28 НАУРЫЗДА СОҢҒЫ DELTA IV HEAVY ҰШЫРЫЛАДЫ
2024 жылғы 28 наурызда, Алматы уақытымен 22:40-та ULA бірлескен ұшыру операторы 16-шы әрі соңғы Delta IV Heavy ауыр зымыранын ұшырады. Канаверал базасының SLC-37B ұшыру алаңынан көтерілген тасығыш NROL-70 миссиясы аясында АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының жерсерігін орбитаға шығаруы тиіс.
Delta IV Heavy 2004–2018 жылдар аралығында, яғни Falcon Heavy қатарға қосылғанша, дүниедегі ең ауыр жүк көтеретін зымыран саналып келді. Ол төмен жермаңы орбитаға 28 790 кг, геоөтпелі орбитаға 14 220 кг, геостационарға 6750 кг пайдалы жүктеме шығара алады. Бірінші саты мен қапталдағы қос үдеткіш CBC әмбебап зымыран модульдері болып табылады. Бұлардағы үш RS-68A қозғағышы, DCSS екінші сатысындағы RL-10-B-2 агрегаты сияқты, сұйық сутегі мен сұйық оттегін жағады. Демек, Дельта 4 Хэви — барлық сатысы мен үдеткіштері сутегімен істейтін теңдессіз машина. Зымыранның массасы 733 т, биіктігі 72 м, диаметрі 5 м, үдеткіштермен қоса алғандағы ені 15 м.
Өте сирек, шамамен жылына бір самғайтын ауыр машинаны Boeing корпорациясы жасаса, ғарышқа ULA кәсіпорны ұшырады. 2004 ж. 21 желтоқсандағы алғашқы ұшырылым ішінара сәтсіз болғанымен, кейінгі 13-і сәтті өтті. Delta IV Heavy негізінен АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының (NRO) жерсеріктерін ұшыруға қолданылады. Тек екі миссия азаматтық болды: 2014 ж. 5 желтоқсандағы Орион ғарыш кемесінің сынағы және 2018 ж. 12 тамызда Паркер күн зондын сары жұлдыз маңына аттандыру. Зымыран Ғарыш күштерінің Канаверал базасындағы SLC-37B және Ванденберг базасындағы SLC-6 ұшыру алаңдарынан көтерілетін. Бір ұшырылым құны 440 миллион доллар шамасында.
Сонымен, ертең соңғы, 16-шы Delta IV Heavy, соңғы, 45-ші Delta IV, соңғы, 377-ші Delta, ақыры, 66 жылдық тарихы бар Thor-Delta әулетіне жататын соңғы, 602-ші зымыран ұшырылады. Тарихи оқиғаның тікелей эфирі — сілтемеде.
#ғарыштарихы

👍2🤯1
ПОНС-БРУКС КОМЕТАСЫН ДҮРБІМЕН КӨРУГЕ БОЛАДЫ
12P/Pons-Brooks кометасының жарықтығы пәлендей арта қоймады, ол 4,9 ж.ш. деп бағаланып отыр. Демек, оны кешке дүрбімен ғана көруге болады. Комета қазір Үшбұрыш пен Тоқтының тура ортасында.
#астрокүнтізбе

👍2👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP S29: ЕКІНШІ ТҰТАНДЫРУ СЫНАҒЫ
2024 жылғы 27 наурызда Starship S29 прототипінің бір Raptor қозғағышы қонуға арналған кіші бактардан отын ала отырып тұтандырылды. Бұл сынақ мотордың ғарышта қайта қосылуын пысықтады.
#жұлдызкеме

👍2
ПОНС-БРУКС КОМЕТАСЫ ҚОЗЫДА
12P/Pons-Brooks кометасы Тоқты шоқжұлдызының аумағына енді, бүгін ол мұндағы ең жарық жұлдыздар Хамал мен Шератанның арасынан көрінеді. Өкініштісі, кометаның жарқырауы 5,3 жұлдыздық шама маңында, жарқылдаған сәтте ол 4,8-ге дейін артқан. 31 наурызда құйрықты жұлдыз Тоқтының альфасы Хамалмен түйіседі.
Арабтар латынша Aries аталатын шоқжұлдыздың өзін де оның ең жарық жұлдызының атымен Хамал дейді. Күн хижрасы мен қазақтың жұлдыз есебінің 21 наурызда басталған бірінші айы Hamal / Амал, өз кезегінде, шоқжұлдыздың атын алған. Шоқжұлдыздың көне түркіше аты, қазір айтып жүргеніміздей Тоқты емес, Қозы. Сонымен, Амал жұлдызын іздеушілер үшін ақпарат: ол, біріншіден, Қозы (Тоқты, Aries, Овен) шоқжұлдызының арабша атауы, екіншіден, сондағы ең жарық жұлдыздың аты.
Сызба: Star Walk

89. «B33 АТБАСЫ ТҰМАНДЫҒЫ»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джош Джонс. Үшарқар-Таразыдағы күңгірт тұмандық жайлы толығырақ.
B33 Horsehead Nebula by Josh Jones
Astronomy Photographer of the Year 2023
Pendleton, Oregon, USA, 7–8 and 10–12 October 2022
#астрофото2023

👍1🤯1
ЖАРТЫ ҒАСЫР БҰРЫН МАРИНЕР-10 АППАРАТЫ МЕРКУРИЙГЕ ЖАҚЫНДАДЫ
Осыдан тура 50 жыл бұрын, 1974 жылғы 29 наурызда НАСА-ның Mariner 10 ғарыш аппараты Меркурийден небәрі 703 километрде өтіп, планета бетінің тарихтағы алғашқы айқын суреттерін Жерге жіберді. Зонд кейін бірінші планета тұсынан тағы екі рет өтті: 1974 ж. 21 қыркүйекте (48 069 км) және 1975 ж. 16 наурызда (327 км). Үш жолы да күн сәулесі Меркурийдің белгілі бір жағына түсіп тұрды. Сол себепті, Маринер 2800 фото түсіргенімен, ол жасаған карта ғаламшар бетінің 40–45%-ін ғана қамтиды.
Меркурий беті Айдікіне ұқсас, кратерлерге толы болып шықты. Айырмашылығы, кішкентай планетада ерекше биік әрі өте ұзын құлама жарлар (эскарптар) бар екен. Маринер-10 Меркурий бетінің температурасы мен алғаш рет магнит өрісін өлшеді. Аппарат планетаның атмосферасы жоққа тән екенін (өте сирек гелий газы ғана бар) ашты.
Mariner 10 1973 жылы 3 қарашада, Шолпан мен Меркурийді зерттеу мақсатында ұшырылды. Ол:
екі бірдей планета тұсынан өткен, Күн жүйесі ішіндегі саяхатқа гравитациялық эффект көмегін пайдаланған, Меркурийге жеткен, қозғалу үшін күн жарығының қысымын қолданған, бір аспан денесі тұсынан бірнеше рет өткен тарихтағы алғашқы аппарат.
Бірінші планетаға келесі аппарат 2008 жылы ғана жақындады: НАСА-ның Messenger зонды. Қазір Меркурийге бара жатқан екі бірдей орбитер жайлы роликтерде айтылады. Осы аптада, Меркурийді Күн ұясына қонысымен батыс көкжиек үстінен көруге болатынын еске саламыз.

YouTube
BepiColombo: Меркурийді зерттеу
Меркурий – Күн жүйесіндегі ішкі планеталардың ең аз зерттелгені. 2018 жылы 20 қазанда ұшырылған Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) мен Жапон әуе-ғарыш зерттеулер агенттігінің (JAXA) бірлескен BepiColombo миссиясы ең кішкентай тас планетаның құпияларын ашпақ.
BepiColombo…
BepiColombo…
👍2
SPACEX 5 САҒАТТА 3 ЗЫМЫРАН ҰШЫРУЫ МҮМКІН
SpaceX 4 наурызда 20 сағат ішінде үш зымыран ұшырып, компания рекордын жаңартқанын жазғанбыз. Енді 30 наурызда 4 сағат 38 минут аралығында (Қазақстанда 31-не қараған түні 2:52, 6:02, 7:30) компанияның үш ұшыру алаңынан үш Falcon 9 зымыранын көтеру жоспарланып отыр. Бұлардың біріншісі дүние жүзі бойынша 2024 жылғы 60-шы орбиталық ұшырылым әрекеті, ал SpaceX үшін 30-шысы болады. Бәрі ойдағыдай өтсе, компанияның 7 рекорды жаңаруы тиіс!
Credit: SpaceX

👍1