This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
4. B1072.1, B1086.1 үдеткіштері LZ-1, LZ-2 алаңдарына сәтті қонды
👍2
ХАББЛ ЖАҢА КӨЗЕУ РЕЖИМІНДЕ АЛҒАШҚЫ КЕСКІН АЛДЫ
Бірнеше апта қауіпсіз режимде тек тұрған Хаббл ғарыштық телескопы 2024 жылғы 14 маусымнан бір қозғағыш-гиродинмен жұмыс істей бастағанын жазғанбыз. Енді ол бір нысананы ұзағырақ бақылайды. Жақында жаңа көзеу режимінде түсірілген алғашқы сурет жарияланды.
Онда Алтын Балық шоқжұлдызындағы NGC 1546 таяу галактикасы бейнеленген. Галактика ядросы тозаң жолақтарын жарықтандрып тұр. Ядро жарығын жұтқан тозаң, оны қызылдау түске бояғандықтан, тат-қоңыр болып көрінеді. Ядроның өзінің ашық сары жарығы — оның қарт жұлдыздардан тұратынының айғағы. Белсенді жұлдызтүзілу облыстарының жарқын көк жарығы тозаңды көктей өткен. Суретке фондағы бірнеше галактика, мысалы, сол жақтағы бізге қырымен жатқан спираль галактика, түсіп қалған.
Гиродин немесе қозғағыш-маховик — белгілі бір білік (ось) бойынша үйірілуді өзгертетін механикалық құрылғы. Үш гиродин көмегімен телекоптың барлық үш білік бойынша бағытын тұрақты ұстап тұру оңай. Ал екі, не тіпті қазіргідей, бір-ақ гиродин істеп тұрса, мұны күрделі алгоритмдермен жүзеге асыруға тура келеді. Бұл гиродиндердің екі дәрежелі (үйірілу жылдамдығын ғана емес, үйірілу білігін де өзгерте алады) болғандығының арқасында.
Жермаңы орбитаға 34 жыл бұрын шыққан Хаббл сенімділік үшін алты гиродинмен жабдықталған еді, жақында солардың төртіншісі істен шықты. Енді бір гиродин тозбау үшін сөндіріліп, резервке шығарылды. Ол қазір істеп тұрған жалғыз қозғағыш-маховик сынысымен, соны алмастырады. Хаббл телескопы енді қалған ғұмырын бір гиродин режимінде өткізеді. Мамандар бұл мерзім он жылға созылар деп үміттеніп отыр. Хаббл гиродинсіз қалса, кеңістіктегі бағдарын тұрақты ұстай алмай, ғылыми бақылау жүргізу мүмкіндігінен айрылады.
#көбәріп

👍3
ЗЫМЫРАН САТЫСЫ 22-ШІ РЕТ ҚОЛДАНЫЛДЫ — ЖАҢА РЕКОРД
SpaceX компаниясы 2024 жылғы 27 маусымда Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-10.3 миссиясын ұшырды. Мақсат — 23 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Миссияны орындаған Falcon 9 зымыранының B1062 нөмірлі 1-сатысы 22-ші рет ұшырылып, әлем рекордын жаңартты! 🏆
Алғаш 2020 жылғы 5 қарашада қолданылған үдеткіш екі ұшқышты Crew Dragon ғарыш кемесін (Inspiration4 пен Ax-1 миссиялары), екі GPS III жерсерігін, Nilesat-301, ArabSat 7B жерсеріктерін, OneWeb #17 миссиясын және 15 Starlink миссиясын ұшырды. B1062.22 тағы да JRTI платформасына сәтті қонды.
Бұл Falcon 9 зымырандарының 350-ші ұшуы (1 сәтсіздік) және SpaceX компаниясы тарихындағы 365-ші жоспарлы миссия (4-і сәтсіз) болды.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру

СТАРЛАЙНЕРДІҢ ЖЕРГЕ ОРАЛУЫ БЕЛГІСІЗ МЕРЗІМГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Boeing CST-100 Starliner ғарыш кемесі ХҒС құрамында тағы бірнеше апта қалатын болды. НАСА кеменің қозғағыш жүйесін мұқият тексермек. Сондай-ақ бағдарлау қозғағышының бір аналогы Жерде сынақтан өтеді. Жұмыс 2 шілдеде басталып, кемі екі аптаға созылмақ.
Старлайнер ХҒС-қа 210 тәулік түйісіп тұруға арналған. Бірақ нақты осы кеме стансада 45 күн бола алады деп хабарланған, бұл мерзім тағы сонша күнге ұзартылуы мүмкін. Қазір кеме аккумуляторлары стансаның энергожүйесінен заряд алып тұр. Старлайнер бортындағы гелий Жерге оралуды қамтамасыз етуге жеткілікті.
#хғс

🤔2👍1
104. «ШЫҒЫС ПЕРДЕ: NGC6992 / 6995»
Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегер фотоларын жариялауды жалғастырайық.
«Үздік дебютанттар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Цзя Ю.
Eastern Veil: NGC6992/6995 by Jia You
Astronomy Photographer of the Year 2023
Jiuliancheng town, Hebei Province, China, 16–20 August 2022
#астрофото2023

👍2👀1
116. УЭББ ЖАС ЖҰЛДЫЗ МАҢЫНДАҒЫ ОТШАШУДЫ КӨРДІ
Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы орта инфрақызыл диапазонда алған мына суретте L1527 күңгірт тұмандығы жарқырап тұр. Уэбб бұл өңірді 2022 жылы таяу инфрақызыл жарықта бақылаған еді. Жаңа кескін қызыл протожұлдызды қанша тозаң қоршап тұрғанын көрсетеді.
Протожұлдыздың тура асты-үстіндегі ақ облыс — көмірсутектер, иондалған неон мен қою тозаңның қоспасы. Жиектегі қараңғы сызық түріндегі өз дискінің затын жұтқан протожұлдыз басқа затты теуіп, дисктің асты мен үстінде бос қуыс түзеді. Қуыстың шеттерінде көмірсутек шаңының күйе іспетті молекулалары көк түспен жарқырап тұр.
Протожұлдыз қартая келе, айналадағы молекуляр бұлттың көп бөлігін жұтып, қиратып не теуіп тастайды. Сөйтіп уақыт өте суреттегі құрылымдардың көбі жоғалып кетеді.
Image Credit: NASA, ESA, CSA, STScI

SPACEX: 6 АЙДА 67 МИССИЯ
Falcon зымырандары 2024 жылдың бірінші жартысында 67 миссия орындап, орбитаға 900 тоннадай пайдалы жүктеме шығарды.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
Falcon зымырандары 2024 жылдың бірінші жартысында 67 миссия орындап, орбитаға 900 тоннадай пайдалы жүктеме шығарды.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мына ракурстан Falcon Heavy'дің қапталдағы үдеткіштері Канаверал базасындағы Blue Origin компаниясының ұшыру алаңына қонғандай тәрізденеді екен.
👍2
SPACEX: БИЫЛҒЫ 68-ШІ ЖОСПАРЛЫ МИССИЯ
2024 жылғы 3 шілдеде SpaceX компаниясы Falcon 9 зымыранымен кезекті Starlink-8.9 миссиясын ұшырды. B1073.16 1-сатысы ASOG платформасына ойдағыдай қонды. Ұшырылым көріністерін тамашалайық.
#фотокөрме

5 ШІЛДЕ 2024 — ЖЕР АФЕЛИЙДЕ
2024 жылғы 5 шілдеде, Алматы уақытымен 10:06-да Жер өз орбитасының Күннен ең алыс нүктесі — афелийден өтті. Биылғы афелийдегі ара қашықтық 152 099 968 км болды. Күннің көрінетін диаметрі жылдағы ең кіші мөлшерге — 31 бұрыштық минут 31 бұрыштық секундқа дейін кішірейді. Жер орбитасы жайлы қосымша ақпарат — арнадағы роликте
Кескін: timeanddate
#астрокүнтізбе

👍1👀1
Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🎓 Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!
🎉 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетімен (Оңтүстік Корея) бірлесіп құрған Жасанды интеллект институты төрт білім беру бағдарламасы бойынша 100 (жүз) білім грантын бөлетінін қуана хабарлаймыз:
✅ 6B01501 - Информатика - (25 грант)
✅ 6B06101 - Ақпараттық жүйелер (АИ) - (25 грант)
✅ 6B06303 - Киберқауіпсіздік (AI) - (25 грант)
✅ 6B06102 - Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық жасақтама - (25 грант)
⚡️ Бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Әрбір бағдарлама мамандарды даярлауға және жасанды интеллект саласында оқытудың заманауи әдістерін қолдануға бағытталған.
☎️ Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласыңыз:
+7 701 412 7539 (WhatsApp)
+7 775 517 6668 (WhatsApp)

🔥1
НҰР-СҰЛТАН
Нұр-Сұлтан ханбике (1451—1519) — атақты маңғыт Едіге бидің шөбересі, Алтын Орданың беклербегі Темір бидің қызы, Қазан ханы Халилдің, кейін Қазан ханы Ибраһимнің, кейін Қырым ханы І Меңлі Герейдің зайыбы, Қазан хандары Мұхамметәмин мен Ғабделлатифтің анасы.
Қазақстанның астанасы Астана 2019–2022 жылдары Нұр-Сұлтан (Нұрсұлтан емес) деп аталғаны белгілі.
#тарихидерек

👀3
105. «ГҮЛӨРНЕК ТҰМАНДЫҒЫ»
«Үздік дебютанттар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Карл Парнелль.
The Rosette Nebula by Carl Parnell
Astronomy Photographer of the Year 2023
Dawlish, South Devon, UK, 9, 19, 25 and 26 February 2022

СТАРШИПТІҢ 5-ШІ СЫНАҒЫ — ТАМЫЗДЫҢ БАСЫНДА
Илон Маск Starship #жұлдызкеме аса ауыр зымыран жүйесінің IFT-5 орбиталық сынағы 4 аптадан кейін жасалатынын айтты. Демек сынақ тамыздың 3–9 шамасында болып қалар. Бұл миссияның басты мақсаты — Super Heavy үдеткішін старт мұнарасындағы Мехазилла робоқолымен қағып алуға әрекеттену.
Қазір Starbase ғарыш кешені Берил атты хураканды өткеруге дайындалуда. Ол Оңтүстік Техас жағалауына 8 шілдеге қараған түні жетпек. Старбейс маңында желдің күші 220 км/сағ жетеді деп болжанып отыр. Starship S31 прототипі өндірістік алаңға қайтарвлып, ангар ішіне кіргізілді. SH B12 үдеткіші тұтандыру тестін өткізуге ұшыру алаңына шығарылмады.
1. Берил хураканы ғарыштан
Credit: Matthew Dominick
2. Берил хураканының "көзі" ХҒС-тан
Credit: Matthew Dominick
3. Берил хураканының "көзі" ішінде. NOAA ұшағынан түсірілген фото
Credit: NOAA