Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
БЕТЕЛЬГЕЙЗЕНІҢ ТҮСІ ӨЗГЕРГЕН ЕКЕН

Бірқатар тарихи дереккөздерді талдаған еуропалық және америкалық астрономдар 2000 жыл бұрын Бетельгейзенің түсі басқа болған деген қорытындыға келді. Юлий Цезарь заманында қазақша Оқ деп аталатын жұлдыз қызыл емес, сарғыш-қызғылт болған екен.

Біздің заманымызға дейінгі 100 жылы қытай сарай астрономы Сыма Цянь былай деп жазып кеткен: «Сүмбіледей ақ, Антарестей қызыл, Бетельгейзедей сары, Беллатрикстей көк». Жүз жылдан кейін рим ғалымы Гай Юлий Гигин Бетельгейзенің түсі сарғыш-қызғылт Сатурнмен бірдей екенін атап өткен. Птолемей сияқты басқа да көне авторлар еңбектерін талдау Бетельгейзе ол заманда Антарес пен Альдебаран сияқты ашық қызыл жұлдыз саналмағанын көрсетті. Ал XVI ғасырда-ақ, яғни Тихо Браге тұсында, Бетельгейзе Альдебараннан қызылырақ болған. Қазір Бетельгейзенің жарықтығы мен қызылдығы Антареспен шамалас.

Жұлдыз түсінің екі мың жылда сарғыш-қызғылттан қызылға өзгеруі, оның массасы Күннен 14 есе ауырлығын және ғұмырының соңғы кезеңіне аяқ басқанын білдіреді. Бірақ, бұл Бетельгейзе жақында жарылады деген сөз емес. Астрономдар оның әлі бірнеше жүз мыңнан бір жарым миллион жылға дейін ғұмыры бар деп бағалап отыр.

2019 жылдың аяғы — 2020 жылдың басында Бетельгейзенің жарқырауы күрт азайып, содан соң қалпына келгені мәлім. Соңғы деректер бойынша, бұған қызыл алыптың орасан зор мөлшерде зат лақтыруы себеп болыпты. Түзілген алып тозаң бұлты, ғарышқа жайылып кеткенше, жұлдыз жарығын тұмшалап тұрған. Бұл ерекше оқиға мен Бетельгейзенің тағдыры жайлы арнайы ролик жариялаған едік.
Фото: ALMA (ESO-NAOJ-NRAO), E.O’Gorman, P.Kervella
LANDSPACE ТЕ ҚАЙТА ҰШАТЫН ЗЫМЫРАН ЖАСАМАҚ

2023 жылғы 12 шілдеде қытайлық Landspace компаниясының ZhuQue-2 машинасы метан жағатын зымырандар арасында алғаш болып орбитаға шыға алғанын білесіздер. Бұл зымыранның келесі ұшырылымы 7 желтоқсанға жоспарланған.

Жақында Landspace жаңа ZhuQue-3 зымыранының сипаттамасын хабарлады:
— Көп мәрте қолданылатын 1-саты тоғыз метан/оттегі қозғағышымен, торкөз рульдермен және қону тіреулерімен жабдықталады;
— Бактары тот баспайтын темірден жасалады;
— Төмен жермаңы орбитаға 1-саты құрлыққа қонған жағдайда 11 т, платформаға қонса 16,5 т, қайтарылмаса — 20 т шығара алады.
#ҚытайҒарышта
🔥2
51. «ТҮНГЕ ТАБЫН»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джейк Мошер.
Гавр маңы, Монтана штаты, АҚШ.

Worship the Night by Jake Mosher
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken near Havre, Montana, USA, 25 June 2022
#астрофото2023
Hanz Zimmer – Interstellar. Deluxe Version (2014)
👍2