Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
КҮН ТӘЖІНДЕ «ТЕСІК» ПАЙДА БОЛДЫ

Күн тәжінде пайда болған алып тесік 2023 жылғы 3 желтоқсанда күн дискінің ортасынан өтті. №43092 тесік солтүстіктен оңтүстікке қарай 580 000 км-ге, батыстан шығысқа қарай — 340 000 км-ге созылып жатыр. Ол Жер диаметрінен 45 есе үлкен. Одан шыққан жоғары жылдамдықтағы (700 км/сек) зарядталған бөлшектер Жерге 5 желтоқсанда жетуі мүмкін.

Жерде магнит дауылдары пайда болуының үш механизмі бар:
— Күндегі жарқыл мен тәж затының атылуы;
— Күннен үлкен талшықтың ажырауы;
— тәждегі тесік.

Әдетте Күн бетін торлап жататын магнит өрісінің күш сызықтары зарядталған бөлшектерді ұстап тұрады. Ал күн бетінен шығып жататын сызықтар тұйықталмай қалса, зарядталған бөлшектер күн беті маңынан ұшып кете алады. «Тәж тесігі» деп аталатын осындай облыстардағы температура төмендеп, олар рентген суреттерде күңгірттеу болып көрінеді.

Ұшып кеткен бөлшектер, негізінен электрондар, үлкен жылдамдықпен Күн жүйесіне таралып, күн желі ағысын түзеді. Егер планетамыз осы ағысқа тап болса, оның Жер магнитосферасымен әсерлесуі нәтижесінде магнит дауылдары пайда болады. Дауылдың бір көрінісі поляр шұғыласы екені мәлім.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тәждегі тесіктің 2023 жылғы 29 қараша — 3 желтоқсан аралығында Күн бетімен өтуі
Тәждегі тесікте жылдам күн желінің түзілу схемасы:
A облысы. Күн беті маңындағы магнит сызықтары зарядталған бөлшектердің беттен ұшып кетуіне жол бермейді
B облысы. Магнит сызықтары тұйықталмаған тәж тесігінен ұшып шыққан зарядталған бөлшектер жылдам күн желін құрайды.
52. ҚЫТАЙ ҒАРЫШ СТАНСАСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ КҮН АЛДЫНАН ӨТУІ

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Летиан Ван.

Бұл фотоның дәл бүгін жариялануы кездейсоқтық болғанымен, мұнда бір сәйкестік те бар сияқты. Өйткені бір жыл құрастырылып біткен «Тяньгун» ғарыш стансасы мен елеулі артып келе жатқан Күн белсенділігіне соңғы кезде көбірек назар аударып отырмыз.

China Space Station Transits Active Sun by Letian Wang
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Beijing, China, 10 September 2022
#астрофото2023
👍2
ШАТТАН, ЕЛІМ, ҚУАН, ҚАЗАҚ,
ТӨБЕҢ КӨККЕ ЖЕТПЕЙ ТҰР АЗ-АҚ!

Кезекті PISA рейтингінің нәтижесіне сәйкес, Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің ішіне кірді.
81 елден 🤓

Дереккөз:

Гани Бейсембаев:

«Құрметті әріптестер, достар!

Бүгін сіздермен бөлісер жақсы жаңалығым бар.
Қазір ғана кезекті PISA рейтингінің нәтижелері жарияланды. Өздеріңіз білетіндей, бұл білім сапасын бағалайтын маңызды халықаралық жүйе. Еліміз математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің ішіне кірді. Жаратылыстану пәндерінен көрсеткіштер 26 балға артып, математика және оқу сауаттылығы бойынша алдыңғы нәтижелер сақталды. Бұл жерде біздің мектептеріміздің рөлін ерекше атап өткен жөн.

Қала мен ауылдық жерлердегі оқушылар арасындағы білім сапасындағы алшақтық азайып келеді. Жалпы, 81 елдің ішінде Қазақстан математикадан 46-орынды (2018 жылы 54), оқудан – 61-орынды (2018 жылы 69), жаратылыстану пәнінен – 49-орынды (2018 жылы 69) иеленді.

Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне үздіксіз көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауының арқасында осындай көрсеткіштерге қол жеткізілді. Педагог мәртебесін арттыру, жалақыны көбейту, қосымша білім беруді, инфрақұрылымды дамыту, балаларымыз үшін қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз ету шаралары білім сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Білім саласын дамытудағы мемлекеттік ұстанымның дұрыстығы айқындалды. Осы бағыттағы жұмысты күшейте түскен жөн.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім беру сапасын одан әрі арттыру үшін 5 негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" кадрлық резервін қалыптастыру және менеджментті нығайту; 21 ғасырдағы дағдылар мен құзыреттерді дамыту үшін оқу бағдарламаларын жаңарту, ауыл мектептерін қолдау жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру; Дайындық тәсілдерін жетілдіру, педагогтерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру; "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде жаңа мектептер салу, қалған білім ошақтарын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту; Сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін трансформациялау. Бұл шаралардың барлығы биыл Үкімет қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» қамтылған.

Мемлекеттік саясат шеңберінде білім жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған осындай кешенді жұмыс қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде тынымсыз еңбектеніп жүрген барша педагогтерге шын жүректен алғысымды білдіремін!»
👍2😁2
Дегенмен...
Дереккөз: Фейсбуктегі @Камила Башарова профилі
АДАМ ЖӘНЕ ҒАРЫШ

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының «Адам және Ғарыш» номинациясы жүлдегерлері түсірген фотолармен таныстырып болдық. Конкурс жұмыстарын біздің каналдан #астрофото2023 хештегімен таба аласыздар.

Осы орайда Жасмин Хасенованың шыны бетіне құммен салған аттас жұмысымен танысыңыздар, 2016 жыл. Идеясы менікі 🙂
Бірінші бөлім және Екінші бөлім
👏3
Арнада — 1,15 миллион көрілім
👍3👏1
КҮН БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖАЙЛЫ МИФТЕР

Күн белсенділігі мен Жердегі магнит дауылдарына қатысты мына жәйттерге назар аударған жөн:

1. Күн белсенділігінің 11 жылдық цикл аясында қазіргі уақытша артуының Күннің миллиардтаған жылдық жұлдыздық эволюциясына қатысы жоқ. Күн жұлдыз ретінде өз ғұмырының ең тұрақты кезеңін сүруде. 11 жылдық цикл — Күннің беті мен атмосферасындағы құбылыстардың салдары, ал Күннің тағдырын оның өзегіндегі жағдай шешеді.

2. Күн белсенділігінің Жердегі климаттың жылынуына еш әсері жоқ. Жаһандық жылынуға себепші Жер атмосферасындағы құбылыстар ғалымдарға толық түсінікті. Күн тұрақты жұлдыз болғандықтан, оның планетамызға жіберетін энергия мөлшері де өзгермейді. Ал оның қаншасы қай толқын ұзындығында шағылуы — Жердің өзінің проблемасы.

3. Магнит дауылдарының адам денсаулығына әсері әсіре бағаланып жүр, бірақ мұның сенімді ғылыми дәлелдері анықталмаған. Денсаулыққа атмосферадағы өзгерістер, мысалы, аспан бұлтты болуы, атмосфералық қысымның түсуі не көтерілуі, ауа температурасы әлдеқайда күшті әсер етеді. Кінәмшіл адамдарға өзінің тиісті режимді сақтамауынан не басқа да себептен туған жағдайдың бәрін әлдебір жұмбақ магнит дауылына жаба салған оңай. Мұндай сенім, әдеттегідей, негізінен пост-КСРО аумағында, Чижевский дегеннің кітабының ықпалымен тараған.

4. Күн белсенділігінің 11 жылдық циклінің соғыс, революция, індет сияқты саяси-әлеуметтік оқиғалармен еш байланысы жоқ. Мұндай оқиғалар Күннің белсенді кезеңінде де, тыныш кезеңінде де болған және бола береді. XX ғасырда ұсынылған балаң, дүбәра теориялар ғылыми әдіспен дәлелденбеді.

Мысалы, Чижевскийдің тағы бір жалған ілімін насихаттаушылар 10—12 жылда қайталанатын Күн циклінің шыңын 2–3 жыл әрі-бері сүйрелеп, әлдебір соғысқа не революцияға туралайды. XX ғасырда сансыз соғыс, әскери қақтығыс пен төңкеріс болғанын ескерсек, солардың кейбірін бір шыңға +-3 жыл дәлдікпен сәйкестендіру еш қиындық туғызбайды. Алайда Күн белсенділігі төмен жылдары болған басқа толып жатқан қақтығыстар ескерілмейді. Қанша тартқыштаса да, кейбір циклдің шыңына сәйкес соғыс табылмаса, бұларды өткізіп жібере салады.

Мысалы, 1917 жылғы шыңды Ресей революциясының себебі деп саналады, бірақ шын мәнінде оны 3 жыл бұрын басталған 1 ДЖС туғызған, ал соғыстың өзіне талай жылдар қордаланған саяси қайшылықтар кінәлі. 1937 жылғы шыңды 1939-да басталған 2 ДЖС-пен байланыстырады, т.с.с. 1968 жылғы шың кезекті араб-израиль соғысы мен КСРО-ның Чехословакияға әскер енгізуіне себепші болыпты-мыс. Ал соның алдындағы араб-израиль соғыстарын, Корей, француз-вьетнам, француз-алжир, үнді-пакистан соғыстарын, басқа да толып жатқан революциялар мен азамат соғыстарын не туғызды? Алысқа бармай-ақ, кешегі COVID-19 пандемиясы Күннің тыныш кезінде басталған-тұғын.

Сөйтіп, бейғылыми мифтерден арылып, 11 жылдық Күн циклі жайлы роликті көрейік.
#көбәріп
👍3
Кескін: магнит дауылының әсеріне ұшыраған жандар, DALL-E жасанды интеллекті, кубизм стилі
👍2
53. «ҚАРАҢҒЫ ЖҰЛДЫЗ»

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлделі жұмыстарымен одан әрі танысайық.
Ендігі кезекте — «Біздің Күн» номинациясы.

«Біздің Күн» номинациясындағы 2-орын — Питер Уорд.
Күнге төтенше тар жолақты H-альфа-сәулелену фильтрі арқылы қарағанда, магнит өрісінің өткінші сызықтары, жіпшелер, жарқылдар, спикулалар мен протуберанецтер байқалады. Күннің қалыпты бейнесінің өңін айналдыру арқылы жасалған кескін ең жақын жұлдыздың шеті маңындағы белсенділікті паш етеді. Біздің жұлдыз жайлы қысқа да нұсқа — бейнероликте.

Dark Star by Peter Ward
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Barden Ridge, New South Wales, Australia, 4 January 2023
Equipment used: Astro-Physics 130GTX telescope, Coronado 90 mm lens, Paramount PMEII mount, QHY533M camera, 1170 mm f/9, best 4% used of 2,000 x 1/20-second exposures (4 seconds total exposure)
#астрофото2023
👍1
54. «КҮНДЕГІ ІРІ ЖАРҚЫЛ»

«Біздің Күн» номинациясындағы жоғары баға — Мехмет Ергүн.
Бұл кескін де H-альфа күн телескопы көмегімен алынған. Одан Күннің сол жақ бөлігіндегі жарқылды көреміз. Күн жарқылы — Күн бетіндегі магнит энергиясының кенет шапшуы. Олар өте үлкен мөлшерге жетуі мүмкін, мысалы осы кескіндегі жарқылдың ұзындығы 700 000 км шамасында, яғни Жер диаметрінен 55 есе үлкен. Күндегі қуатты бір жарқыл жайлы — видеода.

The Great Solar Flare by Mehmet Ergün
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Traisen, Germany, 4 September 2022
Equipment used: LUNT LS60 B1200 Double Stack telescope, Rainbow RST-135 mount, Player One Astronomy Neptune-M 178M camera, 500 mm f/8.3, Gain 13 , 1.5 second exposure
#астрофото2023
👍1
ТАРИХТА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖЕРСЕРІКТЕР МЕТАН ЖАҒАТЫН ЗЫМЫРАНМЕН ҰШЫРЫЛДЫ

Шілдеде қытайлық Landspace компаниясының ZhuQue-2 тасығышы орбитаға шыға алған алғашқы метан зымыран атанған еді. Ал 2023 жылғы 9 желтоқсанда ол алғаш рет орбитаға пайдалы жүктеме шығарды: Jinquan компаниясының үш шағын жерсерігін. Бұл — ZhuQue-2-нің үшінші ұшырылымы, біріншісі сәтсіз болған.

Landspace 1-сатысы кері қайтарылатын ауыр зымыран жасап жатқанын жақында жазған едік. ZhuQue-3 сырттай Falcon 9-ға қатты ұқсағанымен, отын ретінде керосин емес, метан қолданады. Табиғи газдың көгілдір жалыны кешегі ұшырылым фотосынан жақсы байқалып тұр.
#ҚытайҒарышта #зымыранұшыру
ХАББЛ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРДЫ

2023 жылғы 8 желтоқсанда Хаббл ғарыштық телескопы негізгі Wide Field Camera 3 және Advanced Camera for Survey камераларының көмегімен ғылыми бақылауға қайта кірісті. Қос спектрограф жұмысты кейінірек жалғастырады. Бағдарлау жүйесіндегі гироскоптардың бірі 19 қарашадан бастап бірнеше рет істен шығып, телескоп қауіпсіз режимге өтуге мәжбүр болған. Үш белсенді қозғағыш-маховик қазір қалыпты жұмыс істеп тұр.

Осы жақсы жаңалықтың құрметіне, Хабблдың орбитадағы 31-ші жылы қол жеткізген жетістіктері жайлы роликті көруге шақырамыз.
#бейнеролик
1👍1
9-ШЫ FALCON HEAVY ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНДЫ 7-ШІ МИССИЯҒА АТТАНДЫРАДЫ

2023 жылғы 12 желтоқсанда, Алматы уақытымен таңғы 7:14-те SpaceX компаниясы Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңынан тоғызыншы Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ұшырады. Ол USSF-52 (OTV-7) миссиясы аясында АҚШ Ғарыш күштерінің Boeing X-37B ұшқышсыз космопланын жермаңы орбитаға шығаруы тиіс.

Жаңа B1084 орталық сатысы қайтарылмайды, ал биылдыққа бесінші мәрте көтерілетін B1064, B1065 қапталдағы үдеткіштері тағы да LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы тиіс. X-37B осымен жалпы жетінші рет, ал нақты №2 кеме — төртінші рет ұшырылмақ.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру