Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
9-ШЫ FALCON HEAVY ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНДЫ 7-ШІ МИССИЯҒА АТТАНДЫРАДЫ

2023 жылғы 12 желтоқсанда, Алматы уақытымен таңғы 7:14-те SpaceX компаниясы Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңынан тоғызыншы Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ұшырады. Ол USSF-52 (OTV-7) миссиясы аясында АҚШ Ғарыш күштерінің Boeing X-37B ұшқышсыз космопланын жермаңы орбитаға шығаруы тиіс.

Жаңа B1084 орталық сатысы қайтарылмайды, ал биылдыққа бесінші мәрте көтерілетін B1064, B1065 қапталдағы үдеткіштері тағы да LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы тиіс. X-37B осымен жалпы жетінші рет, ал нақты №2 кеме — төртінші рет ұшырылмақ.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
КОРЕЙ КОМПАНИЯСЫ ҚАЙТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МЕТАН ЗЫМЫРАН ҰШЫРМАҚ

Оңтүстік Кореяның Perigee Space стартапы Blue Whale 1 зымыранын жасап жатыр. Оның өлшемдері 21 м x 1,6 м, старттағы массасы 20 т. Отыны — метан, тотықтырғышы — оттегі. Зымыран Falcon 9 секілді қозғағыш көмегімен 4 тіреуге қона алады. Тасығыш төмен жермаңы орбитаға 150 кг, гелиоснхрон орбитаға — 170 кг шығарады. Ұшырылым құны $3 млн-нан аспауы тиіс. Алғашқы старт 2024-тің қарашасына межеленген. «Көк кит» теңізден ұшырылған алғашқы метан зымыран атанбақ.
PSYCHE ҒАРЫШ АППАРАТЫ ТҮСІРГЕН АЛҒАШҚЫ КЕСКІН

НАСА Psyche планетааралық стансасының борттық камерасы түсірген бірінші суретті жариялады. 68 кадрдан құрастырылған мозаикада Балық шоқжұлдызындағы аспан облысы бейнеленген. Psyche 8 қарашада Холл иондық қозғағыштарын бірінші рет қосып көрді. Ал 14 қарашада Жерден 16 миллион км қашықтықтан DSOS лазерлік байланыс жүйесі алғаш сыналды.

Зонд Негізгі астероидтар белдеуіндегі (16) Психея астероидына 2029 жылы тамызда жетуі тиіс. Темір мен никельге бай ауыр дене Күн жүйесі ғұмырының басында қираған протопланета ядросы не оның сынығы деп саналады. 26 ай зерттеу барысында Psyche астероидтың қалай түзілгенін анықтап, осы теорияны тексеруі тиіс. Арнамызда бұл миссия жайлы жеке ролик барын еске саламыз.

Credit: NASA / JPL-Caltech / ASU
1991 жылдың 12–16 желтоқсаны аралығындағы Кеңес Одағының картасы
😁2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚЫТАЙЛЫҚ ПРОТОТИП ТАҒЫ СӘТТІ ҚАРҒЫДЫ

2023 жылғы 10 желтоқсанда iSpace компаниясы болашақ Hyperbola-2 зымыранының екінші секіру сынағын өткізді. 342 м биіктікке қарғыған SQX-2Y прототипі 63 секундтан соң ұшқан жерінен 50 м аулаққа қонды. Демонстратордың өлшемдері 17 x 3,3 м, онда метанды сұйық оттегінде жағатын тартымы 15 тонна-күш бір JD-1 қозғағышы тұр. Ол қарашада 178 метрге көтерілген еді. Компания секіру биіктігін біртіндеп 100 километрге жеткізбекші.

Hyperbola-2 бірінші сатысы қайта қолданылатын екі сатылы зымыран болмақ. Машинаның жалпы ұзындығы 28 метр. Ол 500 км гелиосинхрон орбитаға 1100 кг-нан астам, ал 1-сатысы қайтарылған жағдайда — 800 кг пайдалы жүктеме шығара алады.
#ҚытайҒарышта
🔥1
Cуықта жүрген, әлде жүгірген жөн бе? Мұндай аязда дұрысы үйден шықпау, дегенмен... видеода
14 ЖЕЛТОҚСАНҒА ҚАРАҒАН ТҮНІ ГЕМИНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫ ШЫҢЫНА ЖЕТЕДІ

МЕТЕОРЛАР — Жер атмосферасында жанған ғарыштағы тас сынықтары. Олар орасан жылдамдықпен қозғалады, мысалы, Геминиданың жылдамдығы сағатына 130 000 километрдей. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы үйкелістен сынықтар қатты қызып, оларды қоршаған ауа жарқырай бастайды. Тас тез қирап, жоқ болады, ал оның жарқыраған ізін жерден "аққан жұлдыз" түрінде көреміз.

Жер бетіндегі кез келген нүктеден бір түнде орта есеппен 6 кездейсоқ метеор көрінеді. Бірақ Жер жылына бірнеше рет өз жолында жатқан комета қалдықтарының үстін басып өтеді. Бұл кездері метеорлар саны күрт артып, МЕТЕОР АҒЫНДАРЫ бақыланады.

Геминидалардың ерекшелігі — оларды кометаның емес, 3200 Фаэтон атты астероидтың қалдықтары туғызады. Олар аспанның кез келген тұсынан көрінеді, бірақ отты іздер бір нүктеден шыққандай болады. Бұл нүкте РАДИАНТ деп аталады және ол Егіздер (латынша Gemini) шоқжұлдызында.

Геминидалардың тағы бір қасиеті — басқа ағындардай кейде көл, кейде шөл емес, жыл сайынғы саны тұрақты және біршама мол. Биыл сағатына 120 метеор күтіледі, әрине бұл тас қараңғы, бақылауға қолайлы жерден қарағанда. Іс жүзінде сағатына 60–70 метеор көрінсе де жаман болмас еді.

Геминидалар өте жарық, түрлі түсті із қалдырады. БОЛИДТЕР, яғни Шолпаннан жарық метеорлар да кездесуі мүмкін. Геминидалар біршама баяу (35 км/сек), өйткені ағын Жерге қарсы емес, бір бағытта қозғалады.

Ай жаңа ғана туғандықтан, бақылауға тамаша мүмкіндік бар. Ағынды, Егіздер көтерілген соң, түнгі сағат екіден кейін бақылаған жөн. Бірақ радиантқа көз тігу міндет емес, шалқалап аспанға қарап жатса да болады. Әрине, ауылдық жердегі немесе таудағы көрініс тамаша, дегенмен қаладан да бірнеше жарық метеор көре аласыз.

Қосымша дерек — Геминидаларға арналған арнайы роликте.
#астрокүнтізбе
👀1
Фото: 2015 жылы желтоқсанда Қытайдағы Xinglong обсерваториясы маңында түсірілген фотодан елу шақты метеор мен ерекше жарық бір болидті көре аламыз. Олардың бәрі Егіздердің бірі жарық жұлдыз Кастордың қасынан ұшып шыққандай.
Image Credit & Copyright: Steed Yu and NightChina .net
2👀1
55. «FALCON'НЫҢ КҮН БЕТІМЕН ӨТУІ»

«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Майкл Сили.
Мерритт-Айленд қорығы, Тайтусвилл, Флорида, АҚШ, 18 қаңтар 2023 жыл.

Falcon Solar Transit by Michael Seeley
Astronomy Photographer of the Year 2023
Merritt Island Wildlife Refuge, Titusville, Florida, USA, 18 January 2023
#астрофото2023
👍1
ЖҰЛДЫЗ ЖАУҒАН ТҮН

Геминидалар метеор ағыны осы түні де мол болуы мүмкін. Ағын жайлы толық ақпарат — кешегі жазбада.

Ал жұлдыз жауынын даладан бақылаудың реті келмесе, мыңдаған метеорды үйде отырып-ақ арнамыздағы жаңа роликтен тамашалай аласыз.

Фото: 2022 жылғы Геминидалар. Сычуань, Қытай
Автор: Raiden Yang
👍1
БЕТЕЛЬГЕЙЗЕ ТҰТЫЛДЫ

2023 жылғы 12 желтоқсанда Ориондағы (Үшарқар-Таразы) ең жарық жұлдыз Бетельгейзенің (Оқ) жарығы бірнеше секундқа әжептәуір бәсеңдеді. Оң жақтағы көріністі тұтылуға дейін түсірілген фотомен салыстырыңыз.

Тұтылуды жұлдыз бен Жердің арасынан диаметрі 60 км Леона (319 Leona) астероидының өтуі туғызды. Сирек құбылыс Орталық Мексика, Флорида, Атлант мұхиты, Оңтүстік Еуропа мен Орта Азия арқылы өткен жолақ бойынан бақыланды. Ал төрт жыл бұрын Бетельгейзе бірнеше ай бойы күңгірттенген еді, ол жөнінде — роликте.

Image Credit & Copyright: Sebastian Voltmer
#астрокүнтізбе
🤯1
ӘЛЕМНІҢ ҮДЕЙ КЕҢЕЮІНІҢ АШЫЛҒАНЫНА ШИРЕК ҒАСЫР ТОЛДЫ

1920-шы жылдары Эдвин Хаббл Әлемнің кеңейіп бара жатқанын анықтағаннан кейін, астрономдардың көбі екі түрлі сценарийді қарастырды. Гравитацияның тарту күші әсерінен кеңею жылдамдығы біртіндеп азайып, ақыры Әлем қайта сығыла бастауы ықтимал. Басқа болжамға сәйкес, Әлем уақыт өте баяулай түсетін жылдамдықпен мәңгі кеңейе бермек.

Алайда Ia типті супержаңаларға дейінгі қашықтықты бір-бірінен тәуелсіз өлшеген екі ғылыми топ олардың қолданыстағы космологиялық модельдер болжағаннан алыс екенін есептеп шығарды. Мұндай супержаңа жарылыстарының қасиеттері, соның ішінде жарқырауы әрқашан біркелкі. Сондықтан оларды стандарт шырақ ретінде пайдаланып, алыс галактикаларға дейінгі қашықтықты өлшейді.

Міне, осы өлшеулер Әлемнің кеңею жылдамдығы үдеп бара жатқанын көрсетті! Мұның қалай анықталғаны мына роликте түсіндіріледі. 1998 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған жұмыстар ғылым тарихындағы ең маңызды төңкерістің бірі болды. Әлемнің үдей кеңеюін ашқаны үшін Сол Перлмуттер, Брайан Шмидт пен Адам Рисске 2011 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы берілді.

#ғылымтарихы #космология
Credit: ESO
👀2
КҮНДЕ X3 БАЛДЫҚ ЖАРҚЫЛ БОЛДЫ

2023 жылғы 14 желтоқсанда, Алматы уақытымен 23:08-де Күнде X3 (икс-үш) балдық жарқыл болды. Оталыс — күн белсенділігінің үстіміздегі 25-ші циклінде байқалғандарының ең қуаттысы. Ол шығарған зарядталған бөлшектер Жерге бағытталса, планетамызға бүгін, 16 желтоқсанда жетіп, қуатты магнит дауылдарын туғызуы ықтимал.

Күндегі жарқыл Күн мен оның айналасындағы күшті магнит өрістерінің қайта қосылуынан пайда болады. Құбылыс әдетте күн дақтарымен, яғни Күн бетіндегі магнит өрісі ерекше күшті белсенді аймақтармен байланысты.

Жарқылдар қуатына қарай жіктеледі. Ең әлсіздері B класына жатса, одан кейін C, M және ең қуатты X кластары бар. Жер сілкінісінің Рихтер шкаласындағыдай, әр әріп шығатын энергияның он есе артқанын білдіреді. Демек, X M-нан 10 есе, ал C-дан 100 есе күшті. Әр класс 1-ден 9-ға дейінгі дәлірек бөліктерге бөлінеді.

X соңғы әріп, алайда X1-ден 10 есе қуатты жарқылдар бар, сондықтан бұл класта 9-дан да жоғарысы болуы мүмкін. Тіркелген ең қуатты жарқыл 2003 жылы 4 қарашада, күн максимумы кезінде байқалды. Оның қуатты болғаны сонша, өлшегіш сенсорларға шамадан тыс күш түсірді. Олар X17 деңгейінде істен шықты, кейін жарқыл шамамен X28 бен X45 аралығында деп бағаланды.

Жалпы, 14 желтоқсандағы оталыс — 2017 жылдың 10 қыркүйегінен бергі ең қуатты жарқыл. Сол күні тіркелген X8.2 оқиға мен одан төрт күн бұрынғы X9.3 жарқыл жайлы арнамызда жеке роликтер бар. Күн белсенділігі кезекті шыңына жақындаған сайын, осындай қуатты жарқылдар жиілей бермек.
Credit: NOAA/SWPC Boulder CO USA, SDO/AIA
24-ШІ ЖӘНЕ 25-ШІ ЦИКЛДЕРДЕГІ КҮН ЖАРҚЫЛЫ САНЫ

Үстіміздегі 25-ші күн дақтары циклі 2019-дың желтоқсанында, кезекті күн минимумынан басталғаны белгілі. Ол шыңына 2025 жылы жетеді деп болжанып отыр. Бұл циклдегі күн жарқылдары саны алдыңғы циклден көбірек болатын сияқты. Ең қуатты жарқылдар циклдің соңына таман, 2028-де бақылануы ықтимал.
56. «ҚОЗҒАЛЫС»

«Біздің Күн» номинациясының қысқа тізіміне енген — Мигель Кларо.
Күндегі X1 класты AR2994 жарқылы, 30 көкек 2022 жыл. Алькева қараңғы аспан өңірі, Португалия.

Solar Flare X1 from AR2994 in 'Motion' by Miguel Claro
Astronomy Photographer of the Year 2023
Dark Sky Alqueva region, Évora district, Portugal, 30 April 2022
#астрофото2023
👍1😁1