КҮНДЕ X3 БАЛДЫҚ ЖАРҚЫЛ БОЛДЫ
2023 жылғы 14 желтоқсанда, Алматы уақытымен 23:08-де Күнде X3 (икс-үш) балдық жарқыл болды. Оталыс — күн белсенділігінің үстіміздегі 25-ші циклінде байқалғандарының ең қуаттысы. Ол шығарған зарядталған бөлшектер Жерге бағытталса, планетамызға бүгін, 16 желтоқсанда жетіп, қуатты магнит дауылдарын туғызуы ықтимал.
Күндегі жарқыл Күн мен оның айналасындағы күшті магнит өрістерінің қайта қосылуынан пайда болады. Құбылыс әдетте күн дақтарымен, яғни Күн бетіндегі магнит өрісі ерекше күшті белсенді аймақтармен байланысты.
Жарқылдар қуатына қарай жіктеледі. Ең әлсіздері B класына жатса, одан кейін C, M және ең қуатты X кластары бар. Жер сілкінісінің Рихтер шкаласындағыдай, әр әріп шығатын энергияның он есе артқанын білдіреді. Демек, X M-нан 10 есе, ал C-дан 100 есе күшті. Әр класс 1-ден 9-ға дейінгі дәлірек бөліктерге бөлінеді.
X соңғы әріп, алайда X1-ден 10 есе қуатты жарқылдар бар, сондықтан бұл класта 9-дан да жоғарысы болуы мүмкін. Тіркелген ең қуатты жарқыл 2003 жылы 4 қарашада, күн максимумы кезінде байқалды. Оның қуатты болғаны сонша, өлшегіш сенсорларға шамадан тыс күш түсірді. Олар X17 деңгейінде істен шықты, кейін жарқыл шамамен X28 бен X45 аралығында деп бағаланды.
Жалпы, 14 желтоқсандағы оталыс — 2017 жылдың 10 қыркүйегінен бергі ең қуатты жарқыл. Сол күні тіркелген X8.2 оқиға мен одан төрт күн бұрынғы X9.3 жарқыл жайлы арнамызда жеке роликтер бар. Күн белсенділігі кезекті шыңына жақындаған сайын, осындай қуатты жарқылдар жиілей бермек.

YouTube
2017 ж. 10 қыркүйектегі аса қуатты Күн жарқылы (X8.2)
2017 жылы 10 қыркүйекте Алматы уақытымен 22.06-да Күнде X8.2 балдық аса қуатты жарқыл болды. Ол соңғы 12 жыл ішінде тіркелген жарқылдар арасында 6 қыркүйектегі X9.3 балдық жарқылдан кейін екінші орында. https://youtu.be/xOMZcDlWq94
Сол 10 қыркүйек күні осы…
Сол 10 қыркүйек күні осы…
24-ШІ ЖӘНЕ 25-ШІ ЦИКЛДЕРДЕГІ КҮН ЖАРҚЫЛЫ САНЫ
Үстіміздегі 25-ші күн дақтары циклі 2019-дың желтоқсанында, кезекті күн минимумынан басталғаны белгілі. Ол шыңына 2025 жылы жетеді деп болжанып отыр. Бұл циклдегі күн жарқылдары саны алдыңғы циклден көбірек болатын сияқты. Ең қуатты жарқылдар циклдің соңына таман, 2028-де бақылануы ықтимал.

56. «ҚОЗҒАЛЫС»
«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Мигель Кларо.
Күндегі X1 класты AR2994 жарқылы, 30 көкек 2022 жыл. Алькева қараңғы аспан өңірі, Португалия.
Solar Flare X1 from AR2994 in 'Motion' by Miguel Claro
Astronomy Photographer of the Year 2023
Dark Sky Alqueva region, Évora district, Portugal, 30 April 2022
#астрофото2023

👍1😁1
57. «ЖАЙЫЛҒАН ЗІЛДЕР»
«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Рафаэль Шмалл.
Күннің қанша жаста екенін қайдан білеміз?
Grazing Mammoths by Rafael Schmall
Astronomy Photographer of the Year 2023
Zselic Park of Stars, Zselickisfalud, Hungary, 24 September 2022

😁1
АҚШ ЗЫМЫРАН-ҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2023 жылғы 15 желтоқсанда Rocket Lab компаниясы Electron жеңіл зымыранын сәтті ұшырды. Бұл — қыркүйектегі апаттан кейінгі алғашқы, биылғы 10-шы (9 сәтті), компания тарихындағы 42-ші (38 сәтті) ұшырылым.
Relativity Space компаниясы болашақ Terran R ауыр зымыранының метан жағатын Aeon R қозғағышын алғашқы толыққанды тұтандыру сынағынан өткізді.
Бүгін, 18 желтоқсан, Алматы уақытымен 20:30-да Blue Origin компаниясы New Shepard суборбиталық кемесінің ұшқышсыз ғылыми миссиясын жүзеге асырады. NS-24 — 2022-нің қыркүйегіндегі апаттан соңғы бірінші старт. Абырой болғанда, кеме ол кезде де адамсыз ұшқан еді.
Firefly компаниясының Alpha жеңіл зымыранының 4-ші миссиясы 20 желтоқсанға жоспарланған. Ол Electronically Steerable Antenna демонстраторын төмен жермаңы орбитаға шығаруы тиіс. Қыркүйектегі 3-ші ұшырылым алғаш рет толықтай сәтті жасалған еді.
SpaceX Falcon Heavy аса ауыр зымыранының X-37B ғарыштық ұшағын 7-ші миссияға аттандыруы 28 желтоқсанға (Алматы уақытымен 29 желтоқсан, 06:00) шегерілді. Қазір космоплан тасығыштан ажыратылып, қосымша тексеріске жіберілді.
Желтоқсанда сондай-ақ ABL Space Systems компаниясының RS1 жеңіл зымыраны екінші рет сыналуы мүмкін. 10 қаңтардағы бірінші сынақ ұшырылым сәтсіз өткен.
ULA ұшыру операторының Vulcan Centaur ауыр зымыраны алғаш рет 2024 жылғы 8 қаңтарда ұшатын болды. Зымыранға толық отын құю сынағының екінші әрекеті ойдағыдай өтті. Ол Astrobotic компаниясының Peregrine лендерін Айға жөнелтуі тиіс. Дегенмен Вулканның дебюті тағы шегерілсе де таң қалмаймыз.
Сөйтіп, Intuitive Machines компаниясының Nova C ай лендері бәсекелесінен (дұрысы, НАСА-ның CLPS бағдарламасы аясындағы әріптесінен) ерте ұшуы ықтимал. Өйткені оны SpaceX Falcon 9 көтереді ғой! Бұл старт 13 қаңтарға межеленген. Жалпы, Falcon 9 осы жыл біткенше төрт рет ұшады деп жоспарланып отыр, ол миссияларға тоқталып жатпаймыз.
Ал Axiom Space компаниясының Ax-3 миссиясы 10 қаңтарда ұшырылатынын айтпаса болмайды. Crew Dragon C212.3 Freedom кемесі Халықаралық ғарыш стансасына төрт адамды жеткізеді, оның бірі — алғашқы түрік ғарышкері.
SpaceX қаңтарда сондай-ақ Super Heavy / Starship аса ауыр жүйесінің үшінші орбиталық сынағын өткізетін шығар. Старттың нақты мерзімі қосымша хабарланады, Starship S28 прототипі алғашқы тесттерге дайын.
Sierra Space компаниясының Dream Chaser қанатты кемесіне (фотода) Shooting Star жүк модулі орнатылып жатыр. Космоплан ХҒС-қа алғашқы демо-сапарға 2024-тің наурызында шығуы керек. Алайда миссия кейінге қалуы әбден мүмкін, бұл Vulcan Centaur-дың тұсаукесері қалай өтеріне байланысты.
Ақыры, Boeing корпорациясының Starliner ғарыш кемесінің жыр болған бірінші ұшқышты миссиясы 14 көкектен ерте басталмайтын болды. Әрине, бұл да соңғы түпкілікті мерзім емес. Старлайнер екі ғарышкерді ХҒС-қа апарып, алып келуі тиіс. Оны ULA-ның Atlas V ауыр зымыраны ұшырады.

👍1
110. УРАН ІРІ ПЛАНМЕН
Уэбб ғарыштық телескопының NIRCam камерасы Уранның Солтүстік полюсіндегі маусымдық поляр мұз жамылғысының теңдессіз айқын кескінін алды. Уэббтың тамаша сезімталдығы мұзды алыптың бұлыңғыр сақиналарын, соның ішінде көрінбес Дзетаны — ерекше әлсіз, сирек ең жақын сақинаны байқауға да мүмкіндік берді. Суретке сондай-ақ 27 белгілі серіктің тоғызы, тіпті сақина ішіндегі кейбір кішкенелері түсіп қалған.
Джеймс Уэбб телескопы бұрын да Уранның ғаламат кескіндерін түсірген еді. Жетінші планета, оның серіктері мен сақиналары жайлы толығырақ — роликте.
Credit: NASA, ESA, CSA, STScI

🤯2
SH B10 мен Starship S28 прототиптері Старбейстегі старт кешеніне жеткізілді. Олар Starship жүйесінің үшінші орбиталық ұшырылымы алдындағы сынақтардан өтпек.
Credit: SpaceX
Credit: SpaceX
ЧАНДРАЯН-3 МИССИЯСЫНЫҢ ЖОРЫҚ САТЫСЫ ЖЕР МАҢЫНА ОРАЛДЫ
Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) тағы бір тамаша жетісткке қол жеткізді. Тамызда Ай бетіне қонған Chandrayaan-3 миссиясының Vikram лендері мен Pragyan роверін жеткізіп тастаған жорық модулі Жер маңына қайтты. Бұған оның бортында 100 килограмнан астам отын қалғаны көмектесті.
1,54 млн км-лік бірінші перигейінен 22 қарашада өткен модуль қазір еңкеюі 27 градус, периоды 13 тәулік жермаңы орбитада. Жер оның SHAPE спектрополяриметрінің көзқарас аясына енген сайын бақыланып тұрмақ. Сатының сәтті оралуы Үндістанның болашақ Айдан топырақ әкелу жобасы үшін өте маңызды.
Credit: ISRO

58. «КҮН ДАҚТАРЫ: AR2993 / AR2994»
«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Тристан Кэмпбелл.
Sunspots: AR2993 / AR2994 by Tristan Campbell
Astronomy Photographer of the Year 2023
Harrogate, UK, 21 April 2022

ЖЫЛДЫҢ 200-ШІ СӘТТІ ОРБИТАЛЫҚ ҰШЫРЫЛЫМЫ
2023 жылғы 19 желтоқсанда SpaceX компаниясы кезекті Starlink-6.34 миссиясын жүзеге асырды. Ол дүние жүзі бойынша биылғы 200-ші сәтті орбиталық ұшырылым болды. 🔔 Космонавтика тарихында ешқашан бір күнтізбелік жылда мұнша зымыран өз міндетін ойдағыдай орындамаған.
200 сәтті ұшырылымның 92-сі (яғни 46%-і) бір ғана жекеменшік ғарыш компаниясының еншісінде! Басқа толып жатқан компаниялар мен дүние жүзі елдерінің мемлекеттік ғарыш мекемелері бірігіп, 108 сәтті миссия орындай алды.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру

🔥2
111. ГАЛАКТИКАЛАР ЖИЫНЫ
Назарларыңыздағы фото Уэбб ғарыштық телескопының теңдессіз сезімталдығын айғақтайды. Береника Шашы шоқжұлдызындағы SDSS J1226+2152 галактикалар шоғыры фондағы алыс галактикалар кескінін бұрмалап, жарық дақтары мен жолақтарына айналдырып жіберген. Бұл — гравитациялық линзалау құбылысының айқын үлгісі. Ол ғарыштағы өте ауыр нысандар кеңістік-уақыттың өзін деформациялап, ар жақтан келе жатқан жарықты ауытқытқанда байқалады.
Шоғыр мен ол бұрмалап әрі ұлғайтқан алыс галактикалар көрінісін пішіні мен өлшемі неше түрлі галактика қоршап тұр. Аспанның осы бөлігіндегі титтей жарық нүктелердің ешқайсы жұлдыз емес, бір-бір галактика. Бозғылт ақшыл галактикалардың көбі Үлкен Жарылыстан 2–3 миллиард жыл өткендегі қарқынды жұлдызтүзілу дәуірінде туған. Бұл заманды Ғарыштық Талтүс деп атайды. Ал қызыл және тоқсары түсті кішкентай жүйелер одан да ерте түзілген.
Credit: ESA/Webb, NASA & CSA, J. Rigby and the JWST TEMPLATES team

👀2
Starship S28 прототипінің барлық алты қозғағышы толық ұзақтықтағы тұтандыру сынағынан өтті.
👎1