Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
94. «ШЫҒЫС ПЕРДЕДЕГІ ЖАРҚАНАТ — ӘЛДЕ ЖАПАЛАҚ ПА?»

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Брендан Кинч.
Перде (Вуаль) тұмандығының бір бөлігі.

Bat in Eastern Veil - Or Is It an Owl? by Brendan Kinch
Astronomy Photographer of the Year 2023
Cartagena, Spain, 20 August 2022
#астрофото2023
👍1
3 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮН КҮНІ

Күн массаны секундына 4,26 миллион тонна өнімділікпен энергияға айналдырады, бұл секундына 38,460 септиллион ватт энергия шығарумен барабар. Жер бетінде мұншама энергия шығару үшін 1 820 000 000 «Патша-бомбаны» — адамзат тарихында жасалған ең қуатты термоядролық бомбаны жаруға тура келер еді.

Сүйікті жұлдызымыз жайлы басқа да мәліметтер — ойнату тізімінде.
Фото: Triff, Shutterstock лицензиясымен
👍2
БОСАҒАДАҒЫ FALCON 9

Кеше Калифорниядан ұшырылған Falcon 9 зымыранының 2-сатысы Украина мен Ресей аумағынан да бақыланды. Мына фото Новгород облысында жергілікті уақытпен кешкі 11 шамасында түсірілген (Қазақстанда 3 мамыр, түнгі 1). Maxar компаниясының WorldView Legion 1 & 2 жерсеріктерін гелиосинхрон орбитаға шығарған тасығыштың B1061 нөмірлі 1-сатысы үшінші болып 20-шы рет қолданылды.

Суреттен халқымыз Босаға атайтын астеризм анық көрініп тұр. Босағаның сол жақтауын Егіздер шоқжұлдызының альфасы мен бетасы Кастор мен Поллукс, оң жақтауын — Жетекшінің ең жарық екі жұлдызы Капелла (қазақша Айдасон) мен Менкалинан құрайды. Бұл жұлдызөрнек мамыр айында қараңғы түскен соң батыстан байқалады.

Фото авторы: Жанна Малярова
#зымыранұшыру
👍2👀1
ҚЫТАЙ ТАРИХТА АЛҒАШ БОЛЫП АЙДЫҢ АРҒЫ БЕТІНЕН ТОПЫРАҚ ӘКЕЛЕТІН ЧАНЪЭ-6 МИССИЯСЫН ҰШЫРДЫ

2024 жылғы 3 мамырда Вэньчань ғарыш айлағынан көтерілген Чанчжэн-5 ауыр зымыраны жалпы массасы 8,2 тонна төрт аппараттан тұратын Чанъэ-6 миссиясын Айға аттандырды. 53 күндік миссияның басты мақсаты — тарихта алғаш рет Айдың арғы бетінен топырақ алып келу. Топырақ оңтүстік жартышардағы Оңтүстік полюс — Эйткен алып соққы бассейнінде орналасқан Аполлон кратерінен алынады. Бұл ғалымдарға ай мантиясының көне үлгілерін Жердегі зертханаларда талдауға мүмкіндік береді.

Чанъэ-6 2020 жылы желтоқсанда бергі беттегі Рюмкер шыңы маңынан 1,7 кг топырақ жеткізген Чанъэ-5 миссиясы аппараттарының қосалқы даналарынан құралған. Олар алдымен аймаңы орбитаға шығады, содан соң үшеуі (қайтарылатын капсула, қону және көтерілу модульдері) Айға қонады. Бұрғы көмегімен алынған топырақ үлгісі капсулаға салынады. Көтерілетін модуль аймаңы орбитада қызметтік модульмен түйісіп, капсуланы береді. Ақыры қызметтік модуль капсуланы Жерге алып келіп, атмосфераға тастап жібереді. Схема күрделі көрінгенімен, 2020 жылы оның барлық кезеңдері сәтті орындалған еді.

Тек бұл жолғы ерекшелік — миссияның Айдың арғы бетінде өтуі. Бұл да қиындық туғызбас, өйткені Қытай — Айдың бізге көрінбейтін жағына аппарат қондырған жалғыз ел. 2019 жылы қаңтарда қонған Чанъэ-4 лендері мен Юйту-2 ровері Фон Карман кратері ішінде әлі күнге жұмыс істеп тұр. Арғы беттегі аппараттармен байланысты биыл наурызда ұшырылған Queqiao-2 ретрансляторы қамтамасыз етеді.

Chang'e-6 миссиясы құрамында Ай экзосферасындағы радонды тіркейтін DORN француз аспабы, реголиттің күн желімен әсерлесуі туғызатын теріс иондарды тіркейтін NILS швед аспабы, италиялық INRRI лазерлік ретрорефлекторы мен пәкістандық ICUBE-Q кубсаты да бар.
#ҚытайҒарышта
👍1
Кескін: CNSA
👍1
5/6 МАМЫР 2024 — ЭТА-АКВАРИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНЫҢ ШЫҢЫ

19 көкек — 28 мамыр аралығында Көнек (Суқұйғыш) шоқжұлдызынан ŋ-Акваридалар атты жұлдыз жаңбыры жауады. Ағынның көзі — әйгілі Галлей кометасынан қалған шаңды жолақ. Жер бұл жолақты жылына екі рет басып өтеді. сөйтіп ол қазандағы Орионидаларға де себепкер.

Эта-Акваридалардың кең максимумы 3–10 мамыр аралығында, ал ағынның шыңы биыл мамырдың 5–нен 6–на қараған түнге болжанып отыр. Идеал жағдайда (тасқараңғы айсыз түні, радиант тастөбеде болғанда, көру қабілеті идеал адам) сағатына 50 метеорға дейін бақыланады, ал нақты өмірде он шақты аққан жұлдыз көрінсе де жаман болмас еді

Мамыр Акваридалары — бай және өте әдемі ағын. Тез ұшатын (66 км/сек) метеорлар жарық, ұзын ақ із қалдырады. Ағынның радианты (метеорлар шығып жатқан тәрізденетін нүкте) — Суқұйғыштың эта жұлдызы (лат. Eta Aquarii) маңында

Ағын Оңтүстік жартышардан жақсы бақыланады, ал Солтүстік жартышарда радиант таңға жақын шығады да, 1:30-нан 3:30-ға дейін биік көтеріліп үлгермейді. Жақсы хабар: биыл кетер Ай бақылауға кедергі келтірмейді.

Жұлдыз жауынын көру үшін, қараңғы жер тауып, оңтүстік-шығысқа бет бұрған жөн. Бағдар — Жазғы Үшбұрыш астеризмі. Сағат бір жарымнан таң атқанша, аспанның көкжиек пен Жазғы Үшбұрыш арасындағы бөлігіне көз тігу керек.
#астрокүнтізбе
👍2
Фото: Jeff Sullivan
👍2
КҮНДЕ ҚУАТТЫ ЖАРҚЫЛДАР СЕРИЯСЫ БОЛДЫ

Қыста еуропалық және қытай жаңа жылдарын қуатты жарқылдармен атап өткен Күн өзінің төл мейрамын да (3 мамыр — Дүниежүзілік Күн күні) ескерусіз қалдырмады. Соңғы екі тәулікте ең жоғарғы X-кластағы екі жарқыл мен M-класты он шақты жарқыл тіркелді. Және М-жарқылдардың үшеуінің қуаты (M9.1, M8.4, M9.0) X-класқа 10-20% қана жетпей қалды.

Бұл жарқылдарды туғызған №3663 және №3664 күн дақтары топтары күн дискінің орта тұсында орналасқан еді, сондықтан тәжден атылған зат Жерге 6 мамырға қараған түні жетер деп болжануда. Ал 5 мамырда Алматы уақытымен 16:50-де №3663 дақтар тобынан үшінші X-класты жарқыл байқалды. Бұл топ қазір күн дискінің жоғарғы оң жағына ауып кеті, жаңа атылған тәж материясы Жерге жетер-жетпесі әзірге белгісіз.

Күн жарқылдары, олардың жіктелуі және Жерге әсері жайлы толығырақ — арнамызда кеше шыққан #бейнеролик те.
Credit: SDO/AIA
#күнциклі
SpaceX Falcon 9 бен Falcon Heavy зымырандарының 🚀 ұшырылу қарқыны, әр 10-шы миссия ұзын сызықпен белгіленген
👍2🔥1
7 МАМЫР, 7:34-ТЕ STARLINER ҒАРЫШ КЕМЕСІ АЛҒАШ РЕТ ЭКИПАЖБЕН ҰШАДЫ

2024 жылғы 7 мамырда Алматы уақытымен 7:34-те Boeing корпорациясының CST-100 Starliner ғарыш кемесі CFT (Crewed Flight Test) ұшқышты сынақ миссиясымен Халықаралық ғарыш стансасына аттанады. Кемені Канаверал базасындағы SLC-41 ұшыру алаңынан ULA компаниясының Atlas V N22 зымыраны көтереді.

Экипажда НАСА-ның аса тәжірибелі екі ғарышкері бар:
Командир — Барри Уилмор, 1962 ж.т.
Әскери-теңіз ұшқышы, бірінші рангты капитан. НАСА-да 2000 жылдан. Ғарышқа екі рет: 2009 жылы STS-129 Atlantis шаттлымен және 2014 жылы Союз ТМА-14М кемесімен ұшқан. Екі сапарда ғарышта жалпы 178 тәулік болған.
Ұшқыш — Сунита Уильямс, 1965 ж.т.
Әскери-теңіз ұшқышы, сынаушы-ұшқыш, коммандер. НАСА-да 1998 жылдан. Ғарышта екі рет болып қайтты: 2006–2007 жж. STS-116 Discovery шаттлымен ұшып, STS-117 Atlantis шаттлымен оралды, ал 2012 жылы Союз ТМА-05М кемесімен ұшты. Екі сапарда ғарышта жалпы 321 тәулік 17 сағат өткізді.

ХҒС-пен түйісу 8 мамырға жоспарланған. Станса құрамында 6 күн болған кеме Нью-Мексико штатындағы White Sands полигонына 15 мамырда қонуы тиіс. Ол, Orion, Crew Dragon ғарыш кемелеріндей теңізге емес, үш парашют пен үрмелі қапшық көмегімен құрлыққа қонады. 2019 жылы желтоқсанда Starliner стансаға жете апмай, жермаңы орбитадан кері қайтқан еді. 2022 жылы мамырдағы OFT-2 миссиясы түрлі қиындықтарға қарамастан, сәтті аяқталды. Ұшқышсыз Старлайнер ХҒС-қа аман-есен барып қайтты.

Ұшырылымның ресми трансляциясы
👍3
Коллаж: NASA
👍2
Адами фото
👍3
STARLINER ҰШПАЙ ҚАЛДЫ

Boeing CST-100 Starliner ғарыш кемесінің 2024 жылғы 7 мамырға жоспарланған CFT ұшқышты сынақ миссиясы стартқа екі сағат қалғанда тоқтатылды. Бұған Atlas V зымыранының Centaur 2-сатысындағы оттегі клапанының ақауы себеп болды. Кемеге отырып үлгерген астронавтар Барри Уилмор мен Сунита Уильямс (суретте) Нил Армстронг атындағы ғимаратқа қайта оралды. Миссия белгісіз мерзімге шегерілді, ол ең ерте дегенде 11 мамырда аттануы мүмкін.
Фото: NASA
🤔3
95. «КОНУС ТҰМАНДЫҒЫ»

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Мэтт Дитерих.

The Cone Nebula by Matt Dieterich
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 22–26 December 2022
#астрофото2023
👍1👀1
96. «NGC 3324, ГАБРИЭЛАНЫҢ АСЫЛ ТАСТАРЫ»

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Эндрю Кэмпбелл.

Gabriela's Gems NGC 3324 by Andrew Campbell
Astronomy Photographer of the Year 2023
Melbourne, Victoria, Australia, 13 April 2022
#астрофото2023
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP S30: БІРІНШІ ТҰТАНДЫРУ СЫНАҒЫ

Starship S29 прототипі төртінші орбиталық сынаққа дайындалып жатқанда, Старбейстегі старт алаңында келесі Starship S30 кемесінің тұтандыру тесті өтті. Прототиптің барлық алты қозғағышы алты секундқа қосылды.
#жұлдызкеме
👍3
11 МАМЫРҒА ҚАРАҒАН ТҮНІ АСПАН АЛАУЛАП ТҰР

Қазір теңдессіз қуатты поляр шұғыласы бақылануда! Шұғыла 50° солтүстік ендікте керемет көрініп тұр, ал көкжиек үстіндегі алау тіпті Кавказдан, 35–40° с.е. байқалуы мүмкін!
Әдеттегідей, Башқұртстаннан түсірілген бір фотоны назарларыңызға ұсынамыз. Йылайыр ауданы (52° с.е.).
#астрокүнтізбе
👍2👀1
Қорған облысы (55° с.е.)
👍2
Архыз тауы, Кавказ, 43° с.е. (!), 10 мамыр 2024 жыл
👍2
ҒАСЫР ШҰҒЫЛАСЫ

2024 жылдың 11 мамырына қараған түні XXI ғасырдағы ең күшті поляр шұғыласы бақылануда. 40° солтүстік ендікте шұғыла оттары төбеден байқалған! Құбылыстың аса қуатты үшінші толқыны 25° (!!!) солтүстік ендіктен, яғни Мысыр мен Сауд Арабиясынан да көрінуі мүмкін деген болжам бар.
Фотода: Челябинск қаласы (55° с.е.)
#астрокүнтізбе
👍2