64. «ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ТОЛҒАН АЙЫНЫҢ МАРСПЕН ТОҒЫСЫ»
«Біздің Ай» номинациясындағы жоғары баға — Мигель Кларо.
Фото Доминикан Республикасында 2022 жылы 8 желтоқсанда түсірілген. Ай маңындағы қызғылт реңкті ай тәжін оның күшті жарығының жұқа бұлттарда сынуы түзген. Марс тоқсары сақинаның көкшіл шекарасындағы кішкене сары нүкте ретінде көрініп тұр. Толған Айдың қарсы тұрыстағы Марспен тоғысы жайлы арнайы видео жасаған едік.
Last Full Moon of the Year Featuring a Colourful Corona During a Close Encounter With Mars by Miguel Claro
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Punta Cana, Dominican Republic, 8 December 2022
Equipment used: Nikon D810A camera, 195 mm f/2.8, ISO 1600, 1/100-second exposure
#астрофото2023

🤨2
8 ҚАҢТАРДА VULCAN CENTAUR ЗЫМЫРАНЫ БІРІНШІ РЕТ ҰШЫРЫЛАДЫ
2024 жылғы 8 қаңтарда, Алматы уақытымен 13:18-де ULA ұшыру операторының жаңа Vulcan Centaur ауыр зымыраны Канаверал базасындағы SLC-41 ұшыру алаңынан алғаш рет ұшырылмақ. Бірінші миссияда-ақ зымыранға жауапты тапсырма жүктелген: Astrobotic компаниясының Peregrine лендерін Айға аттандыру. Аппарат НАСА-ның CLPS бағдарламасы аясында Айға қонуы тиіс.
Сонымен бірге, Celestis компаниясының Enterprise миссиясы аясында 150 капсула планетааралық кеңістікке шығарылады. Капсулаларға қайтыс болған адамдардың күлі және компания клиенттерінің ДНҚ үлгілері мен хаттары салынған.
Бірінші сатыдағы екі BE-4 метан-оттегі қозғағышын Blue Origin компаниясы жасаған. Centaur-V екінші сатысында екі стандарт RL-10 қозғағышы қолданылады. Зымыранның биіктігі 61,6 м, диаметрі 5,4 м, тартымы 8952 кН. Ол төмен жермаңы орбитаға 19 000 кг, геоөтпелі орбитаға 8400 кг жүктеме шығара алады.
Lockheed Martin мен Boeing корпорациялары бірлесіп құрған United Launch Alliance (ULA) ұшыру операторы қазір тарихи Delta IV Heavy, Atlas V ауыр зымырандарын қолданып жүр. Өндірісі тоқтатылған бұл тасығыштардың санаулы данасы қалды. Vulcan Cert-1 миссиясы — 2006 жылы құрылған ULA-ның 159-шы ұшырылымы.

YouTube
Jan. 8 LIVE Broadcast: Vulcan Cert-1
A United Launch Alliance (ULA) Vulcan VC2S rocket will launch the first certification mission from Space Launch Complex-41 at Cape Canaveral Space Force Station, Florida. The Cert-1 flight test includes two payloads. The first is the Peregrine Lunar Lander…
АҚШ ЕЛІНЕ +1 АУЫР ЗЫМЫРАН!
2024 жылғы 8 қаңтарда, Алматы уақытымен 13:19-да Канаверал базасындағы SLC-41 ұшыру алаңынан ULA ұшыру операторының Vulcan Centaur ауыр зымыраны алғаш рет ұшырылды. Жаңа зымыран Astrobotic компаниясының Peregrine лендерін Айға сәтті аттандырды. НАСА-ның CLPS бағдарламасы аясында жасалған лендер Ай бетіне 23 ақпанда қонуы тиіс.
Сонымен бірге, Celestis компаниясының Enterprise миссиясы аясында 234 капсула гелиоцентр орбитаға шығарылды. Капсулаларға қайтыс болған бірнеше адамның күлі және Celestis клиенттерінің ДНҚ үлгілері мен хаттары салынған.
ULA-ның Atlas V және Delta IV Heavy ауыр зымырандарына тән қапталдағы қатты отын жағатын екі үдеткіш пен екі стандарт RL-10 қозғағышпен істейтін Centaur-V екінші сатысы жаңа тасығышқа мұраға қалды. Алайда бірінші сатыны Blue Origin компаниясы өндірген екі BE-4 метан-оттегі қозғағышы үдетеді. Сөйтіп, Vulcan өз жүктемесін ойдағыдай ұшырған тарихтағы екінші, ал АҚШ-тағы алғашқы метан зымыран атанды.
Vulcan Centaur екінші рет көкекте ұшырылуы мүмкін. Ол Sierra Space компаниясының су жаңа Dream Chaser қанатты жүк кемесін ХҒС-қа жөнелтеді. Әскери жүктемелерді ғарышқа шығаруға рұқсат алу үшін, Vulcan екі рет сәтті ұшырылуы тиіс. Бір мәрте қолданылатын Vulcan Centaur, әрине, Falcon 9-ға бәсекелес емес, бірақ АҚШ Қарулы күштері бір операторға тәуелді болып қалмас үшін балама тасығышты қолдайтыны анық.
#зымыранұшыру

👏3
«ЛАШЫН» АЙҒА ЖЕТЕ АЛМАЙДЫ
2024 жылғы 8 қаңтарда алғаш ұшырылған Vulcan Centaur зымыраны Astrobotic Technology компаниясының Peregrine лендерін сәтті көтерген еді. Бұл NASA CLPS-1 миссиясы аясында жасалды. Лендер Айдағы Ажал Көліне қонып, 28 ғылыми жүктемені, соның ішінде НАСА-ның 14 жүктемесін, Карнеги-Меллон университетінің 2 килограмдық ровері мен мексикалық бес кішкене роботты жеткізуі тиіс болған.
Айға жолға шыққан аппаратпен байланыс орнатылып, одан қалыпты телеметриялық деректер келе бастаған. Алайда 6 сағаттан кейін Astrobotic негізгі қозғағыштың аномалиясы себепті лендердің Күнге бағдарлана алмай тұрғанын хабарлады. Соның кесірінен күн панелінен зарядталмаған аккумулятор қатты отырып қалды. Кейін панельді күнге бағдарлаудың сәті түсіп, лендер батареясы толық зарядталды. Бірақ қозғағыш жүйесінің ақауы борттағы 450 кг отынның елеулі шығынына әкеп соққан. Frontier Aerospace компаниясы жасаған қозғағыштар екі компоненті қосылғанда өзі тұтанатын MON-25 отынымен істейді.
Қысқасы, Peregrine Айға жете алмайтыны айқындалды. Ол Жерді айналатын созыңқы орбитаға шығады. Astrobotic НАСА-мен және жүктеме иелерімен кеңесе отырып, оларды қалай пайдалану жолын қарастыруда. Алайда шамамен 40 сағаттан соң отын таусылады да, панель бағдарланбай, аккумулятор қайта сөнеді.
Astrobotic-тің екінші, ірілеу Griffin лендері қарашада ұшып, Ай бетіне НАСА-ның VIPER роверін жеткізуі керек еді. Бұл миссия енді шегеріледі. Ақпанға NASA CLPS-2 — Intuitive Machines компаниясының IM-1 миссиясы жоспарланған. Бортында НАСА-ның 5 жүктемесі бар Nova-C лендері Айдың Оңтүстік полюсі маңына қонуы тиіс.

🌚1
65. «АРИСТАРХ КРАТЕРІ МЕН ШРЕТЕР АҢҒАРЫ»
«Біздің Ай» номинациясының қысқа тізіміне енген — Ральф Буркарт.
Айға виртуал саяхат — бейнероликте.
Aristarchus and the Schröter-Valley by Ralf Burkart
Astronomy Photographer of the Year 2023
Kempen, Viersen, North Rhine-Westphalia, Germany, 21 August 2022

👍1
ADITYA-L1 КҮН ТЕЛЕСКОПЫ ЖҰМЫС ОРБИТАСЫНА ШЫҚТЫ
2024 жылғы 6 қаңтарда үндістандық Aditya-L1 күн телескопы Күн-Жер жүйесінің L1 Лагранж нүктесі айналасындағы гало-орбитаға шықты. Ол Жерден 1,5 млн километрдегі L1 нүктесін 177,86 тәулікте бір айналып отырады. Жеті ғылыми аспаппен жарақтанған аппарат Күннің белсенді облыстарын, тәжден атылған затты, күн желі мен жұлдызымыздың сыртқы қабаттарын бес жыл бақылауы тиіс.
Aditya-L1 былтыр 2 қыркүйекте ұшырылды. Одан басқа, жермаңы орбитада екі үнді телескопы бар. Олар: көп диапазондық (көрінетін жарық, ультракүлгін, рентген) Astrosat телескопы мен 1 қаңтарда ұшырылған XPoSat рентген-поляриметриялық телескопы.
Фото: ISRO
#ҮндістанҒарышта

БИЫЛ АЙҒА АДАМ ҰШПАЙТЫН БОЛДЫ
НАСА Artemis II миссиясының мерзімі 2024 жылдың соңынан 2025-тің қыркүйегіне шегерілгенін хабарлады. Оның барысында төрт ғарышкер мінген Orion кемесі Айды айналып қайтуы керек еді. Кеме конструкциясынан табылған кінәратты жою үшін электроника блогы мен тіршілікті қамтамасыз өту жүйелерін шешіп алу керек екен. Содан соң кемені қайта жинап, толық тестілеу қажет.
Artemis III миссиясы (Айға адам қондыру) 2026 жылғы қыркүйекке ысырылды. Бірақ оның дайындығы өте төмен болғандықтан, бұл да соңғы мерзім емесі айқын. Астронавтарды Ай бетіне жеткізетін Starship HLS кемесін жасайтын SpaceX пен скафандр жасаушы Axiom Space компанияларына қосымша уақыт беріліп отыр.
Starship HLS кемесін Айға аттандыру үшін жермаңы орбитадағы отын қоймасын шамамен 10 рет толықтыру керегі белгілі болды. Яғни отын тасушы арнайы Старшип-танкерлер он рет ұшырылуы қажет! Орбитада отын құю тәжірибелері 2024 жылы басталып, 2025-те жалғасады. Бірақ ақпанда ұшуы мүмкін IFT-3 миссиясының жоспарында ондай нәрсе жоқ.
Gateway аймаңы стансасының бірінші PPE, HALO модульдерінің ұшырылу мерзімі жаңартылады, яғни 2025 жылдан әрі шегеріледі. Artemis бағдарламасының 2019 жылы жарияланған алғашқы жоспары — роликте.

XRISM ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ АЛҒАН АЛҒАШҚЫ КЕСКІНДЕР
Жапониялық XRISM (X-Ray Imaging and Spectroscopy Mission) ғарыштық рентген-обсерваториясы алғашқы ғылыми деректерді жіберді. Ол супержаңа қалдығының рентген спектрін алып, ірі галактикалар шоғыры ішінегі ыстық газды бақылаған.
N132D супержаңа қалдығы бізден 160 000 жарық жылында, Құс Жолының серігі Үлкен Магеллан Бұлтында орналасқан. Қалдық 3000 жыл бұрын, Күннен 15 есе ауыр жұлдыздың жарылысынан түзілген. XRISM оның рентген спектрінен кремний, күкірт, кальций, аргон мен темір шыңдарын байқады. Abell 2319 галактикалар шоғыры Аққу шоқжұлдызында, оның жарығы Жерге 770 миллион жылда жетеді. Рентген-жарқырау ыстық галактикааралық газдан шыққан екен.
XRISM екі телескоптан, Resolve спектрометрі мен Xtend кең ауқымды камерасынан тұрады. Ол жұмсақ рентген диапазонында бақылау жүргізуге арналған. Телескоп галактикалар шоғырларын, плазма құрылымдарын, галактикадағы ықшам нысандарды, сондай-ақ галактикаішілік ортаның құрамын зерттейді. Былтыр қыркүйекте онымен бірге ұшырылған SLIM лендері Айға 20 қаңтарда қонатынын еске саламыз.
#ЖапонияҒарышта

Хаббл телескопы орбитадағы 32-ші жылы не істеді? Арнада желтоқсанда жарияланған #бейнеролик әңгімелейді.
YouTube
Хабблдың орбитадағы 32-ші жылы
Хаббл ғарыштық телескопы өзінің орбитадағы 32 жылдығын Хиксон 40 ықшам тобы ретінде белгілі бес галактика тобының жаңа ғаламат кескінімен атап өтті. Хаббл әлі күнге Әлем құпияларын ашуды жалғастыруда. Хабблдың 32-ші жылы алған кейбір ғылыми жетістіктері —…
66. «АЙ ОРАҒЫ»
«Біздің Ай» номинациясының қысқа тізіміне енген — Андраш Папп.
Crescent by András Papp
Astronomy Photographer of the Year 2023
Veszprémvarsány, Győr-Moson-Sopron County, Hungary, 23 September 2022

ҚЫТАЙ ҒАРЫШҚА РЕНТГЕН-ТЕЛЕСКОП ШЫҒАРДЫ
2024 жылғы 9 қаңтарда Қытай 581 х 596 км төмен жермаңы орбитаға «Эйнштейн зонды» (Einstein Probe) атты рентген-телескопты сәтті шығарды. Ғарыштық телескоп қара құрдымның жұлдызды жұтуы немесе супержаңа жарылысы сияқты ғаламат құбылыстарды рентген-диапазонда зерттемек.
1450 килограмдық аппарат екі рентген телескоппен жабдықталған: WXT (Wide-field X-ray Telescope) және FXT (Follow-up X-ray Telescope). WXT-ның көзқарас аясы 3600 шаршы градус. Ол аспанды шолып, аса ауыр қара құрдым жұлдызды қиратқанда шығатын сәулеленуді іздейді. Мұндай оқиға анықталысымен, FXT оны егжей-тегжейлі талдауға кіріседі.
Миссия деректері ғалымдарға қара құрдымның жұлдыз қалдығын қалай «жейтінін» және джеттерді қалай түзетінін түсінуге көмектеседі. Зонд сондай-ақ супержаңа жарқылдарын, магнитарларды, белсенді галактика ядроларын, гамма-жарқылдарды, кометаның күн желімен әсерлесуін зерттейді.
Қытай Ғылым академиясы жобаны Еуропа ғарыш агенттігінің көмегімен жүзеге асыруда. ЕҒА FXT телескопын жасап берді және миссияны Жердегі телескоптармен қолдайды. Эйнштейн зондының бақылау деректерін наурызда ұшырылатын тағы бір рентген-телескоп — Space Variable Objects Monitor (SVOM) қытай-француз миссиясы толықтырады.
#ҚытайҒарышта

ҚЫТАЙЛЫҚ ЖАҢА ЗЫМЫРАН БІРДЕН СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2024 жылғы 11 қаңтарда қытайлық OrienSpace жекеменшік ғарыш компаниясы Gravity-1 атты тырнақалды зымыранын алғаш ұшырды. Сары теңіздегі платформадан самғаған тасығыш 500 км төмен жермаңы орбитаға үш Yunyao-1 метеожерсерігін сәтті шығарды.
Gravity-1-дің үш сатысы мен төрт үдеткіші қатты отын жағатын қозғағыштармен жабдықталған. Зымыранның ұзындығы — 42 метр, диаметрі — 3,35 метр, старттық массасы — 405 тонна, тартымы — 600 тонна-күш. Gravity-1 — қатты отын жағатын зымырандардың ең қуаттысы. Ол төмен жермаңы орбитаға 6,5 тоннаға дейін, гелиосинхрон орбитаға — 4,2 тоннаға дейін жүк көтере алады.
OrienSpace өз орбиталық зымыранын сәтті ұшырған бесінші қытайлық жекеменшік компания атанды. Компания болашақта жерсеріктердің үлкен топтамасын, тіпті ғарыш кемелерін ұшыруға ниетті екенін мәлімдеді. Ұшырылым видеолары — «Физика және Ғарыш» телеграм-арнасында.