Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
UPD. 24 САҒАТҚА ШЕГЕРІЛДІ
21 НАУРЫЗ, 18:21-ДЕ БАЙҚОҢЫРДАН СОЮЗ МС-25 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛАДЫ

Роскосмос 2024 жылғы 21 наурызда, Алматы уақытымен 18:21-де Байқоңыр ғарыш айлағының №31/6 ұшыру алаңынан «Союз-2.1а» зымыранын ұшырады. Ол көтеретін «Союз МС-25» ғарыш кемесінің экипажы: командир — Олег Новицкий (Роскосмос, 4-ші ғарыш сапары), бортинженер Трейси Дайсон (НАСА, 3), ғарыш сапарына қатысушы — Марина Василевская (Беларусь, 1). Қысқа схемамен ұшатын кеме Халықаралық ғарыш стансасына екі айналымнан кейін, яғни 3 сағат өте түйісуі тиіс.

Новицкий мен Василевская стансада бірнеше күн өткізіп, басқа НАСА астронавткасы Лорел О’Харамен бірге «Союз МС-24» кемесімен Жерге оралады. Бұл кемемен аттанған космонавтар Олег Кононенко мен Николай Чуб екінші мерзімге қалып, 375 тәуліктік миссиясын жалғастырады.

Кешкі ұшырылым болғандықтан, көкжиек астындағы Күн жарықтандырған зымыран газдарының жайылуын — «медузаны» бақылауға болар еді. Ал Шығыс Қазақстаннан 2-сатының атмосфераға еніп, жанып кетуі де көрінер еді. Алайда ауа райы бұған мүмкіндік бермей тұр.
#зымыранұшыру
ҒАРЫШКЕРЛЕР БАЙҚОҢЫРДАН 23 НАУРЫЗДА ҰШАТЫН БОЛДЫ

«Союз МС-25» ғарыш кемесінің ұшырылымы 2024 жылғы 23 наурыз, Алматы уақытымен 17:36-ға шегерілді. 21 наурызда, «Союз-2.1а» зымыраны енді көтерілер сәтте автоматика старт процедурасын тоқтатқан еді. Роскосмос басшысы Ю. Борисовтың айтуынша, бұған химиялық тоқ көзінің кернеуінің түсіп кетуі себеп болған. Яғни әлдебір аккумулятор отырып қалса керек.
ҚЫТАЙ ЕКІНШІ АЙ РЕТРАНСЛЯТОРЫН ҰШЫРДЫ

2024 жылғы 20 наурызда Вэньчань ғарыш айлағынан көтерілген Чанчжэн-8 зымыраны Queqiao-2 ғарыш аппаратын 200 х 420 000 км жермаңы орбитаға шығарды. Queqiao-2 кейін Ай маңындағы 300 х 8600 км жоғары эллипс орбитаға өтуі тиіс. Бұл орбитаның көп бөлігінде ол Жермен де, Айдың арғы бетінен топырақ әкелетін Chang'e-6 және Айдың оңтүстік поляр аймағын зерттейтін Chang'e-7, Chang'e-8 аппараттарымен де тікелей байланыста бола алады.

Queqiao-2 (Цюэцяо-2) Айдың арғы бетіндегі аппараттардан хабар жеткізуге арналған. Оның массасы 1200 кг. 4,2 метрлік параболалық антенна орбитада ашылуы тиіс. Queqiao-2 бейтарап атомдар детекторы мен ультракүлгін камерамен жабдықталған. Ол Жердегі телескоптармен бірлесе, базасы өте ұзын (400 000 км) интерферометр режимінде эксперименттік радиобақылау жүргізуге де әрекеттенеді.

Ретранслятормен бірге Айға Tiandu-1, Tiandu-2 экспериментал серіктері де аттанды. Бұл екеуі лазер мен микротолқындар көмегімен бағдарлау және Ай орбитасынан Жермен дерек алмасу тәжірибесін өткізеді. Queqiao-2-дің ұшырылуымен Қытай Ай бағдарламасының 4-ші фазасы басталды. Қытайдың алтыншы ай миссиясы биылғы мамырда, ал Chang'e-7, Chang'e-8 лендерлері — сәйкесінше 2026, 2028 жылдары ұшырылады деп жоспарланған.

Айдың арғы бетінде 2019 жылдың 3 қаңтарынан бері Chang'e-4 лендері мен Yutu-2 ровері жұмыс істеп тұрғаны белгілі. Бұлардың сигналын Жерге 2018 жылы мамырда ұшырылған Queqiao-1 ретрансляторы хабарлап тұр. Атауы «Сауысқандар көпірі» деген мағынаны білдіретін айсерік жайлы біздің арнада арнайы ролик бар. Ал ретрансляторлар неге бұлай аталғанын басқа роликтен біле аласыздар.
#ҚытайҒарышта
👍1
Credit: Zhang Lihua / Space: Science&Technology, 2021
👍1
БАЙҚОҢЫРДАН СОЮЗ МС-25 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛДЫ

2024 жылғы 23 наурызда, Алматы уақытымен 17:36-да Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңынан «Союз МС-25» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды. Оның бортында командир — Олег Новицкий (Роскосмос, 4-ші ғарыш сапары), бортинженер Трейси Дайсон (НАСА, 3), ғарыш сапарына қатысушы — Марина Василевская (Беларусь, 1) бар. Кеме ХҒС-тың ресейлік сегментінің «Причал» модуліне 25 наурыз, 20:10-да түйісуі тиіс.

ХҒС-тың 21-ші қатынау экспедициясы барысында 12 күн жұмыс істейтін Новицкий мен Василевская Жерге 6 көкекте «Союз МС-24» кемесімен оралады. Олармен бірге НАСА астронавты Лорел О’Хара қайтады. Дайсон ХҒС-71 ұзақ мерзімді экспедициясы құрамына еніп, 23 қыркүйекте Роскосмос космонавтары Олег Кононенко мен Николай Чубпен бірге оралады.

Марина Василевская — ғарышқа шыққан Беларусь Республикасының бірінші азаматы. Новицкий де Беларусьта туғанымен, қазір Ресей азаматы. «Союз-2.1а» зымыраны 67-ші рет, «Союз» типті ғарыш кемесі — 175-ші (оның 71-і — ХҒС-қа) рет ұшырылып отыр. Ресей биылғы 4-ші зымыранын, соның ішінде Байқоңырдан екіншісін ұшырды.
#зымыранұшыру
🔥2👍1
Фото: Роскосмос
88. «МАҢҒАЗ БҮЙІ ТҰМАНДЫҒЫ»

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Стив Боди.

The Majestic Tarantula Nebula by Steeve Body
Astronomy Photographer of the Year 2023
Bentleigh, Victoria, Australia, 3–6 October 2022
#астрофото2023
👍2
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

IFT-4 миссиясына арналған Starship S29 прототипі тұтандыру сынақтарын өткізу үшін старт кешеніне шығарылды.
👍2
ҚЫСҚЫ ЖҰЛДЫЗДАРМЕН ҚОШТАСУ

Наурыздың аяғында, қараңғы түсісімен бірден оңтүстікке бет бұрсаңыз, Қысқы Дөңгелек және оның ішіндегі Қысқы Үшбұрыш астеризмдерін көруге соңғы мүмкіндік бар. Қосымша ақпарат — бейнероликте.
👍2
КЕШКЕ МЕРКУРИЙДІ КӨРУГЕ МҮМКІНДІК БАР!

Меркурий Күнге тым жақын болғандықтан, оны бақылау әдетте тым қиын. Көкжиектен сәл ғана биік кішкене ақ нүктені таңғы не кешкі шапақ фонынан байқау оңай емес. Дегенмен жылына бірнеше рет, планетаның элонгациясы (Күннен бұрыштық ара қашықтығы) артқан кездері бақылау оңайлайды. Меркурийдің шығыс элонгациясы үлкен болғанда оны кешке, ал батыс элонгациясы артқанда таңсәріде көруге болады. Сондықтан шығыс элонгация кешкі, батыс элонгация таңғы деп те аталады.

Меркурийді бақылауға ең қолайлы мүмкіндік оның көкжиектен барынша биік көтерілетін кезі элонгация шыңына тұспа-тұс келгенде туады. Солтүстік жартышардың орта ендіктерінде бұл кешкі элонгация көктемге, ал таңғы элонгация күзге келген мезгіл. Бұл кезеңде Меркурий кешке Күн батқаннан жарты сағаттан соң, ал таңда планета туысымен жарты сағат өткеннен Күн шыққанша көрінеді. Атмосфераның мөлдірлігі мен жер бедеріне қарай оны бір сағатқа дейін бақылауға болады.

2024 жылы Меркурийдің көктемгі ең үлкен (18,7°) кешкі элонгациясы 24 наурызға түсті. Демек қазір оны көруге оңтайлы кезең туып тұр. Күн батқаннан жарты сағат өте, батыс көкжиектен 10 градустай жоғарыдан +0,1 жұлдыздық шамадағы шырақты іздеңіз. Жарқыраған Юпитер мен Күн батқан тұстың арасынан біршама жарық "жұлдыз" көрсеңіз, сол — Меркурий, бұл маңда басқа ондай жұлдыз жоқ.
#астрокүнтізбе
👍2
12P/PONS-BROOKS КОМЕТАСЫ КӨРІНЕ БАСТАДЫ

70 жылда айналып келіп отыратын 12P/Pons-Brooks кометасы 2024 жылғы 20 көкектегі кезекті перигелиіне жақындап қалды. Ол қазір Күннен 137 млн км, ал Жерден 242 млн км қашықтықта. Соңғы бақылау дерегі бойынша, құйрықты жұлдыздың жарықтығы +5 жұлдыздық шамаға жеткен. Демек оны, теория бойынша, жай көзбен көруге болады.

Әрине кометаны қаладан да, жасанды жарығы мол ауылдан да көре алмаймыз. Бірақ дүрбілі бақылаушы Понс-Брукс кометасын байқауы әбден мүмкін. Немесе тас қараңғы далалық жерге шығып, жай көзбен де көруге әрекет жасауға болады.

12P қазір Үшбұрыш шоқжұлдызынан шығып, Тоқтыға қарай жылжып келеді. Оны көру үшін, қараңғы түсісімен батыс көкжиек үстіне қарау керек. Комета жарқыраған Юпитердің оң жағында, Үшбұрыштың сүйір бұрышынан сәл төменірек орналасады. Қараңғы түспей тұрып, сол маңнан Меркурийді де бақылауды ұмытпаңыз.
#астрокүнтізбе
👍1