Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Сағат неше, бүгін нешесі, қай ай, кім біледі?🤣
Әйтеуір, жаңа уақытымыз құтты болсын!
#бірыңғайбелдеу
👍2🤣2
АЙДАҒЫ IM-1 МИССИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ

НАСА мен Intuitive Machines компаниясы IM-1 Nova-C миссиясының сәтті (?) аяқталғанын хабарлады. Odysseus лендері Ай бетінде бірнеше тәулік қызмет ете алды. Онымен байланыс шектеулі болса да, 144 сағат жұмыс нәтижесінде Nova-C 350 Мбит ғылыми дерек пен 43 МБ телеметрия жіберді. Сондай-ақ НАСА-ның алты ғылыми аспабының бесеуі Айда жинаған ақпаратын хабарлады.

Компания қиындыққа толы миссия барысы жайлы біраз мәлімет берді:

1. Лендердің бағдарлау жүйесі қону барысында лазерлік биіктік өлшеуішке арқа сүйеуі керек еді, алайда техниктер оларды монтаж кезінде өшіріп қойып, старт алдында қайта қосуды ұмытып кеткен; (бұл, әрине, кешірілмес салақтық)

2. Басқару орталығы лазердің орнына пайдалы жүктеме құрамындағы НАСА-ның доплерлік лидарын қолдану туралы шешім қабылдайды, соңғысы аппараттың басқару контурына қосылмағандықтан, лендердің бағдарламасын жаңартуға тура келеді; (ал бұл, керісінше, компанияның тапқырлығын көрсетті)

3. Борттық компьютер НАСА аспабының деректерін нақты уақытта өңдей алмаған. Ал қонардағы соңғы 12 минутта лендер инерциометрге және өз камерасы түсірген фотоларды салыстыру арқылы жүрілген жолды есептеп отырған оптикалық бағдарлау жүйесіне ғана сүйенген;

4. Айға жанасар сәтте инерциометрдің жинақ қатесі 100 метрге жеткен, ал компьютер ай бетіне әлі біраз бар деп санаған. Салдарынан аппарат қонарда 2 м/с горизонталь жылдамдықпен қозғалған да, ай бетіне жанасқанда алты тіреудің бірі сынып кеткен. Тежеуіш қозғағыштың күшімен бірнеше секунд тік тұрған аппарат, оның отыны таусылғанда, жантайып құлап түскен;

5. Модуль жоспардағы нүктеден 1,5 км қиыс, кратердің шетіне, 12 градус көлбеу бетке қонған. Үстіңгі үлкен күн панелі көлеңкеде қалып, тоқ бере алмаған. Дегенмен қапталдағы кіші панель 170 Вт өндіре алған екен. Бұл лендердің жұмысына жеткенімен, негізгі радиотаратқыш 210 Вт тұтынатындықтан, байланыс нашар болды.
#ғарышоңайемес
👍1🌚1
Фото: Ай бетіне жанасар сәтте тіреудің сынуы
Credit: Intuitive Machines
👀1
Nova-C қонбай тұрып түсірген және бір фото. Үлкен жарық дақтың сол жағынан жіп-жіңішке Жер орағы көрініп тұр.
Credit: Intuitive Machines
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

29 ақпанда Starship S28 прототипі SH B10 үдеткішіне үшінші мәрте орнатылды. Кеше, неге екені белгісіз, старт алаңына S29 кемесі де жеткізілді де, бірнеше сағаттан кейін қайтадан сынау алаңына әкетілді.

NSF арнасы әзілдегендей, Starship S29 үдеткіштің бос емесін көрген соң, сынақ алаңына қайтып кетті. Басқа ресурстағы әзіл бізге түсініктірек шығар:
S28: — Кезектен тыс қайда барасың-оу?
S29: — Мен тек сұрайын деп едім...
B10: — Бәріміз сұрайық деп тұрмыз!

Старбейстен тікелей эфирге сілтеме.
CREW-8 ЭКИПАЖЫ 3 НАУРЫЗ, 9:16-ДА ҰШЫРЫЛАДЫ

2024 жылғы 3 наурызда Алматы уақытымен 9:16-да Кеннеди ғарыш орталығынан SpaceX Crew Dragon Endeavour C206.5 кемесімен кезекті Crew-8 миссиясы аттанады. Оны ұшырған Falcon 9 зымыранының жаңа B1083 1-сатысы LZ-1 қону алаңына оралуға әрекеттенеді.

Командир Мэтью Доминик (НАСА), ұшқыш Майкл Барратт (НАСА), миссия мамандары Жанетт Эппс (НАСА) пен Александр Гребёнкин (Роскосмос) құрамындағы экипаж Халықаралық ғарыш стансасында 6 ай болып, 200-ден астам зерттеу мен эксперимент өткізуі тиіс.
НАСА арнасындағы ресми эфир.

Фото: Александр Гребёнкин, Майкл Барратт, Мэтью Доминик, Жанетт Эппс
Credit: SpaceX / NASA
#хғс
🔥1
CREW-8 МИССИЯСЫ 4 НАУРЫЗДА ҰШАТЫН БОЛДЫ

Crew-8 миссиясының ұшырылымы зымыран ұшатын дәліздегі желдің күштілігіне байланысты 4 наурыз, Қазақстан уақытымен 8:53-ке шегерілді. Әзірше экипажбен сәл толығырақ танысайық. Олардың үшеуі ғарышқа бірінші рет ұшқалы отыр, ал енді бірі үшінші ғарыш сапарына үшінші түрлі кемемен аттанбақ.

Командир — Мэтью Доминик (НАСА) 🇺🇸
1981 ж.т., жүйелік инженерия магистрі, Әскери-теңіз күштерінің сынаушы-ұшқышы. 28 ұшақ типінде 1600 сағат ұшқан, 61 жауынгерлік тапсырма орындаған. АҚШ ӘТК коммандері (2 рангалы капитан). НАСА-да 2017 жылдан.

Ұшқыш — Майкл Барратт (НАСА) 🇺🇸
1959 ж.т., медицина докторы. НАСА-ға 1991 жылы дәрігер ретінде орналасып, 2000 жылы астронавтар қатарына қосылған. 2009 жылы Союз кемесімен ғарышқа ұшқан. 2011-де Discovery шаттлының соңғы STS-133 миссиясына қатысты. Екі сапарда ғарышта жалпы 211 тәулік, ашық ғарышта 5 сағаттан артық болған. Ұшқыш лицензиясына ие, ғарыштық клиникалық медицина оқулығының бас редакторы.

Миссия маманы — Жанетт Эппс (НАСА) 🇺🇸
1970 ж.т., физика бакалавры, әуе-ғарыш техникасы магистрі және PhD докторы. Ford корпорациясында инженер, Орталық барлау басқармасында 7 жыл ғылыми-техникалық барлау офицері болып қызмет еткен. НАСА-да 2009 жылдан. 2017 жылы Союз МС-09 кемесінің негізгі экипажы құрамында дайындықтан өткенімен, 2018-дің басында жеке бас жағдайына байланысты дублермен алмастырылды.

Миссия маманы — Александр Гребёнкин (Роскосмос) 🇷🇺
1982 ж.т. Ұшу аппараттарының радиоэлектрон жабдығы бойынша әскери техник, радиобайланыс инженері, авиация майоры. Роскосмос ғарышкерлер отрядында 2018 жылдан.
👍1
NEW GLENN ЗЫМЫРАНЫН СЫНАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Blue Origin ғарыш компаниясы соңғы кезде белсенді жұмыс істей бастады. Джефф Безостың компаниясы Канаверал базасындағы LC-36 ұшыру алаңына New Glenn зымыранының енді прототипін орнатты. Оның 1-сатысы — нағыз, ұшатын үдеткіш, ал 2-саты орнына макет қойылған. 2 наурызда 1-сатының бактарын тексеру үшін оларға сұйық азот құйылды. Жаңа ауыр тасығыштың алғашқы сынақ ұшырылымы тамызға жоспарланған.

Фото: New Glenn ұшыру алаңында және оның биіктігін Старшиппен салыстыру
👍2
84. «LDN 1448 ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ»

Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегер фотоларын жариялауды жалғастырайық.

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясындағы 2-орын — Энтони Квинтиль.
Барнард 203 (Lynds 1448) — Персейдегі NGC 1333 шағылдырғыш тұмандығынан бір градус оңтүстік-батыстағы күңгірт тұмандық. Ол бізден 800 жарық жылында.

LDN 1448 et al. by Anthony Quintile
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Flagstaff, Arizona, USA, 13, 15–18 and 20–21 November 2022
Equipment used: Sky-Watcher Quattro 250P telescope, Losmandy G11 Gemini 2 mount, ZWO ASI2600MC Pro camera, Starizona Nexus 0.75 x reducer/corrector, 750 mm f/3, Gain 100, 1,022 x 120-second exposures
#астрофото2023
👍2
CREW-8 МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛДЫ

2024 жылғы 4 наурыз, Алматы уақытымен 8:53-те Кеннеди ғарыш орталығы, LC-39A ұшыру алаңынан Crew-8 ұзақ мерзімді миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. SpaceX Crew Dragon Endeavour C206.5 ғарыш кемесінің ХҒС-қа түйісуі 5 наурыз, 13:00-ге жоспарланған. Миссия алты айдай мерзімге созылады. Falcon 9 зымыранының алғаш қолданылған B1083 1-сатысы LZ-1 қону алаңына қонды.

SpaceX компаниясы 13-ші ұшқышты миссия аясында осымен 50-ші ғарышкерді орбитаға шығарып отыр. Endeavour C206.5 ғарыш кемесі 5-ші рет ұшып отыр, бұл осы кемелер арасындағы жаңа рекорд.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Crew Dragon Endeavour ғарыш кемесінің 2-сатыдан ажырауы
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Перу баспасөзінің хабарлауынша, жүргізушілер мен жолаушылар аман көрінеді
#геодерек
😱2
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл Ережелері»
egov-тағы ресми нұсқа

Ешқандай сын көтермейді, онлайн-аудармашымен қотара салған. Мұндай ереже ықшам, түсінікті әрі көрнекі болғаны жөн.
😡3
ШӘЙНЕКТЕГІ АЙ МЕН ҚЫЗЫЛ ҰШҚЫН

5 наурыздың таңында Мергендегі Ай орағы мен жарық қызыл жұлдыз Антаресті тамашалайық.
Кескін: StarWalk
👍1🌚1