Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Nilesat 301 — жылдың 23-ші ұшырылымы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Nilesat 301 — мысырлық геостационар байланыс жерсерігі, массасы 4,1 т.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1062.7 1-сатысы JRTI баржасына қонды
УЭББ АЙНАСЫНА МИКРОМЕТЕОРИТ СОҒЫЛҒАН

НАСА мамырдың 23-і мен 25-і аралығында негізгі айнаның C3 сегментіне микрометеорит соғылғанын хабарлады. Уэбб ғарыштық телескопы ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Дегенмен оқиға телескоп деректеріне болмашы, бірақ байқалатын әсер еткен. Уэббтың халі мұқият тексерілуде, мұндай соққыларды зерттеп, олардың залалын жеңілдетумен айналысатын жеке топ құрылды.

Әрине, инженерлер осындай оқиғаны болжап, айналарды кішкене метеороид соққыларына шыдас беретіндей етіп жобалаған. Десе де, микрометеорит соқтығысулары уақыт өте айналарды тоздыратыны ақиқат. Айналар жер бетінде арнайы сынақтан да өткен.

Алайда соңғы соққы эксперимент пен модельдегіден асып түсіп, мамандар болжағаннан көрі елеулі зиян келтірген. Телескоп ұшырылғалы төрт микрометеорит соққысы тіркелген еді, бірақ олардың күші болжамды шамадан аспаған.

Айна сегменттері қозғалмалы болғандықтан, соққыдан пайда болған бұрмалауды ішінара теңестіруге болады. Тас тиген C3 сегментінің қалпына түзету енгізіліп те қойды. Бұл жұмыс жалғасуда.

Миссия барысында мұндай оқиғалар қайталанып тұруы мүмкін. Белгілі метеорит ағындары жақындаса, телескоп қозғағыштарын қосып, олардан жалтарып кете де алады. Қазір Уэбб ғарыштық телескопы іске қосудың соңғы кезеңінде. НАСА ол түсірген алғашқы толықтүсті кескіндерді 12 шілдеде жарияламақ.
PERSEVERANCE РОВЕРІ ЕКІНШІ ҒЫЛЫМИ НАУҚАНЫН БАСТАДЫ

НАСА-ның Perseverance ровері Марстағы Езеро кратері ішіне 2021 жылы 19 ақпанда қонған. Слд жылы жазда ол ғылыми бағдарламасының бірінші кезеңін бастады. 400 сол (марс тәулігі) ішінде ровер Октавия Е. Батлер атындағы қону алаңынан оңтүстікке жүріп, кратер түбіндегі жартастарды зерттеді. Ол 8 тау жынысы кернін, Марс атмосферасының бір үлгісін және бір куәландырушы үлгі алды. Ровер кратерде ежелде көл болғаны жайлы болжамды растады. "Қайсарлық" қонған жеріне оралған соң, солтүстік-шығысқа жүріп, шағылдарды айналып өтті де, батыстағы көне өзен атырауына бет түзеді.

2022 жылы 18 көкекте ғылыми бағдарламаның жарты жер жылына созылатын екінші кезеңі басталды. Ровер атыраумен өрлеп, осыдан миллиардтаған жыл бұрын сұйық күйдегі суда түзілген қабатты шөгінді жыныстар үлгілерін алады. Егер ол кезде Марста тірі ағзалар жасаған болса, олардың қалдықтары немесе іздері кей жыныстарда сақталып қалуы мүмкін.

Ровер жақын солдары Хоксбилл аңғарына, алғашқы үлгі алатын жерге жетеді. Perseverance көтерілу барысында тағы төрт рет тоқтап, геологиялық зерттеу жүргізеді. Ішінде органикалық заттар сақталуы мүмкін ұсақтүйіршікті сазды аргиллит, сондай-ақ Езеро көлінің ғұмыржасын анықтауға қажет ірітүйіршікті құмтас үлгілері алынуы тиіс.

Credit: NASA/JPL-Caltech
👍1
Starship — әрқайсының тартымы 230 тонна-күш 33 Raptor 2 қозғағышы
#космодерек
😱1
Зымырандардың тартымы: SLS (қапталдағы қос үдеткішімен бірге) — 4496 тонна-күш, Saturn V — 3450 тонна-күш, Starship — 7600 тонна-күш
#космодерек
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бока-Чика жағалауы. Ғарыш қауымдастығы FAA-ны тезірек шешім шығаруға шақыруда. Экологиялық экспертиза шешімі 14 маусымға қараған түні Алматы уақытымен 00:00-де жарияланады.
😁4
СТАРШИПТІ ОРБИТАҒА ҰШЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ!

АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) SpaceX компаниясына Starbase кешенінен Starship зымырандарын орбитаға ұшыруға рұқсат берді. АҚШ Балық қорын және жабайы жануарларды қорғау қызметінің (USFWS) пікіріне сүйенген FAA ұшырылымдар қоршаған ортаға елеулі зиян келтірмейді деген қорытындыға келді. Алайда SpaceX 75 экологиялық шараны жүзеге асыруы тиіс.

Мұны орындауға, алғашқы орбиталық ұшырылымға лицензия алуға, кемені, үдеткішті және старт құрылғыларын әзірлеуге бірнеше ай кетуі мүмкін. Дегенмен Старшиптің орбитаға шыққанын осы жылы көріп қалармыз

Суретте: SH B7 пен Starship S24 прототиптері Starbase ғарыш кешенінің ұшыру алаңында. Техас штаты, Бока-Чика қыстағы маңы
Credit: SpaceX
👏1
Қайсысы бірінші ұшады?
Anonymous Poll
33%
NASA SLS
67%
SpaceX Starship
БҮГІН ТҮНДЕ — СУПЕРАЙ!

2022 жылы 14 маусымда Алматы уақытымен 17:53-те Ай толады. Ал бұдан тура жарты тәуліктен соң, яғни түнгі 05:23-те Ай өз орбитасының перигейін басып, Жерден 357 433 километрде өтеді. Екі оқиғаны үш тәуліктен кем уақыт бөлсе және Ай 362 000 км-ден жақындаса, мұндай сәйкестік "суперай" деп аталады.

Суперай апогейдегі "микроайдан" 13%-ке жарық, және оның көрінетін диаметрі 8%-ке үлкейіп, 33,5 бұрыштық минутқа жетеді. Бұл жай көзбен ажыратуға болатындай соншалықты айырма емес, дегенмен көбіміз Айдың ерекше үлкейгенін байқаймыз. Айдың үлкен болып көрінгенін сипаттаған бақылаушылар әдетте суперай туралы алдын-ала біліп, осындай көріністі күтеді.

2022 жылы екі суперай болады, келесі жолы оны 14 шілдеде бақылай аламыз. Құбылыс жайлы толығырақ — видеода: https://youtu.be/W11oKm6hLoU
🔥2
НАСА-ның Artemis I миссиясымен өз есіміңізді Айға жіберуге асығыңыз! Акцияға бүгін түнгі 02:00-ге дейін тіркелуге болады. Атыңызды тек ағылшын әріптерімен ғана жаза аласыз. Сілтеме: https://www.nasa.gov/send-your-name-with-artemis/
👍3
НАСА-ның SLS суперзымыраны мен оның нысанасы — Ай
Credit: John Kraus Photos
🔥1
СИРЕК КАДР: МҰХИТТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Nilesat 301 жерсерігін ұшырған B1062.7 бірінші сатысын Канаверал портына алып келе жатқан JRTI платформасы 17 маусым, Алматы уақытымен 22:08-ге жоспарланған Starlink-4.19 миссиясына шыққан ASOG платформасымен кездесті.

Credit: Jerry Pike
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
17 маусым. Starlink-4.19 — жылдың 24-ші старты. КҒО, LC-39A
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1060 1-сатысы 13 рет ұшып келді — жаңа рекорд! ASOG баржасына қону
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
18 маусым. SARah-1 — жылдың 25-ші старты. Ванденберг, SLC-4E
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сатылардың ажырауы. Жүктеме германиялық әскери радиолокациялық жерсерік болғандықтан, 2-сатыдан видео көрсетілген жоқ.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 зымыранының B1071.3 нөмірлі 1-сатысы құрлыққа, LZ-4 алаңына қонды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
19 маусым. Globalstar FM15 — жылдың 26-шы старты. Канаверал, SLC-40