ПӘКІСТАН КУБСАТЫ АЙ МАҢЫНАН ЖІБЕРГЕН АЛҒАШҚЫ СУРЕТТЕР
Қытайдың Chang'e-6 миссиясының аппараттары Ай маңына жетіп, 8 мамырда периселениі 200 км эллипс орбитаға шықты. Сол күні пәкістандық ICUBE-Q кубсаты Чанъэ-6-дан сәтті ажырады. Екі камерамен жабдықталған 9 килограмдық кубсат үш бойы Айдың магнит өрісін зерттеп, фотолар түсіреді. ICUBE-Q дәл сол күні өзінің бірінші кескіндерін Жерге жіберіп те үлгерді. Олардан Күн мен Айды көруге болады.
Енді Chang'e-6 өз орбитасын дөңгелек пішінге келтіріп, Айдың арғы бетіндегі Аполлон кратері ішіне қонуға дайындалады. Бұл маусымның басында, оңтүстік поляр аймағы жақсы жарықтанып тұрғанда жүзеге асырылуы мүмкін. Өйткені миссия аппараттары күн панелінен қуат алады.
Кескін: CNSA; IST
#ҚытайҒарышта

👍1
STARLINER 22 МАМЫРҒА ҚАРАҒАН ТҮНІ ҰШАДЫ
NASA, Boeing пен United Launch Alliance CST-100 Starliner ғарыш кемесінің CFT ұшқышты сынақ миссиясын енді 2024 жылғы 22 мамыр, Алматы уақытымен 01:43-ке межелеп отыр. ULA командасы 11 мамырда Atlas V зымыранының Centaur 2-сатысындағы ақаулы оттегі клапанын алмастырды. Boeing мамандары кеменің қызметтік модуліндегі бір фланецтен гелий ағуын жойып жатыр.

👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX БИЫЛҒЫ 50-ШІ ОРБИТАЛЫҚ МИССИЯСЫН ҰШЫРДЫ
SpaceX компаниясы 14 мамырда, Алматы уақытымен 23:39-да кезекті Starlink миссиясын ұшырды. Бұл компанияның 2024 жылы ұшырған 50-ші Falcon 9 зымыраны (бәрі сәтті). Ал жалпы дүние жүзі бойынша биылдыққа 92 орбиталық ұшырылым әрекеті жасалса, соның 90-ы сәтті өткен. Жалғыз компанияның еншісінде 54,3%, қалған барлық мемлекеттік және жекеменшік ұшыру операторларының үлесі — 45,7% болып отыр!
#зымыранұшыру

👍4
КҮНДЕ СОҢҒЫ ЖЕТІ ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ҚУАТТЫ X8.8 ЖАРҚЫЛ БОЛДЫ
2024 жылғы 14 мамырда, Алматы уақытымен 21:55 шамасында Күнде X8.8 класты жарқыл тіркелді. Бұл — үстіміздегі 25-ші күн цикліндегі әзірше ең қуаты оталыс. Жарқыл бізге жақсы таныс әйгілі AR3664 күн дақтары тобында болды. Бұл топ қазір күн дискінің батыс жиегіне жақындап қалғандықтан, аса үлкен мөлшерде атылған тәж заты планетамыздан қиыс кетеді.
Кешеге дейін осы циклдегі ең күшті жарқыл болып 23 ақпандағы X6.4 оқиға саналып келген еді. Кешегі жарқылмен шамалас оталыстар соңғы рет жеті жыл бұрын, өткен күн циклінде байқалған: 2017 жылдың 6 қыркүйегіндегі X9.3 пен 10 қыркүйектегі X8.2. Бұл екі жарқылдың әрқайсы жайлы арнамызда жеке ролик бар.
AR3664 күн дақтары тобы көзден таса болар алдында, 15 мамыр, 13:46-да тағы бір X3.5 жарқылмен салют берді. Бұл топ енді екі апта шамасында күн дискінің шығыс жиегінен қайта шығады, бірақ оған дейін облыстың белсенділігі сақталар-сақталмасы белгісіз.
19:30-да шығыс жиектен енді ғана көрінген жаңа дақтар тобынан X3.0 жарқыл байқалды! Әлі нөмір алып үлгермеген бұл топ 22 мамырда тура Күн—Жер сызығына шығады. Сол күндері онда қуатты оталыс болса, Жерде тағы күшті геомагниттік дауыл тұрып, қоңыржай ендіктерде поляр шұғыласын көріп қалармыз.
#күнциклі

STARSHIP FULL STACK!
Старбейстегі старт кешенінде SH B11 үдеткіші мен Starship S29 прототипі алғаш рет біріктірілді. Толық отын құю сынағы келесі аптаға межеленген. Starship жүйесінің 4-ші орбиталық ұшырылымы маусым айының бірінші жартысына жоспарланып отыр.
Credit: SpaceX
#жұлдызкеме

👍3
97. «ЖҰЛДЫЗСЫЗ ҰСТЫНДАР»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джейсон Гюнцель.
Бүркіт газды тұмандығында плазма дауылдарынан жас жұлдыздар туып жатқан Жаратылыс Ұстындары орналасқан. Хаббл телескопы ашқан атақты Ұстындардың ені 70 жарық жылы, олар бізден 7000 жарық жылында. Фотограф жіңішке жолақты фильтрлер қолдану арқылы тұмандық ішіндегі иондалған газ қабаттарын ашып көрсеткен. Ол алып жұлдыз тәлімбағы кескінінен жұлдыздардың өзін өшіріп тастап, небір нәзік реңктерді тамашалауға мүмкіндік беріп отыр. Джейсон өз туындысын «ғарыштық абстракт өнер» ретінде сипаттайды.
Starless Pillars by Jason Guenzel
Astronomy Photographer of the Year 2023
Milford, Michigan, USA, 1 August 2022
#астрофото2023

👍2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ЛАДОГА КӨЛІ ҮСТІНДЕГІ ЗЫМЫРАН ІЗІ
2024 жылы 17 мамырда Плесецк космодромынан әскери жерсерік ұшырған Союз-2.1б зымыраны қалдырған "медуза" пішінді із. Видео Ресейдің солтүстік-батысындағы Ладога көлі маңында түсірілген.
Автор: Катя Стрельникова, Астрофотоболото

👍2
98. «RCW58: ВОЛЬФ-РАЙЕ КӨПІРШІГІ»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Марк Хэнсон мен Майк Селби.
Қат-қабат қызылдау газ бұлттарынан құралған RCW58 тұмандығы көпіршігінің ортасындағы жарық ақ жұлдыз Вольф—Райе типіне жатады. Ауыр жұлдыздардың осы типі 1867 жылы олардың спектрінің ерекшелігін алғаш сипаттаған француз астрономдары Шарль Вольф пен Жорж Райенің құрметіне аталған. Вольф—Райе жұлдыздарында сутегі аз, ал атмосферасында ауыр элементтер мөлшері жоғары. Тұмандық жұлдыздың өзі лақтырған заттан түзілген. Көпіршіктің айналасынан алыс жұлдыздар мен галактикалар көзге түседі.
RCW58: Wolf Rayet Bubble by Mark Hanson and Mike Selby
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 25 and 29 January 2023

👍1👀1
ЗЫМЫРАН САТЫСЫ 21-ШІ РЕТ ҚОЛДАНЫЛДЫ — ЖАҢА РЕКОРД
SpaceX компаниясы 2024 жылғы 18 мамырда Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.59 миссиясын ұшырды. Мақсат — 23 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Миссияны орындаған Falcon 9 зымыранының B1062 нөмірлі 1-сатысы осымен 21-ші рет ұшырылып отыр — жаңа әлем рекорды! 🏆
Алғаш 2020 жылғы 5 қарашада қолданылған үдеткіш екі ұшқышты Crew Dragon ғарыш кемесін (Inspiration4 пен Ax-1 миссиялары), екі GPS III жерсерігін, Nilesat-301, ArabSat 7B жерсеріктерін, OneWeb #17 миссиясын және 14 Starlink миссиясын ұшырды. B1062.21 бұл жолы да ASOG платформасына сәтті қонды.

Falcon 9 зымыранының B1062 нөмірлі 1-сатысы осымен 21-ші рет ұшырылып отыр — жаңа әлем рекорды! 🏆
👍2
«ПЕТРОЗАВОДСК ҒАЖАЙЫБЫ» МЕН ПЛЕСЕЦК КОСМОДРОМЫ
Жоғарғы суретте: 2024 ж. 17 мамырға қараған түні Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылған Союз-2 зымыранының медуза тәрізді ізі Петрозаводск қаласы үстінде, Карелия, Ресей.
Төменгі суретте: 1977 ж. 20 қыркүйекте таңсәріде бақыланған әйгілі "Петрозаводск феноменінің" бір көрінісі. Аспандағы жұмбақ нәрсе Карел АКСР-нің астанасынан ғана емес, бүкіл солтүстік-батыс Ресей, Балтия және Финляндиядан көрінген еді.
Бұл сол түні 4:01-де Плесецк әскери космодромынан көтерілген Восток-2М зымыраны қалдырған із екені қазір түсінікті. Атмосфераның биіктеу қабатына жайылған жану өнімдерін көкжиек астынан Күн жарықтандырып, осындай көрініс туғызады. Кешеден бері осыған ұқсас бірнеше "медуза" кескінін жарияладық.
Бірақ ол кезде Плесецк аса құпия болғандықтан, көпшілік мұны беймәлім ұшқыш нысан (UFO, НЛО) ретінде қабылдады. Ал шындықты білетін адамдар оны айта алмайтын. Бұл феномен жайлы жазған орталық "Правда", "Известия", "Труд" газеттері болса, оны не метеорит, не атмосфераның тығыз қабатына енген жерсерік қалдығы деп түсіндіруге тырысты.
Архангельск облысы Плесецк кенті маңындағы КСРО ҚМ №53 ғылыми-зерттеу сынақ полигонынан алғашқы зымыран 1966 жылы 17 наурызда ұшырылды. НАТО әскерилері ғарыштан бақылау арқылы космодромның дәл орнын сол күні-ақ анықтағаны түсінікті. Ал 21 көкекте британ журналына шыққан мақалада физика мұғалімі ұшырылған жерсеріктің орбитасын зерттеу арқылы кеңестік жаңа ғарыш айлағының қай жерде орналасқанын қалай тапқанын жазады.
1970–1990 жылдары Плесецк ұшырылым саны бойынша әлемдік бірінші орынды бермей тұрды. 1993-ке дейін одан 1372 ұшырылым жасалса, екінші орындағы Байқоңырдан 1957–1993 жж. 917 зымыран көтерілген. 1968 жылдан космодром халықаралық бағдарамаларға атсалыса бастады, 1972 жылы Плесецктен тіпті француз жерсерігі ұшырылды. Бірақ кеңес азаматтары үшін мұндай космодром бары 1983 жылға дейін қатаң құпия сақталды. Онда жіберілетін хаттарға Москва-400 немесе Ленинград-200 деген мекенжай жазылатын. Кеңестік кезеңде Плесецкте үш апат болып, 62 әскери қаза тапты.
Қазір космодром Ресей Ғарыш әскерлерінің құзырында. 2002 жылы 16 қазанда Еуропа ғарыш агенттігінің жерсерігін көтермек болған Союз-У зымыраны ұшудың 29 секундында жарылып кетіп, 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды. 2007 жылы космодром құрметіне Негізгі астероидтар белдеуіндегі (16358) Плесецк астероиды аталды.
#ғарыштарихы

99. «МЕДУЗА ТҰМАНДЫҒЫ»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Питер Ларкин.
Газ бен плазманың жарқын құйыны тұмандықтың сфера пішінді бұлтында шоғырланған. Кескін әртүрлі толқын ұзындығында, әрқилы фильтрлер көмегімен түсірілген көптеген суреттерден құрастырылды. Соның арқасында тұмандықтың оңайлықпен байқалмайтын кей ерекшелігі ашылған.
Jellyfish Nebula by Peter Larkin
Astronomy Photographer of the Year 2023
Coppet, Vaud, Switzerland, 14–19 February 2023

❤2👍1👀1
АТЫРАУ: 21 МАМЫР 2024
Ирикла су қоймасынан 2024 жылғы көкектің бірінші онкүндігінде рекордты мөлшерде Жайыққа тасталған мол су 1,5 ай дегенде Атырау қаласына келіп жетті.
#геодерек

👍2👀1
ПЛАЗМА ДЕГЕН НЕ?
Заттың үш агрегаттық күйі — қатты, сұйық, газ — бар екенін білеміз. Алайда көрінетін Әлемнің 99,9%-і төртінші күйдегі заттан тұрады. Бұл қандай зат? Және НАСА оны қалай зерттейді? Арнамыздағы жаңа #бейнеролик осы жайында.

YouTube
Плазма дегеніміз не? НАСА-ның MMS миссиясы
Плазма көрінетін Әлемнің 99,9%-н құрайды, ал ол не? Бұл роликте плазманың не екені, қайда орналасқаны және НАСА оны қалай зерттейтіні жайлы айтылады.
Video credit: NASA’s Goddard Space Flight Center
Beth Anthony (KBRwyle): Producer
Mara Johnson-Groh (Telophase):…