107. «ҒАРЫШ ПАЛИТРАСЫ»
«Үздік дебютанттар» номинациясының қысқа тізіміне енген — 孜谦 刘
Cosmic Palette by 孜谦 刘
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 25 July 2022
#астрофото2023

👍2🥰1
108. «ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША» ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ
«Үздік дебютанттар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Цзян Ву.
The Christmas Tree Star Cluster © Jiang Wu
Astronomy Photographer of the Year 2023
Guangzhou, Guangdong province, China, 22–24 December 2022

👍1👀1
Super Heavy B12 үдеткіші старт тағанынан түсіріліп, "тәж кию" (үдеткіштің төбесіне сатылардың ыстықтай ажырауын қамтамасыз ететін аралық бөлімді орнату) үшін ангарға әкетілді.
#жұлдызкеме
#жұлдызкеме
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Blue Origin компаниясы New Glenn зымыранының қону тіреулерін ашатын механизмді сынақтан өткізді.
👍2
109. «БҰЛТТА ҚАЛЫҚТАҒАН КӨГІЛДІР РУХ»
Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегер фотоларын жариялауды жалғастырайық.
16 жасқа дейінгі фотографтар арасындағы 2-орын — Хаочэн Ли мен Жунвэй Сюй.
Үркер шашыраңқы жұлдыз шоғырындағы жұлдыздар жарығы тұмандықты тартымды көкшіл түске бояп тұр.
Blue Spirit Drifting in the Clouds by Haocheng Li and Runwei Xu
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Shangri-la City, Yunnan, China, 18 and 21 January 2023
Equipment used: Sky Rover 102APO telescope, Optolong LRGB filter, NEQ6 mount, ZWO-ASI294MM camera, 714 mm f/7, ISO 100, single exposure 300-second, 9-hour total exposure

👍1
НАСА VIPER АЙ РОВЕРІНЕН БАС ТАРТТЫ
НАСА-ның VIPER роверін Ай бетіне жеткізуі тиіс Astrobotic Griffin One миссиясы 2025-ке шегерілгенін жазғанбыз. 18 шілдеде НАСА роверді ұшырудан мүлдем бас тартатынын мәлімдеді. Күтпеген шешімнің себептері ретінде Astrobotic Griffin лендерін қосымша тестілеу қажетігі кесірінен ұшырылымның шегеріле беруі мен миссия шығынының белгіленген шамадан арту тәуекелі айтылды.
НАСА шетелдік әріптестер мен жеке компаниялардың VIPER-ді қолдану туралы ұсыныстарын 1 тамызға дейін күтеді, бірақ өзі жобаны құтқаруға қосымша бір цент те жұмсамайды. НАСА осылай $84 млн үнемдемек. Ұсыныс түспесе, көктемде VIPER бөлшектеліп, оның аспаптары мен құрамдастары болашақ жаңа аппараттарда қолдану үшін қоймаға қойылады.
Astrobotic Technology компаниясының қаңтарда ұшырылған Peregrine лендері аймаңы орбитаға шыға алмай, Жерге қайтып келіп, атмосферада жанып кеткені белгілі. Сондықтан НАСА-ның өз роверін бұл компанияның келесі миссиясына сеніп тапсырудан бас тартуы күтілген де еді. Алайда дайын тұрған және тестіленген VIPER бұзылады деп ешкім ойлаған жоқ.
Бір қызығы, Astrobotic Griffin One миссиясын 2025 жылғы көктемде Falcon Heavy зымыранымен ұшыру жоспары өзгерген жоқ. Astrobotic компаниясы бәрібір Ай бетіне өз лендерін қондырып көруге тырысады. НАСА ровердің орнына оның массалық симуляторын бермек. Дегенмен жұмысқа толық қабілетті дайын роверді өз қолына алып, арғы шығындарын көтеретін бір компания (мүмкін, Blue Origin?) табылар деп үміттенеміз.
VIPER (Volatiles Investigating Polar Exploration Rover) Айдан су мұзын іздеуге арналған. Ол 2018 жылы жабылған Resource Prospector ровері жобасы негізінде 2019-дан бастап қолға алынған. VIPER Айдың оңтүстік поляр аймағындағы реголит ішінен мұз іздеуі керек еді. Бұл болашақ ұшқышты миссияларды жоспарлау мен Ай базаларын құру үшін маңызды. Төрт доңғалақты ровер бірнеше камера, үш спектрометр мен 1 метрге дейінгі тереңдіктен үлгі ала алатын бұрғымен жабдықталған.

21 ШІЛДЕ — ТОЛҒАН АЙ
2024 жылғы 21 шілдеде, 15:17-де Ай толады. Алдағы екі түні жарқыраған толық Айды тамашалайық. Сонымен бірге қазір Жазғы Үшбұрыш астеризмін көруге де қолайлы мезгіл.
Кескін: Star Walk
#астрокүнтізбе

❤2👍2
21 ШІЛДЕ — ТОЛҒАН АЙ. ЕКІНШІ ТҮН
2024 жылғы шілденің 21-нен 22-не қараған түні де Толған Айды тамашалауға болатынын еске саламыз. Ай қазір Жерге біршама жақын (367 мың км), сондықтан оның көрінетін диаметрі 32,2 бұрыштық минутқа жетті.
Мына фото өткен түні Флоридадағы Ғарыш жағалауынан түсірілген. Осы жерден аттанған Apollo 11 ғарыш кемесінің ай модулі тура 55 жыл бұрын, 1969 жылғы 21 шілдеде (біздің уақытпен) Айға қонып, алғаш рет адамдар өзге аспан денесі бетіне түскен еді.
Фото: John Kraus Photos

👍3
110. «ІҢІРДЕГІ АЙ»
16 жасқа дейінгі фотографтар арасындағы жоғары баға — Хаохан Сан.
Moon at Nightfall by Haohan Sun
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Dalian, Liaoning, China, 11 August 2022
Equipment used: Moon: Canon 24-105mm camera, 5 x ISO 1600, 6 x SO3200, 2 x 1/100-second exposure, 3 x 1/50-second exposure, 6 x 1/30-second exposure; Foreground: Canon EOS 6D Mark Ⅱcamera, 150 mm f/4, ISO 1600, 40 x 1/125-second exposure

БЕСІНШІ СЫНАҚТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — БОС ҮДЕТКІШТІ ҚАҒЫП АЛУ
Тамыздың басына жоспарланған Starship IFT-5 миссиясының негізгі міндетінің бірі — Super Heavy B12 үдеткішін Мехазилла робоқолымен қармау болмақ. Бұған үдеткіштегі мынадай элементтер көмектеседі.
Бос болат бөшке іспетті үдеткіштің қонардағы массасы 180 тонна, оған 20 тоннадай отын қалдығын қосайық. Бұл массаның біразы үдеткіштің төменгі бөлігінде орналасады: отын мен әрқайсы екі тонналық 33 қозғағыш. Көлеміне шаққанда біршама жеңіл үдеткіштің желкенділігі, яғни жел әсеріне ұшырауы да жоғары екені анық.
Мехазилланың қармауыштары үдеткіштің төмен бағытталған қалдық қозғалысын да, горизонталь жылжуын да тойтаруы тиіс. Супер Хэвидің жақсы басқарылатыны және қонарда қалқып тұра алатыны робоқолдың жұмысына септігін тигізер. Falcon 9-дың 1-сатылары сияқты, Super Heavy де бағдарлама бойынша мұхитқа құлдилайды. Барлық жүйелері жақсы жұмыс істеп тұрған жағдайда ғана, траекторияның төменгі бөлігін өзгертіп, қону алаңына бет түзейді. SpaceX компаниясы Старшип жүйесінде қону тіреулерінен бас тартып, ерекше қармап алу тәсілін таңдады. Алғашқы әрекеттің өзі-ақ сәтті болар деп үміттенеміз.
Мехазилла ұшыру алаңындағы мұнарада тұрғандықтан, ол зымыранды қағып ала алмай, үдеткіште қалған отын жарылса, старт тағаны зақымдалуы мүмкін. Қазір жеке екінші мұнараға да робоқол орнатылып жатыр, бірақ ол бұл сынаққа дейін іске қосылып үлгермейді. Демек SpaceX қармау әрекетінен үлкен қауіп көріп отырмаған шығар.