Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

IFT-5 миссиясына арналған Super Heavy B12 үдеткіші тұтандыру сынақтарын өткізу үшін ұшыру алаңына жеткізіліп, старт тағанына қойылды (видео келесі поста).
#жұлдызкеме
👍2
SPACEX: 2016 ЖЫЛДАН БЕРГІ БІРІНШІ СӘТСІЗ МИССИЯ

SpaceX компаниясы Starlink-9.3 миссиясы жайында ресми мәлімдеме жасады. «SpaceX 2024 жылғы 11 шілдеде Калифорниядағы Ванденберг базасынан Falcon 9 зымыранымен кезекті Starlink-9.3 миссиясын ұшырды. B1063.19 1-сатысы 20 Старлинк жерсерігін тиеген 2-сатыны қажет биіктікке көтеріп берген соң, OSISLY платформасына ойдағыдай қонды.

2-саты қозғағышын 1-ші мәрте жоспарлы қосты, алайда содан кейін сұйық оттегі құбырынан оттегі аға бастады. Перигейді, яғни орбитаның ең төмен нүктесін көтеру үшін 2-ші мәрте қосылған Merlin Vac қозғағышы жұмысын дұрыс аяқтамай, аномалияға ұшырады. Саты жерсеріктерді ажыратқанға дейін өз орбитасын дөңгелек пішінге келтіре алмады. Жерсеріктер тиісті 286 x 296 км дөңгелек дерлік орбитаға емес, перигейі өте төмен (135 км) сопақ орбитаға шықты.

Команда 10 жерсерікпен байланыс орната алды, алайда олардың иондық қозғағыштары күшімен орбитаны көтеру әрекеті нәтиже бермеді. Өйткені 135 км перигейден әр өткен сайын, атмосфераның тығыз қабатына үйкелген жерсеріктер қатты тежеліп, 5 километрдей төмендейді. Қозғағыштардың тартымы оларды орнықты орбитаға көтеруге жеткіліксіз болып тұр. Сөйтіп, Старлинктер біраздан кейін атмосфераға еніп, жанып кетеді. Олар басқа жерсеріктерге де, Жердегі қоғамдық қауіпсіздікке де қатер төндірмейді.»

Тәуелсіз астроном Джонатан МакДауэллдің дерегінше (кескінде), бір аппарат 190 x 235 км орбитада, ол орнықты орбитаға шыққан болуы мүмкін. Жерсеріктердің көбі 130 x 280 км орбитада, кейбірі 115 x 322 км орбитада. Егер перигейді ең болмағанда 200 км-ге дейін көтерудің сәті түссе, компанияның жерсеріктерді құтқаруға бірнеше күн мұрсаты бар. Мұны жасай алмаған Старлинктер таяу күндері-ақ құлдырай бастайды.

SpaceX апатты FAA-мен бірлесіп талдайтынын айтты. Оның себебі анықталып, алдын алу шаралары жасалмайынша, Falcon зымырандары ұшырылмай тұра тұрады. Жоспарланған барлық миссиялар, соның ішінде Polaris Dawn туристік сапары, шегеріледі.

354-ші рет ұшырылған Falcon 9 зымыраны осымен екінші сәтсіздікке ұшырап отыр. 2015 жылғы 28 маусымдағы CRS-7 миссиясы (19-шы ұшырылым) кезінде 2-сатыдағы сұйық оттегі багы жарылып кетті. Dragon жүк кемесі ХҒС-қа жете алмаса да, жарылыстан аман қалды. Бірақ ол суға қона алмай, батып кетті, өйткені бағдарламада тасығыш апатынан кейін парашют ашу көрсетілмеген екен.

2012 жылғы 8 қазандағы CRS-1 миссиясы (4-ші ұшырылым) ішінара сәтті өтті деп есептеледі. Негізгі жүктеме — Dragon жүк кемесі ХҒС-қа ойдағыдай аттандырылды, бірақ қосымша жүктеме ретіндегі Orbcomm-OG2 жерсерігі орбитаға шығарылмады. Статистиканы күрделендірмес үшін, біз бұл миссияны сәттілер қатарына қосамыз.

29-шы болып ұшуы тиіс Falcon 9 2016 жылғы 3 қыркүйектегі статикалық тұтандыру сынағы кезінде израильдік AMOS-6 жерсерігімен бірге старт алаңында жарылып кетті. Сонда 2017 ж. 14 қаңтардағы Iridium NEXT-1 миссиясынан (29-шы ұшырылым) бастап, 2024 ж. 6 шілдедегі Turksat 6A-ны (353-ші ұшырылым) қоса есептегендегі қатарынан 325 Falcon 9 зымыраны өз міндетін сәтті орындаған. Бұл тарихтағы барлық зымырандар арасындағы әлем рекорды!

Кейбір 1-сатылардың аман қона алмауы сәтсіздік емес, өйткені зымыранның міндеті — жүктемені жоспарланған орбитаға шығару. Сатыларды қайта қолдану — компанияның ішкі жұмысы, және SpaceX-тен басқа еш ұшыру операторы зымыран сатыларын тұрақты қайтармайды. Мына нәрсеге де назар аударыңыздар: ақау 2-сатыдан шығып отыр. Ал 2-сатылар кері қайтарылмайды, әр миссияда жаңасы ұшырылады. Демек апатқа 1-сатының әлдебір «тозуының» қатысы жоқ.

10 Falcon Heavy зымыранын қосқанда, SpaceX компаниясы қатарынан 335 жоспарлы миссияны сәтті атқарған екен. Міне, бұл рекордты серия да тәмамдалды. Жалпы Falcon зымырандары 369 рет ұшырылса, соның 364-і сәтті болды: Falcon 1 — 5 (2), Falcon 9 — 354 (352), Falcon Heavy — 10 (10).

#зымыранұшыру #ғарыштарихы #көбәріп
👍1
Credit: Jonathan McDowell
👍1
Super Heavy B12 үдеткішінің тұтандыру сынағы өткізілді.
#жұлдызкеме
👍2🔥1
107. «ҒАРЫШ ПАЛИТРАСЫ»

«Үздік дебютанттар» номинациясының қысқа тізіміне енген — 孜谦 刘

Cosmic Palette by 孜谦 刘
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 25 July 2022
#астрофото2023
👍2🥰1
Илон Маск SpaceX өзінің бас кеңсесін Калифорния штаты, Хоторннан Техас штаты, Старбейске көшіретінін хабарлады.
👍1
108. «ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША» ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ

«Үздік дебютанттар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Цзян Ву.

The Christmas Tree Star Cluster © Jiang Wu
Astronomy Photographer of the Year 2023
Guangzhou, Guangdong province, China, 22–24 December 2022
#астрофото2023
👍1👀1
Super Heavy B12 үдеткіші старт тағанынан түсіріліп, "тәж кию" (үдеткіштің төбесіне сатылардың ыстықтай ажырауын қамтамасыз ететін аралық бөлімді орнату) үшін ангарға әкетілді.
#жұлдызкеме
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Blue Origin компаниясы New Glenn зымыранының қону тіреулерін ашатын механизмді сынақтан өткізді.
👍2
109. «БҰЛТТА ҚАЛЫҚТАҒАН КӨГІЛДІР РУХ»

Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегер фотоларын жариялауды жалғастырайық.

16 жасқа дейінгі фотографтар арасындағы 2-орын — Хаочэн Ли мен Жунвэй Сюй.
Үркер шашыраңқы жұлдыз шоғырындағы жұлдыздар жарығы тұмандықты тартымды көкшіл түске бояп тұр.

Blue Spirit Drifting in the Clouds by Haocheng Li and Runwei Xu
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Shangri-la City, Yunnan, China, 18 and 21 January 2023
Equipment used: Sky Rover 102APO telescope, Optolong LRGB filter, NEQ6 mount, ZWO-ASI294MM camera, 714 mm f/7, ISO 100, single exposure 300-second, 9-hour total exposure
#астрофото2023
👍1
НАСА VIPER АЙ РОВЕРІНЕН БАС ТАРТТЫ

НАСА-ның VIPER роверін Ай бетіне жеткізуі тиіс Astrobotic Griffin One миссиясы 2025-ке шегерілгенін жазғанбыз. 18 шілдеде НАСА роверді ұшырудан мүлдем бас тартатынын мәлімдеді. Күтпеген шешімнің себептері ретінде Astrobotic Griffin лендерін қосымша тестілеу қажетігі кесірінен ұшырылымның шегеріле беруі мен миссия шығынының белгіленген шамадан арту тәуекелі айтылды.

НАСА шетелдік әріптестер мен жеке компаниялардың VIPER-ді қолдану туралы ұсыныстарын 1 тамызға дейін күтеді, бірақ өзі жобаны құтқаруға қосымша бір цент те жұмсамайды. НАСА осылай $84 млн үнемдемек. Ұсыныс түспесе, көктемде VIPER бөлшектеліп, оның аспаптары мен құрамдастары болашақ жаңа аппараттарда қолдану үшін қоймаға қойылады.

Astrobotic Technology компаниясының қаңтарда ұшырылған Peregrine лендері аймаңы орбитаға шыға алмай, Жерге қайтып келіп, атмосферада жанып кеткені белгілі. Сондықтан НАСА-ның өз роверін бұл компанияның келесі миссиясына сеніп тапсырудан бас тартуы күтілген де еді. Алайда дайын тұрған және тестіленген VIPER бұзылады деп ешкім ойлаған жоқ.

Бір қызығы, Astrobotic Griffin One миссиясын 2025 жылғы көктемде Falcon Heavy зымыранымен ұшыру жоспары өзгерген жоқ. Astrobotic компаниясы бәрібір Ай бетіне өз лендерін қондырып көруге тырысады. НАСА ровердің орнына оның массалық симуляторын бермек. Дегенмен жұмысқа толық қабілетті дайын роверді өз қолына алып, арғы шығындарын көтеретін бір компания (мүмкін, Blue Origin?) табылар деп үміттенеміз.

VIPER (Volatiles Investigating Polar Exploration Rover) Айдан су мұзын іздеуге арналған. Ол 2018 жылы жабылған Resource Prospector ровері жобасы негізінде 2019-дан бастап қолға алынған. VIPER Айдың оңтүстік поляр аймағындағы реголит ішінен мұз іздеуі керек еді. Бұл болашақ ұшқышты миссияларды жоспарлау мен Ай базаларын құру үшін маңызды. Төрт доңғалақты ровер бірнеше камера, үш спектрометр мен 1 метрге дейінгі тереңдіктен үлгі ала алатын бұрғымен жабдықталған.
👍2