ұшырған 4 "Үлкен обсерваторияның" (Хаббл, Комптон, Чандра, Спитцер) бірі.
Обсерватория 5 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған еді, кейін НАСА оның қызмет мерзімін бірнеше рет ұзартты. 2018 жылдың қазанында бір гироскоп істен шығып, телескоп қауіпсіз режимге өткен еді. Ақаулы гироскопты өшіріп, резервке шығарған соң Чандра қалыпты жұмысқа оралды.
Chandra ғарыштық телескопы алған кейбір маңызды ғылыми нәтижелер:
— Құс Жолының орталығындағы аса ауыр қара құрдымның рентген сәулеленуін ажырату;
— Андромеда тұмандығының орталығындағы суық газ көлемінің болжанғаннан көп екенін анықтау;
— галактикалар суперкластерлерінің соқтығысуын бақылау кезінде қараңғы материя бар екендігінің дәлелін табу;
— M82 галактикасынан қара құрдымның жаңа типінің табылуы. Ғалымдар оны жұлдыз массалы қара құрдымдар мен аса ауыр қара құрдымдар арасындағы жетіспейтін аралық буын деп санайды. Мұндай қара құрдымды кейін Хаббл телескопы да байқаған еді, біздің арнадағы роликті қараңыздар.

👍2👏1
Чандраның 25 жылдығына орай жарияланған 25 кескін топтамасы:
Краб тұмандығы, Орион тұмандығы, "Көз" галактикасы, Мысықтабан тұмандығы, Құс Жолының Галактикалық орталығы,
M16 Бүркіт тұмандығы, Жарқанат Көлеңкесі, NGC 7469, Бикеш кластері, WR 124,
G21.5-0.9, Кентавр A, Кассиопея A, NGC 3532, NGC 6872,
Hb 5, Abell 2125, NGC 3324, NGC 1365, MSH 15-52,
Arp 220, Юпитер, NGC 1850, MACS J0035, SN 1987A.

111. «ҚАРАҢҒЫДА ГҮЛДЕГЕН РАУШАНДАР: NGC2337»
16 жасқа дейінгі фотографтар арасындағы жоғары баға — Яньхао Мо.
Сілеусін шоқжұлдызындағы NGC 2337 бұрыс пішінді галактикасы. Жерден 25 млн жарық жылы қашықтықта.
Roses Blooming in the Dark: NGC2337 by Yanhao Mo
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Xinbei District, Changzhou City, Jiangsu Province, China, 21 December 2021, 18 and 27 January 2023
Equipment used: Sky-Watcher 150/750 telescope, Meyon MPCC + Optolong LRGB & SII, H-alpha and OII filter, Sky-Watcher HEQ5 Pro mount, QHY-268M camera, 750 mm f/5, Gain 26, 600-seconds per 8 x 7 hour exposure

👍1🥰1
117. УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ СУЫҚ ЭКЗОПЛАНЕТАНЫ ТІКЕЛЕЙ СУРЕТКЕ ТҮСІРДІ
Халықаралық астрономдар тобы James Webb ғарыштық телескопының MIRI аспабының көмегімен Жерден 12 жарық жылы қашықтықтағы экзопланетаны тікелей фотоға түсірді. Юпитерден бірнеше есе ауыр Epsilon Indi Ab планетасы K-типті Epsilon Indi A (Eps Ind A) жұлдызын айналады. Бұл жұлдыздың жасы біздің Күнмен шамалас, бірақ Eps Ind A сәл суықтау.
Epsilon Indi Ab бізге ең таяу экзопланеталар ішінде 12-ші орында, ал Юпитерден ауырларының Жерге ең жақыны. Температурасы 2 Цельсий градусы деп шамаланатын Epsilon Indi Ab — Күн жүйесінен тыс планеталардың ең суығы.
Image Credit: ESA/Webb, NASA, CSA, STScI, E. Matthews (Max Planck Institute for Astronomy)

😱1
27 ШІЛДЕ 9:16 — FALCON 9 АПАТТАН КЕЙІН АЛҒАШ ҰШЫРЫЛМАҚ
SpaceX компаниясы Starlink-9.3 миссиясын ұшырған Falcon 9 зымыранының 2024 жылғы 11 шілдедегі апатының себебі жайлы ресми мәлімдеме жасады. Соны қысқаша баяндап берейік.
Зымыранның 1-сатысы көтерілу, бөліну, қайта оралу және жүзбе платформаға қону кезінде толық штатты жұмыс істеді. Ал 2-сатының қозғағышы бірінші рет қосылғанда оның маңында сұйық оттегінің ағуы орын алды. Бұған сұйық оттегі құбыры бойындағы қысым сенсоры тұсында пайда болған жарық кінәлі. Құбыр оны қысып тұратын қысқыштың босап кетуі кесірінен, вибрация әсеріне шыдас бермей шытынаған. Ағысқа қарамастан, қозғағыш жоспарлы өшкенге дейін штатты жұмыс атқарып, сатыны эллипс орбитаға шығарған.
Жерсеріктерді босатар алдында орбитаны дөңгелектеу үшін қозғағыш екінші мәрте қосылуы тиіс еді. Алайда аққан сұйық оттегі қозғағышты шектен тыс суытып жібергендіктен, ол қатаң тұтанып, істен шықты. Саты өз жұмысын жалғастырып, жерсеріктерді босатты. Алайда қозғағыш ерте өшіп қалғандықтан, жерсеріктер тиісті дөңгелек орбитаға емес, перигейі өте төмен (135 км) эллипс орбитаға шықты. Атмосфераның тығыз қабатымен ұшқан барлық 20 аппарат тежеліп, біртіндеп атмосфераға қайта енді де, толық жанып кетті. Олардың еш сынығы жер бетіне түскен жоқ.
SpaceX инженерлері барлық сатылар мен жербеті жүйелерді мұқият тексеріп шықты. Таяуда ұшатын 2-сатылардан сұйық оттегі қысымы сенсоры алынып тасталды. Олардың қызметін қозғағышта бұрыннан бар балама сенсорлар атқара алады. Бұл өзгеріс Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) қадағалауымен, МакГрегордағы полигонда сыналды. Сондай-ақ қолдағы барлық зымырандардың барлық отын құбырлары мен сенсор қысқыштары тексеріліп, кейбірі ауыстырылды.
Сөйтіп, FAA тарапынан Falcon 9 зымыранын қайта ұшыруға рұқсат алынды. Апат пен рұқсаттың арасында небәрі 15 күн өткен, бұл осындай процедура үшін рекорд екен. Келесі ұшырылым — Starlink-10.9 миссиясы, Кеннеди ғарыш орталығы, 27 шілде, Алматы уақытымен 9:21. 28 шілдеде Канаверал мен Ванденберг базаларынан тағы екі Falcon 9 ұшуы тиіс.
#зымыранұшыру #көбәріп

Telegram
Физика және Ғарыш
SPACEX: 2016 ЖЫЛДАН БЕРГІ БІРІНШІ СӘТСІЗ МИССИЯ
SpaceX компаниясы Starlink-9.3 миссиясы жайында ресми мәлімдеме жасады. «SpaceX 2024 жылғы 11 шілдеде Калифорниядағы Ванденберг базасынан Falcon 9 зымыранымен кезекті Starlink-9.3 миссиясын ұшырды. B1063.19…