Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
710 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
65. «АРИСТАРХ КРАТЕРІ МЕН ШРЕТЕР АҢҒАРЫ»

«Біздің Ай» номинациясының қысқа тізіміне енген — Ральф Буркарт.
Айға виртуал саяхат — бейнероликте.

Aristarchus and the Schröter-Valley by Ralf Burkart
Astronomy Photographer of the Year 2023
Kempen, Viersen, North Rhine-Westphalia, Germany, 21 August 2022
#астрофото2023
👍1
ADITYA-L1 КҮН ТЕЛЕСКОПЫ ЖҰМЫС ОРБИТАСЫНА ШЫҚТЫ

2024 жылғы 6 қаңтарда үндістандық Aditya-L1 күн телескопы Күн-Жер жүйесінің L1 Лагранж нүктесі айналасындағы гало-орбитаға шықты. Ол Жерден 1,5 млн километрдегі L1 нүктесін 177,86 тәулікте бір айналып отырады. Жеті ғылыми аспаппен жарақтанған аппарат Күннің белсенді облыстарын, тәжден атылған затты, күн желі мен жұлдызымыздың сыртқы қабаттарын бес жыл бақылауы тиіс.

Aditya-L1 былтыр 2 қыркүйекте ұшырылды. Одан басқа, жермаңы орбитада екі үнді телескопы бар. Олар: көп диапазондық (көрінетін жарық, ультракүлгін, рентген) Astrosat телескопы мен 1 қаңтарда ұшырылған XPoSat рентген-поляриметриялық телескопы.

Фото: ISRO
#ҮндістанҒарышта
👍1
БИЫЛ АЙҒА АДАМ ҰШПАЙТЫН БОЛДЫ

НАСА Artemis II миссиясының мерзімі 2024 жылдың соңынан 2025-тің қыркүйегіне шегерілгенін хабарлады. Оның барысында төрт ғарышкер мінген Orion кемесі Айды айналып қайтуы керек еді. Кеме конструкциясынан табылған кінәратты жою үшін электроника блогы мен тіршілікті қамтамасыз өту жүйелерін шешіп алу керек екен. Содан соң кемені қайта жинап, толық тестілеу қажет.

Artemis III миссиясы (Айға адам қондыру) 2026 жылғы қыркүйекке ысырылды. Бірақ оның дайындығы өте төмен болғандықтан, бұл да соңғы мерзім емесі айқын. Астронавтарды Ай бетіне жеткізетін Starship HLS кемесін жасайтын SpaceX пен скафандр жасаушы Axiom Space компанияларына қосымша уақыт беріліп отыр.

Starship HLS кемесін Айға аттандыру үшін жермаңы орбитадағы отын қоймасын шамамен 10 рет толықтыру керегі белгілі болды. Яғни отын тасушы арнайы Старшип-танкерлер он рет ұшырылуы қажет! Орбитада отын құю тәжірибелері 2024 жылы басталып, 2025-те жалғасады. Бірақ ақпанда ұшуы мүмкін IFT-3 миссиясының жоспарында ондай нәрсе жоқ.

Gateway аймаңы стансасының бірінші PPE, HALO модульдерінің ұшырылу мерзімі жаңартылады, яғни 2025 жылдан әрі шегеріледі. Artemis бағдарламасының 2019 жылы жарияланған алғашқы жоспары — роликте.
👍1
Сызба: Artemis II миссиясының жоспары
Credit: NASA
👍1👾1
Credit: JAXA: NASA; DSS
XRISM ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ АЛҒАН АЛҒАШҚЫ КЕСКІНДЕР

Жапониялық XRISM (X-Ray Imaging and Spectroscopy Mission) ғарыштық рентген-обсерваториясы алғашқы ғылыми деректерді жіберді. Ол супержаңа қалдығының рентген спектрін алып, ірі галактикалар шоғыры ішінегі ыстық газды бақылаған.

N132D супержаңа қалдығы бізден 160 000 жарық жылында, Құс Жолының серігі Үлкен Магеллан Бұлтында орналасқан. Қалдық 3000 жыл бұрын, Күннен 15 есе ауыр жұлдыздың жарылысынан түзілген. XRISM оның рентген спектрінен кремний, күкірт, кальций, аргон мен темір шыңдарын байқады. Abell 2319 галактикалар шоғыры Аққу шоқжұлдызында, оның жарығы Жерге 770 миллион жылда жетеді. Рентген-жарқырау ыстық галактикааралық газдан шыққан екен.

XRISM екі телескоптан, Resolve спектрометрі мен Xtend кең ауқымды камерасынан тұрады. Ол жұмсақ рентген диапазонында бақылау жүргізуге арналған. Телескоп галактикалар шоғырларын, плазма құрылымдарын, галактикадағы ықшам нысандарды, сондай-ақ галактикаішілік ортаның құрамын зерттейді. Былтыр қыркүйекте онымен бірге ұшырылған SLIM лендері Айға 20 қаңтарда қонатынын еске саламыз.

#ЖапонияҒарышта
66. «АЙ ОРАҒЫ»

«Біздің Ай» номинациясының қысқа тізіміне енген — Андраш Папп.

Crescent by András Papp
Astronomy Photographer of the Year 2023
Veszprémvarsány, Győr-Moson-Sopron County, Hungary, 23 September 2022
#астрофото2023
ҚЫТАЙ ҒАРЫШҚА РЕНТГЕН-ТЕЛЕСКОП ШЫҒАРДЫ

2024 жылғы 9 қаңтарда Қытай 581 х 596 км төмен жермаңы орбитаға «Эйнштейн зонды» (Einstein Probe) атты рентген-телескопты сәтті шығарды. Ғарыштық телескоп қара құрдымның жұлдызды жұтуы немесе супержаңа жарылысы сияқты ғаламат құбылыстарды рентген-диапазонда зерттемек.

1450 килограмдық аппарат екі рентген телескоппен жабдықталған: WXT (Wide-field X-ray Telescope) және FXT (Follow-up X-ray Telescope). WXT-ның көзқарас аясы 3600 шаршы градус. Ол аспанды шолып, аса ауыр қара құрдым жұлдызды қиратқанда шығатын сәулеленуді іздейді. Мұндай оқиға анықталысымен, FXT оны егжей-тегжейлі талдауға кіріседі.

Миссия деректері ғалымдарға қара құрдымның жұлдыз қалдығын қалай «жейтінін» және джеттерді қалай түзетінін түсінуге көмектеседі. Зонд сондай-ақ супержаңа жарқылдарын, магнитарларды, белсенді галактика ядроларын, гамма-жарқылдарды, кометаның күн желімен әсерлесуін зерттейді.

Қытай Ғылым академиясы жобаны Еуропа ғарыш агенттігінің көмегімен жүзеге асыруда. ЕҒА FXT телескопын жасап берді және миссияны Жердегі телескоптармен қолдайды. Эйнштейн зондының бақылау деректерін наурызда ұшырылатын тағы бір рентген-телескоп — Space Variable Objects Monitor (SVOM) қытай-француз миссиясы толықтырады.
#ҚытайҒарышта
🌚1
ҚЫТАЙЛЫҚ ЖАҢА ЗЫМЫРАН БІРДЕН СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ

2024 жылғы 11 қаңтарда қытайлық OrienSpace жекеменшік ғарыш компаниясы Gravity-1 атты тырнақалды зымыранын алғаш ұшырды. Сары теңіздегі платформадан самғаған тасығыш 500 км төмен жермаңы орбитаға үш Yunyao-1 метеожерсерігін сәтті шығарды.

Gravity-1-дің үш сатысы мен төрт үдеткіші қатты отын жағатын қозғағыштармен жабдықталған. Зымыранның ұзындығы — 42 метр, диаметрі — 3,35 метр, старттық массасы — 405 тонна, тартымы — 600 тонна-күш. Gravity-1 — қатты отын жағатын зымырандардың ең қуаттысы. Ол төмен жермаңы орбитаға 6,5 тоннаға дейін, гелиосинхрон орбитаға — 4,2 тоннаға дейін жүк көтере алады.

OrienSpace өз орбиталық зымыранын сәтті ұшырған бесінші қытайлық жекеменшік компания атанды. Компания болашақта жерсеріктердің үлкен топтамасын, тіпті ғарыш кемелерін ұшыруға ниетті екенін мәлімдеді. Ұшырылым видеолары — «Физика және Ғарыш» телеграм-арнасында.
#ҚытайҒарышта
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«АҚЫМАҚ СӨЙЛЕЙ ҚАЛСА, АҚЫЛҒА ҚОНБАЙТЫН ҚАЙДАҒЫНЫ АЙТАР» (мақал)

Ресей насихаты Ресей Федерациясының Батыры, Ресей Қарулы күштерінің генерал-майорының қанынан өтіп, жілік майына сіңген екен. Бұл кісіге академиктер Черток, Мишиннің, генералдар Каманин, Леонов, Гречконың мемуарларын оқыған жөн шығар. Кеңес космонавтикасын қолымен құрған адамдар америкалықтардың Айда болғанына күмәнданбағаны былай тұрсын, олар бұл фактіні НАҚТЫ БІЛГЕН!

Өйткені бұлар Аполлолардың әр қимылын бақылап отырды, астронавтардың Хьюстонмен әңгімесін тыңдап, Айдан келген телесигналды тікелей қабылдайтын мүмкіндігі болды. АҚШ-тан келіп жатқан барлау мәліметі өз алдына. Қандай да бір ілік табылса, КСРО Американың өтірігін әшкерелеуден тайынбас еді. Алайда КСРО кезінде америкалықтардың Айға қонғанына ешқашан ресми де, бейресми де күмән айтылған жоқ. Бұл дерек барлық кеңестік энциклопедиялар мен тиісті кітаптарға енгізілді. Боралдайлық Ан-24 ұшқышының мұны білмей, беріде шыққан фейк долбарды тотықұсша қайталап отырғаны күлкі ғана туғызады.
🤣3
67. «ЖАРТАСТАН ӨРЛЕГЕН АЙ»

«Біздің Ай» номинациясының қысқа тізіміне енген — Карл Эванс.
Бродхейвен, Пембрукшир графтығы, Ұлыбритания.

A Rocky Rise by Carl Evans
Astronomy Photographer of the Year 2023
Broadhaven, Pembrokeshire, UK, 16 April 2022
#астрофото2023
🌚1