Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
STARSHIP АЛҒАШ РЕТ ОРБИТАҒА ШЫҒА АЛДЫ

2024 жылғы 14 наурыз күні, 18:33-те SpaceX компаниясының Starship S28 ғарыш кемесі жоспарлы орбиталық траекторияға шықты. Демек, Старшиптің үшінші орбиталық сынағының негізгі мақсаты орындалды!

Сондай-ақ кеменің жүктеме бөлімінің есікшесін ашып-жабу және ғарышта бір бактан басқасына отын қотару тәжірибелері ойдағыдай өтті. Кеменің Raptor қозғағышы ғарышта қосылғаны жайлы мәлімет әзірше жоқ.

Кеме старттан 49 минут өте, атмосфераға қайта еніп, қанаттарымен маневрлер жасай бастады. Ғарыш аппаратын бүркеген плазманың ғаламат көрінісін алғаш рет тікелей эфирден тамашаладық! 65 км биіктікте Старшиптен телеметрия мен видеокөрініс келмей қалды. Қалың плазма радиотолқындарды өткізбейді, сондықтан кеме төмендей келе байланысқа қайта шығар деген үміт болды. Бірақ S28 хабарсыз кетті. Шамасы, бағдарлау жүйесі жіберген қате салдарынан ол төңкеріліп кетсе керек. Соның кесірінен кеме қызудан қорғайтын плиталармен қапталмаған жағымен атмосфераға үйкеліп, өртеніп кеткен не қирап қалған шығар.

Зымыранның бірінші сатысы — Super Heavy B10 үдеткішінің барлық 33 қозғағышы ойдағыдай тұтанып, қалыпты жұмыс істеді. Ол кемені қажет биіктікке көтерген соң, бұлар тағы да сәтті "ыстықтай" ажырады. Бірақ кеш тежеле бастаған үдеткіш суға жұмсақ қона алмады. Су бетіне соғылардан 2 секунд бұрын, 1 км биіктікте небәрі 2 қозғағыш жұмыс істеп тұрды, басқалары қосылып үлгермеген сияқты.
#зымыранұшыру #ғарыштарихы
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Starship S28 кемесінің атмосфераға қайта енуі
👍3
Старт тағаны тамаша халде
👍2
Ұшу. Credit: Tyler Gray / NSF
2👍1
SPACEX КОМПАНИЯСЫНА 22 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Кешегі 14 наурыз — Амал мейрамы, Халықаралық математика күні — Пи саны күні, Халықаралық өзендер күні, Халықаралық сұрақ күні, Халықаралық мектеп тағамы күні, Дүниежүзілік бүйрек күні, Эйнштейннің туған күні, т.б. ғана емес, SpaceX компаниясының туған күні де екен. Старшиптің орбитаға шығуы 22 жылдыққа жақсы сыйлық болды.
👍4
Credit: SpaceX
👍3
STARSHIP IFT-3 СЫНАҚ МИССИЯСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 📋

Көтерілу
MAX-Q
Сатылардың ыстықтай ажырауы
Кеме қозғағыштарының қосылуы
Үдеткіштің Boostback Burn маневрі (биіктік — 106 км)
Үдеткіштің атмосфераға қайта енуі (ең жоғары жылдамдық — 4340 км/сағ)
🚫 Үдеткіштің 1112 км/сағ жылдамдықпен қону әрекеті кезінде, су бетінен 462 метрде қирауы (RUD). Екі қозғағыш қосылды, соның бірі үдеткіш қирағанша жұмыс істеп тұрды

-----❗️ БАСТЫ МАҚСАТ ❗️-----
Кеменің орбиталық жылдамдыққа (қозғағыштар сөндірілген сәтте — 26486 км/сағ) дейін үдеп, есепті төмендетілген орбиталық траекторияға (150 км) шығуы. Кеме ұшу барысында максимум 234 км биіктік пен 26759 км/сағ жылдамдыққа жете алды
--------------------------------------

🚫 Жүк бөлімінің есікшесін ашып-жабу тәжірибесі. Ол толық жабылмаған болуы ықтимал
Ғарышта отынды бір бактан екіншісіне қотаруды тексеру (әзірше расталған жоқ)
⛔️ Raptor қозғағышын ғарышта қайта қосу демонстрациясы (кеменің тез үйірілуіне байланысты өткізілмеді)
🚫 Миссияның шамамен 50-ші минутында, атмосфераның тығыз қабатына қайта ену кезінде, бағдарынан айрылған кеме қирап қалды (RUD). Соңғы телеметриялық деректер 65 км биіктік пен 25707 км/сағ жылдамдықты көрсетті. Жанып кетпеген сынықтар Үнді мұхитындағы жабық ауданға түсуі керек еді

Starship жүйесінің 3-ші сынақ ұшырылымы сәтті деп танылды❗️

Старт алаңы мен инфрақұрылым — аман
FAA миссияның мерзімінен ерте аяқталуын тексеруді бастады

#жұлдызкеме #зымыранұшыру
👍1🔥1
SpaceX компаниясы ғаламат фотолар сериясын жариялады
🔥2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Starship аса ауыр зымыран жүйесінің көтерілуі (старт алаңындағы мұнарадан көрініс).
Starbase ғарыш кешені, 14 наурыз 2024 жыл
👍2
«Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік».
#астроқалжың
👍1😁1