Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Дүние жүзі елдерінде түсірілген кейбір фотолар
👍2👀2👎1
ҮШІНШІ ШҰҒЫЛАЛЫ ТҮН

АҚШ Ұлттық мұхит пен атмосфераны зерттеу басқармасының (NOAA) болжамынша, 2024 жылғы 13 мамырға қараған түні тағы да G5 деңгейдегі экстремал күшті геомагниттік дауыл тұруының ықтималдығы жоғары. NOAA моделіне сәйкес, Күн тәжінен шыққан зат ағыны, немесе күн желінің жылдамдығы секундына 1200 км-ге жетпек. Мұндай жоғары жылдамдық әр жылы, тіпті әр 11 жылдық күн циклінде бақылана бермейді.

Болжам ақталса, субтропик, тіпті тропик тұрғындары поляр шұғыласын көруі ықтимал. Ал қоңыржай ендіктерде аспан нұрлануы талассыз. Сонымен, үшінші түн қатарынан Қазақстанның барлық аумағынан солтүстік шұғыласын тамашалаудың сирек мүмкіндігі туып тұр.
#күнциклі
👍2👀1
2024-05-8-12 SOHO LASCO ИКИ РАН.gif
23 MB
КҮННЕН АТЫЛҒАН ПЛАЗМА LASCO ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ КӨЗІМЕН

2024 жылдың 8–12 мамыры аралығында Күн тәжінен атылған плазма ағындарының көрінісі. Күн мен Жердің арасында, Жерден 1,5 млн км қашықтықта тұрған SOHO ғарыш аппаратының LASCO телескопы алған деректер негізінде РҒА Ғарыштық зерттеулер институты (ИКИ РАН) құрастырған анимация. Ғарыш аппаратының өзіне соғылған плазма әсерінен, видеоның соңғы жағына қарай сапа нашарлайды. Оң жақта Шолпан, сол жақта — Юпитер көрініп тұр.

Credit: ИКИ РАН
#күнциклі
3👍1👀1
«НҰРҒА ШОМҒАН»

Солтүстік шұғыласы, 11 мамыр 2024 жыл
#фотокөрме
👍3🔥1👀1
Павлодар. 11 мамыр 2024
Фото авторы: Тимур Шуленов
👍2👀1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Илон Масктің айтуынша, Старшип жүйесінің 4-ші орбиталық сынағы маусымның бірінші жартысында өтпек. 11 мамырда (бізде 12-сі) Starship S29 ғарыш кемесі мен SH B11 үдеткіші старт кешеніне жеткізілді.

Мэсси алаңында Starship S31 кемесінің бактары өте төмен температура мен жоғары қысымға қалай шыдайтынын тексеру үшін криотест өткізілді. Қауіпсіздік мақсатында бактарға метан мен сұйық оттегі орнына қатты суытылған сұйық азот құйылды. Сынақ кезінде әлдебір "электрлік аномалия" байқалды (видеода).
#жұлдызкеме
👍2
ПӘКІСТАН КУБСАТЫ АЙ МАҢЫНАН ЖІБЕРГЕН АЛҒАШҚЫ СУРЕТТЕР

Қытайдың Chang'e-6 миссиясының аппараттары Ай маңына жетіп, 8 мамырда периселениі 200 км эллипс орбитаға шықты. Сол күні пәкістандық ICUBE-Q кубсаты Чанъэ-6-дан сәтті ажырады. Екі камерамен жабдықталған 9 килограмдық кубсат үш бойы Айдың магнит өрісін зерттеп, фотолар түсіреді. ICUBE-Q дәл сол күні өзінің бірінші кескіндерін Жерге жіберіп те үлгерді. Олардан Күн мен Айды көруге болады.

Енді Chang'e-6 өз орбитасын дөңгелек пішінге келтіріп, Айдың арғы бетіндегі Аполлон кратері ішіне қонуға дайындалады. Бұл маусымның басында, оңтүстік поляр аймағы жақсы жарықтанып тұрғанда жүзеге асырылуы мүмкін. Өйткені миссия аппараттары күн панелінен қуат алады.

Кескін: CNSA; IST
#ҚытайҒарышта
👍1
STARLINER 22 МАМЫРҒА ҚАРАҒАН ТҮНІ ҰШАДЫ

NASA, Boeing пен United Launch Alliance CST-100 Starliner ғарыш кемесінің CFT ұшқышты сынақ миссиясын енді 2024 жылғы 22 мамыр, Алматы уақытымен 01:43-ке межелеп отыр. ULA командасы 11 мамырда Atlas V зымыранының Centaur 2-сатысындағы ақаулы оттегі клапанын алмастырды. Boeing мамандары кеменің қызметтік модуліндегі бір фланецтен гелий ағуын жойып жатыр.
👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX БИЫЛҒЫ 50-ШІ ОРБИТАЛЫҚ МИССИЯСЫН ҰШЫРДЫ

SpaceX компаниясы 14 мамырда, Алматы уақытымен 23:39-да кезекті Starlink миссиясын ұшырды. Бұл компанияның 2024 жылы ұшырған 50-ші Falcon 9 зымыраны (бәрі сәтті). Ал жалпы дүние жүзі бойынша биылдыққа 92 орбиталық ұшырылым әрекеті жасалса, соның 90-ы сәтті өткен. Жалғыз компанияның еншісінде 54,3%, қалған барлық мемлекеттік және жекеменшік ұшыру операторларының үлесі — 45,7% болып отыр!
#зымыранұшыру
👍4
КҮНДЕ СОҢҒЫ ЖЕТІ ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ҚУАТТЫ X8.8 ЖАРҚЫЛ БОЛДЫ

2024 жылғы 14 мамырда, Алматы уақытымен 21:55 шамасында Күнде X8.8 класты жарқыл тіркелді. Бұл — үстіміздегі 25-ші күн цикліндегі әзірше ең қуаты оталыс. Жарқыл бізге жақсы таныс әйгілі AR3664 күн дақтары тобында болды. Бұл топ қазір күн дискінің батыс жиегіне жақындап қалғандықтан, аса үлкен мөлшерде атылған тәж заты планетамыздан қиыс кетеді.

Кешеге дейін осы циклдегі ең күшті жарқыл болып 23 ақпандағы X6.4 оқиға саналып келген еді. Кешегі жарқылмен шамалас оталыстар соңғы рет жеті жыл бұрын, өткен күн циклінде байқалған: 2017 жылдың 6 қыркүйегіндегі X9.3 пен 10 қыркүйектегі X8.2. Бұл екі жарқылдың әрқайсы жайлы арнамызда жеке ролик бар.

AR3664 күн дақтары тобы көзден таса болар алдында, 15 мамыр, 13:46-да тағы бір X3.5 жарқылмен салют берді. Бұл топ енді екі апта шамасында күн дискінің шығыс жиегінен қайта шығады, бірақ оған дейін облыстың белсенділігі сақталар-сақталмасы белгісіз.

19:30-да шығыс жиектен енді ғана көрінген жаңа дақтар тобынан X3.0 жарқыл байқалды! Әлі нөмір алып үлгермеген бұл топ 22 мамырда тура Күн—Жер сызығына шығады. Сол күндері онда қуатты оталыс болса, Жерде тағы күшті геомагниттік дауыл тұрып, қоңыржай ендіктерде поляр шұғыласын көріп қалармыз.
#күнциклі
Credit: SDO/AIA
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP FULL STACK!

Старбейстегі старт кешенінде SH B11 үдеткіші мен Starship S29 прототипі алғаш рет біріктірілді. Толық отын құю сынағы келесі аптаға межеленген. Starship жүйесінің 4-ші орбиталық ұшырылымы маусым айының бірінші жартысына жоспарланып отыр.

Credit: SpaceX
#жұлдызкеме
👍3
97. «ЖҰЛДЫЗСЫЗ ҰСТЫНДАР»

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джейсон Гюнцель.
Бүркіт газды тұмандығында плазма дауылдарынан жас жұлдыздар туып жатқан Жаратылыс Ұстындары орналасқан. Хаббл телескопы ашқан атақты Ұстындардың ені 70 жарық жылы, олар бізден 7000 жарық жылында. Фотограф жіңішке жолақты фильтрлер қолдану арқылы тұмандық ішіндегі иондалған газ қабаттарын ашып көрсеткен. Ол алып жұлдыз тәлімбағы кескінінен жұлдыздардың өзін өшіріп тастап, небір нәзік реңктерді тамашалауға мүмкіндік беріп отыр. Джейсон өз туындысын «ғарыштық абстракт өнер» ретінде сипаттайды.

Starless Pillars by Jason Guenzel
Astronomy Photographer of the Year 2023
Milford, Michigan, USA, 1 August 2022
#астрофото2023
👍2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ЛАДОГА КӨЛІ ҮСТІНДЕГІ ЗЫМЫРАН ІЗІ

2024 жылы 17 мамырда Плесецк космодромынан әскери жерсерік ұшырған Союз-2.1б зымыраны қалдырған "медуза" пішінді із. Видео Ресейдің солтүстік-батысындағы Ладога көлі маңында түсірілген.

Автор: Катя Стрельникова, Астрофотоболото
#зымыранұшыру
👍2