STARSHIP IFT-3 СЫНАҚ МИССИЯСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 📋
✅ Көтерілу
✅ MAX-Q
✅ Сатылардың ыстықтай ажырауы
✅ Кеме қозғағыштарының қосылуы
✅ Үдеткіштің Boostback Burn маневрі (биіктік — 106 км)
✅ Үдеткіштің атмосфераға қайта енуі (ең жоғары жылдамдық — 4340 км/сағ)
🚫 Үдеткіштің 1112 км/сағ жылдамдықпен қону әрекеті кезінде, су бетінен 462 метрде қирауы (RUD). Екі қозғағыш қосылды, соның бірі үдеткіш қирағанша жұмыс істеп тұрды
-----❗️ БАСТЫ МАҚСАТ ❗️-----
✅ Кеменің орбиталық жылдамдыққа (қозғағыштар сөндірілген сәтте — 26486 км/сағ) дейін үдеп, есепті төмендетілген орбиталық траекторияға (150 км) шығуы. Кеме ұшу барысында максимум 234 км биіктік пен 26759 км/сағ жылдамдыққа жете алды
--------------------------------------
✅🚫 Жүк бөлімінің есікшесін ашып-жабу тәжірибесі. Ол толық жабылмаған болуы ықтимал
⏳ Ғарышта отынды бір бактан екіншісіне қотаруды тексеру (әзірше расталған жоқ)
⛔️ Raptor қозғағышын ғарышта қайта қосу демонстрациясы (кеменің тез үйірілуіне байланысты өткізілмеді)
🚫 Миссияның шамамен 50-ші минутында, атмосфераның тығыз қабатына қайта ену кезінде, бағдарынан айрылған кеме қирап қалды (RUD). Соңғы телеметриялық деректер 65 км биіктік пен 25707 км/сағ жылдамдықты көрсетті. Жанып кетпеген сынықтар Үнді мұхитындағы жабық ауданға түсуі керек еді
✅ Starship жүйесінің 3-ші сынақ ұшырылымы сәтті деп танылды❗️
✅ Старт алаңы мен инфрақұрылым — аман
✅ FAA миссияның мерзімінен ерте аяқталуын тексеруді бастады
#жұлдызкеме #зымыранұшыру

👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Starship аса ауыр зымыран жүйесінің көтерілуі (старт алаңындағы мұнарадан көрініс).
Starbase ғарыш кешені, 14 наурыз 2024 жыл

👍2
«Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік».
#астроқалжың
#астроқалжың
👍1😁1
Starship-тің көтерілуі. Әуеден түсірілген керемет көрініс. Видеосы келесі поста.
Credit: SpaceX
#жұлдызкеме
Credit: SpaceX
#жұлдызкеме
👍1🔥1
STARSHIP НЕЛІКТЕН КҮЙРЕДІ?
Starship S28 прототипі атмосфераға бей-берекет үйірілген күйде енді. Бұған ғарышта өткізілген демонстрацияның бірі кінәлі деген болжам бар. Мұндай жағдайда кеменің тығыз ауа қабатында аман қалуы мүмкін емес еді. S28 Үнді мұхиты үстінде, 50–65 км биіктікте қираған шығар.
Бірінші анимацияда кеменің атмосфераға ену әрекеті кезінде қалай бей-берекет аударылып-төңкерілгені қалпына келтірілген. Кемеден келіп тұрған нақты видео жоғалар алдында оның қорғанышсыз жағымен құлдилағаны анық байқалады. Екіншісінде Старшиптің үйірілу профилі көрсетілген. Үшінші роликтен Starship кемесінің атмосфераға қалай дұрыс енуі керек болғанын көреміз.

👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
S28-дің атмосфераға енуінің анимациясы (нақты видеоға негізделген)
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кеме қалай оралуы керек еді (рендер)
👍2
2025 ЖЫЛЫ НАСА-ҒА 25,4 МЛРД ДОЛЛАР БӨЛІНУІ МҮМКІН
2025 жылға арналған НАСА бюджетінің жобасы белгілі болды. Оның жалпы мөлшері $25,4 млрд құрайды, бұл биылғы $24,875 млрд-тан (кескінде) сәл артық. Жеке бағдарламалар арасында ең көп қаржы Аймаңы стансасын құру мен Айға адам қондыру жобаларына бөлініп отыр:
1. Ай мен Марс көлігі (SLS аса ауыр зымыраны, Orion ғарыш кемесі, олардың Жердегі инфрақұрылымы) — $4,2 млрд
2. Ай жүйелері (Gateway аймаңы стансасы, Starship HLS пен Blue Moon Айға адам қондыру жүйелері) — $3,3 млрд
3. Планеталық зерттеулер (басқа планеталар мен астероидтарды зерттейтін миссиялар) — $2,7 млрд
4. Жерді зерттеу — $2,2 млрд
5. Астрофизика (соның ішінде Уэбб, Хаббл, Чандра ғарыштық телескоптары) — $1,5 млрд
Салыстыру үшін, АҚШ Ғарыш Күштері (USSF) келесі жылы 29,4 млрд доллар көлемінде қаржыландырылмақ.

20 НАУРЫЗ 2024 — КӨКТЕМГІ КҮН ТЕҢЕЛУІ
2024 жылғы 20 наурызда Қазақстан уақытымен 8:06-да Күн аспан экваторын — Жер экваторы үстіндегі аспандағы ойша сызықты оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтті. Бұл сәтте Жерге ғарыштан қарасақ, оның күнгей және көлеңке жақтары арасындағы шекара (терминатор) полюстер арқылы өтіп, экваторға перпендикуляр орналасты. Яғни Жер білігі де эклиптикаға перпендикуляр орналасып, планетаның еш жартышары Күнге қарай еңкеймейді
Әдетте Дүниежүзілік уақыт бойынша 20 наурызда болатын бұл құбылыс астрономия ғылымында «Наурыздағы күн теңелуі» деп аталады. Дәл сол сәтте Оңтүстік жартышарда астрономиялық күз, ал Солтүстік жартышарда астрономиялық көктем басталды. Сондықтан планетамыздың солтүстік жартысын мекендейтін халықтардың көбі оны «Көктемгі күн теңелуі» ретінде таниды.
Бұл датада күн мен түн тең, яғни 12 сағаттан болады деп саналады. Алайда күннің шығуы мен батуы оның центрінің емес, жиегінің көкжиектен көтерілуі / түсуі бойынша анықталатындықтан және атмосферадағы күн сәулесінің сынуы (атмосфералық рефракция) әсерінен, шын мәнінде күн түнге қарағанда ұзағырақ болады. Бұл датаның басты ерекшелігі — Күннің дәл шығыста шығып, тура батыста батуында.
#астрокүнтізбе

YouTube
Жыл мезгілдері және Жер білігінің орбита жазықтығына көлбеулігі
Қыркүйекте Күн аспан экваторын — Жер экваторының үстіндегі аспандағы ойша сызықты солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. Бұл күні Жерге ғарыштан қарасақ, Жер терминаторы (күн мен түнді бөлетін сызық) полюстер арқылы өтіп, экваторға перпендикуляр орналасады.…
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Жыл басы — Ұлыстың ұлы күні «Физика және Ғарыш» жобасының барлық оқырмандары мен көрермендеріне жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық тілейміз.
Ал осы Наурыз мейрамын аттас айдың 21-не мерекелеп жүргеніміз дұрыс па, өткен ғасырда 22-не атап өтуші едік қой? Сонымен бірге, біраз жұрт күн мен түн наурыздың 22-не теңеледі деп санайды. Күн теңелуі жайында кеше жаздық, енді Наурыз мейрамының датасын анықтайық.
Тарихшы, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858—1931) «Наурыздама қақында» еңбегінде: «...Ғажам жұрты, бұл жұлдыз есебін ұстап: «Бірінші хамале — жыл басы», — деп, мейрам қылып ұстап қалған. Мұның ұстап қалған күні число есебімен марттың тоғызына дәл келіп, қыс пен жаздың аударыс, төңкерісіне тұп-тура, дәлме-дәл шыққан. Мұны біздің қазақ: «Бұхар есебі», — дейді. Бұл есептен біздің қазақ жұрты орысқа қарағанша, аумай, жаңылмай ұстап келген», — деп жазады. [1]
Ғажам жұртының жұлдыз есебі, «Бұхар есебі» дегені — Иранда ресми қолданылатын Күн хижрасы; число есебі — Юлиан күнтізбесі. XX ғасырдағы Юлиан даталарын Грегориан күнтізбесіне аудару үшін 13 күн қосу қажет, сонда марттың тоғызы Грегориан есебімен 22 мартқа түседі (Наурыз мейрамымен шатастырмас үшін, Грегориан күнтізбесінің March/наурыз айын бұл поста март деп атап отырмыз).
Бұл ғылыми көзқарасқа сай, өйткені XX ғасырдың бірінші жартысында Көктемгі күн теңелуі (March equinox) астрономиялық құбылысы, яғни Күн центрінің аспан экваторын оңтүстіктен солтүстікке қарай қиып өтуі, үнемі 21 мартқа келіп отырған [2]. Ал Күн хижрасының жылы күн теңелуіне дейінгі және кейінгі екі талтүстің арасындағы түнортасында басталады. Бірінші талтүс ескі жылдың соңғы күніне, екінші талтүс жаңа жылдың бірінші күніне тиесілі [3]. Сонда Хамал айының 1-і, яғни Наурыз мейрамы марттың 22-не сәйкес келетін [4].
Ал қазір Наурыз мейрамын 21 мартта атап жүргеніміз де қате емес. Себебі, XXI ғасырда Көктемгі күн теңелуі Қазақстан уақытымен 20 мартқа не 21-не қараған түнге түсіп жүр, сәйкесінше, Күн хижрасының жылы 21 марттан басталады [5]. 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 мартты «Халықаралық Наурыз күні» деп таныды [6].

UPD. 24 САҒАТҚА ШЕГЕРІЛДІ
21 НАУРЫЗ, 18:21-ДЕ БАЙҚОҢЫРДАН СОЮЗ МС-25 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛАДЫ
Роскосмос 2024 жылғы 21 наурызда, Алматы уақытымен 18:21-де Байқоңыр ғарыш айлағының №31/6 ұшыру алаңынан «Союз-2.1а» зымыранын ұшырады. Ол көтеретін «Союз МС-25» ғарыш кемесінің экипажы: командир — Олег Новицкий (Роскосмос, 4-ші ғарыш сапары), бортинженер Трейси Дайсон (НАСА, 3), ғарыш сапарына қатысушы — Марина Василевская (Беларусь, 1). Қысқа схемамен ұшатын кеме Халықаралық ғарыш стансасына екі айналымнан кейін, яғни 3 сағат өте түйісуі тиіс.
Новицкий мен Василевская стансада бірнеше күн өткізіп, басқа НАСА астронавткасы Лорел О’Харамен бірге «Союз МС-24» кемесімен Жерге оралады. Бұл кемемен аттанған космонавтар Олег Кононенко мен Николай Чуб екінші мерзімге қалып, 375 тәуліктік миссиясын жалғастырады.
Кешкі ұшырылым болғандықтан, көкжиек астындағы Күн жарықтандырған зымыран газдарының жайылуын — «медузаны» бақылауға болар еді. Ал Шығыс Қазақстаннан 2-сатының атмосфераға еніп, жанып кетуі де көрінер еді. Алайда ауа райы бұған мүмкіндік бермей тұр.
#зымыранұшыру