This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Crew Dragon Endeavour ғарыш кемесінің 2-сатыдан ажырауы
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Перу баспасөзінің хабарлауынша, жүргізушілер мен жолаушылар аман көрінеді
#геодерек
#геодерек
😱2
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл Ережелері»
egov-тағы ресми нұсқа
Ешқандай сын көтермейді, онлайн-аудармашымен қотара салған. Мұндай ереже ықшам, түсінікті әрі көрнекі болғаны жөн.

😡3
ШӘЙНЕКТЕГІ АЙ МЕН ҚЫЗЫЛ ҰШҚЫН
5 наурыздың таңында Мергендегі Ай орағы мен жарық қызыл жұлдыз Антаресті тамашалайық.
Кескін: StarWalk

👍1🌚1
STARSHIP БІР АПТАДАН КЕЙІН ҰШЫРЫЛУЫ МҮМКІН
2024 жылғы 4 наурызда Starbase кешенінде SH B10 + Starship S28 аса ауыр зымыран жүйесіне толық отын құю сынағы өткізілді. Енді кемені үдеткіштен түсіріп, оларға апаттық жою жүйесін (FTS) орнатқан соң, қайта біріктіру қалып тұр. FAA жаңартылған лицензияны уақытылы берсе, Старшип орбитаға үшінші рет осы айдың ортасында ұшуы мүмкін.
Credit: SpaceX

👍1👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
CREW-8 МИССИЯСЫ ХҒС-ҚА ЖЕТТІ
2024 жылғы 5 наурызда, Алматы уақытымен 12:28-де Crew Dragon C206.5 Endeavour ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасының Harmony модуліне түйісті. 13:50-де люктер ашылып, Crew-8 экипажының мүшелері Мэтью Доминик, Майкл Барратт, Жанетт Эппс пен Александр Гребёнкин стансаға енді. Олар ХҒС-та 6 ай болып, 200-ден астам зерттеу мен эксперимент өткізуі тиіс.
Келгендерді Жасмин Могбели, Андреас Могенсен, Сатоси Фурукава, Константин Борисов (Crew-7), Олег Кононенко, Николай Чуб пен Лорал О'Хара (Союз МС-24) қарсы алды. Сөйтіп, қазір ХҒС-та 11 адам (бес НАСА астронавты, төрт Роскосмос космонавты, бір ЕҒА өкілі және бір JAXA ғарышкері) бар. Бірнеше күннен соң Crew-7 экипажы Жерге оралады.
Credit: NASA/SpaceX
#хғс

SPACEX 1 САҒАТ 51 МИНУТ АРАЛАТЫП ЕКІ ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ — ЖАҢА РЕКОРД 🏆
Соңғы кезде Blue Origin компаниясы белсенді жұмыс істей бастағанын жаздық. Бірақ, шынын айтқанда, 5-6 айдан кейін ұшырылуы мүмкін бір зымыранның сынақтары SpaceX күнделікті жасап жатқан жұмыспен салыстырғанда сондай әсерлі көрінбейді.
4 наурызда Кеннеди ғарыш орталығындағы (Флорида штаты) тарихи LC-39A ұшыру алаңынан Crew-8 экипажы ұшырылғанын білесіздер. Сол күні Starbase кешенінде (Техас) Старшип аса ауыр зымыран жүйесіне толық отын құю сынағы өткізілді. Үдеткіш пен кеме бактары 5000 тоннадан астам метан мен сұйық оттегімен толтырылып, стартқа 10 секунда қалғанға дейінгі процедуралар пысықталды. Отын кері төгіліп алынған соң, кеше Starship S28 прототипі SH B10 үдеткішінен соңғы рет түсірілді. Бұл оларға апаттық жою жүйесін орнату үшін жасалды.
Біздің уақытпен 5 наурызға қараған түні Ванденберг базасындағы (Калифорния) SLC-4E алаңынан Transporter-10 миссиясы аясында 53 шағын жерсерік 515-590 км гелиосинхрон орбитаға шығарылды. Ал Канаверал базасындағы (Флорида) SLC-40 алаңынан 23 Starlink v2 Mini жерсерігі төмен жермаңы орбитаға көтерілді. Бұл екі Faclon 9-дың старты арасында 1 сағат 51 минут қана өтті — компанияның алдыңғы рекордынан бір сағатқа аз.
#зымыранұшыру

👍2
85. «ҚАРА ҚАСҚЫР ФЕНРИР»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясындағы жоғары баға — Джеймс Багули.
Алқызыл сутегі газы фонындағы қою, күңгірт молекулалық бұлттың пішіні қасқырды елестетеді. Бұл нысанды көбінесе скандинав аңызындағы Фенрир қасқырының есімімен атайды.
The Dark Wolf - Fenrir by James Baguley
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Canberra, Australian Capital Territory, Australia, 2–4 May 2022
Equipment used: Sidereal Trading 10" f/4 Newtonian telescope, Optolong L-eXtreme filter, iOptron CEM60EC mount, ZWO 2600MC Pro camera, 1,000 mm f/4, 165 x 300-second exposures, 13 hours 24 minutes total exposure time
#астрофото2023

SPACEX БІР ТӘУЛІКТЕ 3 ЗЫМЫРАНМЕН 1 ҒАРЫШ КЕМЕСІН, 76 ЖЕРСЕРІКТІ ЖӘНЕ 4 АДАМДЫ ҰШЫРДЫ
SpaceX компаниясы 1 сағат 51 минутта екі зымыран ұшырып, өз рекордын жаңартқанын жаздық. Ал 2024 жылғы 4 наурыз 8:53-тен 5 наурыз 4:56-ға дейінгі 20 сағат 3 минут аралығында үш Falcon 9 ұшырылды — бұл да компания рекорды 🏆 (алдыңғы жетістік 23 сағат 4 минут еді).
Осы тәулікте компания:
— өзінің барлық 4 ұшыру алаңында жұмыс істеп,
— 3 зымыран ұшырды;
— 3 үдеткішті қондырды;
— орбитаға 1 ғарыш кемесін,
— 4 ғарышкерді,
— 76 жерсерікті шығарды;
— Starship жүйесінің толық отын құю сынағын өткізді.
SpaceX алғаш рет екі миссияның пайдалы жүктемесін тиісті орбиталарға шығаруды бір мезгілде жүзеге асырды, сондай-ақ екі Crew Dragon ғарыш кемесін басқарып отырды (ХҒС-тағы Crew-7 мен оған бара жатқан Crew-8).

👍3
АРУЛАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
SpaceX компаниясы төрт ұшыру алаңы ғана емес. Компанияның бас кеңсесі және зымыран қозғағыштары мен сатыларын шығаратын негізгі зауыты Калифорния штатындағы Хоторн қаласында орналасқан. Үш жыл бұрынғы мына фотода осы мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер түсірілген екен. Әлемдік зымыран өнеркәсібінің көшін бастап тұрған ұжымның президенті Гвенн Шотвелл ханым екенін еске саламыз.
Осы жолдарды оқып отырған барлық біздің аруларды да бүгінгі мерекесімен құттықтаймыз. Немен айналыссаңыздар да, әрқашан алдыңғы қатардан көрініңіздер.

👍3👏1
86. «ПЛЕЙОННЫҢ ҚЫЗДАРЫ»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Андре Вильена.
M45 шашыраңқы жұлдыз шоғыры. Оның грекше атауы Плеядалар — Плейон есімді адамның қыздары деген мағынаны білдіреді. Бірақ біздің қазақ аңызындағы Үркер де апалы-сіңлілі қыздар ғой! Демек Үркер туралы прааңыз тым әріде, адамзат бір қауым болып тұрған кезде шықса керек. Мұның ғылыми дәлелдері де бар.
Pleiones Daughters by André Vilhena
Astronomy Photographer of the Year 2023
Santa Susana, Portugal, 1 October 2022 and 18 January 2023

STARSHIP OFT 3 — 14 НАУРЫЗДА
SpaceX компаниясының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Starship аса ауыр зымыранының үшінші орбиталық сынағы 2024 жылғы 14 наурыз, Алматы уақытымен 17:00-ге межеленген. X (Twitter) желісіндегі тікелей эфир стартқа жарты сағат қалғанда басталады. Айта кететін жәйт, АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) жаңартылған лицензия мен ұшуға рұқсатты әлі берген жоқ.
Сынақ бағдарламасының ерекшеліктері:
1. Super Heavy B10 үдеткіші (1-саты) Starship S28 кемесінен (2-саты) "ыстықтай" ажыраған соң кері бұрылу маневрін жасап, Мексика шығанағы айдынына қонады.
2. Екінші сатының ұшуы барысында кеменің пайдалы жүктеме бөлімінің қақпағын ашып-жабу және ғарышта отын құю жүйесін тексеріп көру жоспарланған.
3. Содан соң кеме Raptor қозғағыштарын қайта қосады да, басқарыла отырып атмосфераға енеді. Raptor ғарышта алғаш рет қосылғалы тұр.
4. Бұл кеменің сапары Тынық мұхитта емес, Үнді мұхитында аяқталады. Starship S28-ді суға тік қондыруға әрекет жасалмайды.

87. «CG1 МЕН CG2 КОМЕТА ПІШІНДІ ГЛОБУЛАЛАРЫ»
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Марко Лоренци.
Cometary Globules CG1 and CG2 by Marco Lorenzi
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 3 March 2022

STARSHIP ҚАЙТА ЖИНАЛДЫ
SH B10 үдеткіші мен Starship S28 прототипіне апат жағдайында жою жүйесінің (FTS) жарылғыштары орнатылған соң, бұлар қайта біріктірілді. Кеше старт тағанындағы сумен салқындату жүйесінің сынағы өткізілді. Сонымен, Starship аса ауыр зымыранының үшінші орбиталық сынағына дайындық аяқталды. Енді құзырлы мекеменің рұқсатын алу қалып отыр.