Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Белгілі астрофотограф Элин Уоллес өмірден өтті. Шебердің бірнеше жұмысын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Фото: Alyn Wallace
#фотокөрме
👍2🙏1
SPACEX НАУРЫЗДА 12 ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ — ЖАҢА РЕКОРД!

SpaceX компаниясы 2024 жылғы 30 наурызда (Қазақстанда 31-і) үш зымыран ұшыруды жоспарлағанын білесіздер. Флоридадан Eutelsat 36D пен Starlink-6.45 миссиялары ойдағыдай көтерілді. Сөйтіп, SpaceX наурызда 12 миссия орындады — күнтізбелік ай үшін жаңа компания рекорды! 🏆

Алайда Калифорниядағы қолайсыз ауа райына байланысты, Starlink-7.18 миссиясы 1 (2) көкекте ғана ұшырылды (фотода). Бұл осымен 150-ші Starlink миссиясы. 🔔
Falcon 9 зымыраны барлығы 317 рет ұшырылсв, соның жартысына жуығы интернет-жерсеріктер топтамасын құруға бағытталған екен.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
👍1🔥1
Кеше жазғанымыздай, танымал астрофотограф Элин Уоллес 34 жасында ауыр науқастан көз жұмды. Астропейзаж шебері алғашқы жұмыстарын туған жері Уэльстегі Брекон-Биконс ұлттық паркінде түсірген. Халықаралық конкурстардың жеңімпазы, Photographing The Night Sky энциклопедиялық нұсқаулығының авторы соңғы жылдары Ыстамбұлда тұрған еді. Уоллестің шығармашылығымен сілтемелерден толығырақ танысуға болады.

Фото: Alyn Wallace
#фотокөрме #тұлға
👍1💔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
12P/Pons-Brooks кометасының жарқырауы 4,5 жұлдыздық шамаға жетті, оны күн бата сала дүрбімен көруге мүмкіндік бар.
👍3
ПОНС-БРУКС КОМЕТАСЫ МЕН ХАМАЛ ЖҰЛДЫЗЫ

12P/Pons-Brooks кометасы (+6m) мен Қозыдағы Хамал жұлдызы (+2m). 31 наурыз 2024, Тенерифе, Канар аралдары, Испания.
Фото авторы: Fritz Helmut Hemmerich

Бүгін комета +3,8 жұлдыздық шамаға дейін жарқылдады деген дерек бар! Демек ол тасқараңғы жерден жай көзбен көрінуі ықтимал. Бірақ дүрбімен жарақтанған абзал. Құйрықты жұлдыз ақшамда батыс көкжиек үстінен бақыланатынын еске саламыз.
#астрокүнтізбе
👍2👀1
SH B11 СТАРТҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

Starship S29 прототипі ұшуға одан әрі дайындау үшін стартттан өндірістік аумаққа әкетілді. Ал SH B11 үдеткіші, керісінше, ұшу алаңына шығарылды! Жақында оның тұтандыру сынақтарын көріп қалармыз.
👍2
12P/Pons-Brooks кометасының жарқырауы +4,0 жұлдыздық шамаға жеткені бақыланған, демек оны қараңғы жерлерден жай көзбен көруге мүмкіндік бар. Сенімді бақылау үшін дүрбі ала шыққан дұрыс. Күн батысымен, батыс көкжиек үстіне, жарқыраған Юпитер мен Тоқты шоқжұлдызының арасына көз тігіңіздер.

Фото авторы: Petr Horálek
👍2
12P/Pons-Brooks кометасының жарқырауы +3,8 жұлдыздық шамаға дейін артты.
Фото авторы: Mazin Bashir. 3 көкек 2024
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін SH B11 үдеткішінің статикалық тұтандыру сынағы өткізілді.
Credit: SpaceX
👍3
ҚАРҒЫН-2024

Гидролог, гидротехник болмасақ та, су тасқыны жайлы бір-екі ауыз пікір білдірейік. Қарғын судың молдығына қыс бойғы тұрақты суық ауа райының әсерінен жерге тоң қатып, күрт еріген қар суының сіңбеуі себеп болса керек. Ал тоң қатпаған Жылой секілді өңірлерді өрден ағып келген мол су басып жатыр. Бұл — табиғи фактор.

Ал енді бұл тасқынның салдары ауыр болуының себебі — адами факторда, әдеттегідей, жауапты тұлғалардың бейкәсібилігі мен салғырттығында. Мұның кейбір көріністері:
— гидротехникалық нысандардың қараусыз, күтімсіз, бақылаусыз, жөндеусіз, кейбірінің тіпті иесіз, тіркеусіз тұруы;
— суағар сай-салаларға, өзектерге, жайылмаларға, су қорғау зоналарына рұқсатпен не рұқсатсыз үй-жай салып тастау, мұны тексермеу;
— қар жамылғысы мен тоңның қалыңдығын, еру қарқынын, суағарлардағы жағдайды, т.с.с. үздіксіз қадағалап (мониторинг) отырмау;
— жерсерік деректерінің алынбауы немесе талданбауы, болжам жасамау; талданған, болжанған күнде тиісті мекемелерге уақтылы хабарланбауы;
— алдын-алу шараларының дер кезінде ұйымдастырылмауы, халықтың ескертілмеуі;
— өткен бірнеше жылдағы кішірек тасқындардан қорытынды шығармау, стихияның себебімен емес, салдарымен ғана күресу, түсініктірек қылып айтқанда, соны жоюға жылда бөлінетін мол қаржыны "игеруге" тырысу.

Тағы осы сияқты нәрселерді тізіп айта беруге болады, бірақ соның бәрінің себебі бейкәсібилікте, жауапсыздықта, ұрлықта, парада — яғни, түптеп келгенде, елдің өн бойын жайлаған сыбайлас жемқорлықта жатыр. Мысалы, хабардар бір азаматтың түсіндіруінше, ауыр техниканың жетіспеуі оның қымбаттығынан, ал қымбаттықтың төркіні атышулы "утильсборда" жатыр екен.

Осы жәйттерді ұқтырмау үшін енгізілді ме, әлде қоғамдағы географиялық білімнің төмендігінен бе, соңғы кезде бір пікір кең тарап кетті. Ол — "қардың суы мұнша болмайды, суды Ресей бізге әдейі ағызып жатыр" деген пікір. Бұл шындыққа сәйкес емес (әзірге). Ертіс, Есіл, Тобыл, Қобда, Елек өзендері, керісінше, Қазақстаннан Ресейге ағады. Ал Жем, Ойыл, Торғай, Ырғыз, Шідерті, Аягөз, Бұқтырма, Терісаққан, т.б. — өзіміздің ішкі өзендер. Бұл осы өзендердің бассейніне кіретін сай-сала, өзектерге де қатысты. Әрине, Ресейден бізге ағатын өзендер де бар, соның бірімен, яғни Жайықпен нағыз тасқын келе жатыр, бірақ әзірше келген жоқ. Бұл жөнінде арнайы пост болады.

Кінәліні сырттан іздеу қажет емес, жауапты — осындай мемлекет құрған, осындай қоғам қалыптастырған біз өзіміз.
#көбәріп #2024жыл #геодерек
👍2
ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ: 6 КӨКЕК 2024

Ресейден Батыс Қазақстан облысына 5 өзен ағып келетіні белгілі: Жайық, Шаған, Қараөзен, Сарыөзен, Деркөл. Бұлардың ең ірісі, әрине, Жайық (Ресейде Урал аталады). Жайықтың сипаттамаларын бұл жерде келтірмейміз. Өзеннің осы ғасырдағы жайы 2017 жылы толық зерттелген еді, оның нәтижесі құжатта.

Жайықтың суын реттеу үшін Ресейдің Орынбор облысында Ирикла су қоймасы салынған. Су торабына су қоймасынан басқа Ирикла СЭС-і мен оның плотинасы кіреді. 1966 жылы толтырылған қойманың айдынының ауданы 260 км², көлемі 3,257 км³. Су қоймасына құйылатын судың жылдық орташа түсімі 43,8 м³/с (секундына текше метр).

2024 жылғы 1 көкектен бастап Ирикладан шығарылатын су ағыны күрт арттырыла келіп, 4 көкекте кешке 2170 м³/с-ке жеткізілді. Бұл тарихи рекорд, ол Қазақстанды су бассын деп жасалып жатқан жоқ. Көктемгі тасқынға байланысты қоймаға құйылатын түсім ерекше молайып отыр: мысалы, 4 көкекте кешке 2644 м³/с, 5 көкекте таңертең 2892 м³/с, кешке 2500 м³/с, 6 көкекте таңертең — 2410 м³/с.

Негізі Ирикла биылғы көктемгі мол суға дайындалған. Көктемгі тасқынды қабылдау үшін қойманың деңгейі 243,1 м БС болуы керек болса, биыл 12 наурызда ол 242,42 м БС-ке дейін түсірілген. 5 көкектегі су деңгейі 244,75 м БУ (норма 245 м БУ).

Сонымен, Орынбор облысы үкіметінің 6 көкектегі дерегінше, Ириклаға 2410 м³/с су түсіп, 2170 м³/с су ағып жатыр. Қойма 92%-ке толып тұр. Су Ирикла плотинасын БҰЗҒАН ЖОҚ. Мұндай ақпарат жалған.

Ирикла су қоймасының әлі толатын резерві бар. 1994 жылғы тасқын кезінде ол 3300 м³/с түсімді қабылдап, 3422 км³ (пайдалы көлемінің 106%) суды ұстап тұра алған. Бірақ ол жылы 1300 м³/с су ағызылса, қазір ағын бұрынғы рекордтан 1,67 есе асып, 2170 м³/с-ге жетіп отыр.

Бұл рекордтың қандай салдары болып жатыр? 4 көкекте кешке тасқын Орынбор облысы Орск қаласындағы 2500 м³/с ағынға шыдайды деген бөгенді бұзып, қаланың кей аудандарын су алды. Өлім-жітім бар. Жайықтың Орскідегі қауіпсіз деңгейі 700 см болса, 5-не таңертең су 744 см-ге жетті.

Ал біздің Орал қаласындағы Жайықтың қауіпсіз деңгейі 850 см, 1957 жылы тасығанда 932 см-ге дейін көтерілген. Қазгидрометтің 6 көкек таңертеңгі дерегі бойынша, су 685 см-ге жетті. Осыған байланысты су 1, 2, 3 Саяжай ықшамаудандарына жайыла бастаған. Бірақ негізгі тасқын су Орал қаласына ӘЛІ ЖЕТКЕН ЖОҚ! Қала, облыс, одан төмен Атырау аймағы бұл тасқынға дайын болсын деп тілейік.

Шекарадағы Бәйтерек ауданының Чувашинское ауылында Шағанның деңгейі 1322 см-ге жетті (қауіпсіз 1280-1300 см). Елек: Шыңғырлауда 785 см (750 см). Көшім каналы: Көшімде 722 см (800 см). Батыс Қазақстан облысы мен Ресей өзендеріндегі жағдайды Жайықпресс сайтынан қадағалай аласыздар.

#көбәріп #2024жыл #геодерек
🤔1