Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
НАСА-ның Artemis I миссиясымен өз есіміңізді Айға жіберуге асығыңыз! Акцияға бүгін түнгі 02:00-ге дейін тіркелуге болады. Атыңызды тек ағылшын әріптерімен ғана жаза аласыз. Сілтеме: https://www.nasa.gov/send-your-name-with-artemis/
👍3
НАСА-ның SLS суперзымыраны мен оның нысанасы — Ай
Credit: John Kraus Photos
🔥1
СИРЕК КАДР: МҰХИТТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Nilesat 301 жерсерігін ұшырған B1062.7 бірінші сатысын Канаверал портына алып келе жатқан JRTI платформасы 17 маусым, Алматы уақытымен 22:08-ге жоспарланған Starlink-4.19 миссиясына шыққан ASOG платформасымен кездесті.

Credit: Jerry Pike
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
17 маусым. Starlink-4.19 — жылдың 24-ші старты. КҒО, LC-39A
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1060 1-сатысы 13 рет ұшып келді — жаңа рекорд! ASOG баржасына қону
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
18 маусым. SARah-1 — жылдың 25-ші старты. Ванденберг, SLC-4E
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сатылардың ажырауы. Жүктеме германиялық әскери радиолокациялық жерсерік болғандықтан, 2-сатыдан видео көрсетілген жоқ.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 зымыранының B1071.3 нөмірлі 1-сатысы құрлыққа, LZ-4 алаңына қонды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
19 маусым. Globalstar FM15 — жылдың 26-шы старты. Канаверал, SLC-40
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1061.9 1-сатысы JRTI платформасына қонды
SPACEX 1,5 ТӘУЛІКТЕ ҮШ ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ!

17 маусым 22:09. КҒО, LC-39A. Starlink 4.19 миссиясы — 53 дана Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға. B1060.13 1-сатысы ASOG платформасына қонды.

18 маусым 20:19. Ванденберг, SLC-4E. SARah-1 миссиясы — 2200 кг герман әскери радиолокациялық жерсерігін 750 км гелиосинхрон орбитаға. B1071.3 1-сатысы LZ-4 алаңына қонды.

19 маусым 10:27. Канаверал, SLC-40. Globalstar FM15 миссиясы — 700 кг ретрансляторды 1413 км орбитаға. B1061.9 1-сатысы JRTI платформасына қонды.

SpaceX ұшырылымдары: 2022 жылы — 26, Falcon 9 — 160, барлығы — 168, қатарынан сәтті — 135.
1-сатыны сәтті қондыру: барлығы — 126, қатарынан — 52.
Бұрын ұшқан 1-сатыны қайта қолдану — 102.
Starlink: 2706 ұшырылды, орбитада — 2456, жұмыста — 1909.

B1060 1-сатысы 13-ші рет ұшты — әлем рекорды 🏆
Соңғы екі ұшырылым арасы: 14 сағат 8 минут — компания рекорды 🏆
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ NURI ЗЫМЫРАНЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ

2022 жылы 21 маусымда, Алматы уақытымен 13:00-де кореялық Nuri (KSLV-II) зымыраны екінші рет ұшырылды. Наро ғарыш орталығынан көтерілген үш сатылы зымыран PVSAT жерсерігін 700 км орбитаға шығарды. Алдағы күндері жерсеріктен 4 кубсат ажырауы тиіс.

Бұл жетістік Оңтүстік Кореяны қазіргі күні өз күшімен орбитаға жүктеме шығара алатын 11-ші мемлекет атандырды. Басқа он ғарыш державасы: АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Жапония, Үндістан, Израиль, Солтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Иран.

Nuri (KSLV-II) — толықтай Оңтүстік Кореяда жасалған алғашқы зымыран. Nuri 2021 жылы қазанда, 3-сатының ерте өшіп қалуы кесірінен, жерсерік макетіне тиісті 7,5 км/с жылдамдық бере алмаған еді. Оның ізашары Naro-1 (KSLV-I) Ресеймен бірлесіп жасалған. Бірінші сатысына ресейлік РД-191 қозғағышы орнатылған Наро-1 2009–2010 жж. екі сәтсіздіктен соң, 2013 жылы 30 қаңтарда сәтті ұшырылған.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
РЕКОРДШЫНЫҢ ОРАЛУЫ
Doug кемесі B1060.13 бірінші сатысы тұрған ASOG платформасын Канаверал портына алып келе жатыр.
SLS БАКТАРЫ ОТЫНМЕН ТОЛТЫРЫЛДЫ

НАСА-ның 20 маусымдағы төртінші әрекеті табысты болып, SLS-ке толық мөлшерде отын (сұйық сутегі мен сұйық оттегі) құйылды. Дегенмен бұл жолы да қиындықсыз болмады. Зымыранның негізгі сатысына жалғанған шлангтан сутегі аққаны байқалды. Мамандар ағуды тоқтата алмаған соң, оны жердегі старт компьютерінен "жасыруды" шешті.

Инженерлер кері санақты бастап, мүмкіндігінше көбірек операциялар өткізіп үлгеруге тырысты. Басты мақсат — сынақтың аяқталғанын көрсететін T минус 9,34 секунд межеге жету еді. Сынақшылар іс жүзінде T минус 29 секунд межесіне дейін жете алды. Жоспарланған процедуралардың көбі істелді. Бірақ кейбір операциялар, мысалы, қатты отын жағатын үдеткіштердің гидравликасын қосу, жасалмай қалды.

НАСА қол жеткен нәтижеге қанағаттанама ма, әлде бас жаттығу қайталана ма, әзірге белгісіз. Қалай болғанда да, бактар босатылып, SLS тұрған жылжымалы платформа ақауды жөндеу үшін Тік жинау ғимаратына қайта кіргізіледі.

Credit: NASA/Cory Huston
👏1
КҮЙЕЛЕШ ӘРІПТЕСТЕР

Тоғызыншы рет ұшып келген B1061 1-сатысын Канаверал портында 13 қайтара қолданылған рекордшы B1060 қарсы алды.

Credit: John Kraus
🔥1
ТАҢҒЫ ПЛАНЕТАЛАР ШЕРУІ

2022 жылы 24 маусымда, Күн шығардан 45 минуттай бұрын шығыс көкжиек үстінде жай көзбен көрінетін барлық планеталар сап түзейді. Бұл шерудің ерекшелігі — ғаламшарлар Күннен қашықтау ретімен орналасады. Жердің атынан шеруге оның серігі Ай қатысады. Іс жүзінде, қазір Қазақстан аумағынан Меркурийді көру мүмкін емес.
🔥1
SuperHeavy B7 стартқа барар жолда
Credit: SpaceX
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SUPERHEAVY B7 СТАРТ ҮСТЕЛІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бұл операция алғаш рет "Мехазилла қолдарымен" жасалды. Starship ғарыш кемесін орбитаға шығаруы тиіс үдеткіштің 33 Raptor қозғағышы бар. Starbase кешені, Техас.
🔥1
ROCKET LAB КОМПАНИЯСЫ CAPSTONE КУБСАТЫН АЙҒА ЖӨНЕЛТТІ

2022 жылы 28 маусымда, Алматы уақытымен 15:55-те америка-жаңазеландиялық Rocket Lab компаниясы CAPSTONE миссиясын ұшырды. Жаңа Зеландиядағы Махия ғарыш айлағынан көтерілген екі сатылы Electron зымыраны Lunar Photon платформасын төмен жермаңы орбитаға шығарды. Бірінші саты құтқарылған жоқ.

Lunar Photon өзінің HyperCurie иондық қозғағыштарын екі рет қосып, перигейін 1040 км-ге дейін көтерді. Ол алдағы бес күнде күніне бір рет қосылып, орбитасын көтерумен болады. 60 000 км биіктікте Lunar Photon қозғағышын соңғы рет қосып, CAPSTONE кубсатын өтпелі эллипс орбитаға шығарады. Кубсат Айға дейінгі төрт айлық (!) саяхатын бастайды. Lunar Photon үдеткішінің өзі де Айға бет алып, оны айналып шығады.

CAPSTONE 13 қарашада Ай маңындағы өте ерекше гало-орбитаға шығуы тиіс. Бұл созыңқы эллипс орбитаның перицентрі 70 000 км, апоцентрі 3000 км. Орбита Жер мен Ай гравитациясының теңгерім нүктесінде болғандықтан, онда қалу үшін өте аз отын жұмсалады. Сондай-ақ одан Айдың Оңтүстік полюсі мен Жер үнемі көрініп тұрады. Болашақ Gateway аймаңы стансасын дәл осы орбитаға шығару көзделген.

CAPSTONE (Cislunar Autonomous Positioning Technology Operations and Navigation Experiment) миссиясының басты міндеті — осы теңдессіз гало-орбитаның орнықтылығын тексеру. CAPSTONE сондай-ақ иондық қозғағыш көмегімен орбитаны ұстау және ғарыш аппараттары арасындағы байланыстың жаңа технологияларын сынайды.

12U форматтағы, массасы 25 кг кубсатты Tyvak Nano-Satellite Systems пен Terran Orbital Corporation, иондық қозғағышты Stellar Exploration жасаған. CAPSTONE-ды Advanced Space компаниясы басқарады. Кубсаттың құны — $13,7 млн, ұшырылым құны — $10 млн. Миссияны НАСА қаржыландырады. Кубсатпен байланысты, оны қадағалау мен телеметрияны НАСА Реактивті қозғалыс зертханасы қамтамасыз етеді.
👍1