Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Қорған облысы (55° с.е.)
👍2
Архыз тауы, Кавказ, 43° с.е. (!), 10 мамыр 2024 жыл
👍2
ҒАСЫР ШҰҒЫЛАСЫ

2024 жылдың 11 мамырына қараған түні XXI ғасырдағы ең күшті поляр шұғыласы бақылануда. 40° солтүстік ендікте шұғыла оттары төбеден байқалған! Құбылыстың аса қуатты үшінші толқыны 25° (!!!) солтүстік ендіктен, яғни Мысыр мен Сауд Арабиясынан да көрінуі мүмкін деген болжам бар.
Фотода: Челябинск қаласы (55° с.е.)
#астрокүнтізбе
👍2
Гелиогеофизика — Күн белсенділігінің Жердегі физикалық процестерге, негізінен Жер магнитосферасы мен атмосферасына әсерін зерттейтін ғылым саласы
https://youtube.com/playlist?list=PLZ7VcZmjdxtxmHbw6kYgCMxCemvBdgt_C&si=m_WH6v4IXd4dkXSN
👍2
AR3664 КҮН ДАҚТАРЫ ТОБЫ

2024 жылғы мамырдың басында Күн дискіндегі №3664 дақтар тобы X-класты бірнеше қуатты жарқыл туғызғанын білесіздер. Соңғы жылдардағы ең үлкен күн дақтары тобының бірі күн тұтылуын бақылайтын көзілдірікпен-ақ көрінеді. Ұсынылған фото 10 мамырда Италияның Рим қаласында түсірілген. AR3664 тобын тарихтағы ең ірі топтармен салыстырып көріңіздер (екінші кескінде).

Бұл белсенді облыс сонымен қатар өте күшті зарядталған бөлшектер ағынын да шығарып тұр. Бірнеше тәуліктен соң Жерге жеткен ағын планетамыздың магнитосферасымен әсерлесіп, күшті магнит дауылдарын тұрғызды. Құбылыс кейбір жерсеріктерді істен шығарып, электр желілерін зақымдауы мүмкін.

Ал осы зарядталған бөлшектердің атмосфераның жоғарғы қабатындағы азот пен оттегі атомдарымен соқтығысуы 11 мамырға қараған түні ерекше жарқын поляр шұғыласын тұтатты. Таңғажайып нұр әдеттегідей тек солтүстік пен оңтүстік полюстерге жақын аймақтарда ғана емес, орта ендіктерден де тамаша байқалды. Ерекше құбылыс 12-не қараған түні де бақылануы ықтимал.

Image Credit & Copyright: Franco Fantasia & Guiseppe Conzo (Gruppo Astrofili Palidoro)
#күнциклі #nasa_apod
👍3
Эстония, 10/11 мамыр
👍1
11 МАМЫРДАҒЫ ОҢТҮСТІК ШҰҒЫЛАСЫ

2024 жылғы 11 мамырға қараған түні Оңтүстік жартышарда да поляр шұғыласы бақыланды. Ол тіпті Намибиядан (23° о.е.) көрінді деген дерек бар. Мына фото Жердегі ең оңтүстік қала Ушуайяда (55° о.е.) түсірілген, Отты Жер, Аргентина.
Фото авторы: Артем Протасов
👍1
ШҰҒЫЛАЛЫ ЕКІНШІ ТҮН

Жер атмосферасында 2003 жылдан бергі ең қуатты магниттік дауыл буырқанып тұр. Оған ең жоғарғы G5 (экстремал күшті) деген баға берілді. Мұндай деңгейдегі дауыл осы ғасырда екінші рет қана тіркелді. Қазіргі сәтте Жер шарының көптеген, соның ішінде полюстерден алыс аймақтарында поляр шұғыласы көрініп тұр. Алматы уақытымен 16:26-дағы жағдай сызбада берілген.

Credit: NOAA
#астрокүнтізбе
👍1
12 мамыр, Алматы уақытымен 17:00-дегі поляр шұғыласы. Мұндай шұғыла еліміздің барлық аумағынан бақыланар еді, ауа райы... өкініш орай.
👍1
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ

2024 жылғы 11 мамырға қараған түні поляр шұғыласы еліміздің солтүстік облыстарынан да көрінген екен. Келесі фото Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Елікті ауылында түсірілген.
Фото авторы: Арман Абдрахманов

Басқа да суреттер
👍2
Омбы, 11 мамыр 2024, 22:00
Фото авторы: Галина Кивенко
Демек, поляр шұғыласы Солтүстік Қазақстанда да көрініп тұр деген сөз.
👍1
Солтүстік шұғыласы АҚШ-тың оңтүстігінде, Флоридадағы Майамиден (26° с.е.) де көрінді!
👍2😱1
Credit: SDO/AIA
ЖЕРДЕ 20 ЖЫЛДА БОЛМАҒАН ҚУАТТЫ МАГНИТТІК ДАУЫЛ СОҒЫП ТҰР

АҚШ Ұлттық мұхит пен атмосфераны зерттеу басқармасы (NOAA) Жердегі магнитті дауылдың шамасы 2024 жылғы 11 мамырда, Алматы уақытымен 3:54-те ең жоғарғы G5 деңгейіне жеткенін хабарлады. Бұған дейін дауылдың қуаты өте күшті (G4) деп бағаланып тұрған. G5, яғни экстремал күшті магниттік дауыл соңғы рет 2003 жылы тіркелген еді.

Күндегі №3664 дақтар тобында 8 мамырда болған қуатты қосар жарқыл кезінде атылған күн заты 11 мамырға қараған түні бірнеше толқынмен Жерге келіп жетті. Міне, осы мол зарядталған бөлшектер ағыны Жер магнитосферасымен әсерлесіп, күшті магнит дауылын туғызды. Күннен келген бөлшектердің атмосфераның жоғарғы қабатындағы азот пен оттегі атомдарымен соқтығысуы поляр шұғыласын жарқыратып тұр.

Ал 11 мамыр, сағат 6:22-де осы AR3664 белсенді облысында Х5.8 балдық тағы бір қуатты жарқыл болды. Бұл Жерден 17 есе үлкен дақтар тобындағы бесінші X-класты жарқыл. Дегенмен бүгінгі жарқылда атылған күн материясы планетамыздан қиыс кетуі мүмкін.

Күн жарқылдары, олардың жіктелуі және Жерге әсері жайлы толығырақ — арнамыздағы бейнероликте.
👍1😱1🤨1
ТАСМАНИЯ ТЫЛСЫМЫ

Және бір оңтүстік шұғыласы көрінісін тамашалайық.
Тасмания аралы, 11 мамыр 2024 жыл.
#фотокөрме
👍3👀1
Дүние жүзі елдерінде түсірілген кейбір фотолар
👍2👀2👎1