Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Илон Масктың телефоны AT&T байланыс операторының 5G+ желісіне қосылған екен. Ал мынадай суретті сіз де қоя аласыз.
😁2
Біздің солтүстік облыстарда да мынадай әлсіз шұғыла көрінуі мүмкін еді.
Фото: Константин Григорьев, Чувашия (55,7 градус с.е.)
🌚3
SPACEX КОМПАНИЯСЫ STARSHIP IFT-2 СЫНАҚ ҰШЫРЫЛЫМЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖАЙЛЫ

— Барлық 33 Raptor қозғағышы ойдағыдай тұтанып, жүйенің көтерілуі барысында толық уақыт жұмыс істеді.

— Starship сатылардың "ыстықтай" ажырауын сәтті өткізді, оған дейін үдеткіштің 30 қозғағышы сөндірілді, ал кеменің 6 қозғағышы ажырамай тұрып-ақ қосылды.

— Ажыраудан кейін SH B9 төңкерілу маневрін сәтті жасады да, қозғағыштарын қоспақ болды. Осы кезде жоспарланбаған тез бөлшектену (RUD) орын алды. Бұл оқиға ұшудың 3,5 минутынан асқанда, Мексика шығанағынан ~90 км биіктікте болды.

— Екінші сатының барлық 6 қозғағышы ойдағыдай тұтанып, кемені ~24 000 км/сағ жылдамдықпен ~150 км биіктікке көтерді — S25 ғарышқа шыққан бірінші Starship болды.

— Бұл ұшырылым аясындағы сынақ ұшудың 8-ші минутынан асқанда, телеметрия келмей қалғанда тәмамдалды. Көп ұзамай 2-саты қозғағыштары өшірілуі керек еді. Автоматты қауіпсіздік жүйесі прототипті жарып жіберуге команда берді. Кеменің жағдайы жайлы деректерді талдау мұның дұрыс болғанын көрсетті.

— Сумен салқындатылатын жалынтойтарғыш пен старт алаңына енгізілген басқа да өзгерістер жақсы жұмыс істеді және оларды келесі ұшырылымға дайындау көп еңбек талап кетпейді.

Сынақ барысында жиналған мәлімет одан әрі талданып жатыр. Соның нәтижесінде қорытылған өзгертулер келесі әрекеттерде қолданылады. Үшінші сынақ ұшырылымға қатысатын үдеткіш пен кеме прототиптері алдағы статикалық тұтандыру сынағына дайындалуда.
#зымыранұшыру
👍1
Фото: David JD Photos
Илон Масктың айтуынша, тағы төрт Starship прототипі дайын тұр, солардың бірі — V1 нұсқадағы соңғы кеме. Starship V2 кемелеріне көбірек отын сияды, құрғақ массасы жеңілдеу, ал сенімділігі арттырылған.
👍1
47. «ДОЛБАДАРН ҚАМАЛЫ — УЭЛЬС ХАНЗАДАЛАРЫНЫҢ ҮЙІ»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Роберт Прайс.
Лланберис, Гуинедд, Уэльс, Ұлыбритания.

Dolbadarn Castle – Home of Welsh Princes by Robert Price
Astronomy Photographer of the Year 2023
Llanberis, Gwynedd, Wales, UK, 28 April 2022
#астрофото2023
Òàèíñòâåííàÿ ãàëàêòèêà
Çîäèàê
Зодиак — Таинственная галактика (Музыка во вселенной, 1982)
 ñâåòå Ñàòóðíà
Çîäèàê
Зодиак — В свете Сатурна (Музыка во вселенной, 1982)
Ballad For Space Lovers
Space
Space - Ballad For Space Lovers
😁1
ҚҰНДЫЗ АЙЫ

2023 жылғы 27 қарашада Алматы уақытымен 15:16-да Ай толады. Солтүстік Америка үндістері қарашадағы Толған Айды «Құндыз Айы» деп атайды екен. Өйткені бұл жануарлар осы кезеңде қысқа дайындалып, бөген салып, азық қорын жияды. Атау аңшылардың қарашада құндызға қақпан құруымен де байланысты болуы мүмкін.

Кескін: Star Walk
#астрокүнтізбе
👍3
АЙ МЕН ҮРКЕРДІҢ ТОҒЫСЫ

Кеше түнде 13-ші жаңасындағы Ай Үркер жұлдыз шоғырына ауыл-үй қонды. Бұл қазақтың дәстүрлі Тоғыс есебі бойынша «он үшінші тоғыс айы» басталғанын білдіреді. Толған Ай бүгін де Торпақта, Үркерден алыс кеткен жоқ. Кеш бата шығысқа қарасаңыз, бұл екеуінің сол жағынан Жетекшінің ең жарық жұлдызы Айдасонды (Капелла) көресіз. Ал оң жақта Есекқырған (Юпитер) жарқырап тұрады.

#астрокүнтізбе
👍2
Ай мен Үркердің қазіргі тоғысы Солтүстік және Оңтүстік жартышарлардан қарағанда. Оңтүстік жартышардың жұлдызды аспаны жайлы толығырақ — видеода.
#астрокүнтізбе
48. «ЖАРТАСҚА ӨРМЕЛЕУШІЛЕР ҚЫЗЫЛ АЙ ФОНЫНДА»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Крис Оливас.
Джошуа Три Ұлттық паркі, Калифорния, АҚШ.

Rock Climbers With the Best View of the Blood Moon by Chris Olivas
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Joshua Tree National Park, California, USA, 15 May 2022
#астрофото2023
109. «УЭББ» ЖҰЛДЫЗДАР БІРІГУІ НӘТИЖЕСІНДЕ АУЫР ЭЛЕМЕНТ ТҮЗІЛГЕНІН АЛҒАШ КӨРДІ

Уэбб ғарыштық телескопы киложаңа құбылысы кезінде ғарышта теллур (52 Te) химиялық элементі түзілгенін көрді. Оқиға GRB230307A ұзақ гамма-жарқылын сүйемелдеген. Бұл жаңалық Әлемдегі ауыр элементтер нуклеосинтезінде нейтрон жұлдыздардың бірігуі шешуші роль атқаратынын қуаттайды.

Нейтрон жұлдыз не қара құрдым секілді ықшам нысандар жұбының бірігу оқиғалары гамма-жарқыл мен гравитациялық толқындар көзі ретінде өте маңызды. Және егер екі нейтрон жұлдыз немесе нейтрон жұлдыз бен қара құрдым біріксе, әдеттегі жаңа жұлдыз жануынан 1000 еседен артық энергия бөлетін киложаңа жарқ етуі мүмкін. Мұндай катаклизм барысындағы өте жоғары температура мен қуатты нейтрон ағындары r-процестердің өтуіне қолайлы жағдай туғызады. Соның арқасында алтын, уран сияқты ауыр элементтер түзілетіні осыдан бірнеше жыл бұрын түпкілікті дәлелденген еді. Темірден ауыр элементтердің көбінің түзілуіне осы киложаңалар жауапты.

Радбауд университетінің астрономдары өте жарық GRB230307A гамма-жарқылының көзін мультитолқындық бақылау нәтижесін жариялады. Уэбб оны орта және таяу инфрақызыл диапазондарда бақыласа, ғарыштағы және Жердегі басқа телескоптар өз толқын ұзындықтарында дерек алған.

Наурызда Ферми телескопы байқаған GRB230307A — бұрын-соңды тіркелген гамма-жарқылдар арасында қуаты жағынан екінші орында. Ықшам нысандардың бірігуі шығарған гамма-жарқылды киложаңа сүйемелдеген екен. Бірнеше жүз миллион жыл бұрын аналық галактикадан екі нейтрон жұлдыз тысқа лақтырылған. Екеуі 120 000 жарық жылы ұшып өткен соң толық бірігеді. Нейтрон жұлдыздар бірігуінің гидродинамикалық модельдері бойынша, бұл кезеңде көп мөлшерде теллур түзіліп, иондала басталуы тиіс. Болжанғандай-ақ, киложаңа спектрінен ортасы 2,15 микрометрдегі теллурдың сәуле шығару сызығы табылды.

Жарқыл кезінде 2×10^24 тонна теллур пайда болды деп бағаланып отыр. Жер қыртысында өте сирек (1 мкг/кг) кездесетін бұл жартылай металл күн панельдері мен термоэлектрлік материалдар жасауға, металлургия мен резеңке өнеркәсібінде қолданылады. Планетамызда 2,8×10^10 тонна теллур болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған құбылыс кезінде бұдан 71 триллион есе көп теллур түзілген.

#ғылымижаңалық
👍1
Image: NASA, ESA, CSA, STScI, A. Levan (Radboud University and University of Warwick)
Illustration: NASA, ESA, CSA, Joseph Olmsted (STScI)
👍1
ЕУРОПА ҒАРЫШ ОБСЕРВАТОРИЯЛАРЫ

Еуропа ғарыш агенттігіне тиісті немесе ЕҒА-ның қатысуымен жасалған ғарыштық телескоптар мен олар жұмыс істейтін толқын ұзындықтары. Ортаңғы қатарда қазір жұмыс істеп тұрған, төменде — тарихи, жоғарыда — болашақта ұшырылатын обсерваториялар бейнеленген.
Credit: ESA
👍2
49. «УАҚЫТ ӨЗЕНІНДЕГІ БАЛА»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Тервел Куцев.
Широка Поляна бөгені, Пазаржық провинциясы, Болгария.

Child in Time by Tervel Kutsev
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Shiroka Polyana Dam, Pazardzhik Province, Bulgaria, 24 June 2022
#астрофото2023