Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
31 МАМЫР 2022 — ҒАСЫРДА БІР ЖАУАТЫН ТӨТЕНШЕ МОЛ МЕТЕОР НӨСЕРІ 🌠🌠🌠🌠🌠🌠🌠🌠🌠🌠

2022 жылы 31 мамырда, Алматы уақытымен 10:55-те (басқа болжамдар бойынша 11:04-те немесе 11:17-де) Жердің 73P/Швассман—Вахман 3 кометасы тастаған тозаң шлейфтерімен соқтығысуы болжанып отыр. Бұл комета туғызған ағын тау-Геркулидалар деп аталғанмен, биыл оның радианты көрші Сиыршы шоқжұлдызында, жарық жұлдыз Арктур маңында орналасады. Бірнеше сағат қана жауатын жұлдызды жауынның әр сағатында 600–700 метеор ағуы ықтимал.

Алайда кометаның 1995 жылы бірнеше бөлікке ыдырап кеткенін ескерсек, белсенділік 10 000, тіпті 100 000-ға да жетуі мүмкін — секундына 25 аққан жұлдыз!!! Бірақ бұл үшін комета бөлшектері 27 м/с жылдамдықпен ұшуы керек. Соңғы 230 жылда төрт-ақ аса мол метеор нөсері (ZHR > 50 000) бақыланған: 1799, 1833, 1966 жж. — Леонидалар, 1885 ж. — Биэлидалар. Биылғы нөсер Мексикадан жақсы көрінеді.

Ең өкініштісі, биылғы жұлдыз нөсері жауған кезде біздің елімізде күн шығып кетеді((( Алайда, комета 1892 және 1897 жылдары лақтырған тозаң атмосфераға 30 мамыр 22:00 және 31 күні 16:00 шамасында енеді және негізгі шлейфпен соқтығысу уақыты да қате есептелуі мүмкін. Сондықтан мамырдың 30-нан 31-не қараған түні, әсіресе, таңға жуық, аспанда аққан жұлдыз саны артуы мүмкін. Жас Ай бақылауға кедергі келтірмейді. Тау-Геркулидалар өте баяу ұшатындықтан, онша жарық із қалдырмайды, сондықтан оларды көру үшін барынша қараңғы жерде тұру керек. Әрине, аспан бұлтсыз болсын деп тілейік.

Бұл жұлдыз нөсерін көре алмасақ, келесісі қашан болады? 2034 жылғы қарашадағы Леонидалар ағынының шыңында сағатына 400–500 метеор бақылануы мүмкін. Ал 2098 жылы қазанда Драконидалар нөсерлете жауады екен: сағатына 20 000 аққан жұлдыз!
👍2🤩2
Жұлдыз нөсері
ТАУ-ГЕРКУЛИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНА 12 САҒАТ ҚАЛДЫ

2022 жылы 31 мамырда, Алматы уақытымен 11:00 шамасында Жер 73P/Швассман—Вахман 3 кометасы тастаған тозаң шлейфімен соқтығысады деп болжанып отыр. Бұл оқиға атмосферада сағатына мыңдаған метеор ағуын туғызуы мүмкін. Дегенмен кейбір астрономдар жұлдыз нөсері жаууына күмән келтіреді.

Егер метеор нөсері жауса, оны тікелей эфирде көруге мүмкіндік бар. Астрофизик Джанлука Маси басқаратын Виртуал телескоп жобасы Аризона штаты мен Бразилияда орнатылған екі all-sky камера көзқарасын таратады. YouTube пен Virtual Telescope Project сайтындағы трансляция 31 мамырда 10:00-де басталады.

https://www.youtube.com/watch?v=rcbakFtzwfA
🔥2
ТАУ-ГЕРКУЛИДА МЕТЕОРЛАРЫ КИТТ-ПИК РАСЫТХАНАСЫ ҮСТІНДЕ

Бұл ғасыр нөсері емес, бірақ есте қаларлық түн болды. 2022 жылы 31 мамырда ыдырап бара жатқан 73P/Schwassmann-Wachmann 3 кометасы қалдықтары туғызған тау-Геркулидалар метеор ағыны шыңына жетті. Биыл әдеттегідей санаулы метеор емес, ерекше мол жұлдыз жауыны бақыланады деп болжанған еді. Іс жүзінде, аққан жұлдыздар нөсері емес, орташа метеор ағыны байқалды.

Мына композит кескінде Аризонадағы Китт-Пик Ұлттық обсерваториясы үстіндегі аспанның 2,5 сағаттық көрінісі жинақталған. Бұл кезеңде 19 тау-Геркулида мен 4 бөтен метеор (оларды суреттен таба аласыз ба?) фотоға түсіп қалды. Алдыңғы планда — 2,3 метрлік Bok телескопы, оның артында 4 метрлік Mayall телескопы тұр.

2023 жылы тау-Геркулидалар әдеттегі төмен деңгейіне қайтады, ағын белсенділігінің келесі артуы 2049 жылға болжанып отыр.

Image Credit & Copyright: Jianwei Lyu (Steward Obs., U. Arizona)
🔥2
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҒАРЫШ ТЕХНИКАСЫ КӨРМЕСІ

15 маусымда Кеннеди атындағы Ғарыш орталығында Gateway: Deep Space Launch Complex қазіргі ғарыш техникасы көрме орталығы ашылады. Павильон ішіне ғарышқа ұшып келген Dragon жүк кемесі, ұшып келген Orion кемесі және Starliner, Dream Chaser кемелері мен болашақ Gateway аймаңы стансасының модельдері қойылады.

Мұражай аумағында басқа да толып жатқан экспонаттар, сондай-ақ бірнеше ғарыштық симулятор болмақ. Көрменің сәнін 2018 жылы алғаш ұшқан Falcon Heavy зымыранының қапталдағы қос үдеткішінің бірі — B1023.2 сатысы келтіретін шығар.
👏2
РЕСЕЙ ҒАРЫШТАҒЫ НЕМІС ТЕЛЕСКОПЫН ҰРЛАП КЕТТІ

Спектр-РГ ресей-герман ғарыштық обсерваториясы Байқоңырдан 2019 жылы 13 шілдеде ұшырылды. 21 қазанда ол Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесі айналасындағы гало-орбитаға шықты. Обсерваторияның мақсаты — бүкіл аспанның рентген-диапазондағы егжей-тегжейлі толық картасын жасау. Онда көрші жұлдыздардан бастап, қиыр алыстағы галактика шоғырларына дейінгі барлық рентген-сәуле көздері қамтылуы тиіс.

Обсерваторияның өзін Лавочкин атындағы ҒӨБ, борттағы екі рентген-телескоптың бірі — ART-XC аспабын — Ресей ҒА Ғарыштық зерттеулер институты жасаған. Ал ғылыми ақпараттың 80%-н беретін eROSITA телескопын германиялық Макс Планк қоғамы Жерден тыс физика институты жасаған еді. Екі телескоп бір-бірінен тәуелсіз, рентген-сәулелену спектрінің әртүрлі диапазонында жұмыс істейді.

2022 жылы 27 ақпанда Герман Әуе-ғарыш орталығы (DLR) Ресей тарапын Украинаға ашылған соғысқа наразылық ретінде әріптестікті тоқтатып, eROSITA-ны өшіретінін ескертті. Бірнеше күннен соң, неміс телескопы қауіпсіз режимге өткізіліп, аспанды бақылауды тоқтатты.

3 маусымда Роскосмос басшысы РОГОZИН Спектр-РГ бортындағы неміс телескопын қосуға нұсқау бергенін мәлімдеді: "Олардың [телескопты өшіргендердің], өздерінің профашистік пиғылы біздің жауларымызға жақын болғандықтан ғана, адамзат игілігіндегі зерттеуді тоқтатуға моральдық құқы жоқ".

Әрине, лизингтегі 700 ұшақтан бастап, кіржуғышқа дейін, Украина порттарындағы астық мен металдан бастап, ойыншыққа дейін ұрлағандардың еш әрекетіне таң қалуға болмас. Дегенмен Жерден 1,5 млн км қашықтықтағы ғарыштық телескопты ұрлау оқиғасы тарихта алғаш рет тіркеліп отыр.
😁1
Суретте Спектр-РГ ғарыштық астрофизикалық обсерваториясының телескоптары бейнеленген: сол жақ төмендегі үлкен айналар — eROSITA (Германия), оң жақ жоғарыдағы кішілеу айналар — ART-XC (Ресей)
Credit: DLR
🔥1
ШЭНЬЧЖОУ-14 ҒАРЫШ КЕМЕСІ СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ

2022 жылы 5 маусымда, Алматы уақытымен 08:44-те Қытайдың Цзюцюань ғарыш айлағынан Чанчжэн-2F зымыранымен Шэньчжоу-14 ғарыш кемесі ұшырылды. Кемеде үш ғарышкер: командир Чэнь Дун, ғарышқа алғаш ұшып отырған Цай Цзючжэ және 2012 жылы қытайлық тұңғыш әйел тайконавт атанған Лю Ян бар. Орбитаға сәтті шыққан кеме Тяньгун ғарыш стансасына бет түзеді.

Үшінші экспедиция мүшелері алты айлық миссия барысында, Жердегі команданың басшылығымен, Тяньгун ғарыш стансасын құрастыруды аяқтауы тиіс. Қазіргі бір модульдік кешен үш модульден тұратын ғарыш зертханасына айналады. Ол Тяньхэ негізгі модулі мен Вэньтянь, Мэньтянь зертханалық модульдерінен құралады. Тяньгун тарихтағы Мир мен ХҒС-тан кейінгі үшінші көпмодульді ғарыш стансасы болмақ. Оның жалпы массасы 90 тоннаға жетпек. 400 км биіктікте ұшатын ғарыш стансасы он жыл қызмет етуі тиіс.
👏1
SPACEX ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

STARBASE
FAA шешімі 13 маусымға шегерілгеніне қарамастан, Бока-Чикада жұмыс қызу жүріп жатыр. Starship S24 прототипінің криоген сынақтары аяқталып, статикалық сынаққа шығарылды. SH B7 прототипіне торкөз рульдер мен Raptor 2 қозғағыштары орнатылып болған соң, ол да сынаққа шығарылады. Илон Масктың айтуынша, прототиптер алдағы екі апта ішінде "жұптасады".

КЕННЕДИ ҒАРЫШ ОРТАЛЫҒЫ
SpaceX қарамағындағы тарихи LC-39A ұшыру алаңында Starship старт үстелінің тіреулері орнатылып қойды (фотода). Маск Флоридадағы ұшыру алаңы күзде пайдалануға беріледі деп отыр.

FALCON 9. МАУСЫМДАҒЫ ҰШЫРЫЛЫМДАР
4 маусымда Falcon 9-дың алғашқы стартына 12 жыл толды! Содан бері ол 155 рет ұшырылды. Бірінші саты 115 рет қонып, 94 рет қайта қолданылды.
9.06 03:03. Флорида, SLC-40. Nilesat-301 миссиясы. 3938 кг мысырлық геостационар жерсерік. Falcon 9 B1062.7 сатысы баржаға қонады.
10.06 21:22. Кеннеди, LC-39A. ХҒС-қа SRC-25 миссиясы. Cargo Dragon C208.3 жүк кемесін Falcon 9 B1067.5 сатысы ұшырады.
18.06. Ванденберг, SLC-4E. SARah миссиясы. Германия ҚМ-нің 2200 кг жерсерігі гелиосинхрон орбитаға шығарылады.
27.06. Флорида. Starlink-4.21 миссиясы. Falcon 9 B1058 сатысы алғаш болып 13-ші рет ұшырылуы мүмкін!
28.06. Флорида. SES миссиясы. 3500 кг геостационар жерсерік.

FALCON HEAVY-2022
Маск аса ауыр зымыран биыл 4 рет ұшырылатынын хабарлады. Демек бір миссия келесі жылға қалған. Ауыр Сұңқардың биылғы бірінші, тарихтағы төртінші ұшырылымы 20 қыркүйекке межеленген. Ол НАСА-ның Psyche миссиясын аттас металл астероидқа жөнелтеді.
КЕННЕДИ ҒАРЫШ ОРТАЛЫҒЫ

SpaceX қарамағындағы тарихи LC-39A ұшыру алаңында Starship старт үстелінің тіреулері орнатылып қойды (фотода). Маск Флоридадағы ұшыру алаңы күзде пайдалануға беріледі деп отыр.

Credit: William Harwood
👍1
ҚЫТАЙ ҒАРЫШ СТАНСАСЫНДА 8K-ФИЛЬМ ТҮСІРІЛГЕН

Шэньчжоу-14 ғарыш кемесі Тяньгун ғарыш стансасына түйісті. Ал алдыңғы Шэньчжоу-13 экипажы екі 8K-камерамен деректі фильм түсірген екен. Қытай ұшқыштық ғарыш агенттігі әзірге фильмнің екі минуттық екі 4K-трейлерін жариялады. Оның бірінде стансадағы өмір көрсетілсе, екіншісінде Жердің ғарыштан түсірілген керемет көріністері бейнеленген.

https://youtu.be/_JdT-_PWHKw
https://youtu.be/3xE3zxDNLXI
🤯1
РЕСЕЙ ҒАЛЫМДАРЫ ӨЗІМБІЛЕМДІККЕ ҚАРСЫ

Спектр-РГ ғарыштық обсерваториясының ғылыми жетекшісі академик Сюняев eROSITA рентген-телескопын Германиямен келіспей қосуға қарсы шықты. "Бұл әлемдік деңгейдегі тамаша ғылыми аспап, ол өте көп дерек берді. Бәріміз оның белсенді жұмысқа оралуын армандаймыз. Бірақ ол таңғажайып күрделі аспап, оны өз бетімізбен қосамыз деп құртып алуымыз мүмкін", — деді Рәшит Әлиұлы. РҒА президенті академик Сергеев те осы мәндес пікір білдірді.

Жақында Роскосмос басшысы Рогозин герман жағы Ресей ашқан соғысқа наразылық ретінде өшірген eROSITA-ны қайта қосуға нұсқау бергенін хабарлағанбыз.
👏1
SLS ҰШЫРУ АЛАҢЫНА ҚАЙТА ШЫҒАРЫЛДЫ

6 маусымда Артемида-1 миссиясына арналған НАСА-ның SLS аса ауыр зымыраны КҒО-дағы LC-39B ұшыру алаңына тағы шығарылды. Бас жаттығу кезінде зымыранға толық мөлшерде отын құйылып, старттық кері санақ операциялары пысықталуы тиіс. Жаттығу әзірге 19 маусымға жоспарланып отыр.

Көкектегі үш отын құю әрекетінің бәрі сәтсіз болған еді. Содан соң SLS жөндеуге Тік жинау ғимаратына енгізілген. Мамандар сұйық сутегі аққан жерді тауып, жөндеді және ICPS сатысының гелий беретін клапанын ауыстырды. Сондай-ақ старт алаңындағы ақаулар жөнделіп, бағдарламадағы қателер түзетілді.

Credit: NASA/Ben Smegelsky
👍2
АЙ БІРІНШІ ШИРЕКТЕ

Астрофотограф Эндрю МакКарти бірінші ширектегі Айдың мына тамаша композит кескінін біздің назарымызға ұсыну үшін кеше түнде 30000 фото түсірген екен.

Credit: Andrew McCarthy
🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Nilesat 301 — жылдың 23-ші ұшырылымы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Nilesat 301 — мысырлық геостационар байланыс жерсерігі, массасы 4,1 т.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1062.7 1-сатысы JRTI баржасына қонды