INGENUITY БІР ҰШУДА РЕКОРДТЫҚ 705 МЕТРГЕ ОРЫН АУЫСТЫРДЫ
2023 жылғы 20 желтоқсанда НАСА-ның Ingenuity тікұшағы Марс аспанына 69-шы рет көтерілді. 135,4 секундта 705 метр ұшып өткен дрон қашықтық рекордын жаңартты. 16 метр биіктікте әуелеген аппарат сондай-ақ жылдамдық рекордын (10 м/с) қайталады. «Тапқырлық» қазанда өзінің биіктік рекордын 24 метрге жеткізген еді.
Credit: NASA/JPL-Caltech

👍1🔥1
«ЖЕРДІҢ ШЫҒУЫНА» — 55 ЖЫЛ
Ай орбитасына шыққан алғашқы адамдар — Apollo 8 астронавтары 1968 жылғы 24 желтоқсанда, Алматы уақытымен 21:40-та көкжиектен көтеріліп келе жатқан көгілдір планетаны көрді.
Бірінші ай экипажы биыл өз командирі Фрэнк Борманнан айырылып қалды. Борман, Джим Ловелл мен Билл Андерс «Жердің шығуы» тарихи фотосуретін қалай түсіргені жайлы бейнероликте толық әңгімеленеді
Credit: NASA / Apollo 8
#фотокөрме #ғарыштарихы

❤2🌚1
PSYCHE ЗОНДЫ ЛАЗЕРЛІК БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІН СЫНАДЫ
2023 жылы 11 желтоқсанда НАСА-ның Psyche планетааралық зонды 31 млн км қашықтықтан Жерге бейнеролик жіберу арқылы эксперименттік лазерлік байланыс жүйесін сынақтан өткізді. Хабар тарату жылдамдығы секундына 267 Мегабитке жетті. 15 секундтық ролик аппарат бортына алдын-ала жүктелген еді. Онда Реактивті қозғалыс зертханасы қызметкерлерінің бірінің Тейтер атты мысығы бейнеленген.
Psyche бортына қосымша жүктеме ретінде DSOC (Deep Space Optical Communications) байланыс жүйесі орнатылған. Ол таяу инфрақызыл диапазондағы лазер көзі, апертурасы 22 см телескоп пен Жерден келген лазер сәулесін қабылдайтын сезімтал камерадан тұрады. Жүйенің Жердегі бөлігін Калифорниядағы қуатты лазер шығарғыш пен Паломар обсерваториясындағы 5,1 метрлік Хейл телескопы құрайды. DSOC алыс ғарыштан қазір қолданылып жүрген радиожүйелерден 10–100 есе жоғары жылдамдықпен дерек хабарлауға арналған.
Зонд Негізгі астероидтар белдеуіндегі (16) Психея астероидына 2029 жылы тамызда жетуі тиіс. Темір мен никельге бай ауыр дене Күн жүйесі ғұмырының басында қираған протопланета ядросы не оның сынығы деп саналады. 26 ай зерттеу барысында Psyche астероидтың қалай түзілгенін анықтап, осы теорияны тексереді.

👾1
ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН УЭББ ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ ҰШЫРЫЛДЫ
2021 жылы 25 желтоқсанда, Алматы уақытымен 18:20-да «Джеймс Уэбб» ғарыштық телескопы сәтті ұшырылды. Телескоптың жұмыс мақсаты, құрылысы, сондай-ақ алған кейбір нәтижелері жайлы ойнату тізімінде: https://youtube.com/playlist?list=PLZ7VcZmjdxtyFeCfAASyMVJJWegr7od4q&si=dBRpO5Wu-2S5XiSi

🍾1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уэбб телескопы 2023 жылы не істеді?
61. «КИРТИ СТАМБХ ПЕН ХРАМ ҮСТІНДЕГІ ЖАРТЫЛАЙ КҮН ТҰТЫЛУЫ»
«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Абхинав Сингхай
Читторгарх форты, Раджастхан, Үндістан. 25 қазан 2022 жыл.
Partial Solar Eclipse over Kirti Stambh and Temple, Chittorgarh Fort by Abhinav Singhai
Astronomy Photographer of the Year 2023
Chittorgarh, Rajasthan, India, 25 October 2022
#астрофото2023

SPACEX РЕКОРДШЫ ТАРИХИ САТЫДАН АЙРЫЛЫП ҚАЛДЫ
23 желтоқсанда ұшырылған Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі 1-сатысы қайта қолдану рекордын 19-ға жеткізгенін жазғанбыз. B1058.19 деген жаңа индекске ие болған саты JRTI баржасына тағы да сәтті қонғанымен, Канаверал портына келе жатқан жолда аударылып қалды.
Қонып тұрған сатының салмағы қону тіреулеріне тең бөлінбеген екен. Мұхиттағы күшті толқын мен жел шайқалтқан үдеткіш палубада сырғанай бастағанда, бір тіреуге күш тым артық түскен. Мұндай жағдайда Octograbber роботы сатыны ұстай алмай қалып, ол құлап түскен. Омырылған сатының жоғарғы бөлігі порттан 160 км тұста суға батып кетті.
Қазіргі Falcon 9 үдеткіштерінің өздігінен теңгерілетін тіреулері қонғаннан кейін салмақты тең бөлісіп алады. Алайда қолданыстағы ең ескі саты, B1058, мұндай жүйемен жабдықталмаған екен.
Бұл тарихи үдеткіш тоғыз жыл үзілістен кейін астронавтарды Америка жерінен ғарышқа аттандырған еді. Ол сондай-ақ қайта қолдану рекордын бірнеше рет жаңартқан. Falcon 9-дың 1-сатылары әзірше 20 рет ұшуға сертификатталған. B1058 енді бір ұшып келгеннен кейін мұражайға қойылуы мүмкін еді.
SpaceX осы күнге дейін үдеткіштерді 256 рет сәтті қондыра алса, олардың 54-і құрғаққа, 202-сі жүзбе платформаға табан тіреді. Міне, екінші үдеткіш жағаға жете алмай қалып отыр. 2019 жылы Falcon Heavy-дің қайта қонған жалғыз орталық сатысы да суға құлап кеткен еді. Дүние жүзінде SpaceX-тен басқа ешбір зымыран ұшырушы ешбір сатыны қайта қолданып көрмегенін еске саламыз.

👍1
SLIM ЛЕНДЕРІ АЙМАҢЫ ОРБИТАҒА ШЫҚТЫ
Жапониялық SLIM ғарыш аппараты 25 желтоқсанда Ай маңындағы 4000 х 600 км эллипс орбитаға шықты. Апоселениі төмендей беретін орбита 2024 жылғы қаңтардың ортасында 600 км-лік дөңгелек орбитаға айналады. Содан соң периселенийді төмендету басталып, ол 19 қаңтарда 15 километрге жетеді.
SLIM (Smart Lander for Investigating Moon) лендері 20 қаңтарда Айдың бергі бетіндегі шағын Шиоли кратерінің беткейіне қонады. Ол Айға өте дәл (есептелген нүктеден 100 метрден аспайтын ауытқумен) қону технологиясын сынауы тиіс.
Credit: JAXA

ҮНДІ ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ КҮННІҢ БІРІНШІ СУРЕТІН АЛДЫ
Aditya-L1 күн обсерваториясының SUIT ультракүлгін телескопы 2023 жылғы 6 желтоқсанда Күннің толық дискінің алғашқы кескіндерін түсірді. 200–400 нанометр толқын ұзындығында 11 фильтр көмегімен алынған суреттерде Күн фотосферасы мен хромосферасындағы белсенді облыстар, флоккулалар мен талшықтар байқалып тұр.
Aditya-L1 биыл 2 қыркүйекте ұшырылды. Ол Күн-Жер жүйесінің L1 Лагранж нүктесі айналасындағы гало-орбитаға 2024 ж. 7 қаңтарда шықпақ. Жеті ғылыми аспаппен жарақтанған аппарат Күннің белсенді облыстарын, тәжден атылған затты, күн желі мен жұлдызымыздың сыртқы қабаттарын бес жыл бақылауы тиіс.
Aditya-L1 — Үндістанның екінші ғарыштық телескопы. Жеті жылдан бері 650 км жермаңы орбитада көп диапазондық (көрінетін жарық, ультракүлгін, рентген) Astrosat телескопы бақылау жүргізуде. Ал XPoSat рентген-поляриметриялық телескопының ұшырылымы 1 қаңтарға жоспарланған.
Фото: ISRO

ҚЫТАЙДЫҢ ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНЫ ҚАЙТАДАН ОРБИТАДА
2023 жылғы 14 желтоқсанда Қытайдың эксперименттік көп мәрте қолданылатын ғарыштық ұшағы үшінші рет ұшырылды. Космопланның сипаттамалары құпия, бірақ оны көтерген Чанчжэн-2F зымыраны төмен жермаңы орбитаға 8 тоннадай жүктеме шығара алатыны белгілі. Және жүктеме қақпақтары ішіне сыю үшін ұшақтың қанат құлашы 4,2 метр шамасында болуы керек. Ол америкалық ұшқышсыз X-37B космопланына ұқсас деп болжанады.
Қытай ғарыш ұшағы 2020 жылы қыркүйекте орбитада екі күн болып қайтқан. Екінші миссия 2022 жылғы 4 тамыздан биылғы 8 мамырға дейін, 276 тәулікке созылды. Космоплан ұшу барысында бірнеше орбиталық маневр жасап, әлдебір жерсерікті ғарышқа шығарды.
Миссиялар арасындағы үзілістің қысқаруы Қытайдың екінші космоплан жасағанын айғақтауы мүмкін. АҚШ-та кезек ұшатын екі X-37B бары белгілі. Солардың бірінің кезекті ұшырылымы 29 желтоқсанға жоспарланып отыр.
#ҚытайҒарышта