47. «ДОЛБАДАРН ҚАМАЛЫ — УЭЛЬС ХАНЗАДАЛАРЫНЫҢ ҮЙІ»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Роберт Прайс.
Лланберис, Гуинедд, Уэльс, Ұлыбритания.
Dolbadarn Castle – Home of Welsh Princes by Robert Price
Astronomy Photographer of the Year 2023
Llanberis, Gwynedd, Wales, UK, 28 April 2022
#астрофото2023

Òàèíñòâåííàÿ ãàëàêòèêà
Çîäèàê
Зодиак — Таинственная галактика (Музыка во вселенной, 1982)
 ñâåòå Ñàòóðíà
Çîäèàê
Зодиак — В свете Сатурна (Музыка во вселенной, 1982)
Voices Of Jupiter
Paris France Transit
Paris France Transit - Voices Of Jupiter
ҚҰНДЫЗ АЙЫ
2023 жылғы 27 қарашада Алматы уақытымен 15:16-да Ай толады. Солтүстік Америка үндістері қарашадағы Толған Айды «Құндыз Айы» деп атайды екен. Өйткені бұл жануарлар осы кезеңде қысқа дайындалып, бөген салып, азық қорын жияды. Атау аңшылардың қарашада құндызға қақпан құруымен де байланысты болуы мүмкін.
Кескін: Star Walk
#астрокүнтізбе

👍3
АЙ МЕН ҮРКЕРДІҢ ТОҒЫСЫ
Кеше түнде 13-ші жаңасындағы Ай Үркер жұлдыз шоғырына ауыл-үй қонды. Бұл қазақтың дәстүрлі Тоғыс есебі бойынша «он үшінші тоғыс айы» басталғанын білдіреді. Толған Ай бүгін де Торпақта, Үркерден алыс кеткен жоқ. Кеш бата шығысқа қарасаңыз, бұл екеуінің сол жағынан Жетекшінің ең жарық жұлдызы Айдасонды (Капелла) көресіз. Ал оң жақта Есекқырған (Юпитер) жарқырап тұрады.

👍2
Ай мен Үркердің қазіргі тоғысы Солтүстік және Оңтүстік жартышарлардан қарағанда. Оңтүстік жартышардың жұлдызды аспаны жайлы толығырақ — видеода.
#астрокүнтізбе
#астрокүнтізбе
48. «ЖАРТАСҚА ӨРМЕЛЕУШІЛЕР ҚЫЗЫЛ АЙ ФОНЫНДА»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Крис Оливас.
Джошуа Три Ұлттық паркі, Калифорния, АҚШ.
Rock Climbers With the Best View of the Blood Moon by Chris Olivas
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Joshua Tree National Park, California, USA, 15 May 2022

109. «УЭББ» ЖҰЛДЫЗДАР БІРІГУІ НӘТИЖЕСІНДЕ АУЫР ЭЛЕМЕНТ ТҮЗІЛГЕНІН АЛҒАШ КӨРДІ
Уэбб ғарыштық телескопы киложаңа құбылысы кезінде ғарышта теллур (52 Te) химиялық элементі түзілгенін көрді. Оқиға GRB230307A ұзақ гамма-жарқылын сүйемелдеген. Бұл жаңалық Әлемдегі ауыр элементтер нуклеосинтезінде нейтрон жұлдыздардың бірігуі шешуші роль атқаратынын қуаттайды.
Нейтрон жұлдыз не қара құрдым секілді ықшам нысандар жұбының бірігу оқиғалары гамма-жарқыл мен гравитациялық толқындар көзі ретінде өте маңызды. Және егер екі нейтрон жұлдыз немесе нейтрон жұлдыз бен қара құрдым біріксе, әдеттегі жаңа жұлдыз жануынан 1000 еседен артық энергия бөлетін киложаңа жарқ етуі мүмкін. Мұндай катаклизм барысындағы өте жоғары температура мен қуатты нейтрон ағындары r-процестердің өтуіне қолайлы жағдай туғызады. Соның арқасында алтын, уран сияқты ауыр элементтер түзілетіні осыдан бірнеше жыл бұрын түпкілікті дәлелденген еді. Темірден ауыр элементтердің көбінің түзілуіне осы киложаңалар жауапты.
Радбауд университетінің астрономдары өте жарық GRB230307A гамма-жарқылының көзін мультитолқындық бақылау нәтижесін жариялады. Уэбб оны орта және таяу инфрақызыл диапазондарда бақыласа, ғарыштағы және Жердегі басқа телескоптар өз толқын ұзындықтарында дерек алған.
Наурызда Ферми телескопы байқаған GRB230307A — бұрын-соңды тіркелген гамма-жарқылдар арасында қуаты жағынан екінші орында. Ықшам нысандардың бірігуі шығарған гамма-жарқылды киложаңа сүйемелдеген екен. Бірнеше жүз миллион жыл бұрын аналық галактикадан екі нейтрон жұлдыз тысқа лақтырылған. Екеуі 120 000 жарық жылы ұшып өткен соң толық бірігеді. Нейтрон жұлдыздар бірігуінің гидродинамикалық модельдері бойынша, бұл кезеңде көп мөлшерде теллур түзіліп, иондала басталуы тиіс. Болжанғандай-ақ, киложаңа спектрінен ортасы 2,15 микрометрдегі теллурдың сәуле шығару сызығы табылды.
Жарқыл кезінде 2×10^24 тонна теллур пайда болды деп бағаланып отыр. Жер қыртысында өте сирек (1 мкг/кг) кездесетін бұл жартылай металл күн панельдері мен термоэлектрлік материалдар жасауға, металлургия мен резеңке өнеркәсібінде қолданылады. Планетамызда 2,8×10^10 тонна теллур болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған құбылыс кезінде бұдан 71 триллион есе көп теллур түзілген.
#ғылымижаңалық

👍1
Image: NASA, ESA, CSA, STScI, A. Levan (Radboud University and University of Warwick)
Illustration: NASA, ESA, CSA, Joseph Olmsted (STScI)

ЕУРОПА ҒАРЫШ ОБСЕРВАТОРИЯЛАРЫ
Еуропа ғарыш агенттігіне тиісті немесе ЕҒА-ның қатысуымен жасалған ғарыштық телескоптар мен олар жұмыс істейтін толқын ұзындықтары. Ортаңғы қатарда қазір жұмыс істеп тұрған, төменде — тарихи, жоғарыда — болашақта ұшырылатын обсерваториялар бейнеленген.
Credit: ESA

49. «УАҚЫТ ӨЗЕНІНДЕГІ БАЛА»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Тервел Куцев.
Широка Поляна бөгені, Пазаржық провинциясы, Болгария.
Child in Time by Tervel Kutsev
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Shiroka Polyana Dam, Pazardzhik Province, Bulgaria, 24 June 2022

ХАББЛДЫҢ ОТЫЗЫНШЫ ЖЫЛЫ
Хаббл ғарыштық телескопының орбитадағы 30-шы жылы (2019–2020) ашқан жаңалықтары жайлы бейнероликті көріңіздер: сілтемесі 1-комментте. Бір қызығы, арнамызда шолуда айтылған жетістіктің әрқайсына дерлік арналған жеке роликтер бар екен. Оларды жаңа роликтің сипаттамасынан табасыз.
#бейнеролик

МИХАИЛ МАРОВ (28.07.1933 — 30.11.2023)
Ғарыш физикасы мен планеталық зерттеулер саласындағы көрнекті ғалым, академик Михаил Маров 91 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол кеңестік «Луна», «Венера», «Вега», «Марс», «Фобос» бағдарламаларына атсалысқан. Маров дүниеде бірінші болып Шолпан мен Марс атмосфераларындағы температура мен қысымды қону аппаратындағы аспаптар көмегімен тікелей өлшеді. Шолпан бұлттарының құрылымы мен оның бетіндегі жыныстардың химиялық құрамы алғаш анықталып, планетаның түсті панорамасы алынды.
Тамызда Луна-25 лендерінің күйрегенін естіген ардагер ауруханаға түсіп қалған. Академик: «Аппаратты қондыра алмағанымыз өкінішті, бұл мен үшін ресейлік ай бағдарламасының жаңғырғанын көрудің соңғы мүмкіндігі еді», — деген. М. Маров Лениндік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарымен, бірнеше халықаралық сыйлықтармен марапатталған.
#тұлға

50. «ҚЫСҚЫ АҚ ЖОЛБАРЫС»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Тяньвей Ван.
Чжэннин уезі, Ганьсу, Қытай.
Winter White Tiger by Tianwei Wang
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Zhengning County, Gansu Province, China, 18 February 2023