Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
CREW-8 МИССИЯСЫ 4 НАУРЫЗДА ҰШАТЫН БОЛДЫ

Crew-8 миссиясының ұшырылымы зымыран ұшатын дәліздегі желдің күштілігіне байланысты 4 наурыз, Қазақстан уақытымен 8:53-ке шегерілді. Әзірше экипажбен сәл толығырақ танысайық. Олардың үшеуі ғарышқа бірінші рет ұшқалы отыр, ал енді бірі үшінші ғарыш сапарына үшінші түрлі кемемен аттанбақ.

Командир — Мэтью Доминик (НАСА) 🇺🇸
1981 ж.т., жүйелік инженерия магистрі, Әскери-теңіз күштерінің сынаушы-ұшқышы. 28 ұшақ типінде 1600 сағат ұшқан, 61 жауынгерлік тапсырма орындаған. АҚШ ӘТК коммандері (2 рангалы капитан). НАСА-да 2017 жылдан.

Ұшқыш — Майкл Барратт (НАСА) 🇺🇸
1959 ж.т., медицина докторы. НАСА-ға 1991 жылы дәрігер ретінде орналасып, 2000 жылы астронавтар қатарына қосылған. 2009 жылы Союз кемесімен ғарышқа ұшқан. 2011-де Discovery шаттлының соңғы STS-133 миссиясына қатысты. Екі сапарда ғарышта жалпы 211 тәулік, ашық ғарышта 5 сағаттан артық болған. Ұшқыш лицензиясына ие, ғарыштық клиникалық медицина оқулығының бас редакторы.

Миссия маманы — Жанетт Эппс (НАСА) 🇺🇸
1970 ж.т., физика бакалавры, әуе-ғарыш техникасы магистрі және PhD докторы. Ford корпорациясында инженер, Орталық барлау басқармасында 7 жыл ғылыми-техникалық барлау офицері болып қызмет еткен. НАСА-да 2009 жылдан. 2017 жылы Союз МС-09 кемесінің негізгі экипажы құрамында дайындықтан өткенімен, 2018-дің басында жеке бас жағдайына байланысты дублермен алмастырылды.

Миссия маманы — Александр Гребёнкин (Роскосмос) 🇷🇺
1982 ж.т. Ұшу аппараттарының радиоэлектрон жабдығы бойынша әскери техник, радиобайланыс инженері, авиация майоры. Роскосмос ғарышкерлер отрядында 2018 жылдан.
👍1
NEW GLENN ЗЫМЫРАНЫН СЫНАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Blue Origin ғарыш компаниясы соңғы кезде белсенді жұмыс істей бастады. Джефф Безостың компаниясы Канаверал базасындағы LC-36 ұшыру алаңына New Glenn зымыранының енді прототипін орнатты. Оның 1-сатысы — нағыз, ұшатын үдеткіш, ал 2-саты орнына макет қойылған. 2 наурызда 1-сатының бактарын тексеру үшін оларға сұйық азот құйылды. Жаңа ауыр тасығыштың алғашқы сынақ ұшырылымы тамызға жоспарланған.

Фото: New Glenn ұшыру алаңында және оның биіктігін Старшиппен салыстыру
👍2
84. «LDN 1448 ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ»

Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегер фотоларын жариялауды жалғастырайық.

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясындағы 2-орын — Энтони Квинтиль.
Барнард 203 (Lynds 1448) — Персейдегі NGC 1333 шағылдырғыш тұмандығынан бір градус оңтүстік-батыстағы күңгірт тұмандық. Ол бізден 800 жарық жылында.

LDN 1448 et al. by Anthony Quintile
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Flagstaff, Arizona, USA, 13, 15–18 and 20–21 November 2022
Equipment used: Sky-Watcher Quattro 250P telescope, Losmandy G11 Gemini 2 mount, ZWO ASI2600MC Pro camera, Starizona Nexus 0.75 x reducer/corrector, 750 mm f/3, Gain 100, 1,022 x 120-second exposures
#астрофото2023
👍2
CREW-8 МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛДЫ

2024 жылғы 4 наурыз, Алматы уақытымен 8:53-те Кеннеди ғарыш орталығы, LC-39A ұшыру алаңынан Crew-8 ұзақ мерзімді миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. SpaceX Crew Dragon Endeavour C206.5 ғарыш кемесінің ХҒС-қа түйісуі 5 наурыз, 13:00-ге жоспарланған. Миссия алты айдай мерзімге созылады. Falcon 9 зымыранының алғаш қолданылған B1083 1-сатысы LZ-1 қону алаңына қонды.

SpaceX компаниясы 13-ші ұшқышты миссия аясында осымен 50-ші ғарышкерді орбитаға шығарып отыр. Endeavour C206.5 ғарыш кемесі 5-ші рет ұшып отыр, бұл осы кемелер арасындағы жаңа рекорд.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Crew Dragon Endeavour ғарыш кемесінің 2-сатыдан ажырауы
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Перу баспасөзінің хабарлауынша, жүргізушілер мен жолаушылар аман көрінеді
#геодерек
😱2
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл Ережелері»
egov-тағы ресми нұсқа

Ешқандай сын көтермейді, онлайн-аудармашымен қотара салған. Мұндай ереже ықшам, түсінікті әрі көрнекі болғаны жөн.
😡3
ШӘЙНЕКТЕГІ АЙ МЕН ҚЫЗЫЛ ҰШҚЫН

5 наурыздың таңында Мергендегі Ай орағы мен жарық қызыл жұлдыз Антаресті тамашалайық.
Кескін: StarWalk
👍1🌚1
STARSHIP БІР АПТАДАН КЕЙІН ҰШЫРЫЛУЫ МҮМКІН

2024 жылғы 4 наурызда Starbase кешенінде SH B10 + Starship S28 аса ауыр зымыран жүйесіне толық отын құю сынағы өткізілді. Енді кемені үдеткіштен түсіріп, оларға апаттық жою жүйесін (FTS) орнатқан соң, қайта біріктіру қалып тұр. FAA жаңартылған лицензияны уақытылы берсе, Старшип орбитаға үшінші рет осы айдың ортасында ұшуы мүмкін.

Credit: SpaceX
👍1👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
CREW-8 МИССИЯСЫ ХҒС-ҚА ЖЕТТІ

2024 жылғы 5 наурызда, Алматы уақытымен 12:28-де Crew Dragon C206.5 Endeavour ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасының Harmony модуліне түйісті. 13:50-де люктер ашылып, Crew-8 экипажының мүшелері Мэтью Доминик, Майкл Барратт, Жанетт Эппс пен Александр Гребёнкин стансаға енді. Олар ХҒС-та 6 ай болып, 200-ден астам зерттеу мен эксперимент өткізуі тиіс.

Келгендерді Жасмин Могбели, Андреас Могенсен, Сатоси Фурукава, Константин Борисов (Crew-7), Олег Кононенко, Николай Чуб пен Лорал О'Хара (Союз МС-24) қарсы алды. Сөйтіп, қазір ХҒС-та 11 адам (бес НАСА астронавты, төрт Роскосмос космонавты, бір ЕҒА өкілі және бір JAXA ғарышкері) бар. Бірнеше күннен соң Crew-7 экипажы Жерге оралады.

Credit: NASA/SpaceX
#хғс
👍1
SPACEX 1 САҒАТ 51 МИНУТ АРАЛАТЫП ЕКІ ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ — ЖАҢА РЕКОРД 🏆

Соңғы кезде Blue Origin компаниясы белсенді жұмыс істей бастағанын жаздық. Бірақ, шынын айтқанда, 5-6 айдан кейін ұшырылуы мүмкін бір зымыранның сынақтары SpaceX күнделікті жасап жатқан жұмыспен салыстырғанда сондай әсерлі көрінбейді.

4 наурызда Кеннеди ғарыш орталығындағы (Флорида штаты) тарихи LC-39A ұшыру алаңынан Crew-8 экипажы ұшырылғанын білесіздер. Сол күні Starbase кешенінде (Техас) Старшип аса ауыр зымыран жүйесіне толық отын құю сынағы өткізілді. Үдеткіш пен кеме бактары 5000 тоннадан астам метан мен сұйық оттегімен толтырылып, стартқа 10 секунда қалғанға дейінгі процедуралар пысықталды. Отын кері төгіліп алынған соң, кеше Starship S28 прототипі SH B10 үдеткішінен соңғы рет түсірілді. Бұл оларға апаттық жою жүйесін орнату үшін жасалды.

Біздің уақытпен 5 наурызға қараған түні Ванденберг базасындағы (Калифорния) SLC-4E алаңынан Transporter-10 миссиясы аясында 53 шағын жерсерік 515-590 км гелиосинхрон орбитаға шығарылды. Ал Канаверал базасындағы (Флорида) SLC-40 алаңынан 23 Starlink v2 Mini жерсерігі төмен жермаңы орбитаға көтерілді. Бұл екі Faclon 9-дың старты арасында 1 сағат 51 минут қана өтті — компанияның алдыңғы рекордынан бір сағатқа аз.
#зымыранұшыру
👍2