This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ NURI ЗЫМЫРАНЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ
2022 жылы 21 маусымда, Алматы уақытымен 13:00-де кореялық Nuri (KSLV-II) зымыраны екінші рет ұшырылды. Наро ғарыш орталығынан көтерілген үш сатылы зымыран PVSAT жерсерігін 700 км орбитаға шығарды. Алдағы күндері жерсеріктен 4 кубсат ажырауы тиіс.
Бұл жетістік Оңтүстік Кореяны қазіргі күні өз күшімен орбитаға жүктеме шығара алатын 11-ші мемлекет атандырды. Басқа он ғарыш державасы: АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Жапония, Үндістан, Израиль, Солтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Иран.
Nuri (KSLV-II) — толықтай Оңтүстік Кореяда жасалған алғашқы зымыран. Nuri 2021 жылы қазанда, 3-сатының ерте өшіп қалуы кесірінен, жерсерік макетіне тиісті 7,5 км/с жылдамдық бере алмаған еді. Оның ізашары Naro-1 (KSLV-I) Ресеймен бірлесіп жасалған. Бірінші сатысына ресейлік РД-191 қозғағышы орнатылған Наро-1 2009–2010 жж. екі сәтсіздіктен соң, 2013 жылы 30 қаңтарда сәтті ұшырылған.

👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
РЕКОРДШЫНЫҢ ОРАЛУЫ
Doug кемесі B1060.13 бірінші сатысы тұрған ASOG платформасын Канаверал портына алып келе жатыр.

SLS БАКТАРЫ ОТЫНМЕН ТОЛТЫРЫЛДЫ
НАСА-ның 20 маусымдағы төртінші әрекеті табысты болып, SLS-ке толық мөлшерде отын (сұйық сутегі мен сұйық оттегі) құйылды. Дегенмен бұл жолы да қиындықсыз болмады. Зымыранның негізгі сатысына жалғанған шлангтан сутегі аққаны байқалды. Мамандар ағуды тоқтата алмаған соң, оны жердегі старт компьютерінен "жасыруды" шешті.
Инженерлер кері санақты бастап, мүмкіндігінше көбірек операциялар өткізіп үлгеруге тырысты. Басты мақсат — сынақтың аяқталғанын көрсететін T минус 9,34 секунд межеге жету еді. Сынақшылар іс жүзінде T минус 29 секунд межесіне дейін жете алды. Жоспарланған процедуралардың көбі істелді. Бірақ кейбір операциялар, мысалы, қатты отын жағатын үдеткіштердің гидравликасын қосу, жасалмай қалды.
НАСА қол жеткен нәтижеге қанағаттанама ма, әлде бас жаттығу қайталана ма, әзірге белгісіз. Қалай болғанда да, бактар босатылып, SLS тұрған жылжымалы платформа ақауды жөндеу үшін Тік жинау ғимаратына қайта кіргізіледі.
Credit: NASA/Cory Huston

👏1
ТАҢҒЫ ПЛАНЕТАЛАР ШЕРУІ
2022 жылы 24 маусымда, Күн шығардан 45 минуттай бұрын шығыс көкжиек үстінде жай көзбен көрінетін барлық планеталар сап түзейді. Бұл шерудің ерекшелігі — ғаламшарлар Күннен қашықтау ретімен орналасады. Жердің атынан шеруге оның серігі Ай қатысады. Іс жүзінде, қазір Қазақстан аумағынан Меркурийді көру мүмкін емес.

🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SUPERHEAVY B7 СТАРТ ҮСТЕЛІНЕ ҚОЙЫЛДЫ
Бұл операция алғаш рет "Мехазилла қолдарымен" жасалды. Starship ғарыш кемесін орбитаға шығаруы тиіс үдеткіштің 33 Raptor қозғағышы бар. Starbase кешені, Техас.

ROCKET LAB КОМПАНИЯСЫ CAPSTONE КУБСАТЫН АЙҒА ЖӨНЕЛТТІ
2022 жылы 28 маусымда, Алматы уақытымен 15:55-те америка-жаңазеландиялық Rocket Lab компаниясы CAPSTONE миссиясын ұшырды. Жаңа Зеландиядағы Махия ғарыш айлағынан көтерілген екі сатылы Electron зымыраны Lunar Photon платформасын төмен жермаңы орбитаға шығарды. Бірінші саты құтқарылған жоқ.
Lunar Photon өзінің HyperCurie иондық қозғағыштарын екі рет қосып, перигейін 1040 км-ге дейін көтерді. Ол алдағы бес күнде күніне бір рет қосылып, орбитасын көтерумен болады. 60 000 км биіктікте Lunar Photon қозғағышын соңғы рет қосып, CAPSTONE кубсатын өтпелі эллипс орбитаға шығарады. Кубсат Айға дейінгі төрт айлық (!) саяхатын бастайды. Lunar Photon үдеткішінің өзі де Айға бет алып, оны айналып шығады.
CAPSTONE 13 қарашада Ай маңындағы өте ерекше гало-орбитаға шығуы тиіс. Бұл созыңқы эллипс орбитаның перицентрі 70 000 км, апоцентрі 3000 км. Орбита Жер мен Ай гравитациясының теңгерім нүктесінде болғандықтан, онда қалу үшін өте аз отын жұмсалады. Сондай-ақ одан Айдың Оңтүстік полюсі мен Жер үнемі көрініп тұрады. Болашақ Gateway аймаңы стансасын дәл осы орбитаға шығару көзделген.
CAPSTONE (Cislunar Autonomous Positioning Technology Operations and Navigation Experiment) миссиясының басты міндеті — осы теңдессіз гало-орбитаның орнықтылығын тексеру. CAPSTONE сондай-ақ иондық қозғағыш көмегімен орбитаны ұстау және ғарыш аппараттары арасындағы байланыстың жаңа технологияларын сынайды.
12U форматтағы, массасы 25 кг кубсатты Tyvak Nano-Satellite Systems пен Terran Orbital Corporation, иондық қозғағышты Stellar Exploration жасаған. CAPSTONE-ды Advanced Space компаниясы басқарады. Кубсаттың құны — $13,7 млн, ұшырылым құны — $10 млн. Миссияны НАСА қаржыландырады. Кубсатпен байланысты, оны қадағалау мен телеметрияны НАСА Реактивті қозғалыс зертханасы қамтамасыз етеді.

КӨНЕ ФОТОЛАРМЕН ҚОРҚЫТПАҚ БОЛДЫ
28–30 маусымда Мадридте өтетін НАТО саммитінің ашылуына орай, Роскосмос саммит өтетін ғимарат пен альянс елдері "шешім қабылдау орталықтарының" жерсеріктен түсірілген фотоларын жариялады. Кескіндерде "Ресурс-П" және "Роскосмос, 2022" деген жазулар бар. Роскосмос мұнымен "не істеп, не қойғандарыңды төбелеріңнен көріп отырмыз" деген емеурін танытқысы келгендей.
Алайда блогер Виталий Егоровтың жазуынша, бұл фотолар ертеректе алынған. Мысалы, Пентагон 2021 жылдың ақпанына дейін түсірілген. Фотоның төменгі жағындағы тұрғын үй былтыр көктемде сүрілген, қазір оның орны бос тұр. Брюссельдегі НАТО штаб-пәтері 2020 жылы жазда түсірілген. Өйткені фотода кеңсенің сол жағындағы балмұздақ фабрикасының төбесі ақ, ал қазанда ол күн батареяларымен жабылған екен. Лондон кескініне бес жылдай болған. Одан бері Ламбет сарайы кітапханасының жаңа ғимараты салынды. Роскосмос фотосында салынып жатқан Берлиндегі Футуризм мұражайының құрылысы 2018 жылы біткен.
Панхром кескіндерді 70–100 см ажыратыммен түсіре алатын Ресурс-П азаматтық жерсеріктерінің алғашқы екеуі істен шықты. Электроника ақауы себепті бір жарым жылдай істемей тұрған Ресурс-П №3 2020 жылы көкекте қайта қосылды деген ақпарат болған. Оның қазіргі халі беймәлім. Ресурсы бес жылдық аппарат Байқоңырдан 2016 жылы наурызда ұшырылған еді. Ресурс-П №4 тексеріліп жатыр, қашан ұшырылатыны белгісіз. Батыста мұндай ажыратымдағы жерсеріктік фотоларды мемлекеттік қызметтер былай тұрсын, көптеген жекеменшік компаниялар түсіреді.
Эксперттердің пікірінше, қазір Ресейдің қолында екі-ақ оптикалық барлау жерсерігі бар. Олардың өзі — 2013, 2015 жж. ұшырылған ескі Персона (Космос-2483, Космос-2506) аппараттары. Бұлар Украина үстінен тәулігіне бір-ақ рет, таңертең ұшып өтеді деген ақпарат бар. Ғарыш сарапшысы Барт Хендрикстің айтуынша, "Ресей қазір орбитада соқыр деуге болады".

😁2
КҮН ЖҮЙЕСІ: ОТБАСЫНЫҢ ТОЛЫҚ ФОТОСЫ
Барлық ғаламшарларды бір мезгілде көруге бола ма? 2022 жылғы маусымның таңдарында осындай мүмкіндік туды. Чилидегі Сан-Педро де Атакама қаласынан түсірілген мына кескіннен толық планеталар шеруімен бірге, Ай да байқалады.
Эклиптика жазықтығы бойында солдан оңға қарай орналасқан Күн жүйесі ғаламшарлары: Жер, Сатурн, Нептун, Юпитер, Марс, Уран, Шолпан, Меркурий және Жер. Әрине, жай көзбен көрінбейтін Нептун мен Уранның жарықтығы қосымша күшейтілген.
Шілдеде Күн нұрына жасырынатын Меркурий бірнеше күннен соң кешкі жақтан шығады. Сатурн тамызда Күннің ар жағынан өтіп, енді таңсәріде емес, ақшамда көріне бастайды. Таңғы аспаннан сегіз планетаның бәрі бірге енді тура бір ғасырдан соң, 2122 жылы бақыланады.

🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 27-ші ұшырылым
30 маусым 03:04. Канаверал, SLC-40. SES-2 миссиясы — 3500 кг байланыс жерсерігін өтпелі орбитаға шығару. SES-2 36 000 км геостационар орбитаға өз күшімен көтеріледі.
30 маусым 03:04. Канаверал, SLC-40. SES-2 миссиясы — 3500 кг байланыс жерсерігін өтпелі орбитаға шығару. SES-2 36 000 км геостационар орбитаға өз күшімен көтеріледі.
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1073.2 1-сатысы ASOG платформасына қонды
👍2
MIRI АСПАБЫ ДА ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫН
Уэбб ғарыштық телескопының төрт ғылыми аспабының екіншісі — Орта инфрақызыл аспап (MIRI) толық іске қосылды. НАСА мен ЕҒА жасаған MIRI орта инфрақызыл толқын ұзындығындағы кескіндер мен спектрлер алады. Ол экзопланеталарды тікелей табуға қабілетті. 12 шілдеде Webb түсірген алғашқы толық кескіндер жарияланғанда, міндетті түрде MIRI-ден де жаңалық болады.
Image credit: NASA/Chris Gunn

УЭББТЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОЛЫҚТҮСТІ КЕСКІНДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУЫНА 10 КҮН ҚАЛДЫ
Уэбб ғарыштық телескопы алған алғашқы толықтүсті кескіндер 2022 жылы 12 шілдеде, Алматы уақытымен 20:30-да жарияланатын болды. НАСА олармен Годдард атындағы Ғарыштық ұшулар орталығынан жүргізілетін тікелей эфир барысында таныстырады. Суреттер бірінен кейін бірі жарияланып, Уэббтың бүкіл қуаты мен мүмкіндіктерін паш етеді.
Уэбб телескопында төрт ғылыми аспап бар:
— NIRCam таяу инфрақызыл диапазон камерасы;
— FGS/NIRISS дәл көзеу сенсоры / таяу инфрақызыл диапазонда кескін түзу құрылғысы және саңылаусыз спектрограф;
— NIRSpec таяу инфрақызыл диапазон спектрометрі;
— MIRI орта инфрақызыл аспабы.
Бұрын хабарлағанымыздай, NIRISS пен MIRI жұмысқа толық дайын, қалған екі аспаптың бір-бір режимін тексеріп, іске қосу қажет. Демек, бүгін телескоп 17 жұмыс режимінің 15-інде ғылыми зерттеу жүргізуге әзір.
Credit: NASA/STScI

🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ДОМАЛАҒАН ҚҰРТ ҮЙІРІ
Мына үйірлесіп домалаған құрттар — Perreyia flavipes егеуішінің құрттары. Бір қарағанда, олар биомимикрия, яғни басқаларға алып денелі болып көріну үшін топтасатын сияқты. Алайда құрттар мұны тез жылжу үшін жасайды. Транспортерше жылжитын астыңғы қабаттағы құрттар үстімен жорғалаған құрттың жерге қатысты жылдамдығы артатыны түсінікті. Астыңғы және үстіңгі қабаттағы орындарын үнемі ауыстырып отыру арқылы, құрт үйірі жеке құртпен салыстырғанда екі еседей жылдам қозғала алады.
Санта-Крустағы Калифорния университеті Баскин инжиниринг мектебінің зерттеушілері Райан Дикерхофф пен Паттавонг Пансодти бұл құбылыстың физикалық моделін қарастырды. Лего роботтары көмегімен жасалған симуляция бірлесе қозғалатын топтың жылдамдығы жеке роботпен салыстырғанда артатынын көрсетті.
#биодерек

❤1
ХАРКІВ ҮСТІНДЕГІ ҚҰС ЖОЛЫ
1,5 миллиондық мегаполистен Құс Жолын көру соғысқа дейін ешкімнің ойына да кіріп шықпаған шығар, бірақ Украинада енгізілген жарық тұмшалау режимі мұны шындыққа айналдырды. Харків — 50-ші параллельдегі (солтүстік ендік) ең үлкен қала, ол Прага, Краков, Өскемен, Майнцты артқа тастаған. 1919–1934 жылдары кеңестік Украинаның астанасы болған шаһарға 2022 жылы 6 наурызда «Қаһарман қала» атағы берілді.
Фото: Павло Пахоменко

🤩2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
CAPSTONE КУБСАТЫ АЙҒА БЕТТЕДІ
4 шілдеде Lunar Photon платформасы HyperCurie иондық қозғағышын соңғы рет қосып, CAPSTONE кубсатын өтпелі траекторияға шығарды. Кубсат та, платформаның өзі де екінші ғарыштық жылдамдыққа жетіп, Айға бағыт алды. Осылайша, Electron зымыранынан соң Lunar Photon үдеткіші де негізгі жұмысын мінсіз орындады. Платформа енді Ай тұсынан ұшып өтіп, оның бетін суретке түсіреді. Rocket Lab Айға ғарыш аппаратын жіберген екінші жекеменшік компания атанды.
Кубсат Айға дейінгі төрт айлық (!) саяхатын бастады. Ол жолай маневр жасауға өз қозғағыштарын да, Күн гравитациясын да пайдаланады. CAPSTONE Айды теңдесі жоқ орбитамен айналатыны сияқты, онда барар жолы да бұған дейінгі ешбір аппараттікіне ұқсамайды. 25 килограмдық 12U-кубсат Жер-Ай жүйесінің L2 Лагранж нүктесі айналасындағы түзусызықтық дерлік гало-орбитаға 13 қарашада шығуы тиіс.

🔥2
CAPSTONE БАЙЛАНЫСҚА ШЫҚПАЙ ҚАЛДЫ
4 шілдеде Айға бағытталған траекторияға сәтті шығарылған CAPSTONE кубсаты ертеңіне Жермен байланысқа шықпай қалған. Ол НАСА-ның Алыс ғарыштық байланыс желісі (DSN) стансаларына жауап бермей қойды. Мамандар байланысты қалпына келтіруге тырысуда. НАСА-ның айтуынша, алғашқы орбитаны түзету маневрін бірнеше күн кеш жасауға кубсаттың отыны жеткілікті.
Кубсатты Tyvak Nano-Satellite Systems пен Terran Orbital Corporation, иондық қозғағышты Stellar Exploration жасаған. CAPSTONE-ды Advanced Space компаниясы басқарады. Кубсаттың құны — $13,7 млн, ұшырылым құны — $10 млн. Миссияны НАСА қаржыландырады. Кубсатпен байланысты, оны қадағалау мен телеметрияны НАСА Реактивті қозғалыс зертханасы қамтамасыз етеді.
Credit: Rocket Lab

😱1