🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 250-ШІ РЕТ СӘТТІ ҚОНДЫРДЫ
2 желтоқсан 2023 жыл. Korea 425 миссиясын ұшырған Falcon 9 B1061.17 1-сатысының Ванденбергтегі LZ-4 қону алаңына қонуы. SpaceX компаниясы осымен 250-ші 1-сатыны сәтті қондырып отыр 🔔 (261 әрекеттен). Соңғы 176 әрекет қатарынан сәтті болды. 3 желтоқсанда тағы бір саты ойдағыдай қондырылғанын айта кетейік.
#зымыранұшыру

50 ЖЫЛ БҰРЫН PIONEER 10 ҒАРЫШ АППАРАТЫ ЮПИТЕРГЕ ЖАҚЫНДАДЫ
Осыдан тура жарты ғасыр бұрын америкалық Pioneer 10 автоматты планетааралық стансасы тарихта тұңғыш рет Юпитер тұсынан жақын өтіп, планета мен оның серіктерінің түсті суреттерін жіберді. Пионер-10 Юпитердің атмосфера құрамы мен магнитосферасын зерттеп, оның массасын дәлірек анықтады. Аппарат сондай-ақ Юпитер шығаратын жылу ағыны оның Күннен алатын энергиясынан 2,5 есе көп екенін ашты.
1972 жылы 3 наурызда ұшырылған Пионер-10 Юпитерді және күн желінің плазмасы Күнге қатысты дыбыстан жылдам қозғалатын облысты — гелиосфераны зерттеуге арналған еді. Ол келесі жылғы ақпанда бірінші рет астероидтар белдеуін кесіп өтті. Ал 1973 жылы 4 желтоқсанда Pioneer 10 Юпитер бұлттарынан 132 000 км қашықтықта ұшып өтті.
Pioneer 10 Юпитер мен оның серіктерін жақыннан фотоға түсірген және Күннің тарту күші аясынан шығып кетуге жеткілікті жылдамдық өрбіткен алғашқы ғарыш аппараты еді. Оның сыртына өзге өркениеттерге жолдау жазылған алюминий пластина бекітілген.
31 жылдай байланыста болған Пионер-10-нің соңғы әлсіз сигналы 2003 жылғы 23 қаңтарда қабылданды. Бұл кезде Күннен 82,19 а.б. қашықтықтағы аппарат одан 12,224 км/сек жылдамдықпен ұзап бара жатқан. Ал Жермен екі ортадағы 12,21 млрд км қашықтықты жүріп өту үшін радиотолқынға 11 сағат 19 минут қажет болды.
2023 жылғы 18 шілдеде Вояджер-2 аппараты Пионер-10-нан басып озып, оны Күннен қашықтығы бойынша үшінші орынңа жылжытты. Күн сәулесі Пионер-10-ға 18,7 сағатта жетеді. Өзінің сыңары Pioneer 11, екі Voyager және New Horizons сияқты, Pioneer 10 да Күн жүйесінен шығып кетеді. Аппарат 90 000 жылдан соң HIP 117795 жұлдызынан небәрі 0,75 жарық жылы қашықтықта өтеді. Ал 2 миллион жылдан кейін Пионер-10 Торпақтың ең жарық жұлдызы Сұлусарыға (Альдебаран) жетуі мүмкін.
#ғарыштарихы

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
1973 жылы 4 желтоқсанда Pioneer 10 Юпитер бұлттарынан 132 000 км қашықтықта ұшып өтті.
👍3
КҮН ТӘЖІНДЕ «ТЕСІК» ПАЙДА БОЛДЫ
Күн тәжінде пайда болған алып тесік 2023 жылғы 3 желтоқсанда күн дискінің ортасынан өтті. №43092 тесік солтүстіктен оңтүстікке қарай 580 000 км-ге, батыстан шығысқа қарай — 340 000 км-ге созылып жатыр. Ол Жер диаметрінен 45 есе үлкен. Одан шыққан жоғары жылдамдықтағы (700 км/сек) зарядталған бөлшектер Жерге 5 желтоқсанда жетуі мүмкін.
Жерде магнит дауылдары пайда болуының үш механизмі бар:
— Күндегі жарқыл мен тәж затының атылуы;
— Күннен үлкен талшықтың ажырауы;
— тәждегі тесік.
Әдетте Күн бетін торлап жататын магнит өрісінің күш сызықтары зарядталған бөлшектерді ұстап тұрады. Ал күн бетінен шығып жататын сызықтар тұйықталмай қалса, зарядталған бөлшектер күн беті маңынан ұшып кете алады. «Тәж тесігі» деп аталатын осындай облыстардағы температура төмендеп, олар рентген суреттерде күңгірттеу болып көрінеді.
Ұшып кеткен бөлшектер, негізінен электрондар, үлкен жылдамдықпен Күн жүйесіне таралып, күн желі ағысын түзеді. Егер планетамыз осы ағысқа тап болса, оның Жер магнитосферасымен әсерлесуі нәтижесінде магнит дауылдары пайда болады. Дауылдың бір көрінісі поляр шұғыласы екені мәлім.

Тәждегі тесіктің 2023 жылғы 29 қараша — 3 желтоқсан аралығында Күн бетімен өтуі