Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
КЕШКЕ МЕРКУРИЙДІ КӨРУГЕ МҮМКІНДІК БАР!

Меркурий Күнге тым жақын болғандықтан, оны бақылау әдетте тым қиын. Көкжиектен сәл ғана биік кішкене ақ нүктені таңғы не кешкі шапақ фонынан байқау оңай емес. Дегенмен жылына бірнеше рет, планетаның элонгациясы (Күннен бұрыштық ара қашықтығы) артқан кездері бақылау оңайлайды. Меркурийдің шығыс элонгациясы үлкен болғанда оны кешке, ал батыс элонгациясы артқанда таңсәріде көруге болады. Сондықтан шығыс элонгация кешкі, батыс элонгация таңғы деп те аталады.

Меркурийді бақылауға ең қолайлы мүмкіндік оның көкжиектен барынша биік көтерілетін кезі элонгация шыңына тұспа-тұс келгенде туады. Солтүстік жартышардың орта ендіктерінде бұл кешкі элонгация көктемге, ал таңғы элонгация күзге келген мезгіл. Бұл кезеңде Меркурий кешке Күн батқаннан жарты сағаттан соң, ал таңда планета туысымен жарты сағат өткеннен Күн шыққанша көрінеді. Атмосфераның мөлдірлігі мен жер бедеріне қарай оны бір сағатқа дейін бақылауға болады.

2024 жылы Меркурийдің көктемгі ең үлкен (18,7°) кешкі элонгациясы 24 наурызға түсті. Демек қазір оны көруге оңтайлы кезең туып тұр. Күн батқаннан жарты сағат өте, батыс көкжиектен 10 градустай жоғарыдан +0,1 жұлдыздық шамадағы шырақты іздеңіз. Жарқыраған Юпитер мен Күн батқан тұстың арасынан біршама жарық "жұлдыз" көрсеңіз, сол — Меркурий, бұл маңда басқа ондай жұлдыз жоқ.
#астрокүнтізбе
👍2
12P/PONS-BROOKS КОМЕТАСЫ КӨРІНЕ БАСТАДЫ

70 жылда айналып келіп отыратын 12P/Pons-Brooks кометасы 2024 жылғы 20 көкектегі кезекті перигелиіне жақындап қалды. Ол қазір Күннен 137 млн км, ал Жерден 242 млн км қашықтықта. Соңғы бақылау дерегі бойынша, құйрықты жұлдыздың жарықтығы +5 жұлдыздық шамаға жеткен. Демек оны, теория бойынша, жай көзбен көруге болады.

Әрине кометаны қаладан да, жасанды жарығы мол ауылдан да көре алмаймыз. Бірақ дүрбілі бақылаушы Понс-Брукс кометасын байқауы әбден мүмкін. Немесе тас қараңғы далалық жерге шығып, жай көзбен де көруге әрекет жасауға болады.

12P қазір Үшбұрыш шоқжұлдызынан шығып, Тоқтыға қарай жылжып келеді. Оны көру үшін, қараңғы түсісімен батыс көкжиек үстіне қарау керек. Комета жарқыраған Юпитердің оң жағында, Үшбұрыштың сүйір бұрышынан сәл төменірек орналасады. Қараңғы түспей тұрып, сол маңнан Меркурийді де бақылауды ұмытпаңыз.
#астрокүнтізбе
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
СОЮЗ МС-25 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ХҒС-ПЕН ТҮЙІСТІ

Жоспарланғандай, 25 наурыз, 20:10-да «Союз МС-25» ғарыш кемесі ХҒС-тың ресейлік сегментінің «Причал» модуліне түйісті. Біраздан соң люктер ашылып, Олег Новицкий (Роскосмос), Трейси Дайсон (НАСА) мен Марина Василевская (Беларусь) стансаға енді.

Дәстүр бойынша, жаңа келген ғарышкерлердің ХҒС-тағы жетілікпен көрісу видеосын жариялаймыз. Өкінішке қарай, бұрынғы «Белавиа» стюардессасы Марина камераны тасалап, көрініс онша болмай қалды 😁
#хғс
👍1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

25 наурызда Starship S29 прототипінің барлық алты Raptor қозғағышы толық уақытқа іске қосылды. Бүгін екінші тұтандыру сынағы өткізіледі. Көлденең қиындық тумаса, IFT-4 миссиясы мамырда ұшады деп болжанып отыр.
👍1
12P/ПОНС-БРУКС КОМЕТАСЫ M33 ГАЛАКТИКАСЫ ФОНЫНДА

Үшбұрыш шоқжұлдызында орналасқан М33 — аспанымыздағы жарықтығы бойынша екінші галактика. Ол Жерден 2,7 миллион жарық жылы қашықтықта.

Фото авторы: Scott Tucker, Аризона, 21 наурыз 2024
объектив Canon 200 мм, f/2L, камера ZWO ASI2600MC
#фотокөрме
👍1👀1
28 НАУРЫЗДА СОҢҒЫ DELTA IV HEAVY ҰШЫРЫЛАДЫ

2024 жылғы 28 наурызда, Алматы уақытымен 22:40-та ULA бірлескен ұшыру операторы 16-шы әрі соңғы Delta IV Heavy ауыр зымыранын ұшырады. Канаверал базасының SLC-37B ұшыру алаңынан көтерілген тасығыш NROL-70 миссиясы аясында АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының жерсерігін орбитаға шығаруы тиіс.

Delta IV Heavy 2004–2018 жылдар аралығында, яғни Falcon Heavy қатарға қосылғанша, дүниедегі ең ауыр жүк көтеретін зымыран саналып келді. Ол төмен жермаңы орбитаға 28 790 кг, геоөтпелі орбитаға 14 220 кг, геостационарға 6750 кг пайдалы жүктеме шығара алады. Бірінші саты мен қапталдағы қос үдеткіш CBC әмбебап зымыран модульдері болып табылады. Бұлардағы үш RS-68A қозғағышы, DCSS екінші сатысындағы RL-10-B-2 агрегаты сияқты, сұйық сутегі мен сұйық оттегін жағады. Демек, Дельта 4 Хэви — барлық сатысы мен үдеткіштері сутегімен істейтін теңдессіз машина. Зымыранның массасы 733 т, биіктігі 72 м, диаметрі 5 м, үдеткіштермен қоса алғандағы ені 15 м.

Өте сирек, шамамен жылына бір самғайтын ауыр машинаны Boeing корпорациясы жасаса, ғарышқа ULA кәсіпорны ұшырады. 2004 ж. 21 желтоқсандағы алғашқы ұшырылым ішінара сәтсіз болғанымен, кейінгі 13-і сәтті өтті. Delta IV Heavy негізінен АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының (NRO) жерсеріктерін ұшыруға қолданылады. Тек екі миссия азаматтық болды: 2014 ж. 5 желтоқсандағы Орион ғарыш кемесінің сынағы және 2018 ж. 12 тамызда Паркер күн зондын сары жұлдыз маңына аттандыру. Зымыран Ғарыш күштерінің Канаверал базасындағы SLC-37B және Ванденберг базасындағы SLC-6 ұшыру алаңдарынан көтерілетін. Бір ұшырылым құны 440 миллион доллар шамасында.

Сонымен, ертең соңғы, 16-шы Delta IV Heavy, соңғы, 45-ші Delta IV, соңғы, 377-ші Delta, ақыры, 66 жылдық тарихы бар Thor-Delta әулетіне жататын соңғы, 602-ші зымыран ұшырылады. Тарихи оқиғаның тікелей эфирі — сілтемеде.

#ғарыштарихы
👍2🤯1
ПОНС-БРУКС КОМЕТАСЫН ДҮРБІМЕН КӨРУГЕ БОЛАДЫ

12P/Pons-Brooks кометасының жарықтығы пәлендей арта қоймады, ол 4,9 ж.ш. деп бағаланып отыр. Демек, оны кешке дүрбімен ғана көруге болады. Комета қазір Үшбұрыш пен Тоқтының тура ортасында.
#астрокүнтізбе
👍2👀1