This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SpaceX компаниясы Direct To Cell (қалтафоннан тікелей Starlink жерсерігімен байланысу 📱🛰📱) технологиясы көмегімен жасалған алғашқы видеоқоңырауды көрсетті. Бірінші мәтіндік хабарлама қаңтарда жіберілген еді.
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҒАРЫШТАН ТҮСКЕН ОТТЫ ШАР
2024 жылғы 22 мамырда, біздің уақытпен 22:49-да Ресейдің Сочи қаласы үстінде отты нысан көрінді. Ол солтүстік-шығысқа, 700 км-дегі Волгоград бағытына қарай ұшты. Ставрополь үстінде қирай бастаған дене Элистадан кейін бөлшектеніп, жанып кетті. Мұның бәрі 2 минут ішінде өтті.
Демек, нысан 6 км/сек жылдамдықпен ұшқан, бұл атмосфераның жоғарғы қабатындағы тежелуді ескергенде, бірінші ғарыштық жылдамдыққа (8 км/сек) сәйкес. Бұл оның жермаңы орбитадан түскен ғарыштық қоқыс екенін айғақтайды. Болидтер, яғни жарық метеорлар 11—73 км/сек жылдамдықпен жүйткиді.
Кейін отты дененің STARLINK-2653 жерсерігі екені анықталды. Ол 22:35-те 0°, 0° нүкте үстінен өткен. Нысан 23:53-де түседі деп болжанған еді. Ол бір сағат ерте құлады, өйткені Күн белсенділігі күшейгенде, Жер атмосферасы тығыздалып, жерсеріктер тез тежеледі. Аспандағы отты із Қазақстанның батысынан да көрінген болуы мүмкін.

👍1👀1
СТАРШИПТІҢ 4-ШІ ОРБИТАЛЫҚ СЫНАҒЫ — 1 МАУСЫМДА
Starship S29 кемесі SH B11 үдеткішінен түсірілді. Кеме өндірістік алаңға апарылмай-ақ, старт кешенінде ұшуға ақырғы дайындыққа кіріседі. Атап айтқанда, жылудан қорғағыш плиткалар толықтырылмақ.
Сонымен бірге, Старшиптің 4-ші орбиталық сынағы (IFT-4) 1 маусым, Алматы уақытымен 17:00-ге белгіленгені мәлім болды. Бұл дата өзгермесе, сенбінің кешінде маңызды ұшырылымды тамашалауға қолайлы мүмкіндік бар.
#жұлдызкеме

👍1
СТАРЛАЙНЕР 1 МАУСЫМДА ҰШУЫ МҮМКІН. ҰШПАУЫ ДА МҮМКІН
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
(Төлеген Айбергенов)
Жаздың бірінші күні, Алматы уақытымен 21:25-те Boeing корпорациясының CST-100 Starliner ғарыш кемесі алғаш рет адаммен ұшуға әрекеттенеді. Резерв күндер — 2, 5 және 6 маусым. Кеменің қызметтік модуліндегі бағдарлау қозғағышының бірінен аққан гелий мәселесі шешілсе, әрине. Гелий бірқалыпты ағып жатыр, NASA, Boeing пен ULA мұның кеменің аман-есен оралуына әсер етер-етпесін талдауда.
7 мамырдағы ұшу әрекеті екі сағат қалғанда тоқтатылған соң, CFT миссиясы алдымен 22 мамырға, кейін 28-не шегерілген еді. ULA операторы Atlas V зымыранының Centaur 2-сатысындағы ақаулы оттегі клапанын алмастырды. Астронавтар Барри Уилмор мен Сунита Уильямс ұшу сапарына Хьюстонда дайындалып жатыр.

🤔3
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Starship жүйесіне екінші рет толық отын құю сынағы (WDR) өткізілді. Starship S29 кемесі мен SH B11 үдеткішіне 4535 тоннадан астам отын құйылды. Содан соң старт тағанындағы су жүйесінің толыққанды сынағы да жасалды.
Енді кеме түсіріліп, апаттық жою жүйесінің жарылғыш заттары қойылысымен, үдеткішпен қайта біріктіріледі. Реттеуші органдар рұқсат берсе, Старшип орбитаға 5 маусым күні ұшуы тиіс.

GRIFFIN ONE МИССИЯСЫ 2025-КЕ ШЕГЕРІЛДІ, BLUE GHOST M1 МЕН NOVA-C IM-2 АЙҒА КҮЗДЕ АТТАНАДЫ
NASA CLPS бағдарламасы аясында биылғы қарашаға жоспарланған Griffin One ай миссиясы келесі жылға шегерілді. Falcon Heavy зымыранымен ұшырылған Astrobotic Technology компаниясының Griffin лендері Нобиле кратеріне қонып, НАСА-ның 450 кг-дық VIPER роверін түсірмек. Бұл шешім ешкімді таң қалдырған жоқ. Өйткені Astrobotic-тің қаңтарда ұшырылған Peregrine лендері аймаңы орбитаға шыға алмай, Жерге қайтып келіп, атмосферада жанып кеткені белгілі.
Дегенмен SpaceX қазанда Falcon 9 зымыранымен басқа NASA CLPS ай миссиясын ұшырады. Firefly Aerospace компаниясының Blue Ghost M1 лендері НАСА-ның 150 кг-дық 10 жүктемесін Дағдарыстар Теңізіне жеткізуга тапсырма алған.
Ал IM-2 миссиясы 2024 жылдың 4-ші тоқсанына межеленіп отыр. Falcon 9 зымыраны Intuitive Machines компаниясының екінші Nova-C лендерін Айдың Оңтүстік полюсіне аттандырады. НАСА-ның PRIME-1 роботы реголитті бұрғылап, су мұзын іздейді. Сондай-ақ Ай бетіне кішкене Micro Nova ровері түседі. IM-1 Nova-C лендері ақпанда Малаперт кратеріне жұмсақ қонғанымен, жанасу сәтінде алты тіреудің бірі сынып, аппарат құлап түскен еді. Жас компанияның екінші әрекеті сәтті болар деп сенеміз.

AKATSUKI ЗОНДЫМЕН БАЙЛАНЫС ҮЗІЛДІ
Шолпан орбитасындағы Акацуки зонды көкектің соңынан бері Жермен байланыса алмай тұр. Жапон мамандары қазір Шолпанды жақыннан зерттеп жүрген жалғыз аппаратпен байланыс каналын қалпына келтіруге тырысып жатыр.
2010 жылы 20 мамырда ұшырылған Akatsuki аппараты сол жылғы желтоқсанда Шолпан орбитасына шыға алмады. Бұған марштық қозғағышқа отын беретін клапанның бірінің ақауы себеп болды. Дегенмен маневрлік қозғағыштар көмегімен 2015 жылы жасалған екінші әрекет сәтті өтіп, зонд Шолпан айналасындағы орбитаға шықты.
Екі күн батареясынан қуат алатын 320 килограмдық аппарат инфрақызыл, ультракүлгін және найзағай камераларымен жабдықталған. Акацуки зонды көрген Шолпан атмосферасындағы бұлттар қозғалысы жайлы — арнамыздағы бейнероликте.

SPACEX МАМЫРДА 14 ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ — ЖАҢА РЕКОРД!
SpaceX компаниясы 2024 жылғы 1 маусым, Алматы уақытымен 7:37-де кезекті Starlink-6.64 миссиясын ұшырды. Бұл кезде Америкада әлі 31-і болғандықтан, ол мамыр айына есептелді. Сөйтіп, SpaceX мамырда 14 миссия орындады — күнтізбелік ай үшін жаңа компания рекорды! 🏆
Осы 2024-тің наурыз, көкек айларында 12 зымыраннан ұшырылған еді. Falcon 9 зымыраны биылдыққа 57-ші рет, ал барлығы 342-ші рет ұшырылып отыр. Жалпы компания есебінде 356 ұшырылым бар.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру

dearMoon ЖОБАСЫ БОЛМАЙДЫ
2018 жылы жапон миллиардері Юсаку Маэдзава SpaceX компаниясының Starship кемесімен Айды айналып келуге келісімшарт жасасқанын айтқан еді. Толығырақ — бейнероликте. dearMoon деген ат қойылған миссия шамамен 2023-тің соңына межеленген. Кейін жапон байының есебінен аймаңы орбитаға барып келетін өнер адамдарының есімдері де жарияланды.
Енді Маэдзава бұл жобадан бас тартатынын мәлімдеді. Алпауыттың айтуынша, 2023-те сапар жүзеге аспады, ал таяу болашаққа арналған нақты графиктің жоқтығы оны осындай шешім қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Илон Маск наурыздың соңында X желісінде Маэдзаваға жазылымнан шығып кеткен еді. Соған қарағанда, Маскке Маэдзава алдын ала төлеп қойған қомақты қаржыны қайтарып беруге тура келген сияқты.

😱1🤨1
1 МАУСЫМ, 21:25 — СТАРЛАЙНЕРДІҢ АДАММЕН АЛҒАШ ҰШУЫ
2010 жылы ақпанда НАСА ХҒС-қа ғарышкер жеткізетін жекеменшік кемелер жасауға ынталандыру мақсатында Commercial Crew Development (CCDev) бағдарламасын ашты. Оның аясында Boeing корпорациясы агенттіктен $4,8 млрд алса, SpaceX компаниясы 3,1 млрд долларды қанағат тұтты. 2014 жылы НАСА екі мердігермен стансаға ғарышкер жеткізуге келісімшарт жасасты. Әр компания НАСА үшін алты ұшқышты миссиядан жасауы тиіс-тін. 2021 жылы SpaceX-ке тағы үш, ал 2022-де және бес ұшқышты миссияға тапсырыс берілді.
Төрт жыл бұрын, 2020 жылы 30 мамырда SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесінің ұшқышты сынақ миссиясымен алғашқы екі астронавт ХҒС-қа ұшырылды. Олар тәжірибелі ғарышкерлер Дуглас Хёрли мен Роберт Бенкен еді. Бұл сынақты есептемегенде, SpaceX өзіне тапсырылған 14 толыққанды миссияның қазір сегізіншісін орындап жатыр.
Ал Boeing CST-100 Starliner ғарыш кемесінің ұшқышты сынақ миссиясын бүгін аттандырмақшы. Boe-CFT миссиясы Алматы уақытымен 21:25-ке белгіленген. НАСА мен Боинг 18 бағдарлау қозғағышының бірінен ағып жатқан гелий кеменің аман-есен барып-қайтуына кесірін тигізбейді деп санап отыр. Ардагер астронавтар Барри Уилмор мен Сунита Уильямстың жолы болсын!
НАСА-ның ресми трансляциясы:
https://www.youtube.com/watch?v=aEi5boWupRk

YouTube
NASA’s Boeing Starliner Crew Flight Test Launch – June 1, 2024 (Official NASA Broadcast)
Watch live as two NASA astronauts launch from Boeing’s Starliner spacecraft as one of the final steps on the road to certification. Launch of the ULA (United Launch Alliance) Atlas V rocket and Starliner spacecraft is targeted for 12:25 p.m. EDT Saturday…
👏1🤔1
STARLINER BOE-CFT 5 МАУСЫМҒА ШЕГЕРІЛДІ
Boeing CST-100 Starliner ғарыш кемесінің ұшқышты сынақ миссиясы, 7 мамырдағыдай, кеше де ұшпай қалды. Бұған старталды санақты қадағалайтын жердегі инфрақұрылым компьютеріне қате алгоритм жүктелуі кінәлі болған. Boe-CFT миссиясы енді 5 маусым, Алматы уақытымен 19:52-ке белгіленіп отыр. Дәл осы күнге тағайындалған Starship аса ауыр зымыранының 4-ші орбиталық ұшу сынағы 6 маусым, 17:00-ге жылжытылды.