Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
22 ЖЕЛТОҚСАН 2023 — ҚЫСҚЫ КҮН ТОҚЫРАУЫ

🌞 22 желтоқсанда Орал уақытымен 8:27-де Күн аспан экваторынан оңтүстікке қарай барынша қашық нүктесіне жетеді. Бұл астрономиялық оқиға «Желтоқсандағы күн тоқырауы» деп аталады.
🌞 Бүгін Солтүстік жартышарда астрономиялық қыс, ал оңтүстік жартышарда жаз басталады. Солтүстік жартышарда ең қысқа жарық күні мен ең ұзақ түн бақыланбақ.
🌞 22 желтоқсанда Орал ендігінде Күннің талтүстегі (13:32) көкжиектен биіктігі 15,4° болады. Күн осы биіктікті 18–25 желтоқсан аралығында "ұстап тұрады", яғни "тоқырағандай" тәрізденеді.
🌞 Күннің бүгінгі талтүстегі биіктігі — жыл бойғы ең төмені, ал 26 желтоқсаннан бастап ол біртіндеп көтеріле бастайды. Бүгін Күн 128° оңтүстік-шығыстан шығып, 232° оңтүстік-батыста батады да, көкте ең қысқа доға сызады.
🌞 Оралда Күн көкжиектен 9:36-да шығып, 17:29-да батады, жарық күнінің ұзақтығы 7 сағат 52 минут 31 секунд болмақ. Салыстыру үшін, 21 маусымдағы Жазғы күн тоқырауы датасында ол 16 сағат 35 минут 16 секундқа созылған.
🌞 21 маусымда Күн 5:18-де 49° солтүстік-шығыстан шығып, 21:53-те 311° солтүстік-батыста батты, талтүсте (13:36) 62,2° биіктікке дейін көтерілді.

Қосымша дерек — бейнероликте
#астрокүнтізбе
ЖАЗҒЫ КҮН ТОҚЫРАУЫНАН ҚЫСҚЫ КҮН ТОҚЫРАУЫНА ДЕЙІН

Мына кескін — фотоқағазға камера-обскура арқылы 183 тәулік бойы үзіліссіз түскен жарықтың көрінісі. Ол Күннің Португалияның Мертола елді мекені үстіндегі жарты жылдық жолын бейнелейді. Экспозиция 2022 жылғы 21 маусымдағы Жазғы күн тоқырауынан басталып, 21 желтоқсандағы Қысқы күн тоқырауымен аяқталған. Биылғы қысқы тоқырау 22 желтоқсанда Алматы уақытымен 9:27-де тіркелді.

Image Credit & Copyright: José Zarcos Palma
#астрокүнтізбе
2
60. «КҮН ТОҚЫРАУЫНАН КҮН ТОҚЫРАУЫНА ДЕЙІН»

«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джем Өзкесер мен Түнч Тезел.
Күннің 2022 жылғы 21 маусымнан 21 желтоқсанға дейінгі жолы. Бурса, Түркия.

From Solstice to Solstice by Cem Özkeser and Tunç Tezel
Astronomy Photographer of the Year 2023
Bursa, Turkey, 21 June to 21 December 2022
#астрофото2023
👍2
SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 19-ШЫ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД

2023 жылғы 23 желтоқсанда SpaceX компаниясы Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.32 миссиясын ұшырды. Мақсат — 23 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Миссияны орындаған Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі 1-сатысы осымен 19-шы рет ұшырылып отыр — жаңа әлем рекорды! 🏆

Үдеткіш бірінші рет 2020 жылы 30 мамырда компанияның алғашқы ұшқышты миссиясы — DM-2 аясында қолданылған еді. Сондықтан сатыға НАСА-ның "құрт" аталатын қызыл логотипі салынған. Ол сондай-ақ бір Dragon жүк кемесін, корей жерсерігін, 2 Transporter және 14 Starlink миссиясын ұшырды. B1058 JRTI платформасына бұл жолы да сәтті қонды.

#зымыранұшыру
👍2
Фесенков атындағы астрофизика институты жайлы. Дина Имамбайдың подкастын тыңдаңыз.
#қазақстанғылымы
INGENUITY БІР ҰШУДА РЕКОРДТЫҚ 705 МЕТРГЕ ОРЫН АУЫСТЫРДЫ

2023 жылғы 20 желтоқсанда НАСА-ның Ingenuity тікұшағы Марс аспанына 69-шы рет көтерілді. 135,4 секундта 705 метр ұшып өткен дрон қашықтық рекордын жаңартты. 16 метр биіктікте әуелеген аппарат сондай-ақ жылдамдық рекордын (10 м/с) қайталады. «Тапқырлық» қазанда өзінің биіктік рекордын 24 метрге жеткізген еді.

Credit: NASA/JPL-Caltech
👍1🔥1
«ЖЕРДІҢ ШЫҒУЫНА» — 55 ЖЫЛ

Ай орбитасына шыққан алғашқы адамдар — Apollo 8 астронавтары 1968 жылғы 24 желтоқсанда, Алматы уақытымен 21:40-та көкжиектен көтеріліп келе жатқан көгілдір планетаны көрді.

Бірінші ай экипажы биыл өз командирі Фрэнк Борманнан айырылып қалды. Борман, Джим Ловелл мен Билл Андерс «Жердің шығуы» тарихи фотосуретін қалай түсіргені жайлы бейнероликте толық әңгімеленеді

Credit: NASA / Apollo 8
#фотокөрме #ғарыштарихы
2🌚1
PSYCHE ЗОНДЫ ЛАЗЕРЛІК БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІН СЫНАДЫ

2023 жылы 11 желтоқсанда НАСА-ның Psyche планетааралық зонды 31 млн км қашықтықтан Жерге бейнеролик жіберу арқылы эксперименттік лазерлік байланыс жүйесін сынақтан өткізді. Хабар тарату жылдамдығы секундына 267 Мегабитке жетті. 15 секундтық ролик аппарат бортына алдын-ала жүктелген еді. Онда Реактивті қозғалыс зертханасы қызметкерлерінің бірінің Тейтер атты мысығы бейнеленген.

Psyche бортына қосымша жүктеме ретінде DSOC (Deep Space Optical Communications) байланыс жүйесі орнатылған. Ол таяу инфрақызыл диапазондағы лазер көзі, апертурасы 22 см телескоп пен Жерден келген лазер сәулесін қабылдайтын сезімтал камерадан тұрады. Жүйенің Жердегі бөлігін Калифорниядағы қуатты лазер шығарғыш пен Паломар обсерваториясындағы 5,1 метрлік Хейл телескопы құрайды. DSOC алыс ғарыштан қазір қолданылып жүрген радиожүйелерден 10–100 есе жоғары жылдамдықпен дерек хабарлауға арналған.

Зонд Негізгі астероидтар белдеуіндегі (16) Психея астероидына 2029 жылы тамызда жетуі тиіс. Темір мен никельге бай ауыр дене Күн жүйесі ғұмырының басында қираған протопланета ядросы не оның сынығы деп саналады. 26 ай зерттеу барысында Psyche астероидтың қалай түзілгенін анықтап, осы теорияны тексереді.
👾1
ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН УЭББ ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ ҰШЫРЫЛДЫ

2021 жылы 25 желтоқсанда, Алматы уақытымен 18:20-да «Джеймс Уэбб» ғарыштық телескопы сәтті ұшырылды. Телескоптың жұмыс мақсаты, құрылысы, сондай-ақ алған кейбір нәтижелері жайлы ойнату тізімінде: https://youtube.com/playlist?list=PLZ7VcZmjdxtyFeCfAASyMVJJWegr7od4q&si=dBRpO5Wu-2S5XiSi
🍾1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уэбб телескопы 2023 жылы не істеді?
61. «КИРТИ СТАМБХ ПЕН ХРАМ ҮСТІНДЕГІ ЖАРТЫЛАЙ КҮН ТҰТЫЛУЫ»

«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Абхинав Сингхай
Читторгарх форты, Раджастхан, Үндістан. 25 қазан 2022 жыл.

Partial Solar Eclipse over Kirti Stambh and Temple, Chittorgarh Fort by Abhinav Singhai
Astronomy Photographer of the Year 2023
Chittorgarh, Rajasthan, India, 25 October 2022
#астрофото2023
SPACEX РЕКОРДШЫ ТАРИХИ САТЫДАН АЙРЫЛЫП ҚАЛДЫ

23 желтоқсанда ұшырылған Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі 1-сатысы қайта қолдану рекордын 19-ға жеткізгенін жазғанбыз. B1058.19 деген жаңа индекске ие болған саты JRTI баржасына тағы да сәтті қонғанымен, Канаверал портына келе жатқан жолда аударылып қалды.

Қонып тұрған сатының салмағы қону тіреулеріне тең бөлінбеген екен. Мұхиттағы күшті толқын мен жел шайқалтқан үдеткіш палубада сырғанай бастағанда, бір тіреуге күш тым артық түскен. Мұндай жағдайда Octograbber роботы сатыны ұстай алмай қалып, ол құлап түскен. Омырылған сатының жоғарғы бөлігі порттан 160 км тұста суға батып кетті.

Қазіргі Falcon 9 үдеткіштерінің өздігінен теңгерілетін тіреулері қонғаннан кейін салмақты тең бөлісіп алады. Алайда қолданыстағы ең ескі саты, B1058, мұндай жүйемен жабдықталмаған екен.

Бұл тарихи үдеткіш тоғыз жыл үзілістен кейін астронавтарды Америка жерінен ғарышқа аттандырған еді. Ол сондай-ақ қайта қолдану рекордын бірнеше рет жаңартқан. Falcon 9-дың 1-сатылары әзірше 20 рет ұшуға сертификатталған. B1058 енді бір ұшып келгеннен кейін мұражайға қойылуы мүмкін еді.

SpaceX осы күнге дейін үдеткіштерді 256 рет сәтті қондыра алса, олардың 54-і құрғаққа, 202-сі жүзбе платформаға табан тіреді. Міне, екінші үдеткіш жағаға жете алмай қалып отыр. 2019 жылы Falcon Heavy-дің қайта қонған жалғыз орталық сатысы да суға құлап кеткен еді. Дүние жүзінде SpaceX-тен басқа ешбір зымыран ұшырушы ешбір сатыны қайта қолданып көрмегенін еске саламыз.
👍1