Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Зымырандардың тартымы: SLS (қапталдағы қос үдеткішімен бірге) — 4496 тонна-күш, Saturn V — 3450 тонна-күш, Starship — 7600 тонна-күш
#космодерек
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бока-Чика жағалауы. Ғарыш қауымдастығы FAA-ны тезірек шешім шығаруға шақыруда. Экологиялық экспертиза шешімі 14 маусымға қараған түні Алматы уақытымен 00:00-де жарияланады.
😁4
СТАРШИПТІ ОРБИТАҒА ҰШЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ!

АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) SpaceX компаниясына Starbase кешенінен Starship зымырандарын орбитаға ұшыруға рұқсат берді. АҚШ Балық қорын және жабайы жануарларды қорғау қызметінің (USFWS) пікіріне сүйенген FAA ұшырылымдар қоршаған ортаға елеулі зиян келтірмейді деген қорытындыға келді. Алайда SpaceX 75 экологиялық шараны жүзеге асыруы тиіс.

Мұны орындауға, алғашқы орбиталық ұшырылымға лицензия алуға, кемені, үдеткішті және старт құрылғыларын әзірлеуге бірнеше ай кетуі мүмкін. Дегенмен Старшиптің орбитаға шыққанын осы жылы көріп қалармыз

Суретте: SH B7 пен Starship S24 прототиптері Starbase ғарыш кешенінің ұшыру алаңында. Техас штаты, Бока-Чика қыстағы маңы
Credit: SpaceX
👏1
Қайсысы бірінші ұшады?
Anonymous Poll
33%
NASA SLS
67%
SpaceX Starship
БҮГІН ТҮНДЕ — СУПЕРАЙ!

2022 жылы 14 маусымда Алматы уақытымен 17:53-те Ай толады. Ал бұдан тура жарты тәуліктен соң, яғни түнгі 05:23-те Ай өз орбитасының перигейін басып, Жерден 357 433 километрде өтеді. Екі оқиғаны үш тәуліктен кем уақыт бөлсе және Ай 362 000 км-ден жақындаса, мұндай сәйкестік "суперай" деп аталады.

Суперай апогейдегі "микроайдан" 13%-ке жарық, және оның көрінетін диаметрі 8%-ке үлкейіп, 33,5 бұрыштық минутқа жетеді. Бұл жай көзбен ажыратуға болатындай соншалықты айырма емес, дегенмен көбіміз Айдың ерекше үлкейгенін байқаймыз. Айдың үлкен болып көрінгенін сипаттаған бақылаушылар әдетте суперай туралы алдын-ала біліп, осындай көріністі күтеді.

2022 жылы екі суперай болады, келесі жолы оны 14 шілдеде бақылай аламыз. Құбылыс жайлы толығырақ — видеода: https://youtu.be/W11oKm6hLoU
🔥2
НАСА-ның Artemis I миссиясымен өз есіміңізді Айға жіберуге асығыңыз! Акцияға бүгін түнгі 02:00-ге дейін тіркелуге болады. Атыңызды тек ағылшын әріптерімен ғана жаза аласыз. Сілтеме: https://www.nasa.gov/send-your-name-with-artemis/
👍3
НАСА-ның SLS суперзымыраны мен оның нысанасы — Ай
Credit: John Kraus Photos
🔥1
СИРЕК КАДР: МҰХИТТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Nilesat 301 жерсерігін ұшырған B1062.7 бірінші сатысын Канаверал портына алып келе жатқан JRTI платформасы 17 маусым, Алматы уақытымен 22:08-ге жоспарланған Starlink-4.19 миссиясына шыққан ASOG платформасымен кездесті.

Credit: Jerry Pike
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
17 маусым. Starlink-4.19 — жылдың 24-ші старты. КҒО, LC-39A
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1060 1-сатысы 13 рет ұшып келді — жаңа рекорд! ASOG баржасына қону
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
18 маусым. SARah-1 — жылдың 25-ші старты. Ванденберг, SLC-4E
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сатылардың ажырауы. Жүктеме германиялық әскери радиолокациялық жерсерік болғандықтан, 2-сатыдан видео көрсетілген жоқ.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 зымыранының B1071.3 нөмірлі 1-сатысы құрлыққа, LZ-4 алаңына қонды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
19 маусым. Globalstar FM15 — жылдың 26-шы старты. Канаверал, SLC-40
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1061.9 1-сатысы JRTI платформасына қонды
SPACEX 1,5 ТӘУЛІКТЕ ҮШ ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ!

17 маусым 22:09. КҒО, LC-39A. Starlink 4.19 миссиясы — 53 дана Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға. B1060.13 1-сатысы ASOG платформасына қонды.

18 маусым 20:19. Ванденберг, SLC-4E. SARah-1 миссиясы — 2200 кг герман әскери радиолокациялық жерсерігін 750 км гелиосинхрон орбитаға. B1071.3 1-сатысы LZ-4 алаңына қонды.

19 маусым 10:27. Канаверал, SLC-40. Globalstar FM15 миссиясы — 700 кг ретрансляторды 1413 км орбитаға. B1061.9 1-сатысы JRTI платформасына қонды.

SpaceX ұшырылымдары: 2022 жылы — 26, Falcon 9 — 160, барлығы — 168, қатарынан сәтті — 135.
1-сатыны сәтті қондыру: барлығы — 126, қатарынан — 52.
Бұрын ұшқан 1-сатыны қайта қолдану — 102.
Starlink: 2706 ұшырылды, орбитада — 2456, жұмыста — 1909.

B1060 1-сатысы 13-ші рет ұшты — әлем рекорды 🏆
Соңғы екі ұшырылым арасы: 14 сағат 8 минут — компания рекорды 🏆
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ NURI ЗЫМЫРАНЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ

2022 жылы 21 маусымда, Алматы уақытымен 13:00-де кореялық Nuri (KSLV-II) зымыраны екінші рет ұшырылды. Наро ғарыш орталығынан көтерілген үш сатылы зымыран PVSAT жерсерігін 700 км орбитаға шығарды. Алдағы күндері жерсеріктен 4 кубсат ажырауы тиіс.

Бұл жетістік Оңтүстік Кореяны қазіргі күні өз күшімен орбитаға жүктеме шығара алатын 11-ші мемлекет атандырды. Басқа он ғарыш державасы: АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Жапония, Үндістан, Израиль, Солтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Иран.

Nuri (KSLV-II) — толықтай Оңтүстік Кореяда жасалған алғашқы зымыран. Nuri 2021 жылы қазанда, 3-сатының ерте өшіп қалуы кесірінен, жерсерік макетіне тиісті 7,5 км/с жылдамдық бере алмаған еді. Оның ізашары Naro-1 (KSLV-I) Ресеймен бірлесіп жасалған. Бірінші сатысына ресейлік РД-191 қозғағышы орнатылған Наро-1 2009–2010 жж. екі сәтсіздіктен соң, 2013 жылы 30 қаңтарда сәтті ұшырылған.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
РЕКОРДШЫНЫҢ ОРАЛУЫ
Doug кемесі B1060.13 бірінші сатысы тұрған ASOG платформасын Канаверал портына алып келе жатыр.
SLS БАКТАРЫ ОТЫНМЕН ТОЛТЫРЫЛДЫ

НАСА-ның 20 маусымдағы төртінші әрекеті табысты болып, SLS-ке толық мөлшерде отын (сұйық сутегі мен сұйық оттегі) құйылды. Дегенмен бұл жолы да қиындықсыз болмады. Зымыранның негізгі сатысына жалғанған шлангтан сутегі аққаны байқалды. Мамандар ағуды тоқтата алмаған соң, оны жердегі старт компьютерінен "жасыруды" шешті.

Инженерлер кері санақты бастап, мүмкіндігінше көбірек операциялар өткізіп үлгеруге тырысты. Басты мақсат — сынақтың аяқталғанын көрсететін T минус 9,34 секунд межеге жету еді. Сынақшылар іс жүзінде T минус 29 секунд межесіне дейін жете алды. Жоспарланған процедуралардың көбі істелді. Бірақ кейбір операциялар, мысалы, қатты отын жағатын үдеткіштердің гидравликасын қосу, жасалмай қалды.

НАСА қол жеткен нәтижеге қанағаттанама ма, әлде бас жаттығу қайталана ма, әзірге белгісіз. Қалай болғанда да, бактар босатылып, SLS тұрған жылжымалы платформа ақауды жөндеу үшін Тік жинау ғимаратына қайта кіргізіледі.

Credit: NASA/Cory Huston
👏1
КҮЙЕЛЕШ ӘРІПТЕСТЕР

Тоғызыншы рет ұшып келген B1061 1-сатысын Канаверал портында 13 қайтара қолданылған рекордшы B1060 қарсы алды.

Credit: John Kraus
🔥1