Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
SPACEX: БИЫЛҒЫ 68-ШІ ЖОСПАРЛЫ МИССИЯ

2024 жылғы 3 шілдеде SpaceX компаниясы Falcon 9 зымыранымен кезекті Starlink-8.9 миссиясын ұшырды. B1073.16 1-сатысы ASOG платформасына ойдағыдай қонды. Ұшырылым көріністерін тамашалайық.
#фотокөрме
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SpaceX Старшиптің төртінші сынағы жайлы бейнероликті жариялады.
#жұлдызкеме
👍1
5 ШІЛДЕ 2024 — ЖЕР АФЕЛИЙДЕ

2024 жылғы 5 шілдеде, Алматы уақытымен 10:06-да Жер өз орбитасының Күннен ең алыс нүктесі — афелийден өтті. Биылғы афелийдегі ара қашықтық 152 099 968 км болды. Күннің көрінетін диаметрі жылдағы ең кіші мөлшерге — 31 бұрыштық минут 31 бұрыштық секундқа дейін кішірейді. Жер орбитасы жайлы қосымша ақпарат — арнадағы роликте

Кескін: timeanddate
#астрокүнтізбе
👍1👀1
🎓 Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!
 
🎉 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетімен (Оңтүстік Корея) бірлесіп құрған Жасанды интеллект институты төрт білім беру бағдарламасы бойынша 100 (жүз) білім грантын бөлетінін қуана хабарлаймыз:
 
6B01501 - Информатика - (25 грант)
6B06101 - Ақпараттық жүйелер (АИ) - (25 грант)
6B06303 - Киберқауіпсіздік (AI) - (25 грант)
6B06102 - Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық жасақтама - (25 грант)

⚡️ Бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Әрбір бағдарлама мамандарды даярлауға және жасанды интеллект саласында оқытудың заманауи әдістерін қолдануға бағытталған.
 
☎️ Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласыңыз:
+7 701 412 7539 (WhatsApp)
+7 775 517 6668 (WhatsApp)
🔥1
НҰР-СҰЛТАН

Нұр-Сұлтан ханбике (1451—1519) — атақты маңғыт Едіге бидің шөбересі, Алтын Орданың беклербегі Темір бидің қызы, Қазан ханы Халилдің, кейін Қазан ханы Ибраһимнің, кейін Қырым ханы І Меңлі Герейдің зайыбы, Қазан хандары Мұхамметәмин мен Ғабделлатифтің анасы.

Қазақстанның астанасы Астана 2019–2022 жылдары Нұр-Сұлтан (Нұрсұлтан емес) деп аталғаны белгілі.
#тарихидерек
👀3
105. «ГҮЛӨРНЕК ТҰМАНДЫҒЫ»

«Үздік дебютанттар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Карл Парнелль.

The Rosette Nebula by Carl Parnell
Astronomy Photographer of the Year 2023
Dawlish, South Devon, UK, 9, 19, 25 and 26 February 2022
#астрофото2023
👍1👀1
СТАРШИПТІҢ 5-ШІ СЫНАҒЫ — ТАМЫЗДЫҢ БАСЫНДА

Илон Маск Starship #жұлдызкеме аса ауыр зымыран жүйесінің IFT-5 орбиталық сынағы 4 аптадан кейін жасалатынын айтты. Демек сынақ тамыздың 3–9 шамасында болып қалар. Бұл миссияның басты мақсаты — Super Heavy үдеткішін старт мұнарасындағы Мехазилла робоқолымен қағып алуға әрекеттену.

Қазір Starbase ғарыш кешені Берил атты хураканды өткеруге дайындалуда. Ол Оңтүстік Техас жағалауына 8 шілдеге қараған түні жетпек. Старбейс маңында желдің күші 220 км/сағ жетеді деп болжанып отыр. Starship S31 прототипі өндірістік алаңға қайтарвлып, ангар ішіне кіргізілді. SH B12 үдеткіші тұтандыру тестін өткізуге ұшыру алаңына шығарылмады.

1. Берил хураканы ғарыштан
Credit: Matthew Dominick
2. Берил хураканының "көзі" ХҒС-тан
Credit: Matthew Dominick
3. Берил хураканының "көзі" ішінде. NOAA ұшағынан түсірілген фото
Credit: NOAA
👍2
ЕСЕКҚЫРҒАН МЕН СҰЛУСАРЫ

2024 жылғы 8 шілденің таңында (Алматыда 2:30–4:00 аралығында) Юпитер Торпақтағы жарық қызыл жұлдыз Альдебаранның қасынан байқалады. Соңғысы Гиада жұлдыз шоғыры ішінен жарқырайды. Жоғарырақтан Үркер жұлдыз шоғырын, оң жақтан қызыл түсті Марсты да көруге болады. Шығыс көкжиек ашық орын табыңыз.

#астрокүнтізбе
👍2
106. «IC 443 ПЕН IC 444: ЗОРЛЫҚТЫ ӨЛІМДЕР, СЫПАЙЫ БАСТАМАЛАР»

«Үздік дебютанттар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Аарон Вильгельм.

IC 443 & IC 444: Violent Deaths, Humble Beginnings by Aaron Wilhelm
Astronomy Photographer of the Year 2023
Santa Monica, California, USA, 11, 21–26 and 28–30 January 2022
#астрофото2023
👍3
Қытайлық Cosmoleap ғарыштық стартапы зымыранның 1-сатысын қағып алудың және жерсеріктерді орбитаға шығарудың "теңдессіз" әдістерін жүзеге асырмақ жоспарын жариялады.😉

Credit: Cosmoleap
😁2
ARIANE 6 АЛҒАШ САМҒАЙДЫ

Бірнеше минуттан кейін, 10 маусым, Алматы уақытымен 00:20 шамасында Еуропа ғарыш агенттігі мен Arianespace компаниясы Ariane 6 зымыранын алғаш рет ұшырмақшы. Жаңа тасығыш бірінші миссиясын Ariane 62 орта зымыран конфигурациясында орындайды. Алғашқы сынақтың жүктемесі — 11 кубсат пен 5 ажырамайтын жүктеме. Ресми трансляция: https://www.youtube.com/watch?v=B0oFpOJaIYc

#зымыранұшыру
👍2
ЖАҢА ЕУРОПАЛЫҚ ЗЫМЫРАН АЛҒАШ САМҒАДЫ

2024 жылғы 10 маусымда, Алматы уақытымен 00:00-де Еуропа ғарыш агенттігі мен Arianespace компаниясы жаңа Ariane 6 зымыранын алғаш ұшырды. Ariane 62 нұсқалы тасығыш Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағының ELA-4 ұшыру алаңынан көтеріліп, 600 км-лік төмен жермаңы орбитаға 10 кубсат шығарды. Алайда 2-сатыны орбитадан түсіру маневрі ойдағыдай жасалмай, саты мен одан бөлінбейтін 5 жүктеме орбитада қалып қойды. 2-сатыда біраз отын барын ескерсек, ол жарылып кетуі де мүмкін. Жерге қайта оралуы тиіс 2 капсула да ажырамай қалды. Сөйтіп, жаңа зымыранның дебюті ішінара сәтті деп танылды.

Алтыншы Арианның 1-ші сатысы бір Vulcain 2.1 (Ariane 5-тегі Vulcain 2-нің сәл жетілдірілген түрі), ал 2-ші сатысы — бір жаңа Vinci қозғағышымен жабдықталған. Бұл екеуі де сұйық сутегі + сұйық оттегі криоген отынмен жұмыс істейді. Зымыранның биіктігі 62 метр, диаметрі 5,4 метр.

Ariane 6-ның екі нұсқасы болады:
1. Қатты отын жағатын 2 үдеткішпен жабдықталатын Ariane 62 орташа зымыраны, ол төмен жермаңы орбитаға 10,35 тонна, геоөтпелі орбитаға 4,5 тонна жүктеме шығаруға қабілетті. Ұшырылым құны €75 миллион.
2. Қапталдағы 4 үдеткіші бар Ariane 64 ауыр зымыраны, ол төмен жермаңы орбитаға 21,65 тонна, геоөтпелі орбитаға 11,5 тонна, геостационарға 5 тонна жүктеме көтере алады. Ұшырылым құны €115 миллион.

Бұлардың біріншісі Курудан 2022 жылдан бері ұшпайтын ресейлік Союз-СТ орташа зымыранын, екіншісі — тарихы былтыр аяқталған Ariane 5 ауыр зымыранын алмастырады. Жаңа машинаның алдағы бірнеше сынақ миссиясы сәтті өтсе, Еуропа өз жүктерін орбитаға өз күшімен шығару мүмкіндігін қалпына келтіреді. Бірақ қайта қолданылмайтын тасығыш әлемдік нарыққа ықпал ете алмайтыны түсінікті. Ariane 6 жобасының құны 3,6 млрд еуро деп бағаланады.
#зымыранұшыру
👍3
АЙ МАҢЫНДАҒЫ ТРАФИК

2022 жылы ұшырылған кореялық KLPO ғарыш аппаратына сол 18 айда орбитадағы қақтығыстан үш рет бұлтаруға тура келген екен. Бұған Масктің қаптаған Стерлинктерін айыптауға асықпайық, өйткені KLPO аймаңы орбитада ғой! Ол алдымен НАСА-ның LRO орбитерімен, кейін үндінің Chandrayaan 2 аппаратымен, ақыры сол кезде Айға қонуға әзірленудегі SLIM жапон лендерімен соқтығысып қала жаздаған. Бұл соңғы кезде Айды зерттеуге үлкен көңіл бөлініп жатқанын айғақтайды.
👍2