14 НАУРЫЗ 2024 — СТАРШИПТІҢ ҮШІНШІ СЫНАҒЫ
Бәріңізді Амал мерекесімен және Пи күнімен құттықтай отырып, бүгінгі басты оқиғаны қысқаша сипаттайық.
⏰ Старт: 14 наурыз 2024 жыл, 18:25 (Алматы уақыты)
Ұшу терезесі: 40 минут
Ұшыру алаңы: OLP A, Starbase, Техас
Миссия: Starship аса ауыр зымыран жүйесінің 3-ші сынақ ұшырылымы, Integrated Flight Test 3 (IFT-3)
Негізгі мақсат: кеменің есептелген орбиталық траекторияға шығуы
Қосымша мақсаттар: жүк бөлімінің есікшесін ашып-жабуды, ғарышта отынды қотаруды, Raptor қозғағышын ғарышта қайта қосуды пысықтау; үдеткішті қайтарып, суға қондыру; кемені суға тастау
Пайдалы жүктеме: жоқ
🚀 Starship жүйесінің прототиптері :
— 1-саты: Super Heavy B10 үдеткіші (1-ші ұшу)
— 2-саты: Starship S28 кемесі (1-ші ұшу)
Не қайтарылады:
— Үдеткішті Мексика шығанағы айдынына қондыру эксперименті. Содан кейін ол суға батырылады.
— Кемені қондыру ЖОСПАРЛАНБАҒАН. Егер ол атмосфераға енген соң аман қалса, Үнді мұхитына құлап, қирайды.
#зымыранұшыру
SpaceX компаниясы X (Twitter) әлеуметтік желісі мен ресми сайтындағы тікелей эфирді старттан 30 минут бұрын бастайды.

X (formerly Twitter)
SpaceX (@SpaceX) on X
SpaceX designs, manufactures and launches the world’s most advanced rockets and spacecraft
👍1
NASASpaceflight (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=RrxCYzixV3s
Everyday Astronaut (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=ixZpBOxMopc
The Launch Pad (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=D-Mhe9ZIjo4
Открытый космос Зеленого кота (орысша)
https://www.youtube.com/watch?v=tCYtdoszyIU
Неземной подкаст (орысша)
https://www.youtube.com/watch?v=Sxud8Ng2fp4
Barış Özcan (түрікше)
https://www.youtube.com/watch?v=AbI6SfLSD1g

YouTube
SpaceX Launches Third Starship Flight Test
SpaceX is targeting Thursday for the third flight of Starship. The license from the FAA was acquired. The flight will feature several upgrades to Booster and Ship, as well as a modification of the flight path to the Indian Ocean, instead of Hawaii. In space…
👍1🔥1
Starship IFT-3
Ұшырылым таймлайны:
(сағ:мин:сек)
– 01:15:00 - Старталды сұрау салу, отын құюға дайындықты тексеру
– 00:53:00 - Үдеткішке сұйық оттегін құя бастау
– 00:51:00 - Үдеткішке сұйық метан құя бастау
– 00:42:00 - Кемеге сұйық метан құя бастау
– 00:41:00 - Кемеге сұйық оттегін құя бастау
– 00:19:40 - Үдеткіш пен кеме қозғағыштарын салқындату
– 00:03:30 - Үдеткішке отын құюдың аяқталуы
– 00:02:50 - Кемеге отын құюдың аяқталуы
– 00:00:30 - GO for launch! командасы
– 00:00:10 - Старт тағанының су жүйесінің қосылуы
– 00:00:03 - Үдеткіштің 33 Raptor 2 қозғағышы ретімен қосыла бастайды
00:00:00 - Көтерілу!
00:00:52 - MAX-Q (зымыранға барынша динамикалық күш түсетін сәт)
00:02:42 - Үдеткіш қозғағыштарының көбінің өшірілуі (MECO)
00:02:44 - Кеменің үдеткіштен ыстықтай ажырауы (кеме қозғағыштарының тұтануы)
00:02:55 - Үдеткіш Booster Boostback Burn манёвріне кіріседі
00:03:50 - Booster Boostback Burn манёврінің аяқталуы
00:06:36 - Үдеткіш жылдамдығы дыбыс жылдамдығы маңында (0,8–1,2)
00:06:46 - Үдеткіш қозғағыштарының қону үшін қайта қосылуы
00:07:04 - Үдеткіш қозғағыштарының өшірілуі
00:08:35 - Кеме қозғағыштарының өшірілуі
00:11:56 - Жүк бөлімі есікшесінің ашылуы
00:24:31 - Отын қотаруды пысықтау
00:28:21 - Жүк бөлімі есікшесінің жабылуы
00:40:46 - Raptor-ды ғарышта қайта қосуды пысықтау
00:49:05 - Кеменің атмосфераға оралуының басы
01:02:16 - Кеме жылдамдығы дыбыс жылдамдығы маңында (0,8–1,2)
01:03:04 - Кеме жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан төмен
01:04:39 - Кеменің суға құлауы

STARSHIP АЛҒАШ РЕТ ОРБИТАҒА ШЫҒА АЛДЫ
2024 жылғы 14 наурыз күні, 18:33-те SpaceX компаниясының Starship S28 ғарыш кемесі жоспарлы орбиталық траекторияға шықты. Демек, Старшиптің үшінші орбиталық сынағының негізгі мақсаты орындалды!
Сондай-ақ кеменің жүктеме бөлімінің есікшесін ашып-жабу және ғарышта бір бактан басқасына отын қотару тәжірибелері ойдағыдай өтті. Кеменің Raptor қозғағышы ғарышта қосылғаны жайлы мәлімет әзірше жоқ.
Кеме старттан 49 минут өте, атмосфераға қайта еніп, қанаттарымен маневрлер жасай бастады. Ғарыш аппаратын бүркеген плазманың ғаламат көрінісін алғаш рет тікелей эфирден тамашаладық! 65 км биіктікте Старшиптен телеметрия мен видеокөрініс келмей қалды. Қалың плазма радиотолқындарды өткізбейді, сондықтан кеме төмендей келе байланысқа қайта шығар деген үміт болды. Бірақ S28 хабарсыз кетті. Шамасы, бағдарлау жүйесі жіберген қате салдарынан ол төңкеріліп кетсе керек. Соның кесірінен кеме қызудан қорғайтын плиталармен қапталмаған жағымен атмосфераға үйкеліп, өртеніп кеткен не қирап қалған шығар.
Зымыранның бірінші сатысы — Super Heavy B10 үдеткішінің барлық 33 қозғағышы ойдағыдай тұтанып, қалыпты жұмыс істеді. Ол кемені қажет биіктікке көтерген соң, бұлар тағы да сәтті "ыстықтай" ажырады. Бірақ кеш тежеле бастаған үдеткіш суға жұмсақ қона алмады. Су бетіне соғылардан 2 секунд бұрын, 1 км биіктікте небәрі 2 қозғағыш жұмыс істеп тұрды, басқалары қосылып үлгермеген сияқты.
#зымыранұшыру #ғарыштарихы

👍4
SPACEX КОМПАНИЯСЫНА 22 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Кешегі 14 наурыз — Амал мейрамы, Халықаралық математика күні — Пи саны күні, Халықаралық өзендер күні, Халықаралық сұрақ күні, Халықаралық мектеп тағамы күні, Дүниежүзілік бүйрек күні, Эйнштейннің туған күні, т.б. ғана емес, SpaceX компаниясының туған күні де екен. Старшиптің орбитаға шығуы 22 жылдыққа жақсы сыйлық болды.

STARSHIP IFT-3 СЫНАҚ МИССИЯСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 📋
✅ Көтерілу
✅ MAX-Q
✅ Сатылардың ыстықтай ажырауы
✅ Кеме қозғағыштарының қосылуы
✅ Үдеткіштің Boostback Burn маневрі (биіктік — 106 км)
✅ Үдеткіштің атмосфераға қайта енуі (ең жоғары жылдамдық — 4340 км/сағ)
🚫 Үдеткіштің 1112 км/сағ жылдамдықпен қону әрекеті кезінде, су бетінен 462 метрде қирауы (RUD). Екі қозғағыш қосылды, соның бірі үдеткіш қирағанша жұмыс істеп тұрды
-----❗️ БАСТЫ МАҚСАТ ❗️-----
✅ Кеменің орбиталық жылдамдыққа (қозғағыштар сөндірілген сәтте — 26486 км/сағ) дейін үдеп, есепті төмендетілген орбиталық траекторияға (150 км) шығуы. Кеме ұшу барысында максимум 234 км биіктік пен 26759 км/сағ жылдамдыққа жете алды
--------------------------------------
✅🚫 Жүк бөлімінің есікшесін ашып-жабу тәжірибесі. Ол толық жабылмаған болуы ықтимал
⏳ Ғарышта отынды бір бактан екіншісіне қотаруды тексеру (әзірше расталған жоқ)
⛔️ Raptor қозғағышын ғарышта қайта қосу демонстрациясы (кеменің тез үйірілуіне байланысты өткізілмеді)
🚫 Миссияның шамамен 50-ші минутында, атмосфераның тығыз қабатына қайта ену кезінде, бағдарынан айрылған кеме қирап қалды (RUD). Соңғы телеметриялық деректер 65 км биіктік пен 25707 км/сағ жылдамдықты көрсетті. Жанып кетпеген сынықтар Үнді мұхитындағы жабық ауданға түсуі керек еді
✅ Starship жүйесінің 3-ші сынақ ұшырылымы сәтті деп танылды❗️
✅ Старт алаңы мен инфрақұрылым — аман
✅ FAA миссияның мерзімінен ерте аяқталуын тексеруді бастады
#жұлдызкеме #зымыранұшыру