Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Кескін: Қазгидромет / zhaikpress
🤔1
ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ: 7 КӨКЕК 2024

Ирикла су қоймасына судың түсімі 7 көкектегі ресми дерек бойынша 2500 м³/с болып тұр. Бұл 5 көкектегі 2892 м³/с-тен сәл аз. Сондықтан Ирикладан шығатын ағын 500 м³/с-ке азайтылды. Демек, 7 көкек таңертеңгі ағын 1670 м³/с. Су қоймасының деңгейі 245 м БС-ке дейін көтерілді.

Ирикладан 60 км төмен Орск қаласын су басып кеткенін білесіздер. 2010 жылы 1 млрд рубльге тұрғызылып, 2500 м³/с ағынға шыдайды деген дамбы тасқынға төтеп бере алмады. Жалпы Орынбор облысы бойынша 6100-ден астам тұрғын үйді су алды. Орынбор пабликтерінде әңгімеге қарағанда, жайылмаға, өзекке үй-жай салу ол жақта кең тараған екен.

Орынбордың өзінде Жайықтың деңгейі 28 см-ге көтеріліп, 7 көкекте 856 см-ге жетті (қауіпті деңгей 930 см). Біздің Орал қаласында 7 көкекте Жайық 694 см-ге жетті, кеше 685 см болған (қауіпті деңгей 850 см). Бәйтерек ауданы, Чувашинское ауылында Шағанның деңгейі сәл түсті, 1309 см (кеше 1322 см). Бұл су енді Оралға келіп жатыр.
#2024жыл #геодерек
👍1
91. «М5 ШАР ТӘРІЗДІ ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ»

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Лео Шатц.

M5 Globular Cluster by Leo Shatz
Astronomy Photographer of the Year 2023
Mitzpe Ramon, Negev Desert, Israel, 28 April and 2 June 2022
#астрофото2023
👍1
ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ: 8 КӨКЕК 2024

Кеше Ирикла су қоймасынан шығатын ағын 500 м³/с-ке азайтылып, 1670 м³/с болып тұр. Соған қарамастан, 7 көкекте кешке Орск қаласында Жайықтың деңгейі 975 см-ге дейін көтерілді (+3 см). Бұл қала үшін қауіпті деңгей — 700 см. Орынборда 864 см (+3 см), қауіпті деңгей 930 см. 557 000 тұрғыны бар қалада тасқынның шыңы 10 көкекке болжанып отыр.

БҚО, Бәйтерек ауданы, Январцево ауылында 8 көкекте таңертең Жайық 777 см-ге жетті (+10 см). Мұндағы қауіпті деңгей 1250 см. Оралға қарай ағып жатқан судың шығыны 1808 м³/с шамасында.

Орал қаласында 8 көкекте таңертең Жайық 703 см-ге жетті (+9 см), қауіпті деңгей 850 см. Бәйтерек ауданы, Чувашинское ауылындағы Шағанның деңгейі 1274 см (6 көкекте 1322 см еді).
#геодерек
👍3
Сергеев су қоймасы
👍3
ҚАЗАҚСТАН СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ: 8 КӨКЕК 2024

Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасынан секундына 3250 текше метр су жіберіліп жатыр, су қоймасы 99%-ға толды, транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр, су жіберу көлемі ұлғаюы мүмкін. Қостанай облысында су тасқыны жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 3820 текше метр су жіберіледі, Петропавл су қоймасынан секундына 73 текше метр су жіберіледі, екі су қоймасы да 100% толы. Облыста су тасқыны жалғасып жатыр.

Ақмола облысындағы Астана су қоймасы транзиттік режимге көшті, қазір секундына 400 текше метр су жіберіледі және тура сол көлемде су келіп жатыр. Ақмола облысының Селетин су қоймасынан секундына 150 текше метр су жіберіледі. Нысан 99,4%-ға толды.

Батыс Қазақстан облысында әлі күнге дейін Шаған өзені деңгейінің көтерілуі байқалады, мұнда секундына 680 текше метр су жіберіліп жатыр, Деркөл өзені бойынша су деңгейі төмендеді. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтіледі.

Қазіргі уақытта Ақтөбе су қоймасында жағдай тұрақты. Нысан 97% толы, секундына 50 текше метр су жіберіліп жатыр. Қарғалы су қоймасы транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр. Су қабылдау және өткізу көлемі секундына 350 текше метр.

Келесі аптаның басында Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында су тасқыны болады деп күтілуде. Бұқтырма су қоймасына күтілетін орташа ағын 1780-2720 млн текше метр, Шүлбі су қоймасына – 2380-3730 млн текше метрді құрайды.

Ертіс өзені бойынша су ағыны күтілуде, сондықтан Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында әкімдіктер мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметкерлері су өткізу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шараларды атқарып жатыр.

Қарағанды облысының су қоймаларында су тасқынының шарықтау кезеңі өтті, су қоймалары транзиттік режимге көшті. Су қоймалары арқылы өзендердің ағынын реттеу нәтижесінде Қарағанды облысындағы су қоймаларынан төмен орналасқан елдімекендерді су басу қаупі барынша азайды.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
#геодерек
👍3
8 КӨКЕК 2024 — ТОЛЫҚ КҮН ТҰТЫЛУЫ

2024 жылғы 8 көкек, Алматы уақытымен 21:39 — 9 көкек, 00:56 аралығында Күн толық тұтылады (ең үлкен фазасы 1,057 — 23:17). Жартылай тұтылу 20:42 — 01:52 аралығында байқалады.

Тұтылу Солүстік Америка, Оңтүстік Американың солтүстігі, батыс Еуропа, Атлант пен Тынық мұхит айдынынан, соның ішінде толық фазасы — қос Американың кей аймақтары мен кейбір аралдардан көрінеді.

Күн толық тұтылған сәтте Шолпан, Юпитер және Понс-Брукс кометасы көрінеді деп айтылып жатыр. Дегенмен тұтылудың толық фазасының өзінде жарқырауы +4,5 ж.ш. кометаның байқалуы екіталай.

НАСА арнасындағы тікелей эфирлер 22:00-де басталады.

Кескін: Star Walk
#астрокүнтізбе
👍3
22:00-де НАСА толық күн тұтылуының ресми трансляциясы мен НАСА телескоптары көзқарасын көрсете бастайды. Мұқият қадағалайық, Күн толық көлегейленерден бір сәт бұрын "гауһар жүзік" эффектін көріп қалармыз.
👍2🔥1🌚1
9 КӨКЕК, 21:53 — СОҢҒЫ DELTA IV HEAVY ҰШЫРЫЛАДЫ

2024 жылғы 9 көкекте екі бірдей ауыр зымыран ұшырылмақшы. Алматы уақытымен 14:00-де ресейлік Ангара-А5 төртінші рет сыналады. Ол бұл жолы да орбитаға пайдалы жүктеме емес, масса-габариттік макет шығаруы тиіс. Ерекшелік — оның алдыңғы үш реттегідей Плесецк космодромынан емес, Восточныйдан ұшырылуы. Бұл зымыранда Персей үдеткіш блогы емес, Орион үдеткіш блогы қолданылады.

21:53-те Канаверал мүйісінен соңғы Delta IV Heavy самғайды. Тасығыш NROL-70 миссиясы аясында АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының жерсерігін орбитаға шығарады. Соңғы Delta жайлы жақында егжей-тегжейлі жазғанбыз.

Роскосмос пен НАСА-ның тікелей эфирлеріне сілтеме осы постың ішінде.
🔥2👍1
ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ: 9 КӨКЕК 2024

Ирикла су қоймасынан шығатын су мөлшері секундына 1670 текше метр болып тұрған. 9 көкек, 10:30-да ол 1500 м³/с-ке дейін азайтылды. Ириклаға құйылатын су 1480 м³/с-ге дейін кеміді. Орск қаласында Жайықтың деңгейі 9 көкекте 928 см-ге дейін түсті (-35 см). Бұл қала үшін қауіпті деңгей — 700 см. Орынборда 897 см (+25 см), қауіпті деңгей 930 см. Ресейдің облыс орталығын су ала бастады, тасқынның шыңы 10 көкекке болжанып отыр.

Орал қаласында 9 көкекте таңертең Жайық 710 см-ге жетті (+7 см), қауіпті деңгей 850 см. Ресейдегі Приузен су қоймасынан Қараөзенге 114 м³/с су жіберіліп жатыр, биылғы максимум 550 м³/с болған еді. Бұл өзендегі тасқын азайып келеді. Сарыөзендегі тасқын су кезеңі аяқталды. Деркөл мен Шағандағы су деңгейі төмендегені байқалуда. Мұның бәрі Ресейден ағып келетін өзендер.
#геодерек
👍1
Алмұрт ағашы үстіндегі толық күн тұтылуы. Төменде Шолпан көрініп тұр.
Индиана штаты, 8 көкек 2024 жыл
Фото авторы: Trevor Mahlmann
#фотокөрме
👍2
ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ГИДРОГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚҰРЫЛАДЫ

«Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметін құру туралы НҚА жобасы жарияланды. Ұлттық гидрогеологиялық қызмет жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстары және мемлекеттік мониторинг саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады. Жерасты суларын ұтымды пайдалану мәселесі ерекше бақылауда болады.

«Болжам бойынша, еліміздегі жерасты суларының көлемі шамамен 40 текше километр, оның ішінде 15 текше километр – пайдалануға дайын қор. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10%. Біз халықты ауыз сумен қамту, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жерасты су ресурстарын белсенді пайдалануға ниеттіміз. Бұл ретте еліміздің жерасты сулары қорларының сарқылуына және ластануына жол берілмейді», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
#геодерек
👍3
ҚАЗГИДРОМЕТ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШТІ

Негізі Қазгидрометтің Бақылау желісінің бақылаушы, синоптик, гидрологтары бұрыннан да 24/7 кестемен жұмыс істейді екен, 8 көкектен (!!) бұларға болжам, ақпарат қызметтері және Басшылық қосылыпты. Сонда соңғылары тасқын басталғалы 5 күн, 8 сағат жұмыс істеп келген болып тұр ғой. Наурыз мейрамында 5 күн демалды ма екен?

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
😁1
ПИТЕР ХИГГС (29.05.1929 — 8.04.2024)

Британ физик-теоретигі, Эдинбург университетінің профессоры Питер Уэр Хиггс (Peter Ware Higgs) 95 жасқа қараған шағында дүние салды. Ол 1964 жылы жарияланған іргелі мақалаларында электроәлсіз симметрияның спонтанды бұзылуының хиггстік механизмін сипаттап, басқа элементар бөлшектерге масса беретін әлдебір бозон барын болжаған.

2012 жылдың 4 шілдесінде Үлкен адрон коллайдеріндегі зерттеулер нәтижесінде бұл бөлшек эксперимент жүзінде табылды. Хиггс өрісінің квантының ашылуымен Элементар бөлшектердің стандарт моделі толық аяқталған күйге енді. Хиггс бозонын болжағаны үшін Питер Хиггс пен Франсуа Энглерге 2013 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы берілді.
#тұлға #ғылымтарихы
👍3🙏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
DELTA ЗЫМЫРАНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ АЯҚТАЛДЫ

2024 жылғы 9 көкекте, Алматы уақытымен 21:53-те ULA бірлескен ұшыру операторы соңғы Delta IV Heavy ауыр зымыранын ұшырды. Канаверал базасының SLC-37B ұшыру алаңынан самғаған тасығыш NROL-70 миссиясы аясында АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының жерсерігін орбитаға көтерді.

20 жылға жақын қызмет еткен зымыранның 16 ұшырылымының алғашқысы ішінара сәтсіз, қалғандары сәтті болды. Бұл тасығыш сонымен бірге, соңғы, 45-ші Delta IV әрі соңғы, 377-ші Delta зымыраны еді.

Credit: ULA
#ғарыштарихы #зымыранұшыру
👍1
ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ: 10 КӨКЕК 2024

Ирикла су қоймасынан шығатын су мөлшері 9 көкекте алдымен 1500 м³/с, кейін 1342 м³/с-ке дейін азайтылды. 10 көкек таңертең ағын 993 м³/с-ге дейін кеміді. 9 көкектегі түсім — 1680 м³/с (8 көкекте 2000 м³/с). Су қоймасындағы бос сыйымдылық — 15 млн м³.

Ирикладан келетін судың азаюы нәтижесінде Орск қаласындағы Жайықтың деңгейі 899 см-ге (-29 см) дейін түсті. Су басқан кейбір аудандардан қарғын кете бастады. Бірақ әлі 7000-дай үй суда тұр.

Болжанғандай, 10 көкекке қараған түні Орынбордағы Жайықтың деңгейі 930 см-лік қауіпті деңгейден асып кетті, 10 көкек, 10:00-дегі деңгей 989 см (бір тәулікте +92 см). 14:00-де 1000 см! Қалада 1910 үйді су басты. Бұл кезеңде су келмеген Советская көшесінде жұмысшылар былтыр төселген гранит плитканы жұлып тастап, орнына жаңасын салып жатыр екен.

Башқұртстаннан келетін Сақмар өзені 9 көкекте кешке 811 см-ге дейін көтерілді. Бұл өзен Орынбордың орталығында Жайыққа құяды. Міне, осы біріккен мол су 15-17-лерінде біздің Орал қаласына жететін шығар. Оралда 9 көкекте кешке Жайық 718 см-ге жетті, қауіпті деңгей 850 см.
#геодерек
🤨1
Орынбор
😱2
10 КӨКЕКТЕ ЖАЙЫҚ 10 МЕТРДЕН АСТЫ

2024 жылғы 10 көкек, 16:00-де Орынбор қаласындағы Жайықтың деңгейі 1010 см-ге жетті. 1993 жылғы тасқын кезінде бұл қаладағы ең жоғары көрсеткіш 974 см болған екен. Ал тарихи рекорд 1942 жылдың 3 мамырында тіркелген — 987 см. Биылғы су бұл рекордтан та асып түсті. Орынборда қауіпті деңгей 930 см деп саналады.

Осыған қарап Орал қаласында Жайықтың қанша көтерілетінін болжап көруге болады. Мұндағы кей жылғы максимумдар:
1942 ж. 8 мамыр — 942 см
1957 ж. 27 көкек — 932 см
1946 ж. 25 көкек — 884 см
1948 ж. 30 көкек — 853 см
1994 ж. 2 мамыр — 853 см
1993 ж. 5 мамыр — 804 см
Оралдағы Жайықтың қауіпті деңгейі 850 см.
#геодерек
😱2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
8 көкектегі Күн тұтылуы Starlink жерсерігінің көзімен
Credit: SpaceX
👍2
ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ: 11 КӨКЕК 2024

Ирикла су қоймасынан шығатын су мөлшері 11 көкекте 993-тен 902 м³/с-ке дейін азайтылды. 10 көкектегі түсім — 1370 м³/с (9 көкекте 1680 м³/с). Су қоймасындағы бос сыйымдылық — 15 млн м³.

11 көкек, 8:00-де Орынбордағы Жайықтың деңгейі 1060 см-ге жетті (бір тәулікте +71 см). Бұл қауіпті деңгейден 130 см-ге (!) жоғары. Ресейдің Орынбор облысы бойынша 12187 үйді су алып, 7457 адам көшірілген. Элиталық "Риверсайд" тұрғын үй кешенін қорғау үшін, ішіне су құйылатын бөгет қойылды. Кешеннің су қорғау зонасына салынғанын аты-ақ айтып тұр. Арнайы ұшақпен әкелінген бөгет суды өздеріне бұрып жібереді деп қауіптенген Овчинный қалашығы тұрғындары наразылыққа шықты. Билік өкілдері қой терісін илеушілер ұрпағын тыныштандыруға тырысты.

Орал қаласында 11 көкекте Жайық 728 см-ге жетті (+10 см), қауіпті деңгей 850 см. Шаған мен Деркөл түсіп келеді. Шыңғырлау ауданы Шілік ауылында Електің деңгейі 779 см-ге көтерілді (қауіпті деңгей 750 см).
#геодерек
👍1