Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
9-ШЫ FALCON HEAVY ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНДЫ 7-ШІ МИССИЯҒА АТТАНДЫРДЫ

2023 жылғы 29 желтоқсанда, Алматы уақытымен таңғы 7:07-де SpaceX компаниясы Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңынан тоғызыншы Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ұшырды. Ол USSF-52 (OTV-7) миссиясы аясында АҚШ Ғарыш күштерінің Boeing X-37B ұшқышсыз космопланын көтерді. Құпия аппарат 185 км x 35188 км, еңкеюі 48° жермаңы орбитаға шығуы тиіс. X-37B осымен жалпы жетінші рет, ал нақты №2 кеме — төртінші рет ұшырылып отыр. Ұшырылым құны $130 млн.

Зымыранның жаңа B1084 орталық сатысы қайтарылмады, ал бесінші реттен қолданылған B1064, B1065 қапталдағы үдеткіштері LZ-1, LZ-2 алаңдарына тағы да сәтті қонды. Falcon Heavy 2023 жылы 5-ші рет ұшырылып, бір күнтізбелік жылда ең көп ұшқан аса ауыр зымыран атанды — жаңа әлем рекорды! 🏆 НАСА-ның Saturn V тасығышы тарихи 1969 жылы төрт рет самғаған еді.

Credit: John Kraus
#зымыранұшыру
🏆1👾1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2. Қапталдағы қос үдеткіштің ажырауы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
3. 2-сатының орталық сатыдан ажырауы. Жүктеме құпия болғандықтан, оның 2-сатыдан ажырауы көрсетілмеді
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
4. Үдеткіштердің атмосфераға енгенде қозғағыштарын қосуы
🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
5. B1064.5, B1065.5 қапталдағы үдеткіштері LZ-1, LZ-2 алаңдарына сәтті қонды
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайдың улы гептил/амил отын жұбымен ұшатын Чанчжэн-5B зымыранының сатысы тағы да елді мекеннің шетіне түскен екен. Коммунистер мен солардың мұрагерлері үшін адам құны көк тиын екені анық.
👍1😱1
SPACEX 2023 ЖЫЛЫ ОРБИТАҒА 96 ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ!

2023 жылғы 29 желтоқсанда, Алматы уақытымен таңғы 10:01-де SpaceX компаниясы Канаверал базасының SLC-40 ұшыру алаңынан Falcon 9 ауыр зымыранын ұшырды. Ол Starlink-6.36 миссиясы аясында кезекті 23 дана Starlink v2 Mini интернет-жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығарды. 12-ші рет қолданылған B1069 1-сатысы ASOG платформасына сәтті қонды.

Сонымен, компания 2023 жылды 96 жоспарлы орбиталық ұшырылыммен жапты (Falcon 9 — 91, Falcon Heavy — 5, барлығы сәтті). Бұл, әрине, компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіш! 🏆 Бұл есепке Starship жүйесінің екі сынағы кірмейді.

SpaceX былтыр 61 Falcon 9 / Falcon Heavy ұшырып, (бәрі сәтті) — бір зымыран тегі үшін әлем рекордын (Р7, КСРО, 1980) қайталаған еді. Енді рекорд бір жарым есе арттырылды! 🏆

Falcon 9 зымыраны 91 рет ұшырылды — нақты бір модификация үшін әлем рекорды 🏆 (бұрынғы рекорд: Falcon 9 — 60, 2022).

Бүгінгі USSF-52 (OTV-7) және Starlink-6.36 миссиялары небәрі 2 сағат 54 минут аралатып ұшырылды — компания рекорды 🏆 (бұрынғы жетістік - 4 сағат 12 минут).

#зымыранұшыру
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SpaceX компаниясы 2023 жылғы соңғы Falcon 9 / Falcon Heavy зымырандарын ұшырғанын жаздық. Ал Starbase ғарыш кешеніндегі жұмыс өз жоспарымен жүріп жатыр. 29 желтоқсанда Starship S28 прототипінің кезекті статикалық тұтандыру сынағы өткізілді. Енді SH B10 прототипінің тұтандыру сынағын күтеміз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
29 желтоқсанда SH B10 прототипі де статикалық тұтандыру сынағынан өтті. Ол 10 секундқа созылды.
62. «ҚАРАҢҒЫЛЫҚ ТҮСТІ»

«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Алессандро Раваньин.
Романо д'Эццелино, Виченца, Италия, 2022 жылғы 25 қазандағы Күн тұтылуы көрінісі. Бұл тұтылу жайлы толығырақ — біздің арнадағы роликте.

The Advance of Darkness by Alessandro Ravagnin
Astronomy Photographer of the Year 2023
Romano d'Ezzelino, Vicenza, Italy, 25 October 2022
#астрофото2023
👀1
ЖАПОН ҒАРЫШ АППАРАТЫ ФОБОСҚА 2026-ДА АТТАНАТЫН БОЛДЫ

Жапон әуе-ғарыш зерттеулері агенттігі (JAXA) MMX (Martian Moons eXploration) планетааралық стансасының ұшырылымын 2024 жылдан 2026-ға шегерді. Бұл жаңа H3 зымыранының наурыздағы апатты дебютімен байланысты. MMX енді Марстың серігі Фобосқа 2027-де жетіп, одан алынған топырақ үлгісін Жерге 2031-де әкелуі тиіс.

MMX жобасына зондтың екі ғылыми аспабын ұсынған НАСА, сондай-ақ IDEFIX роверін жасап беретін Француз және Герман ғарыш агентіктері атсалысады. Аппараттар Фобостың қасиеттерін, құрылымы мен құрамын зерттеп, екінші серік Деймосты бақылайды.

Credit: JAXA
ТҮНГІ ЖЕР

Арнада — жаңа #бейнеролик. Сілтеме.
Credit: NASA
Жаңажылдық Шырша шоғыры, Жерден 2500 жарық жылы қашықтықта. Chandra рентген-обсерваториясы алған кескін.
Credit: NASA/Chandra
👀1
ЖАҢА 2024 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Физика және Ғарыш» жобасының оқырмандарын Жаңа жыл мейрамымен құттықтап, ашық аспан мен бейбіт өмір тілейміз.
#2024жыл
👍1
БЕС ЖЫЛ БҰРЫН ҒАРЫШ АППАРАТЫ ЕҢ АЛЫС ДЕНЕНІҢ ТҰСЫНАН ӨТТІ

2019 жылғы 1 қаңтарда НАСА-ның New Horizons ғарыш аппараты Койпер белдеуіндегі 2014 MU69 денесінен 3500 километрде өтті. Аррокот деген атпен де белгілі нысан бұл кезде Күннен 6,5 миллиард километр қашықтықта еді. 2014 жылы Хаббл телескобы ашқан аспан денесі бұрын-соңды ғарыш кемесі барған ең алыс нысан болды.
👏1
2024 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАРЫ

ЖЫЛ ОҚИҒАСЫ — ЖАЙ КӨЗБЕН КӨРІНЕТІН ЕРЕКШЕ ЖАРЫҚ КОМЕТА!

C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасы 27 қыркүйекте перигелиінен өткен кезде, оның жарықтығы 0,2 жұлдыздық шамаға жетуі мүмкін. Перигелийден соң ол Солтүстік жартышардан бақылана бастайды.

Комета 12 қазанда Жерге барынша жақындағанда, оның жарықтығы –0,9 ж.ш. дейін артады деп болжанып отыр! Демек C/2023 A3 Сүмбіледен басқа жұлдыздардың бәрінен асып түсуі ықтимал. Болжам ақталса, ол қыркүйекте таңертең және қазанда кешке жай көзбен көрініп, «2024 жылғы үлкен комета» атанады.

КҮН ТҰТЫЛУЛАРЫ

8 көкек — Күннің толық тұтылуы (ең үлкен фазасы 1,057 — Алматы уақытымен 23:17). Тұтылу Солүстік Америка, Оңтүстік Американың солтүстігі, батыс Еуропа, Атлант пен Тынық мұхит айдынынан, соның ішінде толық фазасы — қос Американың кей аймақтары мен кейбір аралдардан көрінеді.

2 қазан — Күннің сақина тәрізді тұтылуы (ең үлкен фазасы 0,93 — 23:46). Отты сақина Чили мен Аргентинаның оңтүстігінен көрінсе, Солтүстік пен Оңтүстік Америка, Антарктида, Тынық, Атлант мұхиттары айдынынан жартылай тұтылу бақыланады.

АЙ ТҰТЫЛУЫ

18 қыркүйек — Айдың жартылай тұтылуы (07:13–08:16, ең үлкен фазасы 0,09 — 07:44). Қазақстанның батысынан бақыланады.

ЖҰЛДЫЗ ЖАУЫНДАРЫ

Мол метеор ағындарынан биыл Персеидтерді бақылауға қолайлы жағдай туады.

3 қаңтар — Квадрантидалар (ZHR*=110) Ай үшінші ширекте
22 көкек — Лиридалар (ZHR=18–90) Толған Ай маңы
12 тамыз — Персеидтер (ZHR=100) Ай бірінші ширекте
8 қазан — Драконидалар (ZHR~5, кейде 100-400) Ай бірінші ширекте
21 қазан — Орионидалар (ZHR~20) үшінші ширек
17 қараша — Леонидалар (ZHR~15) Толған Ай маңы
14 желтоқсан — Геминидалар (ZHR=150) Толған Ай маңы

* ZHR — ағынның радианты дәл төбеде болғанда, тас қараңғыда көру қабілеті идеал бақылаушы бір сағатта көре алатын метеор саны. Іс жүзінде әлдеқайда аз метеор көрінеді.

СУПЕРАЙ

Айдың толық фазасының оның Жерге барынша жақындауына (перигейге) сәйкес келуі — 18 қыркүйек, 17 қазан.

ПЛАНЕТАЛАР

Меркурий. 4 таңғы (қаңтар, мамыр, қыркүйек, желтоқсан) және 3 кешкі (наурыз, шілде, қараша) элонгация (Күннен бұрыштық қашықтығының максимумы, әрі кеткенде 27°). Ең жақсы көрінетін кезеңдер: кешке — наурызда, таңда — қыркүйекте.

Шолпан. Жыл бойы жақсы бақыланады: қаңтар–мамырда — таңда, маусымнан бастап — кешке. 4 маусым — Күнмен жоғарғы қосылыс. Шолпан күз бен қыста кешкі аспанда ерекше жарқырайды.

Марс. Екінші жартыжылдықта жақсы көрінеді. Күз бен қыста Торпақ, Егіздер мен Шаянда біршама жоғары көтеріледі. 7 желтоқсанда тоқырап, кері шегіне қозғала бастайды. Марстың Күнмен келесі қарсы тұрысы — 2025 жылғы 16 қаңтарда, сондықтан жыл соңына қарай ол ерекше жарқырайды.

Юпитер. 18 мамырдағы Күнмен қосылыс маңын санамағанда, жыл бойы жақсы көрінеді. Қосылыстан соң таңғы аспанға өтіп, маусымда шапақ фонында байқалады. 7 желтоқсандағы Күнмен қарсы тұрыс кезеңінде көкжиектен биік ерекше жарық жұлдыз түрінде түні бойы тамаша бақыланады.

Сатурн. 28 ақпандағы Күнмен қосылыстан соң, таңда байқалады. Кешке ең жақсы көрінетін кезі — қарсы тұрыс (8 қыркүйек) маңы.

Уран. Дүрбі не телескоппен күзде жақсы көрінеді. Қарсы тұрысы — 17 қараша.

Нептун. Дүрбі не телескоппен күзде жақсы көрінеді, қарсы тұрысы — 21 қыркүйек.

ПЛАНЕТАЛАРДЫҢ ЖАҚЫН ҚОСЫЛЫСТАРЫ

29 көкек 09:00 — Марс пен Нептун — 0°02' !!!
Ерекше тығыз қосылыс!

4 маусым 14:00 — Меркурий мен Юпитер — 0°06'35" !!
Ерекше тығыз жақындасу күн шығарда шығыс көкжиек үстінен көрінеді.

27 қаңтар 19:00 — Меркурий мен Марс — 0°20'
22 наурыз 04:00 — Шолпан мен Сатурн — 0°20'
3 көкек 18:00 — Шолпан мен Нептун — 0°24'
11 көкек 01:00 — Марс пен Сатурн — 0°25'
21 көкек 07:00 — Юпитер мен Уран — 0°30'
14 тамыз 20:00 — Марс пен Юпитер — 0°20'

ПЕРИГЕЛИЙ МЕН АФЕЛИЙ

3 қаңтар 06:38 — Жер перигелийде (Күннен 147 098 988 км қашықтықта)
5 шілде 10:06 — Жер афелийде (Күннен 152 097 000 км қашықтықта)

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІНІҢ БАСЫ

20 наурыз 08:06 — Көктемгі күн теңелуі
21 маусым 01:50 — Жазғы күн тоқырауы
22 қыркүйек 17:42 — Күзгі күн теңелуі
21 желтоқсан 14:40 — Қысқы күн тоқырауы

#астрокүнтізбе #2024жыл
Физика және Ғарыш pinned «2024 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАРЫ ЖЫЛ ОҚИҒАСЫ — ЖАЙ КӨЗБЕН КӨРІНЕТІН ЕРЕКШЕ ЖАРЫҚ КОМЕТА! C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасы 27 қыркүйекте перигелиінен өткен кезде, оның жарықтығы 0,2 жұлдыздық шамаға жетуі мүмкін. Перигелийден соң ол Солтүстік…»