Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
710 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
SH B10 мен Starship S28 прототиптері Старбейстегі старт кешеніне жеткізілді. Олар Starship жүйесінің үшінші орбиталық ұшырылымы алдындағы сынақтардан өтпек.

Credit: SpaceX
ЧАНДРАЯН-3 МИССИЯСЫНЫҢ ЖОРЫҚ САТЫСЫ ЖЕР МАҢЫНА ОРАЛДЫ

Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) тағы бір тамаша жетісткке қол жеткізді. Тамызда Ай бетіне қонған Chandrayaan-3 миссиясының Vikram лендері мен Pragyan роверін жеткізіп тастаған жорық модулі Жер маңына қайтты. Бұған оның бортында 100 килограмнан астам отын қалғаны көмектесті.

1,54 млн км-лік бірінші перигейінен 22 қарашада өткен модуль қазір еңкеюі 27 градус, периоды 13 тәулік жермаңы орбитада. Жер оның SHAPE спектрополяриметрінің көзқарас аясына енген сайын бақыланып тұрмақ. Сатының сәтті оралуы Үндістанның болашақ Айдан топырақ әкелу жобасы үшін өте маңызды.
Credit: ISRO
👍1
58. «КҮН ДАҚТАРЫ: AR2993 / AR2994»

«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Тристан Кэмпбелл.

Sunspots: AR2993 / AR2994 by Tristan Campbell
Astronomy Photographer of the Year 2023
Harrogate, UK, 21 April 2022
#астрофото2023
ЖЫЛДЫҢ 200-ШІ СӘТТІ ОРБИТАЛЫҚ ҰШЫРЫЛЫМЫ

2023 жылғы 19 желтоқсанда SpaceX компаниясы кезекті Starlink-6.34 миссиясын жүзеге асырды. Ол дүние жүзі бойынша биылғы 200-ші сәтті орбиталық ұшырылым болды. 🔔 Космонавтика тарихында ешқашан бір күнтізбелік жылда мұнша зымыран өз міндетін ойдағыдай орындамаған.

200 сәтті ұшырылымның 92-сі (яғни 46%-і) бір ғана жекеменшік ғарыш компаниясының еншісінде! Басқа толып жатқан компаниялар мен дүние жүзі елдерінің мемлекеттік ғарыш мекемелері бірігіп, 108 сәтті миссия орындай алды.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
🔥2
111. ГАЛАКТИКАЛАР ЖИЫНЫ

Назарларыңыздағы фото Уэбб ғарыштық телескопының теңдессіз сезімталдығын айғақтайды. Береника Шашы шоқжұлдызындағы SDSS J1226+2152 галактикалар шоғыры фондағы алыс галактикалар кескінін бұрмалап, жарық дақтары мен жолақтарына айналдырып жіберген. Бұл — гравитациялық линзалау құбылысының айқын үлгісі. Ол ғарыштағы өте ауыр нысандар кеңістік-уақыттың өзін деформациялап, ар жақтан келе жатқан жарықты ауытқытқанда байқалады.

Шоғыр мен ол бұрмалап әрі ұлғайтқан алыс галактикалар көрінісін пішіні мен өлшемі неше түрлі галактика қоршап тұр. Аспанның осы бөлігіндегі титтей жарық нүктелердің ешқайсы жұлдыз емес, бір-бір галактика. Бозғылт ақшыл галактикалардың көбі Үлкен Жарылыстан 2–3 миллиард жыл өткендегі қарқынды жұлдызтүзілу дәуірінде туған. Бұл заманды Ғарыштық Талтүс деп атайды. Ал қызыл және тоқсары түсті кішкентай жүйелер одан да ерте түзілген.

Credit: ESA/Webb, NASA & CSA, J. Rigby and the JWST TEMPLATES team
👀2
Starship S28 прототипінің барлық алты қозғағышы толық ұзақтықтағы тұтандыру сынағынан өтті.
👎1
59. «МӘЛІМ ТҰЗАҚ»

«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Эдуардо Шабергер Пупо.

Loop Prominence by Eduardo Schaberger Poupeau
Astronomy Photographer of the Year 2023
Rafaela, Santa Fe, Argentina, 13 September 2022
#астрофото2023
👍1
22 ЖЕЛТОҚСАН 2023 — ҚЫСҚЫ КҮН ТОҚЫРАУЫ

🌞 22 желтоқсанда Орал уақытымен 8:27-де Күн аспан экваторынан оңтүстікке қарай барынша қашық нүктесіне жетеді. Бұл астрономиялық оқиға «Желтоқсандағы күн тоқырауы» деп аталады.
🌞 Бүгін Солтүстік жартышарда астрономиялық қыс, ал оңтүстік жартышарда жаз басталады. Солтүстік жартышарда ең қысқа жарық күні мен ең ұзақ түн бақыланбақ.
🌞 22 желтоқсанда Орал ендігінде Күннің талтүстегі (13:32) көкжиектен биіктігі 15,4° болады. Күн осы биіктікті 18–25 желтоқсан аралығында "ұстап тұрады", яғни "тоқырағандай" тәрізденеді.
🌞 Күннің бүгінгі талтүстегі биіктігі — жыл бойғы ең төмені, ал 26 желтоқсаннан бастап ол біртіндеп көтеріле бастайды. Бүгін Күн 128° оңтүстік-шығыстан шығып, 232° оңтүстік-батыста батады да, көкте ең қысқа доға сызады.
🌞 Оралда Күн көкжиектен 9:36-да шығып, 17:29-да батады, жарық күнінің ұзақтығы 7 сағат 52 минут 31 секунд болмақ. Салыстыру үшін, 21 маусымдағы Жазғы күн тоқырауы датасында ол 16 сағат 35 минут 16 секундқа созылған.
🌞 21 маусымда Күн 5:18-де 49° солтүстік-шығыстан шығып, 21:53-те 311° солтүстік-батыста батты, талтүсте (13:36) 62,2° биіктікке дейін көтерілді.

Қосымша дерек — бейнероликте
#астрокүнтізбе
ЖАЗҒЫ КҮН ТОҚЫРАУЫНАН ҚЫСҚЫ КҮН ТОҚЫРАУЫНА ДЕЙІН

Мына кескін — фотоқағазға камера-обскура арқылы 183 тәулік бойы үзіліссіз түскен жарықтың көрінісі. Ол Күннің Португалияның Мертола елді мекені үстіндегі жарты жылдық жолын бейнелейді. Экспозиция 2022 жылғы 21 маусымдағы Жазғы күн тоқырауынан басталып, 21 желтоқсандағы Қысқы күн тоқырауымен аяқталған. Биылғы қысқы тоқырау 22 желтоқсанда Алматы уақытымен 9:27-де тіркелді.

Image Credit & Copyright: José Zarcos Palma
#астрокүнтізбе
2
60. «КҮН ТОҚЫРАУЫНАН КҮН ТОҚЫРАУЫНА ДЕЙІН»

«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джем Өзкесер мен Түнч Тезел.
Күннің 2022 жылғы 21 маусымнан 21 желтоқсанға дейінгі жолы. Бурса, Түркия.

From Solstice to Solstice by Cem Özkeser and Tunç Tezel
Astronomy Photographer of the Year 2023
Bursa, Turkey, 21 June to 21 December 2022
#астрофото2023
👍2
SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 19-ШЫ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД

2023 жылғы 23 желтоқсанда SpaceX компаниясы Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.32 миссиясын ұшырды. Мақсат — 23 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Миссияны орындаған Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі 1-сатысы осымен 19-шы рет ұшырылып отыр — жаңа әлем рекорды! 🏆

Үдеткіш бірінші рет 2020 жылы 30 мамырда компанияның алғашқы ұшқышты миссиясы — DM-2 аясында қолданылған еді. Сондықтан сатыға НАСА-ның "құрт" аталатын қызыл логотипі салынған. Ол сондай-ақ бір Dragon жүк кемесін, корей жерсерігін, 2 Transporter және 14 Starlink миссиясын ұшырды. B1058 JRTI платформасына бұл жолы да сәтті қонды.

#зымыранұшыру
👍2
Фесенков атындағы астрофизика институты жайлы. Дина Имамбайдың подкастын тыңдаңыз.
#қазақстанғылымы
INGENUITY БІР ҰШУДА РЕКОРДТЫҚ 705 МЕТРГЕ ОРЫН АУЫСТЫРДЫ

2023 жылғы 20 желтоқсанда НАСА-ның Ingenuity тікұшағы Марс аспанына 69-шы рет көтерілді. 135,4 секундта 705 метр ұшып өткен дрон қашықтық рекордын жаңартты. 16 метр биіктікте әуелеген аппарат сондай-ақ жылдамдық рекордын (10 м/с) қайталады. «Тапқырлық» қазанда өзінің биіктік рекордын 24 метрге жеткізген еді.

Credit: NASA/JPL-Caltech
👍1🔥1
«ЖЕРДІҢ ШЫҒУЫНА» — 55 ЖЫЛ

Ай орбитасына шыққан алғашқы адамдар — Apollo 8 астронавтары 1968 жылғы 24 желтоқсанда, Алматы уақытымен 21:40-та көкжиектен көтеріліп келе жатқан көгілдір планетаны көрді.

Бірінші ай экипажы биыл өз командирі Фрэнк Борманнан айырылып қалды. Борман, Джим Ловелл мен Билл Андерс «Жердің шығуы» тарихи фотосуретін қалай түсіргені жайлы бейнероликте толық әңгімеленеді

Credit: NASA / Apollo 8
#фотокөрме #ғарыштарихы
2🌚1
PSYCHE ЗОНДЫ ЛАЗЕРЛІК БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІН СЫНАДЫ

2023 жылы 11 желтоқсанда НАСА-ның Psyche планетааралық зонды 31 млн км қашықтықтан Жерге бейнеролик жіберу арқылы эксперименттік лазерлік байланыс жүйесін сынақтан өткізді. Хабар тарату жылдамдығы секундына 267 Мегабитке жетті. 15 секундтық ролик аппарат бортына алдын-ала жүктелген еді. Онда Реактивті қозғалыс зертханасы қызметкерлерінің бірінің Тейтер атты мысығы бейнеленген.

Psyche бортына қосымша жүктеме ретінде DSOC (Deep Space Optical Communications) байланыс жүйесі орнатылған. Ол таяу инфрақызыл диапазондағы лазер көзі, апертурасы 22 см телескоп пен Жерден келген лазер сәулесін қабылдайтын сезімтал камерадан тұрады. Жүйенің Жердегі бөлігін Калифорниядағы қуатты лазер шығарғыш пен Паломар обсерваториясындағы 5,1 метрлік Хейл телескопы құрайды. DSOC алыс ғарыштан қазір қолданылып жүрген радиожүйелерден 10–100 есе жоғары жылдамдықпен дерек хабарлауға арналған.

Зонд Негізгі астероидтар белдеуіндегі (16) Психея астероидына 2029 жылы тамызда жетуі тиіс. Темір мен никельге бай ауыр дене Күн жүйесі ғұмырының басында қираған протопланета ядросы не оның сынығы деп саналады. 26 ай зерттеу барысында Psyche астероидтың қалай түзілгенін анықтап, осы теорияны тексереді.
👾1