Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
SPACEX КОМПАНИЯСЫНА 22 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Кешегі 14 наурыз — Амал мейрамы, Халықаралық математика күні — Пи саны күні, Халықаралық өзендер күні, Халықаралық сұрақ күні, Халықаралық мектеп тағамы күні, Дүниежүзілік бүйрек күні, Эйнштейннің туған күні, т.б. ғана емес, SpaceX компаниясының туған күні де екен. Старшиптің орбитаға шығуы 22 жылдыққа жақсы сыйлық болды.
👍4
Credit: SpaceX
👍3
STARSHIP IFT-3 СЫНАҚ МИССИЯСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 📋

Көтерілу
MAX-Q
Сатылардың ыстықтай ажырауы
Кеме қозғағыштарының қосылуы
Үдеткіштің Boostback Burn маневрі (биіктік — 106 км)
Үдеткіштің атмосфераға қайта енуі (ең жоғары жылдамдық — 4340 км/сағ)
🚫 Үдеткіштің 1112 км/сағ жылдамдықпен қону әрекеті кезінде, су бетінен 462 метрде қирауы (RUD). Екі қозғағыш қосылды, соның бірі үдеткіш қирағанша жұмыс істеп тұрды

-----❗️ БАСТЫ МАҚСАТ ❗️-----
Кеменің орбиталық жылдамдыққа (қозғағыштар сөндірілген сәтте — 26486 км/сағ) дейін үдеп, есепті төмендетілген орбиталық траекторияға (150 км) шығуы. Кеме ұшу барысында максимум 234 км биіктік пен 26759 км/сағ жылдамдыққа жете алды
--------------------------------------

🚫 Жүк бөлімінің есікшесін ашып-жабу тәжірибесі. Ол толық жабылмаған болуы ықтимал
Ғарышта отынды бір бактан екіншісіне қотаруды тексеру (әзірше расталған жоқ)
⛔️ Raptor қозғағышын ғарышта қайта қосу демонстрациясы (кеменің тез үйірілуіне байланысты өткізілмеді)
🚫 Миссияның шамамен 50-ші минутында, атмосфераның тығыз қабатына қайта ену кезінде, бағдарынан айрылған кеме қирап қалды (RUD). Соңғы телеметриялық деректер 65 км биіктік пен 25707 км/сағ жылдамдықты көрсетті. Жанып кетпеген сынықтар Үнді мұхитындағы жабық ауданға түсуі керек еді

Starship жүйесінің 3-ші сынақ ұшырылымы сәтті деп танылды❗️

Старт алаңы мен инфрақұрылым — аман
FAA миссияның мерзімінен ерте аяқталуын тексеруді бастады

#жұлдызкеме #зымыранұшыру
👍1🔥1
SpaceX компаниясы ғаламат фотолар сериясын жариялады
🔥2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Starship аса ауыр зымыран жүйесінің көтерілуі (старт алаңындағы мұнарадан көрініс).
Starbase ғарыш кешені, 14 наурыз 2024 жыл
👍2
«Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік».
#астроқалжың
👍1😁1
Starship-тің көтерілуі. Әуеден түсірілген керемет көрініс. Видеосы келесі поста.

Credit: SpaceX
#жұлдызкеме
👍1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Starship-тің көтерілуі. Әуеден түсірілген керемет көрініс
Credit: SpaceX
#жұлдызкеме
👍1🔥1
STARSHIP НЕЛІКТЕН КҮЙРЕДІ?

Starship S28 прототипі атмосфераға бей-берекет үйірілген күйде енді. Бұған ғарышта өткізілген демонстрацияның бірі кінәлі деген болжам бар. Мұндай жағдайда кеменің тығыз ауа қабатында аман қалуы мүмкін емес еді. S28 Үнді мұхиты үстінде, 50–65 км биіктікте қираған шығар.

Бірінші анимацияда кеменің атмосфераға ену әрекеті кезінде қалай бей-берекет аударылып-төңкерілгені қалпына келтірілген. Кемеден келіп тұрған нақты видео жоғалар алдында оның қорғанышсыз жағымен құлдилағаны анық байқалады. Екіншісінде Старшиптің үйірілу профилі көрсетілген. Үшінші роликтен Starship кемесінің атмосфераға қалай дұрыс енуі керек болғанын көреміз.

#жұлдызкеме
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
S28-дің атмосфераға енуінің анимациясы (нақты видеоға негізделген)
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кеме қалай оралуы керек еді (рендер)
👍2
2025 ЖЫЛЫ НАСА-ҒА 25,4 МЛРД ДОЛЛАР БӨЛІНУІ МҮМКІН

2025 жылға арналған НАСА бюджетінің жобасы белгілі болды. Оның жалпы мөлшері $25,4 млрд құрайды, бұл биылғы $24,875 млрд-тан (кескінде) сәл артық. Жеке бағдарламалар арасында ең көп қаржы Аймаңы стансасын құру мен Айға адам қондыру жобаларына бөлініп отыр:

1. Ай мен Марс көлігі (SLS аса ауыр зымыраны, Orion ғарыш кемесі, олардың Жердегі инфрақұрылымы) — $4,2 млрд
2. Ай жүйелері (Gateway аймаңы стансасы, Starship HLS пен Blue Moon Айға адам қондыру жүйелері) — $3,3 млрд
3. Планеталық зерттеулер (басқа планеталар мен астероидтарды зерттейтін миссиялар) — $2,7 млрд
4. Жерді зерттеу — $2,2 млрд
5. Астрофизика (соның ішінде Уэбб, Хаббл, Чандра ғарыштық телескоптары) — $1,5 млрд

Салыстыру үшін, АҚШ Ғарыш Күштері (USSF) келесі жылы 29,4 млрд доллар көлемінде қаржыландырылмақ.
👍2
20 НАУРЫЗ 2024 — КӨКТЕМГІ КҮН ТЕҢЕЛУІ

2024 жылғы 20 наурызда Қазақстан уақытымен 8:06-да Күн аспан экваторын — Жер экваторы үстіндегі аспандағы ойша сызықты оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтті. Бұл сәтте Жерге ғарыштан қарасақ, оның күнгей және көлеңке жақтары арасындағы шекара (терминатор) полюстер арқылы өтіп, экваторға перпендикуляр орналасты. Яғни Жер білігі де эклиптикаға перпендикуляр орналасып, планетаның еш жартышары Күнге қарай еңкеймейді

Әдетте Дүниежүзілік уақыт бойынша 20 наурызда болатын бұл құбылыс астрономия ғылымында «Наурыздағы күн теңелуі» деп аталады. Дәл сол сәтте Оңтүстік жартышарда астрономиялық күз, ал Солтүстік жартышарда астрономиялық көктем басталды. Сондықтан планетамыздың солтүстік жартысын мекендейтін халықтардың көбі оны «Көктемгі күн теңелуі» ретінде таниды.

Бұл датада күн мен түн тең, яғни 12 сағаттан болады деп саналады. Алайда күннің шығуы мен батуы оның центрінің емес, жиегінің көкжиектен көтерілуі / түсуі бойынша анықталатындықтан және атмосферадағы күн сәулесінің сынуы (атмосфералық рефракция) әсерінен, шын мәнінде күн түнге қарағанда ұзағырақ болады. Бұл датаның басты ерекшелігі — Күннің дәл шығыста шығып, тура батыста батуында.
#астрокүнтізбе