Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
50. «ҚЫСҚЫ АҚ ЖОЛБАРЫС»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Тяньвей Ван.
Чжэннин уезі, Ганьсу, Қытай.

Winter White Tiger by Tianwei Wang
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Zhengning County, Gansu Province, China, 18 February 2023
#астрофото2023
UNITY СУБОРБИТАЛЫҚ ҰШАҒЫ ЕНДІ 2-3 РЕТ ҚАНА ҰШАДЫ

Америкалық Virgin Galactic компаниясы VSS Unity космопланымен жақында 10-шы рет суборбитаға адам шығарды, соның ішінде биыл 5 коммерциялық ұшу жасалды. Келесі Galactic 06 миссиясы 2024 жылғы қаңтарға жоспарланған, Galactic 07 көкекте ұшады. Ал жыл ортасына межеленген Galactic 08 ұшпай қалуы да мүмкін.

Өйткені Virgin Galactic 2024 жылдың ортасында суборбиталық ұшуларды толық тоқтатып, күш-жігерін жаңа Delta ғарыштық ұшағын жасауға жұмсайтынын хабарлады. Сөйтіп, Unity енді 2-3 рет ұшқан соң зейнетке шығады. Компания биыл 326 қызметкерді қысқартып, штатта 840 адам қалды.

Virgin Galactic қолдағы $1,1 млрд қаржы 2026 жылға қарай екі Delta космопланын пайдалануға енгізіп, табыс таба бастауға жететінін айтты. Мұның рас-өтірігін уақыт көрсетер, дегенмен биржада компания акциялары құлдырап бара жатыр. Мамырда британ миллиардері Ричард Брэнсонның басқа ғарыш компаниясы — Virgin Orbit банкротқа ұшыраған еді.
👍1
«АЛТЫНШАШ» БЕЛДЕУІ ЖӘНЕ ЖЕРДЕН ТЫС ТІРШІЛІК

Тақырыппен жақсы таныстар үшін пәлендей жаңалық болмауы мүмкін, дегенмен бөгде тіршілік мәселесінің қазақ телевизиясы тарихында алғаш талқылануы шығар. Көрілім саны, әдеттегідей, «өкініш орай».
👍1
ҚАЗАҚСТАНДА БІРЫҢҒАЙ UTC+5 САҒАТ БЕЛДЕУІ ЕНГІЗІЛМЕК

46,5° және 87,3° шығыс бойлық арасында жатқан Қазақстан негізінен 4-ші (52,5°-67,5°) және 5-ші (67,5°-82,5°) сағат белдеулерінде екені белгілі. Алайда КСРО Халық комиссарлары кеңесінің 1930 жылғы 16 маусымдағы қаулысына сәйкес біздің ел UTC+5 (БҚО, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда) және UTC+6 уақыттарымен өмір сүріп келеді. Бұл тәртіп «Декреттік уақыт» деп аталады. Оның күші 1991 жылы жойылғанымен, тәуелсіз Қазақстанда келесі жылы-ақ қалпына келтірілді.

Сондықтан талтүс, мысалы, Алматыда (77° ш.б.) 12:50–13:06, Астанада (71,5° ш.б.) 12:57–13:28 (!) аралығында болып жүр. Ал Атырау, Орал мен Ақтауда (51° ш.б.) Күн қыста 13:49-да (!!) барынша көтеріледі! Астрономиялық уақытпен өмір сүрмеудің зияны жайлы ғалымдар көптен дабыл қағып келеді.

2023 жылы 1 желтоқсанда Қазақстандағы уақытты есептеу мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан бойынша UTC+5 бірыңғай уақытына өту қажет деген қорытындыға келіпті. Ұсыныс тиісті мемлекеттік органдарға жолданады. Сарапшылар денсаулыққа пайдадан басқа, бірыңғай уақыт белдеуін орнату өңірлер арасындағы уақыт кедергілерін жойып, бизнес пен мемлекеттік органдар қызметіне жағымды әсер ететінін атап өтті.

Бұл өте жақсы жаңалық. Шешім қабылданса, еліміздің көп бөлігі табиғи астрономиялық уақытпен тіршілік ететін болады. Дегенмен батыс облыстар бұрынғыша белдеулік уақыттан 1,5 сағаттай алда жүре бермек.
#қазақстанғылымы #бірыңғайбелдеу #көбәріп
Картада дүние жүзі бойынша ресми уақыт пен жергілікті орташа астрономиялық уақыттың айырмашылығы көрсетілген.
🤔3👍1
ДЕКРЕТТІК УАҚЫТ ЖАЙЫНДА

Декреттік уақыт демекші, Солженицынның «Иван Денисовичтің бір күні» хикаятында бір қызық эпизод бар. Құрылыста жүрген зэ-калар сағат неше болғанын, түскі тамаққа қанша уақыт қалғанын долбарламақ болады.

— Баяғыда шалдар Күн сағат он екіде ең биік тұрады деуші еді, — дейді Шухов.
«Ағылшын шпионы», бұрынғы екінші рангалы капитан:
— Сенің шалдарыңның заманында солай болған. Одан бері декрет шықты да, Күн енді сағат бірде ең биік тұрады.
— Кімнің декреті?
— Совет өкіметінің.

Иван Денисович оқыған адаммен әрі қарай сөз жарыстыруға батпайды, бірақ ішінен былай ойлайды: «Сонда бұлардың декретіне Күн де бағынатын болғаны ма?!» 🤣🤣🤣

Декрет дегені — КСРО Халық комиссарлары кеңесінің 1930 жылғы 16 маусымдағы қаулысы. Оған сәйкес, 21 маусым, түнгі 00:00-де бүкіл Кеңес Одағындағы сағат тілі 1 сағатқа алға жылжытылды. Бұл «тәуліктің жарық бөлігін рационал пайдалану және электр энергиясын тұрмыстық және өндірістік тұтыну арасында қайта бөлісу мақсатында» жасалған. Қаулы 30 қыркүйекке дейін жұмыс істейтіндіктен, жаңа уақыттың басқа елдердегі жазғы уақыттан пәлендей айырмашылығы жоқ еді. Алайда 30 қыркүйектегі екінші қаулымен алдыңғы қаулының күші «кейін арнайы қаулы қабылданғанша» созылды. Мұндай құжат алдыңғы қаулылардың күшін сақтаған 1931 жылғы 9 ақпандағы қаулы болды.

1981 жылдан бастап, КСРО жазғы уақытқа өтетін болды. Яғни қолданыстағы уақыт белдеулік уақыттан қыста бір сағатқа, жаз мезгілінде — тіпті екі сағаттай озатын. 1991 жылғы 4 ақпандағы қаулы бойынша, КСРО-ның көп бөлігінде, соның ішінде Қазақ КСР-нда көктемде жазғы уақыт енгізілмей, бірақ 29 қыркүйекте сағат тілі 1 сағатқа артқа жылжытылды. Сөйтіп, уақыт шамамен алғанда белдеулік уақытқа сәйкестенді. Алайда 1992 жылғы 13 қаңтарда-ақ тәуелсіз Қазақстан Республикасы 19 қаңтардан декреттік уақытқа қайтуды ұйғарды. Өйткені бес күн бұрын Ресей дәл сондай шешім қабылдаған еді.

Міне, содан бері еліміз табиғи астрономиялық уақыттан 1–1,5 сағат озып өмір сүріп келеді. Мұның адам денсаулығына зияны жайлы ғалымдар қанша айтса да, билік оған құлақ асқан жоқ. 30 жылдан кейін барып жартыкеш те болса, дұрыс шешім қабылдануы мүмкін. Қабылданбай, ұсыныс күйінде қалуы да ықтимал.

#бірыңғайбелдеу #көбәріп
👍1
БЕТЕЛЬГЕЙЗЕНІҢ ТҮСІ ӨЗГЕРГЕН ЕКЕН

Бірқатар тарихи дереккөздерді талдаған еуропалық және америкалық астрономдар 2000 жыл бұрын Бетельгейзенің түсі басқа болған деген қорытындыға келді. Юлий Цезарь заманында қазақша Оқ деп аталатын жұлдыз қызыл емес, сарғыш-қызғылт болған екен.

Біздің заманымызға дейінгі 100 жылы қытай сарай астрономы Сыма Цянь былай деп жазып кеткен: «Сүмбіледей ақ, Антарестей қызыл, Бетельгейзедей сары, Беллатрикстей көк». Жүз жылдан кейін рим ғалымы Гай Юлий Гигин Бетельгейзенің түсі сарғыш-қызғылт Сатурнмен бірдей екенін атап өткен. Птолемей сияқты басқа да көне авторлар еңбектерін талдау Бетельгейзе ол заманда Антарес пен Альдебаран сияқты ашық қызыл жұлдыз саналмағанын көрсетті. Ал XVI ғасырда-ақ, яғни Тихо Браге тұсында, Бетельгейзе Альдебараннан қызылырақ болған. Қазір Бетельгейзенің жарықтығы мен қызылдығы Антареспен шамалас.

Жұлдыз түсінің екі мың жылда сарғыш-қызғылттан қызылға өзгеруі, оның массасы Күннен 14 есе ауырлығын және ғұмырының соңғы кезеңіне аяқ басқанын білдіреді. Бірақ, бұл Бетельгейзе жақында жарылады деген сөз емес. Астрономдар оның әлі бірнеше жүз мыңнан бір жарым миллион жылға дейін ғұмыры бар деп бағалап отыр.

2019 жылдың аяғы — 2020 жылдың басында Бетельгейзенің жарқырауы күрт азайып, содан соң қалпына келгені мәлім. Соңғы деректер бойынша, бұған қызыл алыптың орасан зор мөлшерде зат лақтыруы себеп болыпты. Түзілген алып тозаң бұлты, ғарышқа жайылып кеткенше, жұлдыз жарығын тұмшалап тұрған. Бұл ерекше оқиға мен Бетельгейзенің тағдыры жайлы арнайы ролик жариялаған едік.
Фото: ALMA (ESO-NAOJ-NRAO), E.O’Gorman, P.Kervella
LANDSPACE ТЕ ҚАЙТА ҰШАТЫН ЗЫМЫРАН ЖАСАМАҚ

2023 жылғы 12 шілдеде қытайлық Landspace компаниясының ZhuQue-2 машинасы метан жағатын зымырандар арасында алғаш болып орбитаға шыға алғанын білесіздер. Бұл зымыранның келесі ұшырылымы 7 желтоқсанға жоспарланған.

Жақында Landspace жаңа ZhuQue-3 зымыранының сипаттамасын хабарлады:
— Көп мәрте қолданылатын 1-саты тоғыз метан/оттегі қозғағышымен, торкөз рульдермен және қону тіреулерімен жабдықталады;
— Бактары тот баспайтын темірден жасалады;
— Төмен жермаңы орбитаға 1-саты құрлыққа қонған жағдайда 11 т, платформаға қонса 16,5 т, қайтарылмаса — 20 т шығара алады.
#ҚытайҒарышта
🔥2
51. «ТҮНГЕ ТАБЫН»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джейк Мошер.
Гавр маңы, Монтана штаты, АҚШ.

Worship the Night by Jake Mosher
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken near Havre, Montana, USA, 25 June 2022
#астрофото2023
Hanz Zimmer – Interstellar. Deluxe Version (2014)
👍2