This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
4. Үдеткіштердің атмосфераға енгенде қозғағыштарын қосуы
🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
5. B1064.5, B1065.5 қапталдағы үдеткіштері LZ-1, LZ-2 алаңдарына сәтті қонды
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайдың улы гептил/амил отын жұбымен ұшатын Чанчжэн-5B зымыранының сатысы тағы да елді мекеннің шетіне түскен екен. Коммунистер мен солардың мұрагерлері үшін адам құны көк тиын екені анық.
👍1😱1
SPACEX 2023 ЖЫЛЫ ОРБИТАҒА 96 ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ!
2023 жылғы 29 желтоқсанда, Алматы уақытымен таңғы 10:01-де SpaceX компаниясы Канаверал базасының SLC-40 ұшыру алаңынан Falcon 9 ауыр зымыранын ұшырды. Ол Starlink-6.36 миссиясы аясында кезекті 23 дана Starlink v2 Mini интернет-жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығарды. 12-ші рет қолданылған B1069 1-сатысы ASOG платформасына сәтті қонды.
Сонымен, компания 2023 жылды 96 жоспарлы орбиталық ұшырылыммен жапты (Falcon 9 — 91, Falcon Heavy — 5, барлығы сәтті). Бұл, әрине, компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіш! 🏆 Бұл есепке Starship жүйесінің екі сынағы кірмейді.
SpaceX былтыр 61 Falcon 9 / Falcon Heavy ұшырып, (бәрі сәтті) — бір зымыран тегі үшін әлем рекордын (Р7, КСРО, 1980) қайталаған еді. Енді рекорд бір жарым есе арттырылды! 🏆
Falcon 9 зымыраны 91 рет ұшырылды — нақты бір модификация үшін әлем рекорды 🏆 (бұрынғы рекорд: Falcon 9 — 60, 2022).
Бүгінгі USSF-52 (OTV-7) және Starlink-6.36 миссиялары небәрі 2 сағат 54 минут аралатып ұшырылды — компания рекорды 🏆 (бұрынғы жетістік - 4 сағат 12 минут).
#зымыранұшыру

SpaceX компаниясы 2023 жылғы соңғы Falcon 9 / Falcon Heavy зымырандарын ұшырғанын жаздық. Ал Starbase ғарыш кешеніндегі жұмыс өз жоспарымен жүріп жатыр. 29 желтоқсанда Starship S28 прототипінің кезекті статикалық тұтандыру сынағы өткізілді. Енді SH B10 прототипінің тұтандыру сынағын күтеміз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
29 желтоқсанда SH B10 прототипі де статикалық тұтандыру сынағынан өтті. Ол 10 секундқа созылды.
62. «ҚАРАҢҒЫЛЫҚ ТҮСТІ»
«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Алессандро Раваньин.
Романо д'Эццелино, Виченца, Италия, 2022 жылғы 25 қазандағы Күн тұтылуы көрінісі. Бұл тұтылу жайлы толығырақ — біздің арнадағы роликте.
The Advance of Darkness by Alessandro Ravagnin
Astronomy Photographer of the Year 2023
Romano d'Ezzelino, Vicenza, Italy, 25 October 2022
#астрофото2023

👀1
ЖАПОН ҒАРЫШ АППАРАТЫ ФОБОСҚА 2026-ДА АТТАНАТЫН БОЛДЫ
Жапон әуе-ғарыш зерттеулері агенттігі (JAXA) MMX (Martian Moons eXploration) планетааралық стансасының ұшырылымын 2024 жылдан 2026-ға шегерді. Бұл жаңа H3 зымыранының наурыздағы апатты дебютімен байланысты. MMX енді Марстың серігі Фобосқа 2027-де жетіп, одан алынған топырақ үлгісін Жерге 2031-де әкелуі тиіс.
MMX жобасына зондтың екі ғылыми аспабын ұсынған НАСА, сондай-ақ IDEFIX роверін жасап беретін Француз және Герман ғарыш агентіктері атсалысады. Аппараттар Фобостың қасиеттерін, құрылымы мен құрамын зерттеп, екінші серік Деймосты бақылайды.
Credit: JAXA

ЖАҢА 2024 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
«Физика және Ғарыш» жобасының оқырмандарын Жаңа жыл мейрамымен құттықтап, ашық аспан мен бейбіт өмір тілейміз.
#2024жыл

БЕС ЖЫЛ БҰРЫН ҒАРЫШ АППАРАТЫ ЕҢ АЛЫС ДЕНЕНІҢ ТҰСЫНАН ӨТТІ
2019 жылғы 1 қаңтарда НАСА-ның New Horizons ғарыш аппараты Койпер белдеуіндегі 2014 MU69 денесінен 3500 километрде өтті. Аррокот деген атпен де белгілі нысан бұл кезде Күннен 6,5 миллиард километр қашықтықта еді. 2014 жылы Хаббл телескобы ашқан аспан денесі бұрын-соңды ғарыш кемесі барған ең алыс нысан болды.

👏1
2024 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАРЫ
ЖЫЛ ОҚИҒАСЫ — ЖАЙ КӨЗБЕН КӨРІНЕТІН ЕРЕКШЕ ЖАРЫҚ КОМЕТА!
C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасы 27 қыркүйекте перигелиінен өткен кезде, оның жарықтығы 0,2 жұлдыздық шамаға жетуі мүмкін. Перигелийден соң ол Солтүстік жартышардан бақылана бастайды.
Комета 12 қазанда Жерге барынша жақындағанда, оның жарықтығы –0,9 ж.ш. дейін артады деп болжанып отыр! Демек C/2023 A3 Сүмбіледен басқа жұлдыздардың бәрінен асып түсуі ықтимал. Болжам ақталса, ол қыркүйекте таңертең және қазанда кешке жай көзбен көрініп, «2024 жылғы үлкен комета» атанады.
КҮН ТҰТЫЛУЛАРЫ
8 көкек — Күннің толық тұтылуы (ең үлкен фазасы 1,057 — Алматы уақытымен 23:17). Тұтылу Солүстік Америка, Оңтүстік Американың солтүстігі, батыс Еуропа, Атлант пен Тынық мұхит айдынынан, соның ішінде толық фазасы — қос Американың кей аймақтары мен кейбір аралдардан көрінеді.
2 қазан — Күннің сақина тәрізді тұтылуы (ең үлкен фазасы 0,93 — 23:46). Отты сақина Чили мен Аргентинаның оңтүстігінен көрінсе, Солтүстік пен Оңтүстік Америка, Антарктида, Тынық, Атлант мұхиттары айдынынан жартылай тұтылу бақыланады.
АЙ ТҰТЫЛУЫ
18 қыркүйек — Айдың жартылай тұтылуы (07:13–08:16, ең үлкен фазасы 0,09 — 07:44). Қазақстанның батысынан бақыланады.
ЖҰЛДЫЗ ЖАУЫНДАРЫ
Мол метеор ағындарынан биыл Персеидтерді бақылауға қолайлы жағдай туады.
3 қаңтар — Квадрантидалар (ZHR*=110) Ай үшінші ширекте
22 көкек — Лиридалар (ZHR=18–90) Толған Ай маңы
12 тамыз — Персеидтер (ZHR=100) Ай бірінші ширекте
8 қазан — Драконидалар (ZHR~5, кейде 100-400) Ай бірінші ширекте
21 қазан — Орионидалар (ZHR~20) үшінші ширек
17 қараша — Леонидалар (ZHR~15) Толған Ай маңы
14 желтоқсан — Геминидалар (ZHR=150) Толған Ай маңы
* ZHR — ағынның радианты дәл төбеде болғанда, тас қараңғыда көру қабілеті идеал бақылаушы бір сағатта көре алатын метеор саны. Іс жүзінде әлдеқайда аз метеор көрінеді.
СУПЕРАЙ
Айдың толық фазасының оның Жерге барынша жақындауына (перигейге) сәйкес келуі — 18 қыркүйек, 17 қазан.
ПЛАНЕТАЛАР
Меркурий. 4 таңғы (қаңтар, мамыр, қыркүйек, желтоқсан) және 3 кешкі (наурыз, шілде, қараша) элонгация (Күннен бұрыштық қашықтығының максимумы, әрі кеткенде 27°). Ең жақсы көрінетін кезеңдер: кешке — наурызда, таңда — қыркүйекте.
Шолпан. Жыл бойы жақсы бақыланады: қаңтар–мамырда — таңда, маусымнан бастап — кешке. 4 маусым — Күнмен жоғарғы қосылыс. Шолпан күз бен қыста кешкі аспанда ерекше жарқырайды.
Марс. Екінші жартыжылдықта жақсы көрінеді. Күз бен қыста Торпақ, Егіздер мен Шаянда біршама жоғары көтеріледі. 7 желтоқсанда тоқырап, кері шегіне қозғала бастайды. Марстың Күнмен келесі қарсы тұрысы — 2025 жылғы 16 қаңтарда, сондықтан жыл соңына қарай ол ерекше жарқырайды.
Юпитер. 18 мамырдағы Күнмен қосылыс маңын санамағанда, жыл бойы жақсы көрінеді. Қосылыстан соң таңғы аспанға өтіп, маусымда шапақ фонында байқалады. 7 желтоқсандағы Күнмен қарсы тұрыс кезеңінде көкжиектен биік ерекше жарық жұлдыз түрінде түні бойы тамаша бақыланады.
Сатурн. 28 ақпандағы Күнмен қосылыстан соң, таңда байқалады. Кешке ең жақсы көрінетін кезі — қарсы тұрыс (8 қыркүйек) маңы.
Уран. Дүрбі не телескоппен күзде жақсы көрінеді. Қарсы тұрысы — 17 қараша.
Нептун. Дүрбі не телескоппен күзде жақсы көрінеді, қарсы тұрысы — 21 қыркүйек.
ПЛАНЕТАЛАРДЫҢ ЖАҚЫН ҚОСЫЛЫСТАРЫ
29 көкек 09:00 — Марс пен Нептун — 0°02' !!!
Ерекше тығыз қосылыс!
4 маусым 14:00 — Меркурий мен Юпитер — 0°06'35" !!
Ерекше тығыз жақындасу күн шығарда шығыс көкжиек үстінен көрінеді.
27 қаңтар 19:00 — Меркурий мен Марс — 0°20'
22 наурыз 04:00 — Шолпан мен Сатурн — 0°20'
3 көкек 18:00 — Шолпан мен Нептун — 0°24'
11 көкек 01:00 — Марс пен Сатурн — 0°25'
21 көкек 07:00 — Юпитер мен Уран — 0°30'
14 тамыз 20:00 — Марс пен Юпитер — 0°20'
ПЕРИГЕЛИЙ МЕН АФЕЛИЙ
3 қаңтар 06:38 — Жер перигелийде (Күннен 147 098 988 км қашықтықта)
5 шілде 10:06 — Жер афелийде (Күннен 152 097 000 км қашықтықта)
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІНІҢ БАСЫ
20 наурыз 08:06 — Көктемгі күн теңелуі
21 маусым 01:50 — Жазғы күн тоқырауы
22 қыркүйек 17:42 — Күзгі күн теңелуі
21 желтоқсан 14:40 — Қысқы күн тоқырауы
#астрокүнтізбе #2024жыл

Физика және Ғарыш pinned «2024 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАРЫ ЖЫЛ ОҚИҒАСЫ — ЖАЙ КӨЗБЕН КӨРІНЕТІН ЕРЕКШЕ ЖАРЫҚ КОМЕТА! C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасы 27 қыркүйекте перигелиінен өткен кезде, оның жарықтығы 0,2 жұлдыздық шамаға жетуі мүмкін. Перигелийден соң ол Солтүстік…»
КҮНДЕГІ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ОТШАШУ
Жаңа жыл түні, Алматы уақытымен 03:30 шамасында Күнде X5.0 балдық жарқыл болды, бірақ ол UTC бойынша 2023 жылдың 31 желтоқсанына жазылды. Оталыс Күн дискінің шетінде болғандықтан, ол шығарған плазма мен зарядталған бөлшектер ағыны Жерден қиыс кетті. Бұл оталыс 14 желтоқсандағы X2.8 оқиғадан асып түсіп, 25-ші циклдегі ең күшті жарқыл атанды. Үшінші орында — X2.2 жарқыл, 17 ақпан 2023 жыл.
Жаңажылдық оталыс — 2017 жылдың 10 қыркүйегінен бергі ең қуатты жарқыл. Сол күні X8.2 балдық оқиға тіркелген еді. Күн белсенділігі кезекті шыңына жақындаған сайын, осындай күшті оталыстар жиілей бермек. Шың 2024 жылдың ортасына күтіліп отыр, ол 2025-ке жылжиды деген болжам да бар. Алайда ең қуатты жарқылдар циклдің соңына таман, 2028-де бақылануы ықтимал.
Credit: NASA/SDO; NOAA/SWPC

2024 ЖЫЛДЫ ҮНДІ ЗЫМЫРАНЫ АШЫП БЕРДІ
2024 жылғы 1 қаңтарда, Алматы уақытымен 09:40-та Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) Сатиш Дхаван атындағы ғарыш орталығынан жылдың бірінші орбиталық миссиясын сәтті ұшырды. Былтыр Күн-Жер жүйесінің L1 Лагранж нүктесіне Aditya-L1 ғарыштық телескопын жеткізе алған Бхарат елі енді төмен жермаңы орбитаға XPoSat рентген-поляриметриялық телескопын шығарды.
XPoSat — рентген сәулесінің астрономиялық көздерін зерттейтін мамандандырылған поляриметриялық миссия. Жаңа телескоптың негізгі POLIX аспабы 8–30 кэВ орта энергиялы фотондардың поляризациялану деңгейі мен бұрышын өлшеуге арналған. Ал XSPECT аспабы 0,8–15 кэВ энергия диапазонында спектроскопиялық ақпарат жинайды.
PSLV зымыранының 4-ші сатысына орнатылған POEM-3 эксперименттік орбиталық модуліндегі 10 ғылыми жүктеме түрлі эксперимент жасайды. Орташа зымыранның 60 ұшырылымының 57-сі сәтті өтіп отыр. ISRO жалпы 92 зымыран ұшырса, соның 77-сі (және соңғы 10-ы қатарынан) өз міндетін орындады.
Credit: ISRO

63. «ТЕРМИНАТОРДАҒЫ КҮННІҢ БАТУЫ»
Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлделі жұмыстарымен одан әрі танысайық.
Ендігі кезекте — «Біздің Ай» номинациясы.
«Біздің Ай» номинациясындағы 2-орын — Том Уильямс.
Айдағы Платон кратері маңының күн батар шақтағы кескіні. Үшінші ширек фазасы өңірдің ғаламат көрінісін түсіруге мүмкіндік берді. Кей көлеңкенің ұзындығы 70 километрге жетеді екен. Айдың осы фотодағы көрініске ұқсайтын керемет видеосын мына роликтен тамашалаңыз.
Sundown on the Terminator by Tom Williams
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Trowbridge, Wiltshire, UK, 20 August 2022
Equipment used: Sky-Watcher 400P (16") GoTo Dobsonian Reflector telescope, Player One Uranus-C (IMX585) camera, 8,750 mm f/21.5, 1,250 x 12-millisecond exposures x 2 panels, 30-second total exposure time