Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ДОМАЛАҒАН ҚҰРТ ҮЙІРІ
Мына үйірлесіп домалаған құрттар — Perreyia flavipes егеуішінің құрттары. Бір қарағанда, олар биомимикрия, яғни басқаларға алып денелі болып көріну үшін топтасатын сияқты. Алайда құрттар мұны тез жылжу үшін жасайды. Транспортерше жылжитын астыңғы қабаттағы құрттар үстімен жорғалаған құрттың жерге қатысты жылдамдығы артатыны түсінікті. Астыңғы және үстіңгі қабаттағы орындарын үнемі ауыстырып отыру арқылы, құрт үйірі жеке құртпен салыстырғанда екі еседей жылдам қозғала алады.
Санта-Крустағы Калифорния университеті Баскин инжиниринг мектебінің зерттеушілері Райан Дикерхофф пен Паттавонг Пансодти бұл құбылыстың физикалық моделін қарастырды. Лего роботтары көмегімен жасалған симуляция бірлесе қозғалатын топтың жылдамдығы жеке роботпен салыстырғанда артатынын көрсетті.
#биодерек

❤1
ХАРКІВ ҮСТІНДЕГІ ҚҰС ЖОЛЫ
1,5 миллиондық мегаполистен Құс Жолын көру соғысқа дейін ешкімнің ойына да кіріп шықпаған шығар, бірақ Украинада енгізілген жарық тұмшалау режимі мұны шындыққа айналдырды. Харків — 50-ші параллельдегі (солтүстік ендік) ең үлкен қала, ол Прага, Краков, Өскемен, Майнцты артқа тастаған. 1919–1934 жылдары кеңестік Украинаның астанасы болған шаһарға 2022 жылы 6 наурызда «Қаһарман қала» атағы берілді.
Фото: Павло Пахоменко

🤩2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
CAPSTONE КУБСАТЫ АЙҒА БЕТТЕДІ
4 шілдеде Lunar Photon платформасы HyperCurie иондық қозғағышын соңғы рет қосып, CAPSTONE кубсатын өтпелі траекторияға шығарды. Кубсат та, платформаның өзі де екінші ғарыштық жылдамдыққа жетіп, Айға бағыт алды. Осылайша, Electron зымыранынан соң Lunar Photon үдеткіші де негізгі жұмысын мінсіз орындады. Платформа енді Ай тұсынан ұшып өтіп, оның бетін суретке түсіреді. Rocket Lab Айға ғарыш аппаратын жіберген екінші жекеменшік компания атанды.
Кубсат Айға дейінгі төрт айлық (!) саяхатын бастады. Ол жолай маневр жасауға өз қозғағыштарын да, Күн гравитациясын да пайдаланады. CAPSTONE Айды теңдесі жоқ орбитамен айналатыны сияқты, онда барар жолы да бұған дейінгі ешбір аппараттікіне ұқсамайды. 25 килограмдық 12U-кубсат Жер-Ай жүйесінің L2 Лагранж нүктесі айналасындағы түзусызықтық дерлік гало-орбитаға 13 қарашада шығуы тиіс.

🔥2
CAPSTONE БАЙЛАНЫСҚА ШЫҚПАЙ ҚАЛДЫ
4 шілдеде Айға бағытталған траекторияға сәтті шығарылған CAPSTONE кубсаты ертеңіне Жермен байланысқа шықпай қалған. Ол НАСА-ның Алыс ғарыштық байланыс желісі (DSN) стансаларына жауап бермей қойды. Мамандар байланысты қалпына келтіруге тырысуда. НАСА-ның айтуынша, алғашқы орбитаны түзету маневрін бірнеше күн кеш жасауға кубсаттың отыны жеткілікті.
Кубсатты Tyvak Nano-Satellite Systems пен Terran Orbital Corporation, иондық қозғағышты Stellar Exploration жасаған. CAPSTONE-ды Advanced Space компаниясы басқарады. Кубсаттың құны — $13,7 млн, ұшырылым құны — $10 млн. Миссияны НАСА қаржыландырады. Кубсатпен байланысты, оны қадағалау мен телеметрияны НАСА Реактивті қозғалыс зертханасы қамтамасыз етеді.
Credit: Rocket Lab

😱1
2030
Бұл туған күн иесінің бағдарламасы емес, қазір орбитада жұмыс істеп тұрған Starlink жерсеріктерінің саны (астроном Джонатан МакДауэллдың дерегі бойынша).
Төмен жермаңы орбитадағы Старлинктердің ұзын саны 2453, олардың 423-і не жұмыс орбитасына көтерілуде, не резервте, не істен шыққан, не төмендеп бара жатыр. Мамырдағы дерекке сәйкес, Starlink қызметін 34 елдегі 400 000-нан астам абонент пайдаланады.

96 МИЛЛИОН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Еуропа ғарыш агенттігі 2022 жылы 13 маусымда Gaia ғарыштық телескопының Үшінші деректер шығарылымын (GDR3) жариялады. Бұл жинаққа негізделген бейнероликтер алдағы уақытта аударылады.
Әзірше Gaia-ның Екінші деректер шығарылымы бойынша жасалған 4K-сападағы роликті тамашалаңыздар. Онда Құс Жолының таңдаулы 96 миллион жұлдызының алдағы 80000 жылдағы аспандағы қозғалысы көрсетіледі.
https://youtu.be/kzFFODVpmE0

YouTube
96 миллион жұлдыздың қозғалысы /4K/
ESA Gaia миссиясының екінші деректер шығарылымына (Gaia DR2) негізделген бүкіл аспандағы жұлдыздар көрінісі. Бұл визуализацияда Gaia каталогындағы қашықтығы барынша дәл анықталған таңдаулы 96 миллион жұлдыздың жарықтығы мен түсі туралы ақпарат көрсетілген.…
🤩2
2022 ЖЫЛҒЫ ФИЛДС МЕДАЛІ БЕРІЛДІ
Халықаралық математикалық одақ (IMU) математикадағы ең беделді Филдс сыйлығының (Fields Medal) лауреаттарын жариялады. 2022 жылғы сыйлықты украин Марина Вязовская (Maryna Viazovska), британиялық Джеймс Мейнард (James Maynard), кореялық Джун Ха (June Huh) және француз Уго Дюминиль-Копен (Hugo Duminil-Copin) иеленді. Олар фотода солдан оңға қарай отыр.
Филдс медалі 1936 жылдан бері төрт жылда бір өткізілетін Халықаралық математикалық конгрессте табысталатын. Алайда Санкт-Петерборда өтеді деп жоспарланған биылғы конгресс онлайн-форматқа ауыстырылды. Дегенмен сыйлық офлайнда, Хельсинкидегі Аалто университетінде өткен рәсімде берілді. Канадалық математик Джон Филдстың құрметіне аталған алтын медальді 40 жасқа толмаған зерттеушілер иелене алады.
Киев университетінің түлегі Марина Вязовская Лозаннадағы Федералдық политехникалық мектепте жұмыс істейді. Оның жұмыстары көп өлшемді кеңістіктерде шарларды барынша тығыз орналастыруға арналған. Марина — Филдс медалін иеленген тарихтағы екінші әйел, алғашқысы ирандық Мариам Мирзахани (1977–2017) еді.
Женева университетінің профессоры Уго Дюминиль-Копен статистикалық физикамен айналысса, оның оксфордтық әріптесі Джеймс Мейнард — сандар теориясының маманы. Сеул университетінің түлегі, Принстон профессоры Джун Ха алгебралық геометрия саласындағы, атап айтқанда, Рота гипотезасына арналған еңбектерімен танымал.

👍2👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 28-ші ұшырылым
7 шілде 19:11. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.21 миссиясы — 53 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
7 шілде 19:11. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.21 миссиясы — 53 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1058.13 1-сатысы JRTI платформасына қонды (видео үзіліп кеткенімен, SpaceX сатының сәтті қонғанын хабарлады)
❤1
ҮЛКЕН АДРОН КОЛЛАЙДЕРІНДЕ ПРОТОНДАР 13,6 ТЭВ ЭНЕРГИЯМЕН СОҚТЫҒЫСА БАСТАДЫ
2022 жылы 5 шілдеде Үлкен адрон коллайдерінде протондарды 13,6 тераэлектронвольт энергиямен соқтығыстыру эксперименті басталды. Бұл үшін протондар 6,8 ТэВ-ке дейін үдетілді.
Коллайдердің 2008–2013 жж. бірінші жұмыс сеансы (маусымы) кезінде энергия 4 ТэВ-қа жеткен. Бұл сеанстағы басты жаңалық — Хиггс бозонының ашылуы еді. 4 шілдеде осы бір тарихи оқиғаға 10 жыл толды. Модернизацияланған ҮАК 2015–2018 жылдардағы екінші маусымда бөлшектер шоғын 6,5 тераэлектронвольтқа дейін үдететін.
Биыл басталған үшінші сеанста сондай-ақ коллайдердің жарқырауы, яғни белгілі бір көлденең қима арқылы бір секундта ұшып өтетін бөлшектер ағыны, екі есеге жақын арттырылды. Бұл үшін шоқтардың фокус облысы 10 микрометрге дейін кішірейтілді. Енді детекторлар бақылайтын соқтығысу саны әлдеқайда көбеймек.
Ғалымдар үшінші маусымда Хиггс бозонының параметрлерін дәлірек өлшеп, оның жаңа сирек ыдырау арналарын таппақшы. Олар сондай-ақ Әлемдегі материя—антиматерия асимметриясына жауапты үдерістерді іздеп, Стандарт модельдің сыртына шығып кететін аномалияларды тереңірек зерттемек. Ауыр иондарды теңдессіз дәлдікпен соқтығыстыру бағдарламасы түзілетін кварк-глюон плазмасын зерттеуге мүмкіндік береді. Осы сеанста W-бозонның массасындағы аномалияның себебі анықталар деген үміт те бар.
Физиктер үшінші сеанста жалпы 280 кері фемтобарн статистика жинауды жоспарлап отыр. Бірінші маусымда — 12, ал екіншісінде — 150 кері фемтобарн ақпарат алынған еді.
5 шілдеде ҮАК-тағы LHCb коллаборациясының физиктері үш жаңа бөлшек ашылғанын хабарлады. Олар — ғажап пентакварк және ашық сиқырланған қос зарядталған тетракварк пен оның бейтарап серіктесі.
Credit: CERN

👍2🔥1
WEBB ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ FGS КӨЗЕУІШІНЕН БІР КЕСКІН
Канада ғарыш агенттігі жасаған FGS (Fine Guidance Sensor) дәл көзеу сенсорының міндеті — телескоп бақылайтын нысаналарды іздеп, аспаптарға нұсқау. Дегенмен ол да мынадай ғажап кескін ала білді! Мозаика 32 сағаттық сынақ барысында жасалған 72 экспозициядан құрастырылған.
Жұлдыздардың Уэббқа тән алтыбұрышты дифракциялық сәулесіне назар аударыңыз. Жарық жұлдыздардың ортасы қара болып көрінетін себебі: олардың барлық жарығы негізгі аспаптарға жіберіледі. Қалған нәрсенің бәрі — алыс галактикалар.
Ғылыми аспаптардай емес, FGS түсті фильтрлер қолданбайды, сондықтан кескіннен галактика жасын анықтау мүмкін емес. Ғылыми маңызы болмаса да, бұл фото — Әлемнің бұрын-соңды алынған ең терең инфрақызыл кескіні.
Credit: NASA, CSA, FGS team

CREW DRAGON 🆚 STARLINER
2010 жылы ақпанда НАСА ХҒС-қа ғарышкер жеткізетін жекеменшік кемелер жасауға ынталандыру мақсатында Commercial Crew Development (CCDev) бағдарламасын ашты. Оның аясында Boeing корпорациясы агенттіктен $4,8 млрд алса, SpaceX 3,1 млрд долларды қанағат тұтты. 2014 жылы НАСА екі компаниямен стансаға ғарышкерлер жеткізуге келісімшарт жасасты. Әр компания НАСА үшін алты ұшқышты миссиядан жасауы тиіс еді. 12 жылда бағдарламаға жалпы алғанда $14,6 млрд жұмсалды. Енді оның аралық қорытындысын шығарайық.
🐉 SpaceX Crew Dragon
— ХҒС-қа адам жеткізген алғашқы жекеменшік ғарыш кемесі атанды;
— НАСА мүддесінде 1 ұшқышсыз миссия ұшырды (DM-1 сынақ миссиясы);
— НАСА мүддесінде 5 ұшқышты миссия ұшырды (DM-2 сынақ миссиясы, 2 ғарышкер және Crew-1, 2, 3, 4 ұзақмерзімді, әрқайсында 4 ғарышкерден);
— НАСА тапсырысы бойынша ХҒС-қа 18 астронавт жеткізді;
— олардың 14-і Жерге аман-есен қайтарылды (төртеуі стансада жұмыс істеп жатыр);
— ұшқышты ғарыш миссиясы ұзақтығының ұлттық рекорды жасалды;
— ұшқышты кеме қайта қолданылды;
— ұшқышты кеме 4-ші рет қолданылған үдеткішпен ұшырылды;
+ тарихтағы алғашқы толық жекеменшік ұшқышты миссия орбитаға шығарылды (Inspiration4, 4 ғарышкер);
+ ХҒС-та тарихтағы алғашқы толық жекеменшік ұшқышты миссия болып қайтты (Ax-1, 4 ғарышкер);
= ғарышқа барлығы 26 адам шығарылып, 22 адам қайтарылды.
✈️ Boeing Starliner
— ХҒС-қа бір ұшқышсыз сынақ миссиясы барып қайтты (OFT-2).
P.S. НАСА 2021-дің желтоқсанында SpaceX-пен келісімшартты ұзартып, тағы 3 ұшқышты миссия (Crew-7, 8, 9) өткізуге уағдаласты. Мемлекеттік агенттік бұл үшін қосымша 778 млн доллар төлейді. Ал жақында НАСА Масктің компаниясына тағы 5 миссияға (Crew-10–14) тапсырыс беру ниеті барын мәлімдеді.

🔥3
12 мамырда Құс Жолы орталығындағы Мерген A* аса ауыр қара құрдымының алғашқы кескіні жарияланғаны есіңізде ме? Ал осы галактика ядросы аспанның қай тұсында? Арнамыздағы жаңа роликтен біліңіз: https://youtu.be/_PJfvv4qidM
YouTube
Мергендегі Шәйнек астеризмі көмегімен Құс Жолының орталығын табу
Шілдеде аспан қараңғы болса, жұлдыздар және тозаң мен газ бұлттары тығыз ұйысқан Құс Жолы орталығын оңтүстіктен көруге болады. Ал Құс Жолы көріне қоймайтын қалада тұрсақ, бізге Мергендегі Шәйнек ретінде танымал бір топ жұлдыз көмектеседі.
Шәйнек — көзге…
Шәйнек — көзге…
👍2
Мына ғаламат суреттерді Хаббл ғарыштық телескопы түсірген. Одан 100 есе қуатты Уэбб не көрсетер екен?!
12 ШІЛДЕ 20:30
12 ШІЛДЕ 20:30
👍2