98. «RCW58: ВОЛЬФ-РАЙЕ КӨПІРШІГІ»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Марк Хэнсон мен Майк Селби.
Қат-қабат қызылдау газ бұлттарынан құралған RCW58 тұмандығы көпіршігінің ортасындағы жарық ақ жұлдыз Вольф—Райе типіне жатады. Ауыр жұлдыздардың осы типі 1867 жылы олардың спектрінің ерекшелігін алғаш сипаттаған француз астрономдары Шарль Вольф пен Жорж Райенің құрметіне аталған. Вольф—Райе жұлдыздарында сутегі аз, ал атмосферасында ауыр элементтер мөлшері жоғары. Тұмандық жұлдыздың өзі лақтырған заттан түзілген. Көпіршіктің айналасынан алыс жұлдыздар мен галактикалар көзге түседі.
RCW58: Wolf Rayet Bubble by Mark Hanson and Mike Selby
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 25 and 29 January 2023
#астрофото2023

👍1👀1
ЗЫМЫРАН САТЫСЫ 21-ШІ РЕТ ҚОЛДАНЫЛДЫ — ЖАҢА РЕКОРД
SpaceX компаниясы 2024 жылғы 18 мамырда Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.59 миссиясын ұшырды. Мақсат — 23 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Миссияны орындаған Falcon 9 зымыранының B1062 нөмірлі 1-сатысы осымен 21-ші рет ұшырылып отыр — жаңа әлем рекорды! 🏆
Алғаш 2020 жылғы 5 қарашада қолданылған үдеткіш екі ұшқышты Crew Dragon ғарыш кемесін (Inspiration4 пен Ax-1 миссиялары), екі GPS III жерсерігін, Nilesat-301, ArabSat 7B жерсеріктерін, OneWeb #17 миссиясын және 14 Starlink миссиясын ұшырды. B1062.21 бұл жолы да ASOG платформасына сәтті қонды.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру

👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 зымыранының B1062 нөмірлі 1-сатысы осымен 21-ші рет ұшырылып отыр — жаңа әлем рекорды! 🏆
👍2
«ПЕТРОЗАВОДСК ҒАЖАЙЫБЫ» МЕН ПЛЕСЕЦК КОСМОДРОМЫ
Жоғарғы суретте: 2024 ж. 17 мамырға қараған түні Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылған Союз-2 зымыранының медуза тәрізді ізі Петрозаводск қаласы үстінде, Карелия, Ресей.
Төменгі суретте: 1977 ж. 20 қыркүйекте таңсәріде бақыланған әйгілі "Петрозаводск феноменінің" бір көрінісі. Аспандағы жұмбақ нәрсе Карел АКСР-нің астанасынан ғана емес, бүкіл солтүстік-батыс Ресей, Балтия және Финляндиядан көрінген еді.
Бұл сол түні 4:01-де Плесецк әскери космодромынан көтерілген Восток-2М зымыраны қалдырған із екені қазір түсінікті. Атмосфераның биіктеу қабатына жайылған жану өнімдерін көкжиек астынан Күн жарықтандырып, осындай көрініс туғызады. Кешеден бері осыған ұқсас бірнеше "медуза" кескінін жарияладық.
Бірақ ол кезде Плесецк аса құпия болғандықтан, көпшілік мұны беймәлім ұшқыш нысан (UFO, НЛО) ретінде қабылдады. Ал шындықты білетін адамдар оны айта алмайтын. Бұл феномен жайлы жазған орталық "Правда", "Известия", "Труд" газеттері болса, оны не метеорит, не атмосфераның тығыз қабатына енген жерсерік қалдығы деп түсіндіруге тырысты.
Архангельск облысы Плесецк кенті маңындағы КСРО ҚМ №53 ғылыми-зерттеу сынақ полигонынан алғашқы зымыран 1966 жылы 17 наурызда ұшырылды. НАТО әскерилері ғарыштан бақылау арқылы космодромның дәл орнын сол күні-ақ анықтағаны түсінікті. Ал 21 көкекте британ журналына шыққан мақалада физика мұғалімі ұшырылған жерсеріктің орбитасын зерттеу арқылы кеңестік жаңа ғарыш айлағының қай жерде орналасқанын қалай тапқанын жазады.
1970–1990 жылдары Плесецк ұшырылым саны бойынша әлемдік бірінші орынды бермей тұрды. 1993-ке дейін одан 1372 ұшырылым жасалса, екінші орындағы Байқоңырдан 1957–1993 жж. 917 зымыран көтерілген. 1968 жылдан космодром халықаралық бағдарамаларға атсалыса бастады, 1972 жылы Плесецктен тіпті француз жерсерігі ұшырылды. Бірақ кеңес азаматтары үшін мұндай космодром бары 1983 жылға дейін қатаң құпия сақталды. Онда жіберілетін хаттарға Москва-400 немесе Ленинград-200 деген мекенжай жазылатын. Кеңестік кезеңде Плесецкте үш апат болып, 62 әскери қаза тапты.
Қазір космодром Ресей Ғарыш әскерлерінің құзырында. 2002 жылы 16 қазанда Еуропа ғарыш агенттігінің жерсерігін көтермек болған Союз-У зымыраны ұшудың 29 секундында жарылып кетіп, 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды. 2007 жылы космодром құрметіне Негізгі астероидтар белдеуіндегі (16358) Плесецк астероиды аталды.
#ғарыштарихы

99. «МЕДУЗА ТҰМАНДЫҒЫ»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Питер Ларкин.
Газ бен плазманың жарқын құйыны тұмандықтың сфера пішінді бұлтында шоғырланған. Кескін әртүрлі толқын ұзындығында, әрқилы фильтрлер көмегімен түсірілген көптеген суреттерден құрастырылды. Соның арқасында тұмандықтың оңайлықпен байқалмайтын кей ерекшелігі ашылған.
Jellyfish Nebula by Peter Larkin
Astronomy Photographer of the Year 2023
Coppet, Vaud, Switzerland, 14–19 February 2023

❤2👍1👀1
АТЫРАУ: 21 МАМЫР 2024
Ирикла су қоймасынан 2024 жылғы көкектің бірінші онкүндігінде рекордты мөлшерде Жайыққа тасталған мол су 1,5 ай дегенде Атырау қаласына келіп жетті.
#геодерек

👍2👀1
ПЛАЗМА ДЕГЕН НЕ?
Заттың үш агрегаттық күйі — қатты, сұйық, газ — бар екенін білеміз. Алайда көрінетін Әлемнің 99,9%-і төртінші күйдегі заттан тұрады. Бұл қандай зат? Және НАСА оны қалай зерттейді? Арнамыздағы жаңа #бейнеролик осы жайында.

YouTube
Плазма дегеніміз не? НАСА-ның MMS миссиясы
Плазма көрінетін Әлемнің 99,9%-н құрайды, ал ол не? Бұл роликте плазманың не екені, қайда орналасқаны және НАСА оны қалай зерттейтіні жайлы айтылады.
Video credit: NASA’s Goddard Space Flight Center
Beth Anthony (KBRwyle): Producer
Mara Johnson-Groh (Telophase):…

👍4
STARLINK ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: 22 МАМЫР 2024
SpaceX компаниясының Starlink интернет-жерсеріктер топтамасы жайлы кейбір тың деректер:
🛰 төмен жермаңы орбитадағы Старлинктер саны 6000-нан асты
🛰 компания қазір аптасына 55 Starlink өндіріп, айына 200-ден астамын ұшыра алады
🛰 бүгінде бір миссияда 20–24 аппарат шығарылса, жыл соңына қарай бір Falcon 9 зымыранымен 28 Starlink ұшыру міндеті тұр
🛰 бұрын-соңды ұшырылған 6459 Старлинктің 429-ы орбитадан түсірілді, және қазір 17 жерсерік басқарусыз төмендеп келеді, бірақ олар жіті қадағаланып отыр
🛰 таяуда компания 100 ескі Starlink V1 жерсерігін орбитадан басқара отырып түсіреді, бұған бірнеше ай кетпек
🛰 Starlink топтамасының аппараттары өзара байланыс үшін 10 000 ғарыштық лазер қолданады
🛰 әр жаңа миссия топтаманың жалпы өткізу қабілетін 2,2 Тбит/с-ке арттырады
🛰 сервистің медианалық және максимал кідірістері (latency) елеулі азайтылды
🛰 Starlink абоненттерінің саны 3 миллионнан асты
🛰 Starlink енді дүние жүзіндегі 99 ел мен территорияда қолжетімді
🛰 ең ірі Carnival Corporation круиз операторының барлық 90 лайнері Старлинкпен жабдықталды
🛰 жалпы әлем бойынша 200-ден астам круиз кемесінде Starlink орнатылған
🛰 Hawaiian Airlines әуе компаниясы өзінің 18 Airbus A321 ұшағына Starlink қоя бастады, ал airBaltic жыл соңында 46 Эйрбасына осы жүйені орнатады
🛰 John Deere өз комбайн-тракторларын Старлинкпен жабдықтай бастамақ
#2024жыл

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SpaceX компаниясы Direct To Cell (қалтафоннан тікелей Starlink жерсерігімен байланысу 📱🛰📱) технологиясы көмегімен жасалған алғашқы видеоқоңырауды көрсетті. Бірінші мәтіндік хабарлама қаңтарда жіберілген еді.
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҒАРЫШТАН ТҮСКЕН ОТТЫ ШАР
2024 жылғы 22 мамырда, біздің уақытпен 22:49-да Ресейдің Сочи қаласы үстінде отты нысан көрінді. Ол солтүстік-шығысқа, 700 км-дегі Волгоград бағытына қарай ұшты. Ставрополь үстінде қирай бастаған дене Элистадан кейін бөлшектеніп, жанып кетті. Мұның бәрі 2 минут ішінде өтті.
Демек, нысан 6 км/сек жылдамдықпен ұшқан, бұл атмосфераның жоғарғы қабатындағы тежелуді ескергенде, бірінші ғарыштық жылдамдыққа (8 км/сек) сәйкес. Бұл оның жермаңы орбитадан түскен ғарыштық қоқыс екенін айғақтайды. Болидтер, яғни жарық метеорлар 11—73 км/сек жылдамдықпен жүйткиді.
Кейін отты дененің STARLINK-2653 жерсерігі екені анықталды. Ол 22:35-те 0°, 0° нүкте үстінен өткен. Нысан 23:53-де түседі деп болжанған еді. Ол бір сағат ерте құлады, өйткені Күн белсенділігі күшейгенде, Жер атмосферасы тығыздалып, жерсеріктер тез тежеледі. Аспандағы отты із Қазақстанның батысынан да көрінген болуы мүмкін.

СТАРШИПТІҢ 4-ШІ ОРБИТАЛЫҚ СЫНАҒЫ — 1 МАУСЫМДА
Starship S29 кемесі SH B11 үдеткішінен түсірілді. Кеме өндірістік алаңға апарылмай-ақ, старт кешенінде ұшуға ақырғы дайындыққа кіріседі. Атап айтқанда, жылудан қорғағыш плиткалар толықтырылмақ.
Сонымен бірге, Старшиптің 4-ші орбиталық сынағы (IFT-4) 1 маусым, Алматы уақытымен 17:00-ге белгіленгені мәлім болды. Бұл дата өзгермесе, сенбінің кешінде маңызды ұшырылымды тамашалауға қолайлы мүмкіндік бар.
#жұлдызкеме

👍1
СТАРЛАЙНЕР 1 МАУСЫМДА ҰШУЫ МҮМКІН. ҰШПАУЫ ДА МҮМКІН
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
(Төлеген Айбергенов)
Жаздың бірінші күні, Алматы уақытымен 21:25-те Boeing корпорациясының CST-100 Starliner ғарыш кемесі алғаш рет адаммен ұшуға әрекеттенеді. Резерв күндер — 2, 5 және 6 маусым. Кеменің қызметтік модуліндегі бағдарлау қозғағышының бірінен аққан гелий мәселесі шешілсе, әрине. Гелий бірқалыпты ағып жатыр, NASA, Boeing пен ULA мұның кеменің аман-есен оралуына әсер етер-етпесін талдауда.
7 мамырдағы ұшу әрекеті екі сағат қалғанда тоқтатылған соң, CFT миссиясы алдымен 22 мамырға, кейін 28-не шегерілген еді. ULA операторы Atlas V зымыранының Centaur 2-сатысындағы ақаулы оттегі клапанын алмастырды. Астронавтар Барри Уилмор мен Сунита Уильямс ұшу сапарына Хьюстонда дайындалып жатыр.

🤔3
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Starship жүйесіне екінші рет толық отын құю сынағы (WDR) өткізілді. Starship S29 кемесі мен SH B11 үдеткішіне 4535 тоннадан астам отын құйылды. Содан соң старт тағанындағы су жүйесінің толыққанды сынағы да жасалды.
Енді кеме түсіріліп, апаттық жою жүйесінің жарылғыш заттары қойылысымен, үдеткішпен қайта біріктіріледі. Реттеуші органдар рұқсат берсе, Старшип орбитаға 5 маусым күні ұшуы тиіс.

GRIFFIN ONE МИССИЯСЫ 2025-КЕ ШЕГЕРІЛДІ, BLUE GHOST M1 МЕН NOVA-C IM-2 АЙҒА КҮЗДЕ АТТАНАДЫ
NASA CLPS бағдарламасы аясында биылғы қарашаға жоспарланған Griffin One ай миссиясы келесі жылға шегерілді. Falcon Heavy зымыранымен ұшырылған Astrobotic Technology компаниясының Griffin лендері Нобиле кратеріне қонып, НАСА-ның 450 кг-дық VIPER роверін түсірмек. Бұл шешім ешкімді таң қалдырған жоқ. Өйткені Astrobotic-тің қаңтарда ұшырылған Peregrine лендері аймаңы орбитаға шыға алмай, Жерге қайтып келіп, атмосферада жанып кеткені белгілі.
Дегенмен SpaceX қазанда Falcon 9 зымыранымен басқа NASA CLPS ай миссиясын ұшырады. Firefly Aerospace компаниясының Blue Ghost M1 лендері НАСА-ның 150 кг-дық 10 жүктемесін Дағдарыстар Теңізіне жеткізуга тапсырма алған.
Ал IM-2 миссиясы 2024 жылдың 4-ші тоқсанына межеленіп отыр. Falcon 9 зымыраны Intuitive Machines компаниясының екінші Nova-C лендерін Айдың Оңтүстік полюсіне аттандырады. НАСА-ның PRIME-1 роботы реголитті бұрғылап, су мұзын іздейді. Сондай-ақ Ай бетіне кішкене Micro Nova ровері түседі. IM-1 Nova-C лендері ақпанда Малаперт кратеріне жұмсақ қонғанымен, жанасу сәтінде алты тіреудің бірі сынып, аппарат құлап түскен еді. Жас компанияның екінші әрекеті сәтті болар деп сенеміз.