БЕС ЖАҢА ИЗОТОП АШЫЛДЫ
Физиктер тулийдің 182Tm, 183Tm, иттербийдің 186Yb, 187Yb және лютецийдің 190Lu бұрын белгісіз изотоптарын тапты. Жаңалықты Мичиган штаты университетінің зерттеушісі Олег Тарасов АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония ғалымдарымен бірлесе отырып ашқан. Олар FRIB (Facility for Rare Isotope Beams) сирек изотоп шоқтары орталығында N = 126 "сиқырлы" нейтрондар саны облысын зерттеген еді. Ғылыми мақала Physical Review Letters журналында жарияланған.
Жаңа изотоптар платина (198Pt) ядролары шоғының көміртек нысанаға атомдық масса бірлігіне 186 мегаэлектронвольт энергиямен әсерлесуі нәтижесінде түзілген. Олар ARIS жетілдірілген сирек изотоп сепараторы көмегімен тіркелді. FRIB пайдалануға берілгеніне жыл толмай жатып, осындай жетістікке қол жетті. Қазір орталық жобаланғаннан 270 есе аз қуатпен жұмыс істеп тұр. FRIB 400 киловатт жобалық қуатына шыға келе, ядролық физика мен астрофизикаға, және жалпы материяның іргелі негіздерін түсінуге сүбелі үлес қосары анық.
#ғылымижаңалық
Нуклид, изотоп, изомер ұғымдары жайлы толығырақ: https://t.me/phyandspace/1298

Physical Review Letters
Observation of New Isotopes in the Fragmentation of $^{198}\mathrm{Pt}$ at FRIB
Less than a year after its opening, the Facility for Rare Isotope Beams produced five never-before-seen isotopes for observation, a success that researchers say highlights the discovery potential of the facility.
👍1
113. УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ ПРОТОЖҰЛДЫЗДАН СПИРТ ТАПТЫ
«Джеймс Уэбб» ғарыштық телескопы күрделі органикалық молекулаларға (КОМ) бай екі протожұлдызды ашты. IRAS 23385 (кескінде) мен IRAS 2A-ның жастығы сонша, олардың айналасында әлі планеталар түзіле бастаған жоқ. Уэббтың MIRI орта инфрақызыл аспабы жұлдыздар маңынан этанол мен сірке қышқылы сияқты қатты күйдегі органикалық молекулаларды тапты.
Астрономдарға КОМ-дардың қандай фазада (мұз әлде газ) түзілетіні белгісіз еді. Уэбб алған дерек оларды түзетін химиялық реакциялар мұзды фазада өтетінін, ал ертеректе табылған газ тәрізді КОМ-дар мұздың сублимациясынан пайда болатынын көрсетті.
Суық мұздағы КОМ-дар молекуляр бұлттардан планетатүзуші дисктерге жылы газ тәрізді молекулаларға қарағанда жақсырақ тасымалданады. Құрамында осындай мұзды КОМ-дар бар кометалар мен астероидтар түзіліп жатқан планеталармен соқтығысып, болашақ ықтимал тіршіліктің құрамдастарын жеткізеді.
IRAS 2A жеңіл протожұлдыз ретінде біздің Күн жүйесінің балалық шағына қатты ұқсайды. IRAS 2A маңынан табылғандай химиялық қосылыстар Күн жүйесі дамуының да алғашқы кезеңдерінде-ақ түзіліп, кейін Жерге тасымалдануы әбден мүмкін.

Credit: 1. NASA, ESA, CSA, W.R.M. Rocha (LEI); 2. NASA, ESA, CSA, Leah Hustak (STScI)
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
СТАРШИПТІҢ 3-ШІ ОРБИТАЛЫҚ СЫНАҒЫНА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
Лицензия берілді!
Ұшырылым — 14 наурыз, 17:00-де. Бірақ ол жұмаға шегерілетін сияқты.

👏2
"Кей нәрседе мен де жаман емес шығармын. Бірақ мен Эйнштейн емеспін". Стивен Хокинг
14 НАУРЫЗ — ЭЙНШТЕЙННІҢ ТУҒАН КҮНІ
Альберт Эйнштейн (1879-1955) 1905 жылы, 26 жасында жариялаған төрт іргелі мақаласында қазіргі физиканың негізін қалады. Олар арнадағы ойнату тізімінде жеке-жеке талданады.
Бірінші еңбегінде ол екі постулат ұсынды: салыстырмалылық принципі (инерциалды санақ жүйелеріндегі физикалық процестердің бірдей өтуі) және жарық жылдамдығының тұрақтылығы. Арнайы салыстырмалылық теориясы деген атқа ие болған бұл теория негізінде Планк пен Эйнштейн жаңа релятивистік динамика мен термодинамиканы жасады.
Екінші мақаласында Эйнштейн Планктың жарық жекелеген кванттар түрінде шығады деген болжамын фотоэффект құбылысын түсіндіруге қолданып, жарықтың шығуы ғана емес, таралуы мен жұтылуы да дискретті деп түйіндеді. Бұл жарық кванттары кейін фотондар деп аталды. Фотоэффект теориясы үшін оған 1922 жылы Нобель сыйлығы берілді.
Үшінші еңбегінде ғалым Броун қозғалысының статистикалық-математикалық моделін жасап, молекулалардың өлшемі мен көлем бірлігіндегі санын бағалай алды. Бұл модель атомдар мен молекулалардың бар екеніне көптеген ғалымдардың көзін жеткізді.
Ақыры, жыл соңында Эйнштейн масса мен энергияның эквиваленттігін сипаттайтын атақты E=mc^2 формуласын ұсынды. Келесі жылы ол массаның сақталу заңы энергияның сақталу заңының жеке жағдайы ғана екенін айтса, кейінгі еңбектерінде масса мен энергияның эквиваленттігі принципін барынша толық тұжырымдады
Эйнштейннің тағы бір ұлы жұмысы — жалпы салыстырмалылық теориясы. Бұл теорияның постулатына сәйкес, инерциялық және гравитациялық күштердің табиғаты бір. Бұдан шығатыны, гравитациялық эффекттерді кеңістік-уақыттағы денелер мен өрістердің күштік әсерлесуі емес, масса-энергияның әсерінен кеңістік-уақыттың өзінің қисаюы туғызады. Бұл қисаюдың кеңістік-уақыттағы материямен байланысын Эйнштейн теңдеуі сипаттайды. Жалпы салыстырмалылық теориясы болжаған құбылыстардың бәрі расталды. Соңғысы болып, дәл бір ғасырдан кейін, 2016 жылы, гравитациялық толқындардың бар екендігі тіркелді
Эйнштейн теңдеуінің кейбір дәл шешімдері гравитациялық тартуының күштілігі сондай, одан жарық кванттары да шыға алмайтын кеңістік-уақыттың облыстарының бар екенін теория жүзінде болжайды. Мұндай облыстар "қара құрдым" деген атқа ие болды. Материя қара құрдымға түскенімен, одан шыға алмайтындықтан, қара құрдымның массасы тек өсе беруі тиіс. Алайда Стивен Хокинг қара құрдымдардың әртүрлі элементар болшектер, негізінен фотондар шығарып, массасын жоғалтатынын көрсетті. "Хокинг сәулеленуі" деп аталатын мұндай сәуле шығару — туннельдік эффектке негізделген таза кванттық процесс, сондықтан ол классикалық ЖСТ-ға қайшы келмейді. Дегенмен, Хокинг сәулеленуі әлі күнге тіркелген жоқ.
#ғылымтарихы #тұлға

👍2👏1
14 НАУРЫЗ 2024 — СТАРШИПТІҢ ҮШІНШІ СЫНАҒЫ
Бәріңізді Амал мерекесімен және Пи күнімен құттықтай отырып, бүгінгі басты оқиғаны қысқаша сипаттайық.
⏰ Старт: 14 наурыз 2024 жыл, 18:25 (Алматы уақыты)
Ұшу терезесі: 40 минут
Ұшыру алаңы: OLP A, Starbase, Техас
Миссия: Starship аса ауыр зымыран жүйесінің 3-ші сынақ ұшырылымы, Integrated Flight Test 3 (IFT-3)
Негізгі мақсат: кеменің есептелген орбиталық траекторияға шығуы
Қосымша мақсаттар: жүк бөлімінің есікшесін ашып-жабуды, ғарышта отынды қотаруды, Raptor қозғағышын ғарышта қайта қосуды пысықтау; үдеткішті қайтарып, суға қондыру; кемені суға тастау
Пайдалы жүктеме: жоқ
🚀 Starship жүйесінің прототиптері :
— 1-саты: Super Heavy B10 үдеткіші (1-ші ұшу)
— 2-саты: Starship S28 кемесі (1-ші ұшу)
Не қайтарылады:
— Үдеткішті Мексика шығанағы айдынына қондыру эксперименті. Содан кейін ол суға батырылады.
— Кемені қондыру ЖОСПАРЛАНБАҒАН. Егер ол атмосфераға енген соң аман қалса, Үнді мұхитына құлап, қирайды.
#зымыранұшыру
SpaceX компаниясы X (Twitter) әлеуметтік желісі мен ресми сайтындағы тікелей эфирді старттан 30 минут бұрын бастайды.

X (formerly Twitter)
SpaceX (@SpaceX) on X
SpaceX designs, manufactures and launches the world’s most advanced rockets and spacecraft
👍1
NASASpaceflight (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=RrxCYzixV3s
Everyday Astronaut (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=ixZpBOxMopc
The Launch Pad (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=D-Mhe9ZIjo4
Открытый космос Зеленого кота (орысша)
https://www.youtube.com/watch?v=tCYtdoszyIU
Неземной подкаст (орысша)
https://www.youtube.com/watch?v=Sxud8Ng2fp4
Barış Özcan (түрікше)
https://www.youtube.com/watch?v=AbI6SfLSD1g

YouTube
SpaceX Launches Third Starship Flight Test
SpaceX is targeting Thursday for the third flight of Starship. The license from the FAA was acquired. The flight will feature several upgrades to Booster and Ship, as well as a modification of the flight path to the Indian Ocean, instead of Hawaii. In space…
👍1🔥1
Starship IFT-3
Ұшырылым таймлайны:
(сағ:мин:сек)
– 01:15:00 - Старталды сұрау салу, отын құюға дайындықты тексеру
– 00:53:00 - Үдеткішке сұйық оттегін құя бастау
– 00:51:00 - Үдеткішке сұйық метан құя бастау
– 00:42:00 - Кемеге сұйық метан құя бастау
– 00:41:00 - Кемеге сұйық оттегін құя бастау
– 00:19:40 - Үдеткіш пен кеме қозғағыштарын салқындату
– 00:03:30 - Үдеткішке отын құюдың аяқталуы
– 00:02:50 - Кемеге отын құюдың аяқталуы
– 00:00:30 - GO for launch! командасы
– 00:00:10 - Старт тағанының су жүйесінің қосылуы
– 00:00:03 - Үдеткіштің 33 Raptor 2 қозғағышы ретімен қосыла бастайды
00:00:00 - Көтерілу!
00:00:52 - MAX-Q (зымыранға барынша динамикалық күш түсетін сәт)
00:02:42 - Үдеткіш қозғағыштарының көбінің өшірілуі (MECO)
00:02:44 - Кеменің үдеткіштен ыстықтай ажырауы (кеме қозғағыштарының тұтануы)
00:02:55 - Үдеткіш Booster Boostback Burn манёвріне кіріседі
00:03:50 - Booster Boostback Burn манёврінің аяқталуы
00:06:36 - Үдеткіш жылдамдығы дыбыс жылдамдығы маңында (0,8–1,2)
00:06:46 - Үдеткіш қозғағыштарының қону үшін қайта қосылуы
00:07:04 - Үдеткіш қозғағыштарының өшірілуі
00:08:35 - Кеме қозғағыштарының өшірілуі
00:11:56 - Жүк бөлімі есікшесінің ашылуы
00:24:31 - Отын қотаруды пысықтау
00:28:21 - Жүк бөлімі есікшесінің жабылуы
00:40:46 - Raptor-ды ғарышта қайта қосуды пысықтау
00:49:05 - Кеменің атмосфераға оралуының басы
01:02:16 - Кеме жылдамдығы дыбыс жылдамдығы маңында (0,8–1,2)
01:03:04 - Кеме жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан төмен
01:04:39 - Кеменің суға құлауы

STARSHIP АЛҒАШ РЕТ ОРБИТАҒА ШЫҒА АЛДЫ
2024 жылғы 14 наурыз күні, 18:33-те SpaceX компаниясының Starship S28 ғарыш кемесі жоспарлы орбиталық траекторияға шықты. Демек, Старшиптің үшінші орбиталық сынағының негізгі мақсаты орындалды!
Сондай-ақ кеменің жүктеме бөлімінің есікшесін ашып-жабу және ғарышта бір бактан басқасына отын қотару тәжірибелері ойдағыдай өтті. Кеменің Raptor қозғағышы ғарышта қосылғаны жайлы мәлімет әзірше жоқ.
Кеме старттан 49 минут өте, атмосфераға қайта еніп, қанаттарымен маневрлер жасай бастады. Ғарыш аппаратын бүркеген плазманың ғаламат көрінісін алғаш рет тікелей эфирден тамашаладық! 65 км биіктікте Старшиптен телеметрия мен видеокөрініс келмей қалды. Қалың плазма радиотолқындарды өткізбейді, сондықтан кеме төмендей келе байланысқа қайта шығар деген үміт болды. Бірақ S28 хабарсыз кетті. Шамасы, бағдарлау жүйесі жіберген қате салдарынан ол төңкеріліп кетсе керек. Соның кесірінен кеме қызудан қорғайтын плиталармен қапталмаған жағымен атмосфераға үйкеліп, өртеніп кеткен не қирап қалған шығар.
Зымыранның бірінші сатысы — Super Heavy B10 үдеткішінің барлық 33 қозғағышы ойдағыдай тұтанып, қалыпты жұмыс істеді. Ол кемені қажет биіктікке көтерген соң, бұлар тағы да сәтті "ыстықтай" ажырады. Бірақ кеш тежеле бастаған үдеткіш суға жұмсақ қона алмады. Су бетіне соғылардан 2 секунд бұрын, 1 км биіктікте небәрі 2 қозғағыш жұмыс істеп тұрды, басқалары қосылып үлгермеген сияқты.
#зымыранұшыру #ғарыштарихы

👍4