Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ: 17 КӨКЕК 2024

Дереккөз: Қазгидрометтің БҚО филиалы / Жайықпресс
👍2
СӘУІР БОЛДЫ, ТӘУІР БОЛДЫ

КӨКЕК / April / Abril / апрель күнтізбелік айының 21-ші күні СӘУІР / ثور (Sawr) / Taurus / Ταῦρος / Уд / Өгіз / Торпақ / Телец / اردیبهشت (Ordibehesht) / گۆلن (Gülən) жұлдыз айы (жұлдызы) басталды

Назар аударсаңыз, Sawr араб сөзі емес, арабтар шоқжұлдыздың грекше Ταῦρος (Таурос) атауын өз тіліне бейімдеп алған. Ал біздің бабаларымыз бұл сөзді Сәуір деп қабылдаған.
#астрокүнтізбе
👍4
92. «ТӨРТЖАРМА КАСТОР»

Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегер фотоларын жариялауды жалғастырайық.
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Чад Лидер.

Splitting Castor by Chad Leader
Astronomy Photographer of the Year 2023
Fairfax, Virginia, USA, 28 February 2023
#астрофото2023
ХАББЛ ТЕЛЕСКОПЫНА 34 ЖЫЛ ТОЛДЫ

24 көкекте Хаббл ғарыштық телескопының орбитаға шыққанына 34 жыл болды. Даңқты обсерваторияның отыз төртінші жылы қол жеткізген бір жетістігімен танысайық. Хаббл Жерге жақын маңнан «аралық кластағы» қара құрдымдар барының жақсы дәлелін тапты. Толығырақ арнадағы #бейнеролик те айтылады.
👍2
Су тасқынын бақылауға арналған ресми qoldau gov kz ресурсы іске қосылды. Мұнда мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып тұрады. Күнделікті жедел деректер — сілтемеде.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX 300-ШІ ЗЫМЫРАН САТЫСЫН ҚОНДЫРДЫ

2024 жылғы 24 көкекте SpaceX компаниясы Канаверал базасынан кезекті Falcon 9 зымыранын ұшырды. Ол Starlink-6.53 миссиясы аясында келесі 23 Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығарды.

9-шы рет қолданылған B1078 1-сатысы JRTI жүзбе платформасына қонды. Компания осымен 300-ші сатыны сәтті қондырып отыр! 🔔

Барлығы 311 сатыны қондыру әрекеті жасалған еді (Falcon 9 — 285/294, Falcon Heavy: орталық саты — 1/3, қапталдағы үдеткіштер — 14/14). 67 саты құрлықтағы алаңға (68 әрекеттен), 233 үдеткіш — мұхиттағы жүзбе платформаға (243 әрекеттен) қонды.

Алғашқы сәтті әрекет 2015 жылы 22 желтоқсанда жасалғаны белгілі. Соңғы сәтсіздік 2021 жылғы 16 ақпанда тіркелді, содан кейін қатарынан 226 қондыру әрекеті сәтті болды. 1-ші және 100-ші сәтті қонудың арасында 2191 күн өтсе, 100-ші мен 200-шіні 539 күн, ал 200-ші мен 300-шіні — 315 күн бөліп тұр.
#зымыранұшыру
👍3
93. «ҚЫЗЫЛ АЛЫП»

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Бенс Тот.

The Red Giant by Bence Toth
Astronomy Photographer of the Year 2023
Sződliget, Pest, Hungary, 6–10, 12, 14 and 15 February 2023
#астрофото2023
👍2
ҚЫТАЙ КЕМЕСІ ҒАРЫШ СТАНСАСЫНА ЖЕТТІ

2024 жылғы 26 көкекте Қытайдың кезекті Шэньчжоу-18 ғарыш кемесі Тяньгун ғарыш стансасына түйісті. Ол Цзюцюань ғарыш айлағынан Чанчжэн-2F зымыранымен бейсенбіде ұшырылған еді. Жаңа келген Е Гуанфу (2-ші ғарыштық сапары), Ли Цун (1) мен Ли Гуансуды (1) алдыңғы экипаж мүшелері Тан Хонбо (2), Тан Шэнцзе (1) мен Цзян Шинлин (1) қарсы алды.

Шэньчжоу-18 ғарышта алты ай болуы тиіс. Ол — ҚХР-дың 13-ші ұшқышты миссиясы. Қытай ғарышкерлерінің жалпы саны 22-ге жетті.

Фото: CMS
#ҚытайҒарышта
👍3
АЙДЫҢ ТОЛЫҚ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

2020 жылы АҚШ Геологиялық қызметі, НАСА және Ай мен планеталар институтымен бірлесе отырып, бүкіл ай бетінің алғашқы кешенді картасын жасады. Картаның масштабы 1:5 000 000, бұл рекордтық ажыратым.

Картаның негізіне Apollo экспедициялары деректері бойынша жасалған алты аймақтық карта алынды. Олар автомат зондтар хабарлаған мәліметтермен толықтырылды.

Ай бетінің жалпы ауданы 38 млн км², бұл Африка ауданынан сәл көп. Табиғи серігіміздің 16%-н «теңіздер», яғни қатып қалған базальт лава жапқан жазықтар алып жатыр. Олардың көпшілігі Айдың бергі бетінде. Ал арғы бетте кратерлер басым, теңіздер аз.

Credit: USGS
👍3
ЕСІЛ АҒАДЫ... ҚАЙ БАҒЫТТА?

Өткенде Қызылжарды басқан Есілдің мол суы Ресейдің Түмен облысына жетті. 28 көкекте кешке Абат ауданының орталығы Абатское қыстағында Есілдің деңгейі 1213 см-ге дейін көтерілді. Бұл қауіпті деңгейден 253 см жоғары.

Ал журналист Руслан Ерботаның айтуынша, керісінше, Солтүстік Қазақстанды Ресейден келген су басып жатыр. Мұндай болса тамаша ғой, Астанадан Аралға дейін канал қазамыз да, Солтүстік Мұзды мұхиттың таусылмас суымен теңізді тез-ақ толтырып аламыз.
#геодерек
1😁1
«АРДАГЕР» САТЫНЫҢ ҒҰМЫРЫ АЯҚТАЛДЫ

Қолданыстағы Falcon 9 үдеткіштерінің ең ескісі — B1060 бірінші сатысы 28 көкекте 20-шы рет ұшырылып, жақында B1062 жасаған рекордты қайталады. Зымыран жалпы массасы 1450 кг болатын еуропалық екі Galileo навигациялық жерсерігін (№№29, 30) биіктігі 22 950 км дөңгелек орта жермаңы орбитаға шығарды.

Бұл миссияның ерекшеліктері:
1. Galileo алғаш рет америкалық тасығышпен ұшырылды. Өйткені Еуропа Одағы ресейлік Союз-СТ зымыранынан бас тартты, Ariane 5 енді жоқ, ал Ariane 6 әлі дайын емес. Сондықтан SpaceX компаниясымен 4 жерсерік ұшыруға шарт жасалды.
2. Соңғы 1,5 жылдағы 146 миссияда бірінші рет Falcon 9 сатысы кері қайтарылмады. Ауыр жүктемені орта жермаңы орбитаға шығару көп қуат қажет етеді, сондықтан 1-саты толық күшін осыған жұмсады. Отыны таусылған саты атмосферада жанып кетті, жанбаған қалдықтар мұхиттағы белгіленген аймаққа құлады.
3. Ұшырылым құны стандарт $67 млн орнына $95 млн болды, бағада қайтарылмаған саты ғана емес, арнайы жетілдірілген 2-саты старттан 4 сағаттан кейін берген ақырғы ұзақ "дөңгелектеуші" импульс та ескерілді.

B1060 1-сатысы 2020 жылғы 30 маусымнан бастап, жалпы саны 860 жерсерік көтерген еді. Ол тарихта алғаш болып 13-ші мәрте қолданылған.
#зымыранұшыру
👍2
114. УЭББ АТБАСЫ ТҰМАНДЫҒЫНЫҢ ТЕҢДЕССІЗ АЙҚЫН СУРЕТТЕРІН ТҮСІРДІ

Джеймс Уэбб ғарыштық телескопының MIRI мен NIRCam аспаптары Атбасы тұмандығының тарихтағы ең айқын инфрақызыл кескіндерін алды. Олар әйгілі тұмандықтың бір бөлігінің күрделілігін теңдессіз кеңістік ажыратыммен паш етеді.

Кескіндер Үшарқар-Таразы (Орион) шоқжұлдызындағы Орион B молекулалық бұлтының батыс жағын көрсетеді. Тозаң мен газдың турбулентті бұлттарынан бізден 1300 жарық жылындағы Атбасы тұмандығы шығып тұр.

Коллапстағы жұлдызаралық заттан құралған тұмандықты таяу ыстық жұлдыздың жарығы жарқыратып тұр. Атбасы маңындағы газ бұлттары ендігі сейіліп кеткен, бірақ шошайған бағанадағы жуан түйдектерді бұзу қиынырақ. Астрономдардың есебінше, бес миллион жылдан соң Атбасы да ыдырап кетеді. Кескін тұмандықтағы газ-тозаңды құрылымның төбесінің жарық шетін бейнелейді.

Атбасы тұмандығы — фотодиссоциация облысы (PDR). Мұндай облыста жас ауыр жұлдыздардың ультракүлгін жарығы осы жұлдыздар төңірегіндегі толық иондалған газ бен оларды туғызатын бұлттар арасында бейтарап, жылы газды аймақ түзеді. PDR-лар шығаратын жарық — Әлемдегі жұлдызаралық материяның эволюциясын басқаратын физикалық және химиялық процестерді зерттеуге көмектесетін теңдессіз құрал.
👍2
Credit: ESA/Webb, NASA, CSA, K. Misselt (University of Arizona) and A. Abergel (IAS/University Paris-Saclay, CNRS)
👍2👀1
MIRI аспабы алған кескін

Credit: ESA/Webb, NASA, CSA, K. Misselt (University of Arizona) and A. Abergel (IAS/University Paris-Saclay, CNRS)
👍2🔥1
115. АТБАСЫ ТҰМАНДЫҒЫ ЕВКЛИД, ХАББЛ, УЭББ ТЕЛЕСКОПТАРЫ КӨЗІМЕН

Бірінші фотоны ESA-ның Euclid телескопы 2023 жылы қарашада түсірген. Екінші сурет — NASA/ESA Hubble обсерваториясы 2013 жылы алған танымал кескін. Теңдессіз ажыратымдағы үшінші фотоны NASA/ESA/CSA Webb телескопының NIRCam аспабы 2024 жылдың қаңтарында түсірді.

Credit:
ESA/Euclid/Euclid Consortium/NASA, image processing by J.-C. Cuillandre (CEA Paris-Saclay), G. Anselmi, NASA, ESA, and the Hubble Heritage Team (AURA/STScI), ESA/Webb, CSA, K. Misselt (University of Arizona) and A. Abergel (IAS/University Paris-Saclay, CNRS), M. Zamani (ESA/Webb)
👍4
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ СУ ҚАУІПСІЗДІГІ ИНСТИТУТЫ ҒАЛЫМДАРЫМЕН ӘҢГІМЕ

85 жылдық тарихы бар академиялық География институты қазір Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «География және су қауіпсіздігі институты» деп аталады. Институттың құрамында төрт зертханадан тұратын «ҚР Су қауіпсіздігі мәселелері мен шешімдері» орталығы бар.

Су таси бастағалы екі ай дегенде, бір журналист осындай институт барын біліп, гидролог, гидрометеоролог ғалымдармен сұхбат өткізіпті. Бұл қазақ журналистикасы мен География институтының тарихындағы алғашқы кездесу болып шығуы әбден мүмкін. Тарихи сұхбатқа сілтеме.
#қазақстанғылымы
2
ГИДРОМЕТЕОРОЛОГПЕН ӘҢГІМЕ

Дегенмен біздің журналистер тасқын басында гидрогеологтарды жоқтаса (бұл кісілер жерасты суларын зерттейді!), қазір сушы, мелиоратор, гидротехник мамандар мен гидролог, гидрометеоролог ғалымдар болатынын біліп қалды. Міне, тағы бір гидрометеоролог-климатологпен сұхбаттың сілтемесін берейік.

Әңгіменің қысқаша мазмұны:
1. Дүние жүзі елдері жаһандық жылынуға байланысты климатты зерттеуді үдетіп жатқанда, Қазақстанда Гидрометеорология ғылыми-зерттеу институты жабылып қалған.
2. Оның орнын басқан «Жасыл даму» орталығында климатолог жоқ, экономист-заңгерлер көмір қышқыл газын шығару квоталарын бөлумен және "утильсбор" жинаумен айналысады.
3. Қазгидрометті қаржыландыру жалақы мен жанар-жағар май, электр энергиясын, т.б. төлеуден артылмайды.
4. Орта буын мамандарын (техниктерді) даярлайтын оқу орны жоқ.
5. Метеопост, гидропост техниктерінің жалақысы 120 000 шамасында, бұлармен семинар, білім жетілдіру өткізуге қаржы жоқ.
6. Қазгидрометтің Гидрографиялық партиясы (гидрограф - міне, тағы бір мамандықты білдік) жабылып қалған.
...
Бұл сұхбатты да толық көріп шығыңыздар.

#қазақстанғылымы
💔3
94. «ШЫҒЫС ПЕРДЕДЕГІ ЖАРҚАНАТ — ӘЛДЕ ЖАПАЛАҚ ПА?»

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Брендан Кинч.
Перде (Вуаль) тұмандығының бір бөлігі.

Bat in Eastern Veil - Or Is It an Owl? by Brendan Kinch
Astronomy Photographer of the Year 2023
Cartagena, Spain, 20 August 2022
#астрофото2023
👍1
3 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮН КҮНІ

Күн массаны секундына 4,26 миллион тонна өнімділікпен энергияға айналдырады, бұл секундына 38,460 септиллион ватт энергия шығарумен барабар. Жер бетінде мұншама энергия шығару үшін 1 820 000 000 «Патша-бомбаны» — адамзат тарихында жасалған ең қуатты термоядролық бомбаны жаруға тура келер еді.

Сүйікті жұлдызымыз жайлы басқа да мәліметтер — ойнату тізімінде.
Фото: Triff, Shutterstock лицензиясымен
👍2